Көмекші өндірістің шығындарының есебі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Көмекші өндірістің шығындарының есебі

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс

Көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т. б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 шоты раналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

8030 - «Көмекші өндірістер (қорытушы шот) ;

8031 - «Материалдар»;

8032 - «Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу»;

8033 - «Еңбек ақыдан қаржы бөлу»;

8034 - «Амортизациялық қаржы бөлу»;

8035 - «Басқа да шығыстар».

Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу әцехтар шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты ұшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарда, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір - біріне қызмет көрсетеді: жөндеу - механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек.

Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді.

Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндіріске шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) , бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 1340 - «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8030 - «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі - бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8030 - «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеліп, 1340 - «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін «Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату» деп аталатын

талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша - будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция - киловатт/сағаты, автотранспорт - тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама - қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарды өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімнің деректері «Цех шығындарының» негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8030 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар(электр станциялары, бу қазандық, комрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), сапаптық, ыдыс цехтары жатады.

Енді осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.

Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар болсын делік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады.

Ай ішінде көмекші өндіріске мынандай шығындар жатқызылады:

Қатар №
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы
дебет
кредит
Қатар №: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Сомасы, теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 4
5
Қатар №: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндіріс қажеттілігіне босатылған материалдық құндылықтар:

  • автотранспорт цехына
  • бу қазан цехына
  • жөндеу-механикалық цехына
Сомасы, теңге:

141

35

79

27

Шоттар корреспонденциясы: 8031
1310-1350
Қатар №: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндірісте істейтін, еңбеккерлерге жалақысы есептелінді:

  • автотранспорт цехындағы
  • бу қазан цехындағы
  • жөндеу-механикалық цехындағы
Сомасы, теңге:

319

165

98

56

Шоттар корреспонденциясы: 8032
3350
Қатар №: 3.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндіріске жататын үстеме шығыстары есептен шығарылды:

  • автотранспорт цехынан
  • бу қазан цехынан
Сомасы, теңге:

2131635

1102569

654860

374206

Шоттар корреспонденциясы: 8034
8040
Қатар №: 4.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Көмекші өндірістің шолушы шотына жинақталды:

  • материалдық шығындар
  • еңбек ақы шығындары
  • еңбек ақыдан аударылатын
  • устеме шығыстары

Шығындар цехтар бойынша қортындаланды:

  • автотранспорт цехы бойынша
  • бу қазан цехы боцынша
  • жөндеу-механикалық цехы бойынша
Сомасы, теңге:

7334545

141

319

602910

2131635

3414419

2610080

1310046

Шоттар корреспонденциясы: 8030

8031

8032

8033

8034

Қатар №: 5.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Бір-біріне қарама-қарсы көрсетілген қызметтері есептен шығарылды:

  • автотранспорт цехы бойынша
  • бу қазан цехы бойынша
  • жөндеу-механикалық цехы бойынша
Сомасы, теңге:

1159810

253681

557869

348260

Шоттар корреспонденциясы:

8030 8030

(сәйкес субшоттары бойынша)

Қатар №:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Көмекші өндіріс бойынша жасалған шығындар (барлығы) 8494355 теңге (7334545+1159810)
Сомасы, теңге: 8494355
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №: 6.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Бір-біріне өзара көрсеткен қызметтері мен жұмыстары есептен шығарылды:
Сомасы, теңге: 1159810
Шоттар корреспонденциясы:

8030

(сәйкес субшоттары бойынша)

Қатар №: 7.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Көмекші өндіріс цехтары бойынша шығарылған дайын өнімі кірістелді
Сомасы, теңге: 114400
Шоттар корреспонденциясы: 1320
8030
Қатар №: 8.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Негізгі өндіріске көрсеткен қызметі мен атқарған жұмыстары:

  • кескіш цехы үшін
  • пішетін цехы үшін
  • дайындаушы цехы үшін
  • аяқ киім тігетін цехы үшін
Сомасы, теңге:

5058038

1414650

1623758

766672

1252959

Шоттар корреспонденциясы: 8010
8030
Қатар №: 9.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін орындалған жұмыстар мен қызметтер
Сомасы, теңге: 526237
Шоттар корреспонденциясы: 7210
8030
Қатар №: 10.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Өнімді сатумен байланысты, жұмыстар мен қызметтер
Сомасы, теңге: 1051092
Шоттар корреспонденциясы: 7010
8030
Қатар №: 11.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Тыс жақта орындалған жұмыстар мен қызметтерді есептеп шығару
Сомасы, теңге: 584778
Шоттар корреспонденциясы: 7014
8030
Қатар №:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 8494355
Шоттар корреспонденциясы:

Қарапайым өндірістің калькуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдылығын тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп барып) .

Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға 8030 шотының кредитінен есептеп шығарылады.

  1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 теңге құраған, ал жөндеу - механикалық цехының көрсеткен қызметі (құрал - жабдықтарды жөндеу бойынша) - 175150 теңге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) - 382719 теңге құраған.

1 тонна будың есептік өзіндік құны - 185 теңге құраған (өткен айдағы нақты шағындарының деңгейінен алынған) .

Ағымдағы айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады.

Қатар №
Қызметті тұтынушылар
Тұтынылған будың көлемі, тонна
Көрсетілген қызметтің құны, теңге
Қатар №: 1
Қызметті тұтынушылар:

Негізгі өндіріс цехтары:

  • кесу цехы
  • пішу цехы
  • дайындау цехы
  • аяқ киімді тігу цехы
Тұтынылған будың көлемі, тонна:

2990

2901

2940

2600

Көрсетілген қызметтің құны, теңге:

668679

648776

657497

581460

Қатар №: 2
Қызметті тұтынушылар: Жалпы және әкімшілік қажеттілігіне жұмсалғандары
Тұтынылған будың көлемі, тонна: 1626
Көрсетілген қызметтің құны, теңге: 363637
Қатар №:
Қызметті тұтынушылар: Негізгі тұтынушылары бойынша жиыны
Тұтынылған будың көлемі, тонна: 13057
Көрсетілген қызметтің құны, теңге: 2920049
Қатар №: 3
Қызметті тұтынушылар:

Көмекші өндіріс цехы:

- жөндеу-механикалық цехы

Тұтынылған будың көлемі, тонна: 1340
Көрсетілген қызметтің құны, теңге: 247900*
Қатар №:
Қызметті тұтынушылар: Барлығы
Тұтынылған будың көлемі, тонна: 14397
Көрсетілген қызметтің құны, теңге: 3167949

1 тонна будың есептік өзіндік құны 185 теңге құраған

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің өзіндік құны 2920049 теңге құраған (6 кестеге қараңыз) : 2610080+175150+382719-1340*185 (жоспарлы өзіндік құны бойынша жөндеу- механикалық цехының көрсеткен қызметі) . Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының бірлігі 223, 64 теңгеге тең болған (2920049?13057) .

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (223, 64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының

шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.

  1. Автотранспорт цехы. Автотранспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны 18957 ткм құраған (а5ымда5ы айды4 жол пара5ыны4 м2л3мет3 бойынша) . Ал автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 3414419 теңге құраған, қарама-қарсы қабылданған қызметтің деңгейі - 253861 теңге құраған. Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір т/км-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге құраған.

Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметтің сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:

Бу қазан цехы бойынша - 382719 теңге (1983 т/кмх 193) ;

Жөндеу-механикалық цехы бойынша - 100360 теңге (520т/кмх 193) . Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының сомасы 3185021 теңге құраған (3414419+253681-382719-100360) . Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтің көлемі 16454 т/км құраған (18957-1983-520) . Негізгі тұтынушылар бойынша шығындардың жалпы деңгейін (3185021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің көлеміне (16454) бөлеміз де, 1 т/км нақты өзіндік құнын табамыз, ал біздің мысалда - 193, 57 теңге құраған (3185021:16454) .

Жасалған калькуляцияның және жол парағының негізінде транспорттық қызметті тасымалдаған жүктің т/км бойынша есептелген санына пара-пар (пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар аудиті
Көмекші өндіріс шығындарының есебіне сипаттама
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Өндірістік шығындар есебі
Өндірістік есепті ұйымдастыру
Көмекші өндірістің сипаттамасы
Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы
Көмекші өндірістің жұмысын анықтау
Тікелей шығындар есебі
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz