Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру

Мазмұны

Кіріспе3

Тарау І. Дамыта оқытуды ұйымдастыру мәселесі және дамыта оқыту арқылы белсенділікті қалыптастырудың теориялық негіздері5

1. 1. Дамыта оқытудың педагогикалық -психологиялық негіздері5

1. 2. Қазіргі мектепте дамыта оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары8

1. 3. Дамыта оқыту арқылы белсенділікті қалыптастырудың негіздері17

Тарау ІІ. Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттырудың негіздері25

2. 1. Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың әдістемелік негізі25

2. 2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысындағы озат педагогикалық тәжірибелер29

2. 3. Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттырудың негіздері38

Қорытынды47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі48

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. "Даму ұғымы философиялық сөздікте" . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы", - деп түсіндіріледі. Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

Тақырыптың зерттелуі. « Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек . . . Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ»- дейді Л. С. Выготский.

Оқыта отырып дамыту проблемасы Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген. Бұл идея К. Д. Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, - оқулықгар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л. В. Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.

Бұл тұжырымдама "екіліксіз қалай оқытуға болады", білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді. А. С. Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту - дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И. Я. Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықгардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д. Н. Богоявленский және Н. А. Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н. Д. Левитов Оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықгай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Курс жұмысының мақсаты-дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдарын теориялық тұрғыдан қарастыру.

Курс жұмысының міндеттері:

-Дамыта оқытудың педагогикалық -психологиялық негіздеріне;

-Қазіргі мектепте дамыта оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарына;

-Дамыта оқыту арқылы белсенділікті қалыптастырудың негіздеріне;

-Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың әдістемелік негізіне;

-Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысындағы озат педагогикалық тәжірибелеріне;

-Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттырудың негіздеріне сипаттама жасау.

Тарау І. Дамыта оқытуды ұйымдастыру мәселесі және дамыта оқыту арқылы белсенділікті қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1. Дамыта оқытудың педагогикалық -психологиялық негіздері

Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.

Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақгы, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықгайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі-жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықгы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.

Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.

Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс -әрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді. Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-қүлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

И. Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Диствергтің әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. '"Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. "Жаман" мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді "-деген. "Дамыта оқыту" деген термині психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготксий, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, НА. Менчинская) және т. б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарған.

Жүйенің басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр окушы өзін - өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықгы жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшін бала өзінің бүған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:

1. Оқу мақсаттарының қойылуы;

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

З. Шешімнің дүрыстығын дәлелдеу;

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақгау арқылы жүзеге асады.

Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы дамыту. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады[1] .

1. 2. Қазіргі мектепте дамыта оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары

Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.

Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту, дамыту болғандықган әр пән, әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ.

Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне тоқгала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқталып өтеміз.

1. Жоғары қиындықта оқыту принципі.

Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз.

Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықган ар т пу жағын әрбір мүғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықгарға әкелу жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі құриды.

Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықгардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіңдігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б. Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі-теориялық білімнің жетекші ролі принципі.

Бұл принцип бала тек теорияны окуы, ғылыми терминдерді білуі, заңдарды жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.

Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді. Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың "Жаяу Мұса" әңгімесінде ұлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. "Өзің аттас" деп әдептілік сақгайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сұрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, ұлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады.

1. Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан қорқа ма? Осыны қалай түсінесіндер?

2. Әңгімеде "Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы мүшесінен танимын", "Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір" деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?

З. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті?

4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде- қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? т. с. с.

Оқушылар бұл сұрақгарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады.

2. Оқу процесін түсіну және сезіну

Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты " Жаяу Мұса" әңгімесі бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.

Мысалы:

а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу, дарындылықгы өнер биігіне шығару т. б. )

ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па? (Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты деректер келтіріледі)

Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не үйрендім?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.

3. Сабақ материалын жеделдете өту.

Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін. Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі мүмкіндік туғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер орындаумен уақыт кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа қүмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде қосымша материалдар, қызықгы есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта Орындату окулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артары сөзсіз.

4. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу.

Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын" жақсы "жаман" деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.

5. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас орнату.

Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.

Қарапайым ғана мысал: Сұраққа дұрыс жауап бермеген балаға "отыр, - білмейсің" деген қатал үн қандай әсер етеді. Ол бала енді дұрыс жауапты ойламайды, жауап беруге құлшынбайды. Осылай бірнеше рет қайталанған, ескерту әлгі баланы жасқаншақ, өз ойын айтуға қорқатын, бірте-бірте ақыл-ойы төмендеген, белсенділігі жоқ оқушыға айналдырады. Ендеше оқушыны кішкентай бала емес, адам деп қарау, оның жан дүниесін сезіне білу, көзқарасымен, пікірімен санасу, құрметтеу, білім алуға қажетті фактордың бірі болып есептеледі. Бала кездегі қарым-қатынастар, анасының, мұғалімнің, жолдастарының түсіністігі, сыйластығы есейген кезде әртүрлі жағдайда өзін дұрыс ұстауға, еркін сезінуге тәрбиелейді. Баланың әрбір жетістігін көріп, оны ынталандырып отыру, оны жоғары эмоциялық көңіл күйге бөлейді. Ол жауап беріп тұрған кезде мұғалім қызыға тыңдап, қалған оқушыларды да соған жұмылдырып, сыныпта ерекше жағдай жасауға тырысуы керек. Қате айтылған жауапты да әдеппен "Сен осылай айтқың келіп тұр ғой" деп демеп жіберсе, бала бойында сенім пайда болады.

Мұғалім әрбір пәннің ғылыми негізін дұрыс түсініп, берілетін материалды ғылыммен негіздеу, қосымша материалдармен байыту жағына баса көңіл бөлгені жөн. Әсіресе, тіл, дүниетану, эстетикалық циклдағы пәндерді оқытуда оқушыларды сол оқып отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіруге үйрету олардың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін байытады. Әрбір берілген тапсырма еңбек етуге, тынымсыз ойлауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бала өзі орындаған жұмысынан, жеңген қиындығынан ләззат алуы керек. Ойланатын, ойландыратын тапсырмалар ғана баланың ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді.

Тапсырма алған оқушылар ізденуді бастайды. Міне, нағыз шығармашылық, содан, соң мұғалімнің басшылығымен қай жол жеңіл, ыңғайлы екенін дәлелдеп, жұмыс қорытындыланады[2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Сауат ашу үдерісі
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Программалауды оқытуда оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz