Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ 1. Тақырыбы: Түрік сөзінің мәні.
Тіл ғылымында түрік сөзінің мағынасы бай. Ол көне түркі тілінде тіпті, алғашқыда екі мағынада да қолданылған. Олар: 1. Қосын, әскер; 2. Нұһ пайғамбар ұлының есімі.
Діни әфсаналарға зер салсақ, Әубәкір мүфти ақырзаман жөнінде жазған шығармасында мынандай жағдайды риуаят етеді: Ұлы Тәңір айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түрік деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түріктерді қарсы аттандырамын! ...Жер жүзінде ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, Өз қосыным деп атаған.
Түрік термині ҮІ ғасырдың екінші жартысындағы жәдігерлерден бастап кездеседі. Соғдылар турк десе, қытайлықтар түріктің көпше түрін туцзюе тюркют деп атапты да, қытайлар түркілермен елшілік қарым-қатынасты соғдылар арқылы жүзеге асырыпты. Қағанат құрылғанға дейін тіпті, түрік сөзі он тайпаның одағы, кейін он екі тайпаның одағы мағыналарында қолданылыпты. Көне түркі тілінде еркліг түркліг деген де сөз бар. Осы екі сөз қосарлана айтылғанында күшті, мықты ұғымын білдіреді. Сол бойынша ой қорытсақ, Еркліг түркліг улуғ еліг - Мықты, күшті, қуатты ұлы билеуші.
985 жылы жазылған орыс жылнамаларында түрік термині - тюрк түрінде кездеседі. Ежелгі заманда түрік сөзінің мынандай бірнеше мағынасы болған:
1. Қосын, әскер; 2. Күшті, мықты, қуатты, ержүрек; 3. Халық (тайпа); 4. Нұһ пайғамбардың ұлының аты. Осы төрт мағына да түркі тілінің эпиграфиялық ескерткіштерінде, Қытай жәдігерінде жазылып қалған. Түрік қағанатына керген тайпаларды кезінде түрік сир деп атап, оларды моңғолша-туркот, қытайша - тюкюс, грекше - тойрхот, санскритше - туруска, пракритше - турукка, соғдыша - түрік деген
СӨЖ 2. Тақырыбы:Батыс түрік қағанаты
Батыс түрік қағанаты -- Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті. (603- 704). Түрік қағанатында саяси-әлеум. қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Б. т. қ-ның негізін Торэмен қаған қалаған деген ғыл. дерек те бар. Аумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төм. ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Б. т. қ-ның негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Б. т. қ-ның халқы "он оқ елі" (он оқ бұдұн), "бес арыс дулу", "бес тайпалы нушеби" деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, шығылдар (шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. Б. т. қ-ның мемлекет басшысы -- қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық "қара бұдұн", ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы "тат" деп аталған (қ. Тат). "Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас" деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Б. т. қ-нда көшпелі мал ш. басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Б. т. қ-на қараған. Ұлы Жібек жолының Б. т. қ-н басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қ-лары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықар. экон. және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Б. т. қ-нда жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Б. т. қ-ның халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 ж. қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушы Прабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 ж. келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Б. т. қ-нда зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі -- дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Б.т.қ. Шегуй (610 -- 18) мен Түн жабғу (618 -- 30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғ. ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімш.-басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 ж. Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 -- 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қ. түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 ж. түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қ-н басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 ж. Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 ж. дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630 -- 34 ж. қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өз. арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 -- 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 ж. Ашина Хэлуқаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Б.т.қ. Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Б. т. қ-н Таң империясы әкімш. аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды -- "қуыршақ қағандарды" тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 ж. қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Б. т. қ-ның соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қ-нда түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 ж. Б. т. қ-ның орнына Түргеш қағанатықұрылды.
СӨЖ 3. Тақырыбы:Сақтардың тайпалық бірлестіктері,салт-дәстүрлері,наным -сенімі,әдет-ғұрпы,діні.
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта ерте темір ғасыры, ерте көшпенділер дәуірі немесе скифтер дәуірі деп атайды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет.
Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды азиялық скифтер деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің Тарих деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде Сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің Бехистун жазбасы, Сузінің, Ксеркстің Дәвтер туралы жазба). Құдіретті еркектер, Иран жазбаларында (Авеста) Жүйрік атты турлар деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.
Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған.
Патшалар жауынгелер тобынан шықты.
Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.).
Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:
1) жауынгерлер (қызыл)
2) абыздар (ақ)
3) басқа қауым адамдары (сары, көк)
Сақ мәдениеті -- ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 -- 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі қағандығы
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы
Түркеш қағанатының құрылу тарихы
Пәндер