Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2

І бөлім. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру мәселелері . . . 5

1. 1. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы . . . 5

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы . . . 14

ІІ бөлім. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру . . . 24

2. 1. Сынып сабақтарында бастауыш сынып оқушысының ұлтжандылық сезімдерін тәрбиелеудегі негізгі бағыт бағдарлылық . . . 24

2. 2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушысының ұлтжандылық сезімін қалыптастыру жолдары . . . 28

Іс-тәжірбиелік бөлім . . . 32

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

Қосымша . . . 40

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын - қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді.

Басты назар аударатын мәселелердің бірі -ұлтжандылық. Ұлтжандылық патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан әдебиеттік оқу сабағында оқу - тәрбие жұмыстарын жан - жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу әдебиеттік оқу сабағындағы тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтынды.

«Қазақстан - 2050 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез - құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.

Отан сүю, ұлтжандылық деген ұғымдар мектепке, үйге жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.

Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата - баба дәстүрін, ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан - қилы ырымдар мен кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.

Ұрпақты ата - салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем - білсем деген алып - ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде ұлтжандылық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт - дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс - шараларға бөлуге болады:

  • тілді құрметтеу;
  • ұлттық салт - дәстүрді зерделеу;
  • елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
  • ата - бабалар өсиетін орындау;
  • жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.

Яғни, ұлтжандылық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері - бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар - бір - біріне ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ.

«Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәрсүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт - санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз.

Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.

Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан - ашырлық танытуда ұлтжандылықтың рөлі ерекше. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбымды «Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылыққа» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.

Зерттеу объектісі: оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Зерттеу пәні: ұлтжандылық сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық процесте қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Ұлтжандылық туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой - пікірлерді анықтау;

2. Ұлтжандылық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;

3. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;

4. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно - педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І бөлім. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.

1. 1. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті әл - Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз.

Отаннына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю - оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең - жырлар, мақал - мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Ұлтжандылық мәселесі қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Ұлтжандылық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Ұлтжандылық сезімдер құралдарына:

  1. Ұлттық құндылықтары - жер, ел, тіл жатады.
  2. Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.
  3. Ұлттық мәдениеті - сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т. б.
  4. Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.

Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (ҮІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі - ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой - толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде, жұмбақ - жаңылтпаштар мен мақал - мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т. б. ) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезіннен бастап - ақ өлең - жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал - мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар.

Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал - мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Мақал - мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен төсегім», «Ел - жұрты бардың жұтамы жоқ», «Туған жердің күні де, күлі де ыстық», «Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың», т. б. мән мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдаланылды. Өзінің мақалдарында туған жер, ел - отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық енді оларды қорғау әрбір ер - азаматтың басты борышы деп біледі. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдар осының айғағы. Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жену жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрлардың бірі - жұмбақтар.

Жұмбақ - өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Алдында айтылған мақал - мәтелдер тәрізді жұмбасқтар да балаларды ерлікке отаншылдыққа, ұлтжандылыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қарулы жасырын түрінде айтылады. Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы. (қылыш) .

Сүмбелі теректі,

Қызыл желекті.

Ерден қалмайды,

Жауда керекті. (найза)

Негізі, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Жұмбақтардың шешуін іздеймін деген баланы ойына және қиялына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға алып, елін жаудан қорғауға деген құштарлықтар пайда болады.

Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелен буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мысалы, көпшілікке мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы туралы айтсақ артық болмас. Асан Қайғының халқы уайым - қайғыны білмейтін, жан - жануары жылына екі мәрте балалайтын жазы самал, қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады. Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер - судың қадір - қасиетіне қарай сипаттама беретін дала даңышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрсе, ол халқы үшін жасаған қызметі.

Сол үшін де халқы да оны қадірлеген, оны кейінгі ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын, үлгі етіп ұсынған. Асан Қайғыдай ел ұлы болуға үндеген. Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы айтылған аңыз әңгімелерді де ұлтжандылық туралы айтылған. Айталық, ұзақ мерзім бойы әз - Жәнібек ханның ақ ордасында болып, өзінің ұядай қосына анда - санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жататын баспанасы жайлы «қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп айтатын қанатты сөзінде патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы шағын қостан басталатынын, туған жерге деген сүйіспеншілік осындай түсініктен нәр алатынын қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпақығына өнегелі жол деп көрсетті.

Ертегілерге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ халқының ой - қиялының жемісі болып саналатын ертегілер балалардың ұлтжандылық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы ұлтжандылық шығарма қаһармандарының туған еліне, кіндік қаны талған жеріне деген құмтарлығы ауыз әдебиеті нұсқауларының басқа жанрларына қарағанда ертегілерде анық байқалады. Мәселен, «Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғалар бас кейіпкер өзінің елден ауып кеткен ағаларын іздеп тауып әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің қызы Бекторы мен Жалмауыз кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады. Халық ертегілері өткенді ғана баяндаумен шектелмейді, болашақ, келешек туралы қатты ойланады. Қазақ ертегілерінің басым бөлігінде ерлік, батырлықпен қатар үлкен адамгершілік, қайырымдылық ақыл, тапқырлық, мейірімділік пен парасат мадақталып, өскелең ұрпаққа - үлгі ретінде ұсыналады.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі - батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін емес ерлік еңбек ету идеясынан туған. Дәстүрлі қазақ эпосы - ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс - тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Мысалы, «Қамбар батыр» жыры ересектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.

Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланың батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайыннан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынағы іспеттес. Қазақтың баласы жасы жетіге келгенде атқа мінгізіп үзеңгіні ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң - солын, танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтың тәлім - тәрбиені ұлттық құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушылардың педагогтардың, қазақ зиялыларының алаш азаматтарының өнегелі істері мен ой - пікірлері ұлтжандылық тәрбиенің құралы бола алады.

Қазақ зиялыларының тәлім - тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық, халқы үшін адал қызмет ету екенін өз еңбектерінде терең түсіндіре алды. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын - жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын жеда етуге, жастарды елжандылық рухы тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.

Жастарды елжандылық рухта тәрбиелеу жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол өз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар - намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөз өрнектеледі. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс - әрекетке баулиды. Махамбет, Ақтанберді, Шал, т. б. ақын - жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл - аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына елжандылық пен интернационализмді, гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.

Қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой - пікірлерін оқу - тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы - жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.

Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы халықтың (өлең, мақал - мәтелдер, эпостар және т. б. ) патриоттық тәрбиеге қойылған талап тілектерін, ой - пікірлерін көрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік -ұлтжандылық тәрбиесіне деген ықпалын өзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап жазған. Оның рухани жетілуіне, еліне, Отанына сүйіспеншілігінің қалыптасуына туған жері Көкше өңірінің (Оқжетпес, Қосмұрын, Сырымбет) тамаша табиғаты, ержүрек батырлары, ғұлама азаматтары тікелей әсер етті десек артық болмайды. Ол бала жасынан Айғанымнан естіген ертегі, аңыз - әңгімелері батырлардың ерліктері туралы естеліктері оның ұлттық патриотизмінің қалыптасуына әсер етті, туған елінің, Отанының алдында жауапкершілігін арттырды, халық дәстүрін бағалай білуге үйретті. Шоқан шығармаларының мазмұны оның туған еліне деген сүйіспеншілігін, өз халқының рухани жағдайын жақсы түсінгенін, оның болашағына сенгенін көрсетеді. Мысалы, ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз - әңгімелер еңбегінде Шоқан сол дәуірдің белгілі батыр қайраткерлері: Абылай, Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Елшібек, Малайсары, Баян жайында он төрт түрлі әңгіме беріледі. Қалмақ ханы Қалдан Церенмен арада болған жорықтар, қарым - қатынастар туралы мағлұматтар бар. Бұл тарихи деректеменің мәні өте жоғары. Шоқанның «Едіге» жырын жазып алуы да, оны орыс тіліне мазмұндап аударуды да, эпостық генезисі мен тарихи оқиғаларға қатысты айтқан пікірлері де ұлттық патриотизмнің бір көрсеткіші десе болады. Шоқан өзінің үлгі - өнегесімен халқының сонау көне заманнан бері тұнып тұрған шежіре тарихын аялау, әрбір ой - тұжырым қастерлеу, мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау, оны ұлтжандылық сезіммен адамгершілік, эстетикалық тұрғыда қабылдау арқылы азаматтық борышым деп түсінгенін байқатады және осы сезімді жеткіншектердің санасына құюға талпынады.

Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы Абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қаар сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Әдебиеттік оқу пәнінің, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz