Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
20 наурыз (29 эсфанд) - Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру күні. Иран
халқының тарихында жетістіктер мен тәуелсіздікке жеткізген билеп-төстеуші
жүйеге табандылық көрсеткен маңызды кезеңдер аз кездеспейді. Иран тарихы
мәңгі қалатын оқиғаларға толы. Осы орайда конституциялық монархияны орнату
көтерілісі, мұнай өнеркәсібін ұлттандыру, Ислам революциясы, 8 жылдық
қорғаныс соғысы және бейбіт ядролық энергияға қол жеткізу сынды оқиғаларды
атап кетуге болады.
Мұнай өнеркәсібін ұлттандыру – Иран халқының бөгде билігіне қарсы
тұруымен саяси және экономикалық тәуелсіздік алуының үлгісі болып табылады.
1951-ші жылдың 20-шы наурызында Иран мен Ұлыбритания қарым-қатынастарының
қайшылықтарға толы саяси дәуірінен кейін Иран мұнайын талан-таражға салып
отырғанкәрі Ұлыбритания отаршылығының қолы кесілді. Сол күні Иран
Мәжілісінің өкілдері ішкі және сыртқы қастықтарға қарамастан, Иранның мұнай
өнеркәсібін ұлттандыру туралы шешім қабылдады. Иран мұнай өнеркәсібін
ұлттандыру жобасының бірінші бабында: "Иран халқының атымен және әлемдік
бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің барлық жерлеріндегі
Иран мұнай өнеркәсібі ұлттандырылады, яғни мұнай қорларын іздеп-табу,
мұнайды өндіру және пайдалану Иран үкіметінің қолына алынады",- деп
айтылған.
Иран мұнай өнеркәсібін ұлттандыру тек Иран халқының үстемшілерге қарсы
күресінің маңызды мәселесі емес, бұл оқиға Таяу Шығыс аймағының саяси
өзгерістері тарихының да маңызды мәселесіне айналды.
Мысырдың марқұм басшысы Джамал Әбдулнасыр Иранның мұнай өнеркәсібінің
ұлттандырылуынан үлгі алып, Мысырдағы Суэц каналын ұлттандырған. Иранның
мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылуының аймақ пен әлем деңгейінде әсер етуіне
көңіл бөліп, бұл революциялық қозғалыс Ұлыбританияның үстемші басшыларына
соққы болды деп айтуға болады.Ұлыбритания үкіметі Иран мұнай өнеркәсібін
ұлттандыруының алдын алу мақсатымен көптеген қастықтарға барды. Олар өз
мақсатына жете алмаған соң Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру туралы
заңның іске асырылуына қарсы әрекеттер жасады. Ирандағы мұнай өнеркәсібін
ұлттандыру Таяу Шығыс аймағындағы Ұлыбритания үстемшілерінің жағдайын
тығырыққа тіреп, Ұлыбритания аймақтан шыға бастады.
Мұнайдың табылуы "қара алтын" деп аталатын мұнай қорына ие мемлекеттердің
саяси, әлеуметтік және экономикалық салалардағы өзгерістер тарихына үлкен
әсер етті. Иран мұнай табылғанға дейін үстемшілердің көзіне түсетіндей
саяси және географиялық жағдайға ие болды. Ресей солтүстіктен, Ұлыбритания
оңтүстіктен және оларға дейін португалдықтар мен голландиялықтар Иранның
істеріне араласып, билік жүргізбекші болған. Иран еш уақытта тікелей
үстемшілердің қолына түспеген. Бірақ Иран патшаларының тойымсыздығы Иранның
даму үдерісінен артта қалуына себеп болды. Мұнай қорының табылуы Иранның
саяси және географиялық маңыздылығын өрістетіп, бұрынғы Кеңес Одағы
менҰлыбританияның, содан кейін Американың Иранға саяси және әскери араласу
ықыласын байқалтты. Орыстар Иранның солтүстігіндегі мұнай қорларын өндіріп,
экспорттау саласында ұпайға ие болғысы келді.Ұлыбритания оңтүстік мұнай
қорларын өндіріп, шығару міндетін өз мойынына алды. Осы салада Иранның
тойымсызүкіметі үстемшіл үкіметтермен келісімге келеді. Сол уақытта
Ұлыбритания үкіметі Иран мұнайын тауып-шығару саласында жақсы орынға ие
болды. Негізінде Иранның негізгі мұнай қорлары елдің оңтүстік аймақтарында
орналасқан еді. Сонымен қатар Парсы шығанағы мен Азат суларға шығу
мүмкіндігі Ұлыбритания үшін Иран халқының байлығын талан-таражға салуға
жақсы жағдай тудырды. Иранның дамуы мен тәуелсіз болуына себеп бола алатын
мұнайдан ішкі және сыртқы үстемшілерден зардап шеккен халықтың бетінен тек
қара күйені ғана көруге болатын еді.
Ұлыбритания Иранның мұнайын алып, оны экспорттап, Иран үкіметіне шамалы
ғана үлесін төлейтін. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иранның
географиялық жағдайы Антантаның нацистік әскерге қарсы тұрған Кеңес Одағына
көмектесуіне маңызды болды. Сол себепті Иран Антантаның жеңісінің көпірі
деп аталды. Сол жылдарда Иран Таяу Шығыс аймағының ең көп мұнай
шығаратындарының бірі болды. Осы мәселе екінші дүниежүзілік соғыстағы
Антантаның жеңіске жетуіндегі Иранның рөлін көрсетеді. Антантаның жеңісі
Иранның инфрақұрылымының жойылуы мен табиғи ресурстарының талан-таражға
салынып, халықтың кедейшілікке тірелуімен аяқталды. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін халық Иранның мұнай өнеркәсібіндегі үстемшілердің қолын
қысқарту мәселесіне шынайы кірісті.
Иран мұнай өнеркәсібін ұлттандыру мәселесінде екі адам, атап айтқанда
доктор Мұхаммад Мұсаддеқ және аятолла Кашани үлкен рөл атқарды. Аятолла
Кашанидің Ирактағы Ұлыбританияның отаршылығымен күрес тәжірибесі болған.
Иранда да ол өз күресін бұл елдің мұнай өнеркәсібі ұлттандырылғанша
жалғастырды. Бүл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Иранға АҚШ президенті
Ұлттандыру әрекетінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу
Иран елі - Иман елі
1945-1980 ж.ж. Жапонияның экономикалық дамуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Шымкент қаласы туралы
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
Пәндер