ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ


курстық ЖҰМЫС
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Петропавл, 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Қазақ тілі мен әдебиетін басқа ұлттарға оқыту тарихы
1. 1 Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің теориялық негіздері . . . 5
1. 2 Ұлттық мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері . . . 16
2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің методологиялық негіздері
2. 1 Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер . . . 20
Қорытынды . . . 29
Пайдаланған әдебиеттер . . . 30
КІРІСПЕ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін дамытуды бүгіннен бастау қажеттілігін бұған дейін бір емес сан мәрте қайталап айтқан болатын. Өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында ол 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 90 пайызы тек қазақ тілінде өзара тілдеседі деген болжамын жеткізген болатын. Сондай-ақ, ол қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілінің терминологиясын жасауды арнайы құзыретті органдарға жүктеген болатын. Қазақ тілінің болашағы оның дұрыс дамуы мен күнделікті халықтың қолдануына байланысты болады. Қазақ тіліне өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығын арттыру, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі алғышарты болып саналады. Себебі, мемлекеттік тілге деген құрмет Отанды сүю мен туған елге деген құрметтің бастауы, негізі екендігі белгілі. Сондықтан, бұл ретте қазақ тілінің орыс мектептеріндегі оқытылу тиімділігіне баса назар аудару білім беру саласына, оның ішінде орыс мектептеріне қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздарға жүктелген аса маңызды әрі жауапкершілігі мол міндет. Қазақ тілін меңгеруді мектептің табалдырығын бастап бала санасына сіңіру қажеттілігін айтар болса, осы тұрғыда қазақ әдебиетін оқытудың да қаншалықты салмағы бар екендігін ұғынуға болады. Себебі, ұлтты тану, ұлтты сүю, сол ұлттың тілін сүю үшін оның әдебиетін сүюің керек. Яғни, кез келген халықтың әдебиеті сол халықтың болмыс-бітімімен ұштасып, біте қайнасып жатыр. Сол себептен де, біз бүгін орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мәселелерімен қатар қазақ әдебиетін оқытуды қоюымыз қажет. Бүгінде, қазақ әдебиетін оқытудың ең тиімді тәсілдерін қарастыра отырып, біз интерактивті тақталар мен жаңа технологияларды қолдана отырып сабақ жүргізу тәсілдерінің рөлін ерекше атап көрсеткіміз келеді. Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін интерактивті әдісті қолдану жолдарымен оқыту - айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің жай күйі, оқытудың даму тарихы, әдістемесінің оқу мен тіл дамыту жұмыстарының бүгінгі методикасы жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың кешегі және бүгінгі күнгі маңызын салыстыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндетерді алдымызға қойдық:
-Аталған мәселенің даму тарихын саралау;
-Қазақ тілі әдістемесінің оқу және тіл дамыту методикасын сұрыптау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тарихы, әдіснамалық негізі.
Зерттеу нысаны. Ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың даму тарихы.
Ғылыми жұмыстың дереккөздері. Зерттеу жұмысын жазу барысында аталған тақырып бойынша әдістемелік құралдар мен ғылыми журналдар негізге алынды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Жасалған жұмыстың нәтижесін болашақта ұлттық мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін жүргізуде көмекші нұсқау ретінде пайдалануға болады. Жобада ұсынылған қазақ тілін іскерижәне кәсіби қазақ тілі деңгейінде, сонымен қатар өзге тілді дәрісханада екінші тіл мен шет тілі ретінде грамматиканы парадигматикалық тұрғыдан оңтайлап оқыту әдістемесі ЖОО-да шетелдік азаматтарға арналған кітапханаларда орыс тілді дәрісханаларда, Тіл орталықтарында қазақ тілін үйренушілерге және жалпы тіл үйренуші көпшілік қауымды қазақ тілін меңгерту барысында жас ерекшеліктеріне қарамастан кез келген тіл үйренуші үшін қолжетімді әдістеме ретінде қолдануға болады
Зерттеу жұмысының әдістері. Курстық жұмыс жазу барысында баяндау, сипаттау, саралау тәсілдері қолданылды
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері
Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты [1, 7б. ] . Атап айтқанда, тіл - кез келген ұлттың тарихи субьектісі ретінде өмір сүруінің ең алғашқы шарттарының бірі. Әр ұлт өзінше қымбат, бағалы. Әрбір ұлт, мейлі үлкен болсын, кіші болсын, мәңгілік болуды қалайды және бұл оның табиғи құқы. Бұл үшін сол халықтың тілі, өз топырағында тамыр жайып өмір сүруге тиіс, ал оның қасында өзге тілдер де қатар гүлдене беруі керек. 1990 жылдың маусым айында қабылданған Қазақ ССР-нің Тіл туралы заңы ана тіліміздің өркендеп, қанат жаюына жол ашып отыр. Қаза тіліне мемлекеттік тіл дәрежесі берілуіне байланысты басқа ұлттардың өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі қазір ерекше қойылып отыр. Оған Қазақ ССР Тіл туралы Заңының 17, 19 баптары дәлел. Бірақ бұл мәселе өте маңызды мәселелердің бірі саналып отырғанына қарап, ол қазір ғана басталған мәселе деп айтуға болмайды. Қазақ тілін өзге ұлтқа оқыту мәселесінің басқа пәндерді оқыту мәселелері сияқты өзіндік тарихы бар. Сондықтан бұл мәселелерге байланысты мәліметтерді зерттеп, талдау жасау нәтижесінде қазақ тілін басқа ұлтқа оқытудың даму жолын мынадай үш кезеңге бөлуді жөн көрдік:
1. Қазан төңкерісіне дейінгі кезең,
2. Қазан төңкерісінен кейінгі кезең;
3. Қазіргі кезең.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдерінің оқып - үйрену мәселесі бұдан әлде қайда бұрын Қазан төңкерісіне дейін басталған. Бірақ Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту сол кездің ерекшелігіне сай уақыт талабынан туған мәселе болатын. Атап айтқанда, қалың бұқараны отаршылдық қысымға алу мақсатында патша үкіметі қазақ өлкесінде жергілікті халықпен тікелей қарым-қатынаста болатын патша үкіметінің билеуші қызметкерлерінің, шенеуліктерінің жергілікті тілді уйренуі қажет деп саналды. Ол жергілікті халықты билеуші кейбір генерал-губернаторлардың ұсынысына негізделіп отырды. Бұл туралы сол кездегі баспасөз оқтын-оқтын мәселе көтеріліп отырды. «Түркістан ведомосы» газетінде, «Торғай газеті» беттерінде жергілікті халықтардың тілін сол жерде қызмет етіп жүрген патша үкуіметінің әкімдерінің қазақ тілін үйренуі қажет екені туралы мақалалар жарияланып тұрды. Ол мақалаларда жергілікті жерде қызмет атқарушы патша үкіметінің қызметкерлернің қазақ тілін үйренуі қазақтарды басқару үшін, билеу үшін, патша үкіметіне тәуелділігін күшейтіп, орыстандыру үшін қажет екені ашық айтылып отырған. Бірақ қазақ жеріндегі орыс мектебіндегі орыс балалары қазақ тілін оқымаған. Алайда патша шенеуліктерінің қазақ тілін үйренуі қажет деп саналмағанмен, іс жүзінде оған жағдай жасалмаған. Сондықтан ол сөз жүзінде ғана қалып отырған. Миссионерлер, кейбір әкімшіліктер ұйымдастырған қазақ тілін үйрету үйірмелері ісінің дамуына мемлекет тарапынан елеулі қамқорлық болмаған. Бұл жағдайлардың барлығы қазақ тілін үйрету мәселесінің Қазан төңкерісіне дейін дамымауына себеп болған. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан соң ғана, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту мүлдем басқаша қойыла бастады. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту мәселесі ресми түрде қойыла бастады. 1920 жылы қабылданған «Қазақ АССР-і еңбекшілері құқығының декларациясы» республикадағы барлық тілдің құқықтылығын жариялады. Осы жылы 22 мамырда Түркістан майданының РЕВВОЕНСОВЕТІНІҢ «Орыс тіліндегі мектептерде, оқу орындарында, мекемелерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту» жөніндегі бұйрығы шықты. Бұл кезде іс-қағаздары қазақша жүргізілді. Сондықтан бұл бұйрықтың қазақ тілін үйренуге әсері болды. Осы бұйрық негізінде Жетісудың облыстық халық ағарту бөлімі кезінен «қазақ (қырғыз) тілі пәні мұғалімдерін даярлайтын және жетілдіріп қайта даярлайтын көптеген курстар ашуға кірісті» [1, 9б. ] . Верный қаласында Д. А. Фурмановтың бастауымен 150 кісілік қазақ педагогика курсы ашылды. Қырғыз, қазақ, ұйғыр мұғалімдерінің даярланумен қатар, мектептерде, партия, кеңес, кәсіп одақ ұйымдарында жұмыс істейтін орыс жолдастар арасында, сондай-ақ, Қызыл Армияның саяси қызметкерлерімен комондирлері арасында қазақ тілін үйрену жұмысы кеңінен жүргізілді. 1920 жылы сәуірде Д. А. Фурмановтың ұсынысы бойынша, Верныйда саяси қызметкерлерге қазақ тілін үйренетін алты айлық курс ашылды. Бұл курста Д. А. Фурмановтың өзі де оқыды». Барлық қысқа мерзімді педагогика курстары мен орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуге зор маңыз берілді.
1921 жылы Қазақ АССР-і халық Комиссарлары Советінің «Республика» мемлекеттік мекемелерде қазақ, орыс тілін қолданутәртібі нақтыланып, қазақ және орыс тілдері тең праволары қолданылады» деп жарияланды. Бұл орыс тілнің республикада қолдану мүмкіндігін күшейтті. Келесі аталуға тиіс құжат - 1923 жылы «Істі қазақ тілінде жүргізу жөніндегі Қазақ АССР-і Атқару Комитетінің Декреті». Мұнда, қазақ, орыс тілдерін Қазақ АССР-і қоғамдық мекемелері мен ұйымдарында қолдану, істі орыс тілімен қатар, қазақ тілінде жүргізу жөнінде», тағы басқа бірсыпыра мәселелерге байланысты үкімет заңы деңгейіндегі Декрет қабылданды.
Бұған орай сол кезде мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин бірнеше мақалалар жазды: «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу», «Қазақстанның заң комиссариатына теңеліңдер» тағы басқа мақаларында ақын қуаныш сезімін былай білдірді: «Кеңселерде қызмет істері қазақша жүргенде ғана, бұл күнге дейін керексіз болып келген қазақша хат білетін адамдардың бағалары артады» [1, 9-11бб. ] .
Бұдан кейін, 1926 жылы, Қазақ АССР-нің Орталық Атқару Комитеті президиумының «Аппаратты тұрақтандру жөніндегі» қаулысы қабылданды. Қаулыда ересектер үшін қазақ тілінің кешкі курстарын ұйымдастыру (ерікті түрде), ал екінші басқышты мектептердегі еуропалықтардың балалрын қазақ тіліне міндетті түрде оқыту қажеттіліг атап көрсетілді. Бұл басқа ұлт өкілдернің қазақ тілін оқуына қозғау салды. Ал, 1933 жылы Қазақстанның VIII өлкелік партия конференциясы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуін жеделдеттіруді барлық партия ұйымдарына міндеттеді.
Сондай-ақ, Қазақстан КП Орталық Комитеті мен КССР халық Комиссарлары Советі өздерінің 1938 жылғы сәуірдегі «Республиканың қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде үйрену туралы» қаулысында І-ІV классатрында оқытылатын әрбір орыс тілі мұғалімнің қазақ тілін де білетін болуын талап етті. Осыған байланысты орыс тілінен сабақ беретін мұғалімдерді курстар арқылы дайындаудың қосымша жоспары қабылданды.
Осы жылдары өзге ұлттың өкілдеріне, мұғалімдер, кәсіподақ, совет-партия қызметкерлеріне қазақ тілін білгені үшін жалақыны қосымша алу сияқты көтермелеу болды. Бұл сияқты шаралар өзге ұлт өкілдерінің жергілікті халық тілін үйренуге құлшынысын туғызды, өкінішке орай ол ұзаққа созылмады. 1941-1957 жылдары Ұлы Отан соғысынан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіругеь байланысты, Қазақстан үлкен қиыншылықтарды басынан кешірді. Бұл ауыр кезең Қазақстанның халық ағарту саласында аз зардабын тигізбей қойған жоқ. Көптеген оқушылар мен мұғалімдер, жоғарғы оқу орындарының студенттері, оқушылары майданға кетті. Педагог кадрлар мәселесі қиындады [1, 10б. ]
СССР Халық Комиссарлары Советінің 1943 жылғы 30 маусымындағы қаулысына сәйкес лсы жылдары Қазақстан территориясында көптеген орыс, поляк мектептері ашылды. Осы жағдайға байланысты, 40 жылдардың басынан бастап, республикада оқуды орыс тілінде жүргізілетін кадрлар дайындау, орыс тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жасау жөніндегі мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Қазақ мектептерін, қазақ тілін дамыту, қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту мәселесі дағдарысқа ұшырап, біртіндеп назардан тыс қала бастады. Ұлттық тіліміздің жағдайының нашарлауына жаны күйзелген Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Сәрсен Аманжолов ана тіліміздің мүшкіл халә жөнінде жоғары орындарға екі рет хат жолдаған. Алғашқы хатын 1954 жылы 15 тамызда жазған. Ол хатында С. Аманжолов Қазақ ССР Оқу-ағарту Министрлігі мектептегі, жоғарғы оқу оқу орындарында оқу жоспарынан қазақ тілін орыс бөлімінде оқытуды алып тастау жөнінде шешім қабылданғанын айта келіп, «Аталмыш шешім, менің түсінігімше, Компартияның ұлт саясатынан туындап отырған жоқ. Орыс және қазақ халықтарының талап-тілектеріне жауап бере алмайды, халықтар достығының принциптеріне қайшы келеді, қазақ тілінің республикадағы Мемлекеттік тіл ретіндегі маңызына нұқсан келтіреді»-дейді [1, 14б. ] .
Профессор С. Аманжолов осы жылдың 24 тамызында жазған екінші хатында «Қазақ тілін орыс мектептерінен және жоғары оқу орындарынан, орыс группаларынан алып тастау өрескел қате . . . қазақтың ұлттық тілін өрескел бұрмалаудың бір түрі болып табылады»-деп көрсетті. Осы хатында ғалым қазақ тілнің жақсы нәтиже бермегендігінің келесі себептерін айтты:
1. Қазақ ССР Оқу Министрлігі қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту мәселесімен айналыспаған;
2. Кадрлар дұрыс таңдалмаған;
3. Жоғары оқу орындарында қазақ тілін орыс мектептерінде оқытатын мамандар дайындалмады;
4. Қазақ тілі бойынша толыққанды оқулықтар шығарылмады;
5. Қазақ ССР Оқу Министрлігі оқытушы-ұстаздарға методикалық көмек көрсетпеді.
Автордың: «Ұлттың мәдениеттүрі болғандықтан, аталмыш республикадағы қызметкерлер, мамандар, мектеп оқушылары мен студенттер жергілікті хаықтың тілін міндетті түрде білуі тиіс. Қазақстанда қазақ тілін үйрету жеке адамның қарақан басының жұмысына жатпайды, ол жоспарланып, тиісті күшпен және қаржы-құралдармен қамтамасыз етілу тиіс», -деген ақиқат пікір жазған. Мұндай пікірлер бірте-бірте өрби түсті. 1958 жылдың 12-ақпан айында Қазақ ССР Министрлер Советінің (133-інші ) «Республиканың қоғамдық және коперативтік ұйымдардағ мемлекеттңк ақпаратта іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жақсарту шаралары» туралы қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес республикада 1958-1960 жылдары әртүрлі мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, мектепте басқа ұлтқа қазақ тілінде оқыту ісі қайта жандана бастады.
Сабақтар орыс тілінде жүретін мектептерде де қазақ тілі VIII классқа дейін аптасына екі рет, 4 сағаттан пән ретінде оқытыла бастады. Бағдарламада:«бұл пәнді оқытқанда, оқушылар қазақшаны түсініп, оқитын, тез жазатын, өздерінің ойындағысын қазақша еркін айта алатын болу қамтасыз етілу тиіс», -делінген. Сондай-ақ, бағдарламада: «Қазақ тілін мектепте оқытқандағы басты мақсат - Қазақстада түратын барлық ұлттардың жас ұрпағын қазақ халқының тілі мен әдебиетін сыйлау ретінде; бауырмалдық, достық рухта тәрбиелеу»-деп көрсетілген.
Аталған қаулыға сәйкес жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілі пән ретінде енгізілді. Бірақ осылай қызу басталған жақсы іс 60-шы жылдардың ІІ жартысында кілт тоқтады.
Оған Қазақ ССР Оқу Министрлігін «Қазақ ССР мектептерінде сабақтар оқушылардың ана тілінде оқытылады, ата-аналар өздерінің балалары қандай тілде оқытатын мектепке беремін десе де ерікті. Орыс тілінде немесе басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқу-оқымауынан, балалардың, оқыту-оқытпауына олардың ата-аналарының еркі бар»-деген нұсқау себеп болды.
Қазақ КСР Оқу Министрлігі бекіткен жоспарда 1957-1958 оқу жылынан бастап, орыс мектептеріне оқитын қазақ балаларына ата-аналардың қалауы бойынша ғана, қазақ тілі оқытылатын болды. Мұнымен бірге орыс мектептерінің оқу жоспарында қазақ тілі тек факультативтік пән ретінде енгізілді. Қазақ тілін оқып-үйренуді ешкімге міндеттелмеген оқу жоспары қазақ тілінің мектепте оқытылмауына себеп болды. Сондай-ақ қазақ тілі пәнінен ғана қойылмады, емтихан алынбады. ОКП Орталық Комитеті мен КСРО министрлер Кеңісінің 1966 жылғы «Жалпы білім беретін мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сай 1966-70 жылдары орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі оқу жоспарына қайта енгізілді [1, 13-14бб. ] .
Орыс тілі заң жүзінде жеке дара мемлекеттік тіл болмағанымен, соны үйренуді міндеттеу туралы арнаулы қаулылар 1961, 1978, 1983 жылдары бірінен-соң бірі қабылданды. Қазақ тілі мұндай қаптағы қаулылар қатарына енбеді.
КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының директоры В. М. Солнцев айтқандай: «кейбір жерде орыстану саясаты жүргізілді, бұл ұлт мектептерін жабу, ұлт мектептері негізсіз түрде орыс мектебі деп атау түрінде көрініс берді».
Жергілікті ұлт өкілдері балаларын орыс тілінде оқытатын мектептерге берді. Сонын салдарынан осы жылдар ішінде жүздеген қазақ мектептері жабылып қалды. Бұл жағдай қазақ тілінің орыс мектептерінде оқытылуы түгіл, жалпы өмірде қолдану аясын тарылтып, керісінше орыс тілінің ерекше қарқынмен дамуына себеп болды. Осылай тіл тағдыры созылмалы дағдарысқа душар болып, ана тілімізден қол үзіп қала жаздардай дәрежеге жеткенде, тіл мәселесі қайта көтерілді.
Қазақстан Компартиясы Орталық Коммитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советі қабылдаған «Қазақ және орыс тілдерін оқып-үйренуді жақсарту туралы»5-мартта 1987 жылы арнаулы қаулысы қазақ тілінің қоғамдық рөлі мен қатынас құралы ретіндегі беделін арттыра түсудін нақтылы шараларын белгіледі. Атап айтқанда, қазақ тілін оқып, үйренушілерге арналған оқу құралдарын, бағдарламалар, сөздіктер шығару, қазақ тілінің қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру мектепте, орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілі сабағын жүгрізу сияқты шаралар қолға алына бастады. Алайда қазақ тілін оқытуға арналған үйірмелер алғаш 1987-1988 жылдары жер-жерлерде ұйымдаса бастағанымен, кейін олар ыдырай берді. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту қайтадан қолға алына бастады, бірақ көпшілік мектептерде қазақ тілі жүргізілмеді. Оған себеп- дайын кадрлардың болмауы. Жоғары оқу орындарының ішінде де бірлі-жарым оқу орындары қазақ тілін факультатив пән ретінде ғана кіргізді.
Тек 1990 жылы Тіл туралы Заң қабылданғаннан сон ғана, қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту мәселесіне көніл қойылып, оны өрістеуге жол ашылды. Тіл туралы Заңның қабылдануына байланысты қоғамымыздың барлық саласында жергілікті тілді қолдану қажеттілігі туды. Тіл туралы Заң 1990 жылдың 1 -шілдесінен бастап күшіне енді. Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңына сәйкес республикада жергілікті ұлт тілін одан әрі дамыту, қоғамдық ортада оның әлеуметтік қолдану аясын кеңіту жағдайында біраз шаралар жүзеге асырылуда. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту 1990-1991 жылдары заңды жүйелі түрге көшті. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі жеке пән ретінде енгізілді.
Соңғы уақытта көптеген тіл мамандары, әдістемешілер қазақ тілін орыс аудиториясына оқытудын тиімді жолдарын іздестіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz