Компанияның маркетингтік макроортасының факторларына жалпы сипаттама


Жоспар:
Кіріспе
- Макроорта
- Компания туралы ақпарат
- Компанияның маркетингтік макроортасының факторларына жалпы сипаттама
Қорытынды
Кіріспе
Ұйымдар адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан, әрбір ұйымның өзіндік қолдану аясы, ерекшеліктері, өлшемдері және т. б. болады. Жаңа замандағы рыноктық экономикаға сай ұйымдар өз қалауынша стратегия, мақсат құрып, өзіндік саяси даму бағытын таңдай алады. Бірақ тәуелсіз бола отырып, әрбір ұйым сонымен қоса үлкен, динамикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Ол жүйе - кәсіпорынның маркетингтік ортасы.
Маркетингтік орта нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды. Ал, сол фирманы қоршаған барлық жүйелер маркетингтік ортаны қалыптастырады. Курстық жұмыстың өзектілігі, маркетингтің ішіндегі ең басты құралы-маркетингтік ортаның кеңінен қолданылуында. Жалпы өндірілетін өнім жайлы ақпаратты міндетті түрде білу керек және оны тиімді етіп қалыптастыруда оның ортасын білу қажет. Өндірушілер осы қызметті маркетингтік ортаны қалыптастырудағы әдіспен жүзеге асырады. Мысалы, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс. Осының барлығы маркетингтік ортаны зерттеу барысында жүзеге асырылады.
Фирманың манркетингтік ортасы- бұл фирмадан тыс күшті әсер ететін белсенді субьектілер жиынтығы мен маркетинг басшылығының мүмкіндіктеріне әсер ететін, мақсатты клиентермен ынтымақтастықты нығайты болып табылады.
Кәсіпорынның макроортасының факторларына сипаттама
Маркетинг ортасы дегеніміз - ол фирманың маркетинг бөлігінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субьектілердіңжәне күштердің жиынтығы.
Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:
♦ макроорта
♦ микроорта
♦ медиаорта
Макроорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды,
Ал әрбір факторлар тобының ішкі мәні 1-кестеде көрсетілген.
Макроорта факторларының кейбір негізгі сипаттары
Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде тауар өндіруші кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі. Мысалы, 1999 жылдың басында тұңғыш ұлттық халық санағы бойынша Қазақстан Республикасында халықтың жалпы саны 14, 9 млн. адам болды. Республикадағы демографиялық жағдай 19955-1998 ж. ж. аралығында былай сипатталған (1000 адамға шаққанда) 1 :
♦ адамдардың өлу коэффициенті 1995 ж. - 10, 5; 1998 ж. -9, 9;
♦ некелесу коэффициенті 1995 ж. - 7, 2; 1998 ж. - 6, 2;
♦ туу коэффициенті 1995 ж. - 17, 2; 1998 ж. - 14, 3;
♦ халықтың табиғи өсу коэффициенті 1995 ж. -6, 7; 1998 ж. - 4, 4.
Осындай көрсеткіштер әрбір өлке көлемінде талданып, кәсіпкерлер маркетинг әрекетінде маңызды бағыттар беруі қажет. Мысалы, біздің елде демографиялық факторлардың өзгеру бағыты балалар тауарларына сұраныстың төмендеуіне әсер етіп отыр. Демографиялық өзгерістер отбасы жағдайына әсерін тигізуде. Өйткені әрбір отбасы тобы әртүрлі тауарларды қажет етеді және әрбір отбасы өзіне тән шектеулі бюджеті болады. Бұның нақты керсеткіштері маркетингті зерттеулер арқылы анықталады. Ал ресми мәліметтерге сүйенген болсақ, 1998 ж. республикада әрбір адамға шаққандағы айлық ақшалай табыс 3020 теңге болған (оның минималды өмір сүруге қажет соммасы 3716 теңге болу керек еді) 2 .
Сонымен қатар демографиялық факторларға білім алу деңгейі де ықпалын тигізеді. Халық білімі қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоғары сапалы тауарларға, баспа басылымдарына және интеллектуалды игіліктерге сұраныс ұлғаяды. Мысалы, соңғы жылдары республикада мемлекеттік емес (жекеменшік) жоғары оқу орындары көбейді. Студенттердің көпшілігі экономикалық және заң мамандығын алуға ұмтылуда. Сондықтан рынокты экономика туралы, маркетинг, менеджмент, қаржы, банк ісі және сол тәрізді экономикалық, құқық әдебиеттеріне сұраныс көбеюде.
Экономикалық факторлардың рынок субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық факторлардан кем емес. Фирманың әлуетті тұтынушыларын білуімен бірге, олардың қанша тауар сатып ала алатынын анықтау ісі аса маңызды болмақ. Айталық, түрғындардың төлем қабілеттілігі сұранысына әртүрлі экономикалық факторлары әсер етеді. Мысалы, мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, жалақының көлемі, инфляция мен жұмыссыздықтың деңгейі және т. б. Әсіресе қазіргі жағдайда осы тәрізді көрсеткіштерді білу аса маңызды болып отыр.
Табиғи факторларды зерттеу жұмысы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктерін талдаумен байланысты. Шикізаттың, энергоресурстардың шектелінуі кәсіпорындардың алдына көп мәселелерді қояды. Мысалы, оларды үнемдеу үшін ұтымдылығы жағынан тиімді алмасатын игіліктерді табу. Сондықтан, фирмалар осы және басқа бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады.
Ғылыми-техникалық факторларды талдау барысында жаңа тауар өндіруге, тауарды және технологияны жаңартуға, дер кезінде ғылым мен техниканы дамытуға мүмкіндіктер ізделініп, оның іске қосу жолдары жасалуы қажет. Соған байланысты ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану нәтижесінде фирманың қызмет атқаратын ортасы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы, тұтынушылар ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты жаңа, сапалы тауарларды талап етеді, ал фирма бәсекелестерінен жеңілмес үшін ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көп көңіл бөлуі тиіс.
Саяси-құқықтық факторлары мемлекет органдарының талаптарын білу үшін және оларға бейімдеу қажет. Кәсіпорынның жұмысын шектейтін заадарды білу арқылы рынок әрекеттерін бағыттауға болады. Мысалы, Қазақстанда баға, бәсеке, тауар таңбасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, тағы басқа кәсіпкерлікке байланысты көптеген заңдар іске қосылған. Саяси-құқықтық ортаны жете білудің өзі келесі мүмкіндіктерді пайдалануға көмектеседі:
♦ фирмалардың заңсыз ысыраптан қорғалынуына;
♦ тұтынушыларды заңсыз ысырапты іс- әрекеттерден және, қызмет көрсетуден қорғауға;
♦ қоғамның мүддесін сақтауға.
Кәсіпорындағы маркетинг жұмысының нәтижесі мәдени факторларға да байланысты. Қалыптасқан қоғам ережелері, салт-дәстүрлері, табиғатқа, еңбекке деген адамдардың көзқарасы, іс-қимыл қатынастары т. б. - мәдени фактордың көрсеткіштеріне жатады. Мысалы, қазір республикада көптеген жастар бос уақытын ағылшын тілін оқуға, компьютерді игеруге, спортпен айналысуға жұмсауда. Сондықтан гимнастикалық құралдарға, спорт киімдеріне, ағылшынша кітап пен аудиокассеталарға, компьютер курстарына сұраныс өсуде.
Макроорта факторларын зерттеу кезінде екі жағдайды ескеру қажет. Олар:
1. Барлык, макроорта факторлары бір-бірімен аса тығыз байланыста қалыптасады;
2. Әрбір макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейі фирманың көлеміне, орналасқан жеріне, іс-әрекет саласына т. б. көрсеткіштеріне көптен-көп байланысты болады.
«Raimbek group» холдингі туралы мағлұмат.
Raimbek компаниясының тарихы 1992 жылы кішігірім сауда фирмасынан бастау алады, сол кезде ол Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария мен Гонконгтан тұрмыстық техника жеткізумен айналысатын. RaimbekBottlers компаниясы апельсин, алма және томат дәмі бар үш түрлі Juice шырындарын өндіру желісін іске қосты.
Компания басынан бастап трейдерлер көмегінен бас тартып, қойылтылған шырын шығаратын әлемдік өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнықтырды. Соның арқасында, өнімді өндіру барысы кезеңінде, оның сапасын бақылап, тұтынушыларға делдалдық комиссиясыз, таза бағамен ұсынуға мүмкіндік берді.
Бүгін RaimbekBottlers зауытында бес бірдей Juice, Junior, FruttaMix, Palmaи Fantan сауда белгісі бар шырындар шығарылады.
RaimbekAlco компаниясы құрылды, оның қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанға таңдаулы алкогольді ішімдітерді эксклюзивті жеткізу.
Бүгінгі таңда, RaimbekAlco -ның серіктес пакетінде әлемге әйгілі: Bacardi-Martini, BrownForman, Tommasi, CastelloBanfi, , Concha y Toro, тағы басқа да алкоголь ішімдігін өндірушілермен келісімшарттар бар.
RaimbekAlco қазақстандық тұтынушылардың сенімін жоғары бағалайды, сол себепті де, Қазақстан Республикасының алкогольді өнімдерді адал импорттаушы «АлкоИмпорт» қауымдастығының белсенді мүшесі, осының өзі компанияның жоғарғы мәртебесін және бизнесті жүргізудегі жауапкершілік қатынасын дәлелдеп отыр.
RaimbekAgro сүт өнімдерін шығаратын, атап айтса, ультрапастерленген, табиғи сиыр сүтін өндіретін жаңа зауытын іске қосты. Өндіру барысында ол температуралық өңделіске түсіп, стерильді жағдайда қорабтарға құйылады. Өндірістің барлық саласында тазалық сақтауды ерекше бақылау және қабылданатын сүтке деген жоғары талаптардың арқасында, өндірілген сүт өнімі қалыпты жағдайда 9 ай бойы сақталынады. 2003 жылы Raimbek Group холдингі сыртқы нарыққа қадам басты. Қытайда Raimbek Food (XINJIANG) Co. Ltd компаниясы құрылды, ол қытай нарығы үшін шырын өндірумен айналысты. ҚХР-да бұл бірінші қазақстандық өзінің жеке 100% капиталымен кірген компания болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт қытай кәсіпкерлеріне сатылған еді.
Бүгінде Raimbek Group - бұл ірі, сәтті дамып келе жатқан холдинг, оның қызметінің басты бағыттары - азық-түлік өнімдерін өндіру мен бөлшектеп сату. Бірінші күннен бастап-ақ компания бизнес үлгінің сол кездегі Қазақстан үшін инновациялық дамуына бағыт алған: өз қызметкерлері, өз қорлары, өзіндік өндіріс, өз басқаруы болды. Raimbek Group холдингісіне кіретін компаниялар Қазақстан экономикасының дамуына маңызды үлесін қосқан еді, әрі ең бастысы - Қазақстан, Орталық Азия, Ресей және Кавказ елдерінде танитын біздер өз өнімдеріміздің жоғары сапасымен тұтынушыларды өзімізге баурап алдық.
«Raimbek group» маркетингтік ортасына жалпы сипаттама.
Макроорта - кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.
Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде фирма кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.
Демографиялық фактор. Райымбек Гроуп холдингі көптеген күнделікті ішілетін өнімдерді өндіргеннен кейін, тауарларын барлығы қолданады. Өнімдері сапалы, заманауи технологиямен жасалғандықтан тұтынушылар арасында, үлкен аудиторияны жаулап алды, тіптен сусындары еліміздің нарығында 32% үлесі бар, ал импортта 30% үлесі бар. Райымбек агро өнімдері арасында кішкентай балаларға арналған құлпынай, ваниль шоколад дәмімен әзірленген «baby bomba» сүт өнімері де бар. Бұл сүт өнімдерінің ерекшелігі дәмдерін балалар таңдап алған. Брендтер арасында бүлдіршіндерге арналған тағы да бір сый-сяпат тәп-тәтті «Juniors» шырындары да бар. Балаларға арналған Junior- ды Raimbek Bottlers пен швейцарлық DSM NutritionalProducts компаниялары бірігіп жетілдірген. Бұл шырынның құрамында қант жоқ. Ерекше рецептурасының арқасында Junior табиғи жемістердің дәмі мен пайдасын мейілінше ұзақ мезгіл сақтап қана қоймай, балалардың дамуы және мықты болып өсуіне аса қажетті минералдар мен дәрумендерді құрамына жинаған.
Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін, мамандар Junior «Яблочный», иммунитетін бекіткенге - Junior «Мультивитамин», спортпен шұғылданатын балаларға - Junior «Абрикос», көз жақсы көру үшін Junior «Персикті» ұсынады.
Junior Қазақтың тағам академиясымен мақұлданыпғ ұсынылған.
- 100% - табиғи!
- Қантсыз!
- Жасанды қоспаларсыз
- Құрамында ГТА жоқ
- Консерванттар мен бояғыш заттар жоқ
- Дәрумендердің құрамы - өсіп келе жатқан организмнің талабына сай келеді
- Дәрумендер беделі жоғары және сапасына кепіл беретін әлемдегі № 1 - DSM NutritionalProducts компаниясынан
- Шырын функционалдық күрделі қоспаларға бай
Ал артық салмақтан арыла алмай жүрген жандарға «Borjomi» сусыны да бар. Ол өзінің табиғи ерекшеліктерімен ағзаны керек емес заттардан тазартып, өмірге деген құштарлықты сезіндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz