Майбұршақты республика өңірлерінде өсіру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе

II. Курстық жұмысқа алғы деректер

2. 1 Аймақтың (шаруашылықтың) топырақ-климат жағдайлары;

2. 2 Таңдалған тақырып бойынша әдебиетке шолу;

2. 2. 1 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін және халық шаруашылығында дақылдың тартымдылығы;

2. 2. 2 Аймақта дақыл өндірісінің жағдайы және оның болашағы;

2. 2. 3 Шаруашылықта дақылды өсірудің мақсаты;

2. 2. 4 Өсірілетін дақыл сорттарын таңдау негіздемесі.

III. Дақылдың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

3. 1 Дақылдың морфологиясындағы ерекшеліктер;

3. 2 Дақылдың жылуға, ылғалға, жарыққа талаптары;

3. 3 Топыраққа және қоректену элементтеріне қажетсінуі;

3. 4 Аймақ (шаруашылық) жағдайында дақылдың қоршаған орта факторларымен қамтамасыз етілуі;

3. 5 Дақылдың жиынтық талаптары (өнім деңгейіне әсер ететін морфологиялық-биологиялық факторлар) және оның өсіп-даму ерекшеліктері (өнімнің құрылымдық элементтерінің қалыптасу динамикасы) .

IV. Дақылдың жобаланған (бағдарламаланған) өнімін өсірудегі агротехникалық шаралар жүйесі

V. Түйіндеу. Қорытындылар мен ұсыныстар

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында елдің өсімдік шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді айқын белгілеп берді, бұл егістікті əртараптандыру, тиімділігі аз дақылдарды қысқарту жəне инновациялық технологияны енгізу [1] . Ауыл шаруашылығы алдында өсімдік шаруашылығын əртараптандырып, бəсекеге қабілетті өнімді қамтамасыз ететін аса маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа технологиясын əзірлеу жəне енгізу бөлігі бойынша жаңа міндеттер қойылды.

Əртараптандыру бірінші кезекте егіншіліктің тұрақтылығына ықпал етеді [2, 3] . Қазіргі күні өсімдік шаруашылығындағы құрылымдық жəне технологиялық əртараптандырудың нəтижелерін байқауға болады, мысалға бидайдың егістік ауданы қысқартылып, орнына майлы, мал азығы, жарма жəне бұршақты дақылдардың егістігінің ауданы кеңейтілді, сəйкесінше өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өсіп отыр. Бұл мал шаруашылығының мал азығы базасын нығайтуға, өңдеуші кəсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Елімізде өсімдік шаруашылығын əртараптандыру үшін перспективті дақыл бұршақ тұқымдасытары болып табылады. Оның ішінде майбұршақ[4] . Майбұршақ - Соя - Glycine max (L. ) Merrill- кеңінен қолданылатын маңызды ақуызды - майлы дақылдардың бірі. ЮНЕСКО ұйымы майбұршақты жоғары азықтық құндылығы жəне протеин құрамы бойынша стратегиялық дақыл ретінде есептеп отыр [5] . Майбұршақ тұқымында ақуыздың (40-45%) жəне майдың (20-25%) мөлшері көп. Ақуыздың құрамы жəне оның сапасы бойынша негізгі егістік дақылдардың ішінде майбұршаққа тең келетіні жоқ. Сонымен қатар, майбұршақтың тұқымында көмірсулар, қант, пектинді жəне минералды заттар, бірқатар витаминдер кездеседі.

Майбұршақ атмосфералық азотты байланыстырып жəне оны түйнекбактериялары арқылы топыраққа жібере алады. Осы қасиетінің арқасында ол азотты тыңайтқыштардың аз мөлшерін қажет етіп, өз кезегінде қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізеді. Бұл оны көптеген ауылшаруашылық дақылдары үшін бағалы алғы дақыл ете алады.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің «МаЖиКо» бағдарламасы аясында майбұршақтың егістігін кезең - кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр. 2016 жылы майбұршақ егістігі 130 мың га, 2017 жылы - 180 мың га, ал болашақта 400 мың га жерді алатын болады. Бұл майбұршақ егістігін солтүстік өңірлерде де ұлғайту арқылы жүзеге аспақ.

Майбұршақты республикамыздың өзге өңірлерінде өсіру арқылы оның егістік көлемін ұлғайтуға, елімізді азық - түлік қауіпсіздігімен, ауыл шаруашылығын экологиялық жəне экономикалық тұрғыдан тиімді дақылмен қаматамасыз етуге, ал ауыл шаруашылық өндірісін тұрақтандыруға болады.

II. Жұмысты орындауға қажетті бастапқы деректер

  1. Аймақтың (шаруашылықтың) топырақ-климат жағдайлары;

Алматы облысында екі топырақ түрі бар:

  • Қоңыр топырақ. Дақылды өсімдіктер мен қоршаған ортаның арасындағы өзара байланыс өзіндік ерекшелікке ие. П. И. Колосковтың (1958, 1971) жəне Ф. Ф. Давитаяның (1959) зерттеулерінде көрсетілгендей, егіншілік мəдениетінің жақсаруымен, өнімділікпен метеорологиялық жағдайдың өзара байланысы күшейіп келеді. Майбұршақ үшін басты экологиялық фактор болып ауа температурасы табылады. Потенциалды сорттар алдымен ортаның температуралық жағдайына жақсы бейімделуі керек. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтың климатты континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айының орташа температурасы, жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температура, бұл аймақта жауын-шашын орташа мөлшері. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған, яғни топырақ екі түрі бар.
  • Сұр қоңыр. Балқаш-Алакөл ойпатына топырағы сұр-қоңыр. Аймақшаның басым бөлігі аллювиальды-жазықтықтарда орналасқан. Топырақ жамылғысы құрылымында сұр-құба топырақ 44, 6%, құм және құмды шөл топырағы 30, 2, тақырлар мен тақыр тәрізді топырақтар - 11, 0 кебірлер мен сорлар - 8 және гидроморфты топырақтар 6% үлес алады. Қоңыр және сұр-қоңыр топырақты шөл аймағында мал шаруашылығын дамытуға жағдай бар. Егін шаруашылығы өзен аңғарларында суармалы егістік ретінде шамалы дамыған.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында 40-50° солтүстік ендіктер аралығында 2500 км-ге созылып орналасқан. Аумағы 37 млн. га неме­се республика жер аумағының 13, 6% Алматы облысында Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысында Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облы­сында Қазығұрт пен Қаратау таулары орналасқан. Таулы аймақтың ерекшелігі топырақтардың тік (биіктік) аймақтық таралуы заңдылығына сәйкес тау беткейлерінде белдеулене орнала­суы болып табылады. Тау етегінен беткеймен жоғары көтерілген сайын, климаты мен өсімдік жамылғысы өзгеруіне байланысты топырақ жамылғысы да өзгеріп отырады. Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып келетін тау етегіндегі шөлді дала аймағы орна­ласады. Жазықтықтағы шөлді дала аймақшасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақта ылғал мөлшері молырақ болады[6] .

Майбұршақ жылу сүйгіш өсімдік болып табылатындықтан. Алматы облысының температурасы оңтайлы болып келеді. Ауа температурасының белсенді температура қосындысы 2500-4000°С болады. вегетациялық кезең орта есеппен 205 күн. Ал майбұршақ ең кеш пісетін сортарына керекті белсенді температура жиынтығы 3700°С, вегетациялық кезеңі 200 күн болып табылады. Қысы жылы болғандықтан көктемгі және күзі бозқыраулар егу мен жинау кезеңіне түспейді. Орташа жылдық температура +11, 4°С болып табылады. Жердің биіктігі өсуіне байланысты ылғал мөлшерінің артуы және ауа температурасының жеткілікті болуы әсерінен шөптесін өсімдіктердің өніп-өсуі жақсарады[7] .

1 кесте. Алматы облысының орташалық айлық температурасы (С°) .

Ай

жыл

01
02
03
04
05
06
07
08
09
10
11
12
Орт. t
Айжыл: 2015
01: -2, 7
02: 1, 1
03: 4, 4
04: 14
05: 19
06: 22, 6
07: 27, 2
08: 23, 7
09: 15, 6
10: 11, 5
11: 3, 7
12: 0, 2
Орт. t: 11, 7
Айжыл: 2016
01: -1
02: 0, 5
03: 9, 2
04: 13, 4
05: 16, 7
06: 23, 1
07: 23, 7
08: 22, 9
09: 20, 6
10: 6, 9
11: 0, 2
12: 0, 6
Орт. t: 11, 4
Айжыл: 2017
01: -2, 9
02: -1, 6
03: 3, 2
04: 11, 2
05: 18, 8
06: 22, 4
07: 27, 1
08: 22, 6
09: 19, 1
10: 10, 8
11: 5, 1
12: -2, 6
Орт. t: 11, 1

Жыл ішінде түсетін ылғал мөлшері біршама жақсарып 460-780 мм-ге жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі. Сондықтан топырақта ылғал жабу жұмыстары жүргізіледі. Майбұршақты ылғалға талабы жоғары болмаса да, ылғалға өзіндік талаптары бар. Өсіру орны мен жағдайына байланысты суды пайдануы 3000-5500 м 3 / г а м^{3}/га . дейін өзгереді.

2 кесте. Алматы облысының орташалық айлық жауын-шышын мөлшері (мм) .

Ай

жыл

01
02
03
04
05
06
07
08
09
10
11
12
Орт.
Айжыл: 2015
01: 29
02: 26
03: 93
04: 113
05: 49
06: 91
07: 6
08: 54
09: 25
10: 63
11: 97
12: 30
Орт.: 56, 3
Айжыл: 2016
01: 55
02: 11
03: 66
04: 152
05: 214
06: 132
07: 114
08: 0
09: 30
10: 79
11: 74
12: 83
Орт.: 84
Айжыл: 2017
01: 45
02: 40
03: 45
04: 217
05: 113
06: 51
07: 10
08: 20
09: 29
10: 24
11: 53
12: 32
Орт.: 56, 5

2. 2 Таңдалған тақырып бойынша әдебиетке шолу;

Майбұршақ - ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Бірақ Қазақстанда жас өсімдік түрі болып табылады. Бұл дақылдың шығу тегінің бірнеше орталықтары бар, бірқатар зерттеушілер (Енкен В. Б., 1959 ж; Лещенко А. К., 1948, 1962 жылдарғы зертеулер) майбұршақтың шығу тегінің алғашқы геоорталығы ретінде Солтүстік - шығыс Қытайды, Шығыс Қытайдың орталық жəне оңтүстік бөліктерін есептеген [8-10] . Мұнда, яғни Ляохе жəне Сунгара өзендерінің бассейндеріндегі 100 -200 км жіңішке жолақта, өте ертеде майбұршақ дақылы пайда 6000 жыл бұрын белгілі болған дақыл[11] . Оны ежелден Жапонияда, Үндістанда, Индонезияда, Вьетнамда, Корея түбегінде жəне Азияның басқа аудандарында өсіреді. Көнелігі бойынша ол күрішпен тең түседі. XVIII ғасырда майбұршақ Еуропаға əкелінген, ал XIX ғасырдың басында оны алғаш рет Солтүстік Америкада еге бастады. Ресейдің Еуропалық бөлігіне майбұршақты XIX ғасырдың аяғында өсіре бастады, алайда климаттық жағдайға бейімделген сорттадың болмауы, оның таралуын тежеді [12 - 14] . В. Б. Енкен майбұршақ формаларының көп əртүрлілігін Жапонияда, Кореяда, АҚШ-та байқайды жəне оларды форма түзілудің екінші орталығы деп есептеді.

Майбұршақты жиі түрде таңғажайып өсімдік деп атайды, себебі оның тұқымында орта есеппен 33-45% ақуыз, 20-25, 7% май (оның кұрамында холестеролдың болмайтынын атап өткен жөн) жəне 25% дейін көмірсу кездеседі. Оны өсіру арқылы одан екі түрлі өнім алады: ақуыз және өсімдік майын. Майбұршақты азық-түлік, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Майбұршақтың ақуызы - амин қышқылдарымен (өте аз мөлшердегі метионин мен цистиннен басқаларымен) жақсы теңдестірілген. Ол жоғары сіңімділігімен, суда жақсы ерігіштігмен ерекшеленеді. Майбұршақтың құрамына фитин мен сапонин, дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий, фосфор мен известь, майда еритін А, Д, Е және С дәрумендері болады, ал В2 дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп. бұршаққаптардың толысу фазасында орылған вегетативті массасы ақуызға (16-18%), көмірсуға жəне дəрумендерге бай. Аминқышқылдық құрамы бойынша майбұршақтың протеині тауық жұмыртқасының ақуызына пара-пар, ал майы тез сіңімді жəне жануар мен адамның ағзасы өндіре алмайтын май қышқылдарына ие. Бұл тұрғыдан оған тең келетіні жоқ. Мысалы, лизиннің құрамы бойынша ол құрғақ сүт жəне тауық жұмыртқасынан кем түспейді. Ол 85-90 % суда ериді жəне жақсы сіңіріледі (80-95%) . Майбұршақ тұқымында кездесетін витаминдер: B1 - 11-17 мг/кг, В2 - 2, 1-2, 7, В3 - 13-16, В6 - 4-9, РР - 22-34, Р - 1000-1600, К - 1, 5-2, 5, С - 100-200 мг/кг жəне басқалары. Витаминдер қатары майбұршақтың тұқымына қарағанда, майында көп болады [15] . Ақуызының қорытылуы 77-92% жəне жалпы сіңімділігі 84-100% жоғары [16, 17] . Майбұршақ майында қанықпаған май қышқылдары басым -олеин (25 % дейін), линол (43-59%) жəне линолен (7-10 %) ; қаныққан қышқылдар аз - 15 % жуық. Қоректілігі жəне сіңімділігі бойынша ол күнбағыс майына пара - пар жəне сиыр майынан сəл кем түседі. Майбұршақ майында пайдалы заттар көп - фосфотидтер, каратиноидтар, витаминдер жəне т. б.

Майбұршақ ұнында астық тұқымдастарға қарағанда 10 есе көп лизин, жүгеріге қарағанда 9 есе жəне бидайға қарағанда 3, 5 есе көп триптофан, жүгері жəне күрішке қарағанда 7 есе көп метионин жəне цистин кездеседі. НижнеВолжск АШҒЗИ мəліметтері бойынша сорттық ерекшеліктерді есепке алғанда 1 кг майбұршақ астығында 1, 31- 1, 47 азықтық бірлік, 280 - 340 қорытылатын протеин болады, сəйкесінше 1 кг майбұршақ ұны - 1, 20 жəне 3, 75, күнжарасы - 1, 21 жəне 420, жемі - 1, 19 жəне 410, жасыл массасы - 0, 21 жəне 35, пішені - 0, 51 жəне 140, сабаны - 0, 38 жəне 48, жүгері - майбұршақ сүрлемі - 0, 15 жəне 22 [18, 19] .

Майбұршақ тұқымының құрамы протеин мен майдың үйлесімімен ғана ерекшеленбейді, онда сонымен қатар биологиялық белсенді заттар кездеседі: фосфотидтер (2, 5%), витаминдердің кешені, минералды жеңіл сіңетін тұздар (Са, К, Мg, Р) . Биологиялық белсенді заттардың осындай бай қоры майбұршақты əртүрлі мақсатта кеңінен жəне əмбебеп пайдалануға мүмкіндік береді [20] . Майбұршақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға, тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар кұрамында қолданылады. Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш кұрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданады. [21]

2. 2. 1 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін және халық шаруашылығында дақылдың тартымдылығы;

Майбұршақ дақылы әрі өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі ретінде, әрі ақуыздың əлемдік өндірісінде басты дəндібұршақты дақыл болып табылады. Тұқымында жоғары сапалы ақуыздың жəне майдың болуының, өндірістегі үнемділігінің жəне аз энергия сыйымдылығының, азық - түліктік, жемшөптік, техникалық жəне медициналық мақсаттарда пайдаланылуының əмбебаптығының арқасында бұл дақыл аймақтық жəне ұлттық азық - түлік бағдарламаларында айтарлықтай үлестік салмаққа ие.

Əлемдік тəжірибеде майбұршақ астығы негізінен май алу үшін, ал күнжарасы жəне жомы - жемшөптік мақсатта құрама жемге бағалы ақуызды қоспа ретінде пайдаланылады. Майдан басқа, майбұршақтан алынатын негізгі азықтық өнімдерге жататындары: майбұршақ сүті, тофу, окара, текстурирленген майбұршақ ақуызы, майбұршақ изоляттары жəне басқалары. Азық - түлік өнеркəсібінде нан - тоқаш, жармалық жəне кондитерлік өнімдерін дайындау үшін майы алынған майбұршақ ұны кеңінен қолданылады. Майбұршақ майы сабын қайнату жəне лак жəне бояу шығару өнеркəсібінде де қолданылады. Ақуызды майбұршақты изоляттар тоқыма, парфюмерия, фармацевтика, қағаз өнеркəсібінде жəне басқа да техникалық мақсаттар үшін тұтынылады [22] .

Оны тағы тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар кұрамында қолданылады. Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш кұрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданады.

Өсімдік майының əлемдік өндірісінде майбұршақ бірінші орынға ие. Оның үлесіне өсімдік майының жалпы өндірісінен 32, 8 % тиесілі, ал күнбағысқа - 17, 1%. Əлемде жылына 8, 5-9, 2 млн. тонна майбұршақты азықтық май өндіріледі [23] .

Майбұршақ майының йодтық саны (124-133), ал бұл көрсеткіш күнбағыс майында (119-145) болып табылады. Яғни жәй кебетін май тобына жатады [24] . Майбұршақты диетикалық тағам ретінде диабетпен ауыратын адамдарға ұсынылады. Майбұршақ пен оның өнімдері шығысазиялық (әсіресе жапон және қытайлық) және вегетариандық кухняларда кеңінен қолданылады. [25]

Етпен салыстырғанда майбұршақта жүрек ауруларына, ісікке жəне остеопорозға əкелетін холестерин жəне қаныққан майлы қышқылдар кездеспейді. Майбұршақ қандағы холестериннің деңгейін төмендетеді, диабет кезінде ондағы глюкозаның құрамын оңтайландырады, сүйектің қатаюына септігін тигізеді, жүректің жəне қан тамырлары ауруларының дамуының алдын алады, бүйректе жəне бауырда тастың түзілу қаупін төмендетеді [26] . Майбұршақта өте сирек кездесетін майлы қышқыл омега 3 бар, ол жаңа туған сəбилердің миының дамуына қажет, жүрек жəне обыр ауруларының қаупін сейілтеді. Онда обыр ісіктерінің дамуына қарсы жəне оны тоқтататын антиканцерогенді заттар көп.

Майбұршақ жан-жақты қолданылуымен қатар, қалдық қалдырмайды, яғни 100 % қолданылады. Мал азығына майбұршақтың күнжарасын, жомын, ұнын, астық қалдығын, жасыл массасын, шөптік ұнын, шөбін, сүрлемін жəне сабанын пайдаланады. Майбұршақ күнжарасы жəне жомы - құрама жемнің сапасын жақсартатын маңызды ингредиенттер (5-15% көлемде қосқан кезде) [27] . Майбұршақтың жасыл массасын малды азықтандыру үшін жəне сүрлем, пішен, шөптік ұн, түйіршіктер дайындау үшін пайдаланады. Майбұршақ сабанының 1 ц құрамында 3% ақуыз жəне 30 азықтық бірлік бар. Одан жемдік ұн, түйіршік немесе аралас сүрлем (қант қызылшасының сабағымен немесе жүгерінің жасыл массасымен) жасауға болады. Майбұршақты сүрлемге өсірген кезде, басқа өсімдіктерге қарағанда, жүгерімен жақсы үйлеседі, өйткені бұл дақылдардың жасыл массасының максималды өнімі бір уақытта тамыздың соңы - қыркүйекте қалыптасады, жəне олар жақсы биологиялық сəйкестілігімен ерекшеленеді [28] .

  1. Аймақта дақыл өндірісінің жағдайы және оның болашағы;

Қазіргі күні майбұршақты барлық континентте 60 -тан аса елде өсіреді. Майбұршақ егістігінің жартысынан көбі жəне 60 % жоғары əлемдік астық өндірісі АҚШ-қа тиесілі. Бұл дақылдың айтарлықтай ауданы Қытайда (14 млн. га жоғары), Бразилияда (7, 5 млн. га), сонымен қатар Оңтүстік Америка елдерінде, Канада, Австралия, Батыс Еуропада кездеседі. КСРО-да майбұршақ 1 млн. га жуық жерді алып жатқан. Оның егістігі негізінен Қиыр Шығысқа шоғырланған, азғантай ауданы Солтүстік Кавказда, Украинада, Еділдің жағасында, Молдавияда, Қазақстанда, Алтайда, Күнгей Кавказда орналасқан. Майбұршақ егістігі Украинада, Солтүстік Кавказда, Молдавияда, Ресейде ұлғайып келеді. Елдің еуропалық бөлігінің суармалы жерлерінде, Орта Азияда жəне Қазақстанда майбұршақтың егістік аудандарын кеңейту жобаланған.

Басқа бұршақ тұқымдас дақылдары секілді майбұршақта ауыспалы егісте маңызға ие. Ол көп мөлшерде атмосфералық азотты жинаушы Оның егінін жинағаннан кейін 1 га танапта 70-80 кг сіңімді азот жинақталады. Отамалы дақыл ретінде - (жақсы күтім болғанда) майбұршақ танапты арамшөптерден таза қалдырады және көптеген екпе дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат топыраққа органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады болып табылады[25] .

Шетелдік тəжірибелердің талдауы көрсеткендей майбұршақтың өндірісі ақуызды - майлы өнімдерге деген қажеттілікпен тепе - тең ұлғайып келеді. Майбұршақ өндірісін жетілдіру түрлі топырақ - климаттық аумақтардың биоклиматтық əлеуетін толық пайдалану есебінен туындауы керек. В. И. Чернышовтың диссертациялық зерттеулері көрсеткендей, жетілдірілген агротехнологияларды қолданған кезде майбұршақтан 2, 5-3, 0 т/га майлы тұқым алынады жəне ол инвестиция үшін қызықтыратын нысан бола алады[29] .

Майбұршақты ұзағынан өсіру оны өсіріп - баптаудың агротəсілдерін жете меңгеруге мүмкіндік берсе, егіншілердің жəне халық селекционерлерінің көп еңбегі бұл өсімдікті механикаландырылған өсірудің барлық технологиялық процестеріне бейімделген дақылға айналдырды[30] .

Майбұршақ - аса бейімделгіш, мəңгілік тоң аймағынан (54-56 с. е. КСРО- ның Қиыр Шығысында, Швеция жəне Канадада) тропикалық ендікке дейін созылып жатқан, ареалы кең өсімдік [31] . Майбұршақ муссонды, ылғалы жəне күн сəулесі мол климатта өсірілген. Майбұршақтың таңғажайып қасиеттерінің бірі - оның биологиялық əлеуеті өте жоғары. Азияда майбұршақ гектарына 7 центнер бұршақ берсе, АҚШ-та - орта есеппен 12-15, ал Ресейдің Краснодар өлкесінің озат шаруашылықтарында - 20-25 ц/га, ал суармалы жерлерде 30-40 ц/га дейін, дүниежүзілік орташа өнімі 18, 0 ц/га. Елімізде 2004-2008 жылдары орта есеппен - 16, 1 ц/га өнім алынған [25] .

Елдер
2001ж.
2004ж.
2007ж.
2009ж.
2010ж.
2011ж.
2013ж.
2014ж.
Елдер: АҚШ
2001ж.: 78, 7
2004ж.: 77, 2
2007ж.: 70, 4
2009ж.: 91, 4
2010ж.: 90, 6
2011ж.: 83, 2
2013ж.: 89, 5
2014ж.: 108, 0
Елдер: Бразилия
2001ж.: 43, 5
2004ж.: 60, 0
2007ж.: 61, 0
2009ж.: 56, 96
2010ж.: 70, 0
2011ж.: 72, 0
2013ж.: 81, 7
2014ж.: 94, 5
Елдер: Аргентина
2001ж.: 30, 0
2004ж.: 39, 0
2007ж.: 47, 0
2009ж.: 30, 99
2010ж.: 49, 5
2011ж.: 48, 0
2013ж.: 49, 3
2014ж.: 58, 5
Елдер: Қытай
2001ж.: 15, 4
2004ж.: 17, 5
2007ж.: 14, 3
2009ж.: 14, 5
2010ж.: 15, 2
2011ж.: 13, 5
2013ж.: 12, 5
2014ж.: 12, 3
Елдер: Үндістан
2001ж.: 5, 4
2004ж.: 7, 0
2007ж.: 9, 3
2009ж.: 10, 2
2010ж.: 9, 6
2011ж.: 11, 0
2013ж.: 11, 9
2014ж.: 9, 8
Елдер: Парагвай
2001ж.: 3, 55
2004ж.: 5, 0
2007ж.: 7, 0
2009ж.: 3, 9
2010ж.: 7, 5
2011ж.: 6, 4
2013ж.: 9, 1
2014ж.: 8, 5
Елдер: Канада
2001ж.: 1, 4
2004ж.: 2, 9
2007ж.: 2, 7
2009ж.: 3, 5
2010ж.: 4, 3
2011ж.: 4, 2
2013ж.: 5, 1
2014ж.: 6, 0
Елдер: Украина
2001ж.: 0, 12
2004ж.: 0, 36
2007ж.: 0, 72
2009ж.: 1, 04
2010ж.: 1, 67
2011ж.: 2, 3
2013ж.: 2, 8
2014ж.: 3, 9
Елдер: Басқалары
2001ж.: 6, 63
2004ж.: 8, 44
2007ж.: 7, 38
2009ж.: 9, 61
2010ж.: 9, 93
2011ж.: 10, 9
2013ж.: 11, 5
2014ж.: 11, 7
Елдер: Барлығы:
2001ж.: 184, 7
2004ж.: 217, 4
2007ж.: 219, 8
2009ж.: 222, 1
2010ж.: 258, 3
2011ж.: 251, 5
2013ж.: 273, 4
2014ж.: 313, 2

1 кесте. Соңғы онжылдықтағы майбұршақтың әлемдік өнімділігі.

Кесте1- Майбұршақтың əлемдік өндірісі, млн. т [31] .

1 кестенің мәліметтері бойынша, майбұршақтың өнімділігі жылдан жылға жоғарлап отыр, яғни оның әлімдік тауар өнімінде өзінің орны бар екенін дәлеледеп отыр.

Британ ғалымдарының пайымдауынша, Украина, Польша жəне Аргентина елдері сияқты Қазақстанның əлеуеті жақын болашақта əлемдік азық-түлік дағдарысы мəселесін шеше алатын басты мемлекеттердің бірі бола алады. Соңғы уақытта əлемдік нарықта ұннан жəне дəнді-дақылдардан жасалған дайын өнімдерге сұраныс өсіп отыр. Сондықтан, еліміздің ауылшаруашылығы тауарларының өндірушілері осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланулары қажет.

«Алқаптарды əртараптандырып, өңдеу саласын өркендету - ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы» - деп, Қостанай облысына сапарында берген сұхбатында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, қазір біз дəнді дақылдардың бір түрін өсірумен өзімізді күтпеген шығындардан сақтандыра алмайтынымызды түсінуіміз керектігін атап көрсеткен.

Қазақстанда өсімдік шаруашылығын əртараптандыру үшін перспективті дақыл болып майбұршақ табылады. Соңғы он жылдықта əлемдік егіншілікте майбұршақ өндірісі қатты ұлғайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майбұршақтың арамшөптерден тазалау
Топырақ - климат жағдайлары
Аймақтың топырақ жағдайлары
Дақылдың тарихы
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Бұршақ тұқымдасы жайлы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz