АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 338. 43

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ

Айнабек А. Н., Ерхан А. -ЭФ-16-1к2 тобының студентері,

Есентаева А. А. - аға оқытушы, магистр

ҚР-да агроөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші роль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу керек болды. Еліміздің әлемдік сауда ұйымына кіруі ауыл шаруашылық өнім өндірушілері үшін - дақылдардың сапасын, өнімділігін арттыру керек. Сапалы өнім алу, өнімділікті жоғарылату бірінші кезекте қызмет көрсететін орталықтардың техникалық базасын жетілдіру. Алдыңғы қатарлы экологиялық қауіпсіз техникамен, технологиямен жабдықталуын тиімді ұйымдастыруын қажет етеді. Сонымен қатар өндіріс тиімділігін жоғарлатуға алып келетін инновациялармен жаңа технологияларды енгізу негізгі функциясы болып табылады. Агроменеджерлерді жалдау әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім өңдіруге негіз болады. Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіптік кешенінде жүргізілген реформаның негізгі мақсаты өндірістің тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы халықты азық- түлік пен қамтамасыз ету болып табылады. ҚР - сы ауыл шаруашылығын тиімді дамытудың бір жолы ауыл шаруашылығын материалдық - техникалық ресурстармен, өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындарға, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын техникалық және жөн - жобалық көмек көрсетуші фирмаларға көңіл аудару.

Ауылшаруашылығын дамыту екі түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін: саланы дамытудың экстенсивті түрінде өңделетін жерлердің ауданын кеңейту есебінен, сондай-ақ техникалық негізде өзгертілместен табиғи азықтық игіліктер мен жердің табиғи құнарлығын пайдалану есебінен өндірісті өсіру іске асады.

Керісінше, интенсивті даму - өңделетін әрбір гектар жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық серпіліс жетістіктері негізінде оның өнімділігін көтеру, өндірісте ұйымдастырудың құралдары мен формаларын жетілдіру.

Сонымен бірге, интенсивті технологияның қоршаған ортаға мүмкіндік болатын кері әсерін де ескеру қажет. Осылайша, ауылшаруашылық интенсификациялау деп, бір мезгілде жердің экономикалық құнарлығын өсіру және қоршаған ортаны сақтай отырып, өндіріс көлемін ұлғайтып және оның тиімділігін көтеру мақсатында, өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру негізінде жүзеге асатын, алқаптарға материалдық және тірі еңбек қорларын «қосымша құюды» айтады.

Кез келген «қосымша құюлар» интенсификацияға әкеле бермейді, тек олардың ішіндегі өндірістің сапалық жетілдірілуімен, жердің құнарлығын арттырумен, аудан бірлігінен өнім шығымын арттырумен қатар жүретін «қосымша қорлар» ғана интенсификацияға әкеледі. Мұндай құюлар, ереже бойынша өндірісті ұйымдастыру формаларын өзгертімен, жаңа техника мен технологияны игерумен байланысты болады.

Ауылшаруашылық интенсификацияларды қарастырғанда оның екі аспектісін ажырату керек:

1. Қол жеткізілетін интенсивтілік деңгейі;

2. Осы процестің экономикалық тиімділігі.

Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру деңгейі өндіріс және еңбек қорларының бір ғана өнердің ауданына шоғырлану (концентрациялану) дәрежесін білдіреді. Оны анықтау үшін - жалпы және жеке, құндық және натуралдық көрсеткіштер жүйесін қолданады.

Интенсивтендіру деңгейінің негізгі көрсеткіштеріне келесілер жатады:

1. Ауылшаруашылық жиынтық шығындары (ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының және амортизациясыз өндіріс шығындарының сомасы) . 1 га жер ауданы есебінде:

;

Мұндағы:

И 1 -интенсивтендіру деңгейі, тенге 1 га-ға;

Ф ос -ауылшаруашылықтың негізгі өндіріс қорлары, теңге;

ПЗ-өндірістік шығындар, теңге;

ПЛ-ауылшаруашылық жерлерінің ауданы, га;

А-негізгі қорларды амортизациясы.

Химизация ауылшаруашылығының интенсификациялаудың негізгі шарттарының бірі болып қала береді. Ол ауылшаруашылық дақылдарының және малдың өнімділігінің өсуіне, өнім сапасының жақсаруына әкеледі, еңбекті үнемдеуге және оның өнімділігінің артуына ықпал етеді. Мұнда бірден екі бағытты атап өтуге болады:

1. Минералдың тыңайтқыштарды қолдану. Ғылыми - зерттеу институттарының мәліметі бойынша 1ц баланстанған минералды тыңайтқышты себу, қосымша 1, 2-1, 5 ц. астық, 8-12 ц. қант қызылшасының тамырларын, 7-10 ц. картоп, 10-12 ц. көкөніс алуға мүмкіндік береді екен.

2. Алқаптағы өсімдік зиянкестерін жою үшін гербицидтер қолдану. Химиялық өңдеуден кейін 80-90 % зиянкес жойылып, астық өнімділігі орташа есеппен 10%-ға, қант қызылшасы - 15%, көкөніс - 20%-ға артатынын тәжірибелер көрсетіп отыр.

3. Өсімдіктер мен малдарды аурулар мен зиянкестерден қорғау үшін химиялық құралдарды пайдалану ауылшаруашылық өндірісіне үлкен зардабын әкелуде. Мамандардың есебі бойынша осы себеппен ауылшаруашылық дақылдарының 20%-ы ысырап болып жатады.

Ауылшаруашылық - интенсификациялауға, сондай-ақ жерді мелиорациялау - суару, құрғату, әктеу, гипстеу ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін 1, 4-1, 8 есе көтеруге және өндіріс тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді.

Мал шаруашылығының тиімділігін арттырудың міндетті шарты - тұқымдастыру (племенная) жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру.

Жоғарғы сортты мал отарларын қалыптастырып, оларды толыққанды азықтандырып, жақсы күткен жағдайда бірлік шығынға өнім шығымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Экономикалық дағдарыс жағдайында АӨК-дегі экономикалық механизмді жетілдіру, өндірісті ұйымдастырудың прогрестін формасына өту, еңбектің жоғарғы өнімділігін ынталандырудың үлкен мәні бар. Ауылшаруашылық интенсификациялау мамандандырылған кәсіпорындарда сәтті жүзеге асады, себебі оларда ғылыми - техникалық серпілістің жетістіктерін өңдеуге жағымды жағдай жасалған.

Белгілі бір кәсіпорынның өркендету жүйесін айқындау кезінде өндірістік құрылымның ұтымды түрін табу қажет. Бұл мәселе үш түрлі жолмен шешілуі мүмкін.

Біріншісі қолда бар салалар өзгертілмейді, бірақ олардың сапасын жақсарту, яғни өнімді мал тұқымдары, түсімі мол дақылдар, өнімділігі жоғары машиналар қолданылуы көзделеді.

Екіншісі: салалардың саны, түрі жаңартылып, шаруашылықтың өндірістік бағыты көп өзгереді және осыған байланысты өндіріс қорларының, жұмыс күшінің, егіс көлемінің құрылымы, тағы басқалар қайта қаралады.

Үшіншісі: салалардың саны және түрлері аз ғана өзгереді. Осыған байланысты шаруашылықты мамандандырудың мәні мен дәрежесі сәл түзеледі де, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері де бұрынғыдай болмауы мүмкін.

Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін талдау және жоғарылату жолдары біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да үлкен назар аударды. Президент ауылды қалай дамыту керектігін айта отырып: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, оның өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге, ең алдымен, егістік алаңын ұлғайту керек. Мұндай мүмкіндік барлық елде бірдей жоқ. Екіншіден, егістік түсімін жаңа технологиялар енгізу есебінен арттыру қажет. Сонымен бірге, мал шаруашылығының жемшөп базасын құру¬дағы әлеуетімізді толық іске асыруымыз қажет», деген болатын. Жасалып жатқан бағдарламада осы мәселелердің бәрі де ескерілгені көрініп тұр. Жаңа бағдарламаның тұжырымдамасында 500 мыңнан астам қосалқы шаруашылықтар мен шағын шаруа қожалықтарына қызмет көрсететін ауыл шаруашылығы кооперацияларын ұйымдастыру, тауар өндірушілерді толықтай қамти отырып, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржылай көмекке қолжетімділікті арттыру, өндірілген өнімнің көлемін ұлғайту, сапасын көтеру қарастырылған. Қазір ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында шетелдерден асыл тұқымды мал басын, егіншілік үшін сапалы тұқым сатып алуға қыруар қаржы жұмсалып жатады. Одан ешқандай табыс болған жоқ деп айтуға, әрине, болмайды. Алайда, бөлінген қомақты қаржыны шетел¬дерге шығара берудің орнына өзімізде сол салаларды дамытуға да әбден болар еді ғой. Кезінде жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген асыл тұқымды мал шаруашылықтары, жоғары сұрыпты тұқым өндіретін егін шаруашылықтары болған. Мамандар да жеткілікті еді. Мемлекет тарапынан ұзақ жылдар бойы беріліп келген қаржылай қолдауды енді осы салаларға да жұмсау керек деп ойлаймын.

Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, өнімдерді өркендету саласында атқарылып жатқан игі тірліктердің “Агробизнес-2020” бағдарламасы және "Экспресс-лизинг" бағдарламасы, «Беларуста жасалған» бағдарламасы, "Шебер-лизинг" бағдарламасы, Қайталама лизинг, «Егінжай» бағдарламалары бар. Саланың сапаға толы жетістіктерін саралап қана қоймай, отандық өнімдерді өндіруде таптырмас инновациялық жобалар да дүниеге келді. Өміршең жобаларға инвестициялар тартылып, берекелі істер атқарылуда. Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда АӨК пен ауылды дамыту және қолдау жөнінен қомақты қаржы ресурстарымен нығайтылған салалы бағдарламалар қабылданды. Қазақстанда ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың ықпалды құралдары қалыптасты және жұмыс істеуде - олар жеңілдетілген салық салулар, несиелеу, субсидиялау, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарға арзандатылған лизингтер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Астық өндірісінің бухгалтерлік есебі
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz