Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Сәлеметсізбе құрметті мұғалімдер, студенттер.

Менің таңдаған курстық жұмысының тақырыбы Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, іс-тәжірбиелік кезеннен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бастауыш буын - қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді.

Басты назар аударатын мәселелердің бірі -ұлтжандылық. Ұлтжандылық патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.

«Қазақстан - 2050 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез - құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.

«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт - дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс - шараларға бөлуге болады:

  • тілді құрметтеу;
  • ұлттық салт - дәстүрді зерделеу;
  • елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
  • ата - бабалар өсиетін орындау;
  • жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.

Яғни, ұлтжандылық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады.

Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан - ашырлық танытуда ұлтжандылықтың рөлі ерекше. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбымды «Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.

Зерттеу объектісі: оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Зерттеу пәні: ұлтжандылық сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық процесте қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Ұлтжандылық туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой - пікірлерді анықтау;

2. Ұлтжандылық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;

3. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;

4. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно - педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І бөлім. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.

1. 1. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.

Отаннына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Ұлтжандылық мәселесі қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Ұлтжандылық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Ұлтжандылық сезімдер құралдарына:

  1. Ұлттық құндылықтары - жер, ел, тіл жатады.
  2. Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.
  3. Ұлттық мәдениеті - сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т. б.
  4. Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.
  5. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т. б. ) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезіннен бастап - ақ өлең - жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал - мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар.
  6. Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал - мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Мақал -мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен төсегім», «Ел - жұрты бардың жұтамы жоқ», «Туған жердің күні де, күлі де ыстық», «Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың», т. б. мән мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдаланылды.

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрлардың бірі - жұмбақтар.

Жұмбақ - өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген.

Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы. (қылыш) .

Сүмбелі теректі,

Қызыл желекті.

Ерден қалмайды,

Жауда керекті. (найза)

Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелен буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мысалы, көпшілікке мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы туралы айтсақ артық болмас. . Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер - судың қадір - қасиетіне қарай сипаттама беретін дала даңышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрсе, ол халқы үшін жасаған қызметі.

Ертегілерге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ халқының ой - қиялының жемісі болып саналатын ертегілер балалардың ұлтжандылық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы ұлтжандылық шығарма қаһармандарының туған еліне, кіндік қаны талған жеріне деген құмтарлығы ауыз әдебиеті нұсқауларының басқа жанрларына қарағанда ертегілерде анық байқалады. Мәселен, «Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғалар бас кейіпкер өзінің елден ауып кеткен ағаларын іздеп тауып әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің қызы Бекторы мен Жалмауыз кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі - батырлар жыры . Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін емес ерлік еңбек ету идеясынан туған.

Мысалы, «Қамбар батыр» жыры ересектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.

Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланың батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді.

Жастарды елжандылық рухта тәрбиелеу жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол өз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар - намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды.

Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы халықтың (өлең, мақал - мәтелдер, эпостар және т. б. ) патриоттық тәрбиеге қойылған талап тілектерін, ой - пікірлерін көрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік -ұлтжандылық тәрбиесіне деген ықпалын өзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап жазған.

Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы Абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған.

Абай «қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен жырларын, мақал - мәтелдері мен жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп өсті және ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклорлық дәстүр арасында болды. Мысалы, «Он үшінші», «Отыз алтыншы» сөздерінде жастарды имандылыққа шақырады. Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда Абай өдеңдерінің рөлі ерекше. Оның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ой» т. б. өлеңдеріндегі туған жер табиғатының әсем көріністері, адамдардың күнделікті тыныс - тіршілігі, іс - әрекеттер, балалардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады, патриоттық сана - сезімнің оянуына әсер етеді.

Ахмет Байтұрсынов «Атадан балаға мирас болып екі - ақ нәрсе қалады: біріншісі - бай тіл, екіншісі - байтақ жер», - деген еді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, ұлттық сана - сезім қажет.

«Ерлік тәрбиден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту - тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой - пікірлерін қалыптастырып, ұлт - мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, тамаша аудармашы, ағартушы - демократ С. Көбеевтің жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды елжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз. С. Көбеевтің пікірінше, елжандылыққа баулу ұзақ уақыт бойына үзбей, қажымай - талмай мектеп пен ата - ана бірлесе, ойласа жүргізгенде ғана сәтті болады. С. Көбеев оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеу жұмысы тек мектеп ішінде, тек сыныпта, тек сабақ үстінде ғана жүргізіледі деп ұғынудың қате екенін ескертеді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуына ата - ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалады.

Ұлтжандылық дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман - саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды көркейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет туралы ұғымды жекеадаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді.

1. 2. Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы.

Ұлтжандылық адам баласына туа бітпейді. Баланы ұлтжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай бастауыш сыныптан жан - жақты жүзеге асатын үрдіс.

Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық, үш бірлігі арқылы қарастырамыз:

Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым- қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа, намыс - борышқа деген көзқарасы.

Интеллктуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл - ой процесінде пайда болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмыр, ирония және жаңалыққа ұмтылуы.

Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.

Ұлтжандылық сезімінің бастапқы кездерін еске алғанымызда, алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге жүгінеміз: бұл тереземіздің түбінде өскен ағаштар, атамыздың жайқалған бау - бақшасы, ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас әңгімелері, қосыла шырқаған тамаша әндері.

Ұлтжандылық сезімді тәрбиелеуде балаларды халқымыздың әдет-ғұрпына араластырудың үлкен мәні бар. Қазіргі заман талабына сай әдет-ғұрыптар да аз емес. Олар мемлекетіміздің құрылысының маңызын, халқымыздың психологиясын көрсетеді. Мысалы, еңбек ерлерін құрметтеу, әр кәсіптің иелерінің мерекесін тойлау, құрбан болған ерлерді еске алу, әскерге шақырылғандарды шығарып салу, еңбек және соғыс ардаргерлерімен кездесулер.

Ұлтжандылық сезімге тәрбиелеудің жолдары әр түрлі болады, ең бастысы оқушыларда Қазақстан Республикасының азаматығына деген, ең керемет сезімді қалыптастыру.

ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру.

2. 1. Сынып сабақтарында бастауыш сынып оқушысының ұлтжандылық сезімдерін тәрбиелеудегі негізгі бағыт бағдарлылық

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлтжандылық тәрбие беруде оқу - тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХҮІІ ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Уминский Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъекті» ретінде тануға бағытталады. Бастауыш сыныптарда ана - тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын С. Рахметова, Б. Қабатай, Ә. Әмірованың жіктеуін қосымшадағы № 4 кестеден көруге болады.

Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары

Деңгейлік Ойын арқылы Топтық жұмыстар

тапсырмалар оқыту ұйымдастыру

арқылы оқыту арқылы тұлғалық қасиеттерді

Міндетті деңгей Санамақтар

Алгоритмдік деңгей Сұрамақтар Бірыңғай топтық

жұмыстар

Эвристикалық деңгей Қалмақтар

Сараланған топтық

Шығармашылық деңгей Айтыс ойындары жұмыстар

2. 2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушысының ұлтжандылық сезімін қалыптастыру жолдары.

Мақсатты жүргізілген педагогикалық жұмыс барысында ұлтжандылық сезімін дамытып, тәрбиелеп, олардың сенімін қалыптастыруға болады.

Ұлтжандылық сезім қалыптастыру екі бағытта: қоғамдық және табиғаттық қоршаған орта ең маңызды тәрбиелеушілік ролге ие болады. Ұлтжандылық тәрбиеде патриоттық сезімді тәрбиелеу бірізділікпен жүргізіледі.

Жер сүю - туған ауылды, туған өлкені, Республикасын сүю. Табиғатын, өсімдігі мен жан - жануарын, құсы мен жәндіктерін. Яғни жер асты және үстіндегі байлығын тану мен сүю және қорғау амалдары қарастырылады.

Елді сүю - бұл халықты сүю деген сөз. Халықтың бір ошағы - отбасы. Сондықтан халқымыз «Отан - от басынан басталады» дейді. Отбасын, халқын мемлекетінде тұрып жатқан халықтарды мемлекеттік нышандарды сүю. Оның дәстүрін, тілін, тарихын, олардың атқарған кәсіптерін, өнерін мәдениеттін тану, сүю, қорғау, жетілдіру әр азаматтың парызы болмақ.

Тілді сүю - ана тілінің қыры мен сырын білу, табиғатын меңгеру, жетілдіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Дүниетану сабағында кіші мектеп жасындағы оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру тәсілдері
Әдебиеттік оқу пәнінің, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негіздері
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz