Банктік несие



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Бөлім 1. Несие операцияларының ұғымы және банктік операциялар жүйесіндегі орны
1.1. Банктік операция ұғымы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Коммерциялық банктердің несие операцияларына қатысты теориялық сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Экономиканың салалық ерекшеліктерін ескеріп, шаруашылық субъектілерді банктік несиелендіруді жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде қарастырылуы ... ... ..11


Бөлім 2. “Казкоммерцбанк” АҚ ұйымдық.экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы.
2.1. “Казкоммерцбанк” АҚ ұйымдық.экономикалық сипаттамасы ... ...12
2.2. “Казкоммерцбанк” АҚ қаржы жұмысының ұйымдастырылуы ... ...21


Бөлім 3. “Казкоммерцбанк” АҚ.нда түрлі салаларда қызмет атқаратын шаруашылық субъектілерді несиелендіруді ұйымдастыру және оның салалық ерекшеліктері
3.1. “Казкоммерцбанк” АҚ.нда өнеркәсіп саласын несиелендіру шарттары мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2. “Казкоммерцбанк” АҚ.нда ауылшаруашылық саласын несиелендіру шарттары мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.3. “Казкоммерцбанк” АҚ.нда сауда саласын несиелендіру шарттары мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3.4. “Казкоммерцбанк” АҚ.нда экономика салаларын банктік несиелендіруді жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Қоданылған әдебиеттер тізім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы шаруашылық жүргізуші субъектілердің салалық ерекшеліктерін ескеріп несиелендіру.
Қазір Қазақстан экономикасы үшін оңай уақыт емес. Ал бизнестің тұрақтылығын сақтап тұру мақсатымен қаражат тартудың қиыншылығын шағын және орта бизнес ерекше сезінеді. Өзінің жеке жұмысына қауіп-қатер төніп тұрғанын сезіну ауырға соғады. Өйткені көптген кәсіпкерлер үшін айналысатын жұмыстары жай ғана бизнес емес, сүйікті «сәбилері».
Шағын және орта бизнес шексіз құрметке ие. Өйткені бұл сегмент дамушы елдердің экономикасын алға жылжытатын күш екені құпия емес. Ал қиыншылықтарға төтеп беріп, әрі қарай дамуы үшін шағын және орта бизнеске мемлекеттің де, қаржы институттарының жәрдемі керек.
Шағын бизнестің мұқтаждығын және оларға қаржылай көмектің маңызды екенін түсінетін “Казкоммерцбанк” АҚ шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолға алды. Енді Банк бизнесті дағдарыстың келеңсіз әсерлерінен қорғап, оның өсуі мен дамуына көмектесуге ұмтылады, яғни шаруашылық субьектілердің салалық ерекшеліктерін ескеріп несиенің ең төмегі пайыздық ставкаларын ұсынады. Банк шағын және орта бизнестің кез келген мұқтажын қамтып, бизнестің жылдам, мықты, әрі үлкен болуына көмектеседі.
Бұл курстық жұмысқа бірнеше мақсаттар мен міндеттер жүктелген. Толығырақ тоқталатын болсақ, олар мыналар:
- банктік операция ұғымы және оның түрлерін сипаттау;
- несие операцияларының банк жүйесіндегі орнын анықтау;
- коммерциялық банктердің несие операцияларын қатысты теориялық сұрақтар, яғни несиенің мәні мен формаларын, түрлері мен принциптеріне толығымен анықтама беріп, оларды ашу;
- шаруашылық жүргізуші субьектілерді несиелендіргенде олардың салалық ерекшеліктерінің әсер етуін бағалау;
- негізгі бөлімде қарастырылатын “Казкоммерцбанк” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасына тоқталу және қаржы жұмысының ұйымдастырылуын сипаттау;
- осы курстық жұмыста қаржы институты ретінде қарастырылған “Казкоммерцбанк” АҚ–ның шаруашылық жүргізуші субьектілері үшін арнлаған неисиелерінің шартарын қарастыру;
- экономика салаларын банктік несиелендіруді жетілдіру бағыттарын анықтау және осы бағытты жетілдіруде “Казкоммерцбанк” АҚ–ның жүргізген іс шараларына тоқталу;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




1. “Казкоммерцбанк” АҚ-ның 2007 жылығы жылдық қаржылық есебі.
2. Ахметова Г.К., «Моделирование политки кредитования банками аграрного сектора Банки Казахстана»: Банки Казахстана - №9, 2008 жыл. – 29 бет.
3. Казкоммерц news. № 4 (54), мамыр, 2008 жыл. – 20 бет.
4. Казкоммерц news. № 8 (58), қыркүек, 2008 жыл. – 17 бет.
5. Аганина Қ.Ж., Мұсабеков С.М. Экономикалық білім негіздері/ кәсіпкерлік және бизнес: Оқулық. – Алматы: 2002. – 62 бет.
6. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы, 2001 ж. – 242 б.
7. Кендирбаева А., Омаров Г.,Хагай В. Как делать бизнес в казахстане// В помощь предпренимателю/ - Алматы: ПРООН/ОПРООН, 1996.
8. Лаврушин О.И. Банквское дело: Учебник, М: КНОРУС, 2006. – 768 с.
9. Саниев М.С., «Ақша, Несие, Банктер», Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001 ж. – 151-155 беттер.
10. Темиргалиев Ж. Тенденция развития малого бизнеса в Казахстане. – Ж. Экономист, 2001, №9.
11. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы:2005. – 552 бет.
12. http//www.kkb.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Бөлім 1. Несие операцияларының ұғымы және банктік операциялар жүйесіндегі
орны
1. Банктік операция ұғымы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Коммерциялық банктердің несие операцияларына қатысты теориялық
сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
3. Экономиканың салалық ерекшеліктерін ескеріп, шаруашылық
субъектілерді банктік несиелендіруді жетілдіру сұрақтарының ғалымдар
мен тәжірибешілердің еңбектерінде қарастырылуы ... ... ..11

Бөлім 2. “Казкоммерцбанк” АҚ ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және қаржы
жұмысының ұйымдастырылуы.
2.1. “Казкоммерцбанк” АҚ ұйымдық-экономикалық
сипаттамасы ... ...12
2.2. “Казкоммерцбанк” АҚ қаржы жұмысының ұйымдастырылуы ... ...21

Бөлім 3. “Казкоммерцбанк” АҚ-нда түрлі салаларда қызмет атқаратын
шаруашылық субъектілерді несиелендіруді ұйымдастыру және оның салалық
ерекшеліктері
3.1. “Казкоммерцбанк” АҚ-нда өнеркәсіп саласын несиелендіру шарттары
мен
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..24
3.2. “Казкоммерцбанк” АҚ-нда ауылшаруашылық саласын несиелендіру
шарттары мен
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.3. “Казкоммерцбанк” АҚ-нда сауда саласын несиелендіру шарттары мен
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.4. “Казкоммерцбанк” АҚ-нда экономика салаларын банктік
несиелендіруді жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Қоданылған әдебиеттер
тізім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 32

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
салалық ерекшеліктерін ескеріп несиелендіру.
Қазір Қазақстан экономикасы үшін оңай уақыт емес. Ал бизнестің
тұрақтылығын сақтап тұру мақсатымен қаражат тартудың қиыншылығын шағын және
орта бизнес ерекше сезінеді. Өзінің жеке жұмысына қауіп-қатер төніп
тұрғанын сезіну ауырға соғады. Өйткені көптген кәсіпкерлер үшін айналысатын
жұмыстары жай ғана бизнес емес, сүйікті сәбилері.
Шағын және орта бизнес шексіз құрметке ие. Өйткені бұл сегмент дамушы
елдердің экономикасын алға жылжытатын күш екені құпия емес. Ал
қиыншылықтарға төтеп беріп, әрі қарай дамуы үшін шағын және орта бизнеске
мемлекеттің де, қаржы институттарының жәрдемі керек.
Шағын бизнестің мұқтаждығын және оларға қаржылай көмектің маңызды
екенін түсінетін “Казкоммерцбанк” АҚ шағын және орта бизнесті
несиелендіруді қолға алды. Енді Банк бизнесті дағдарыстың келеңсіз
әсерлерінен қорғап, оның өсуі мен дамуына көмектесуге ұмтылады, яғни
шаруашылық субьектілердің салалық ерекшеліктерін ескеріп несиенің ең төмегі
пайыздық ставкаларын ұсынады. Банк шағын және орта бизнестің кез келген
мұқтажын қамтып, бизнестің жылдам, мықты, әрі үлкен болуына көмектеседі.
Бұл курстық жұмысқа бірнеше мақсаттар мен міндеттер жүктелген.
Толығырақ тоқталатын болсақ, олар мыналар:
- банктік операция ұғымы және оның түрлерін сипаттау;
- несие операцияларының банк жүйесіндегі орнын анықтау;
- коммерциялық банктердің несие операцияларын қатысты теориялық
сұрақтар, яғни несиенің мәні мен формаларын, түрлері мен
принциптеріне толығымен анықтама беріп, оларды ашу;
- шаруашылық жүргізуші субьектілерді несиелендіргенде олардың
салалық ерекшеліктерінің әсер етуін бағалау;
- негізгі бөлімде қарастырылатын “Казкоммерцбанк” АҚ-ның ұйымдық-
экономикалық сипаттамасына тоқталу және қаржы жұмысының
ұйымдастырылуын сипаттау;
- осы курстық жұмыста қаржы институты ретінде қарастырылған
“Казкоммерцбанк” АҚ–ның шаруашылық жүргізуші субьектілері үшін
арнлаған неисиелерінің шартарын қарастыру;
- экономика салаларын банктік несиелендіруді жетілдіру бағыттарын
анықтау және осы бағытты жетілдіруде “Казкоммерцбанк” АҚ–ның
жүргізген іс шараларына тоқталу;

БӨЛІМ 1. НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ОРНЫ.
1.1. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Банктік операция ұғымы – ақша қаражаттарын тарту және орналастыру
мақсатындағы банктің жүргізетін операциялары, айналымға шығару және және
одан ақшаны алу, еспетесуді жүзеге асыру және т.б.
Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық
операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
- активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
- активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер)
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің
ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан бұл операциялардың
банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы
бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың есеп немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру
(талап етілмелі депозиттер);
- басқа банктерден қарыз алу;
- заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;
- құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
- Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.
Активтік операциялар. Бұл операциялардың көмегімен банктер өз
қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын
қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырылады. Активтік операциялардың
экономикалық мазмұны – олардың сыныпнамасында.
Бұған жататындар:
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру
үшін қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие беру;
- халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және
басқа да ұзақ мерзімде пайдаланатын мүліктерді сатып алуға);
- құнды қағаздарды сатып алуға несие беру;
- лизингтік операцияларға несие беру;
- басқа банктерге неисе беру (банкаралық несие)
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастыс қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операцясын жүргізу болып
табылады.
Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай
төмендегідей болып бөлінеді:
- несиелеу операциялары – (есетптеу-несиелеу);
- есеп айрысу операциялары;
- кассалық операциялар;
- инвесициялық, қорлық операциялар;
- кепілді операциялар;
- комиссиялық операциялар;
Несиелеу операциялары – қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және
ақылылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу
(есептпеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу
операциялары да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді;
Есеп айырысу операциялары – қаржыны клиенттің есеп шотына есетпеу
немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы
міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;
Бос қаржыны депозитке жэұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу
операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.
Комиссиялық операциялар – несие ұйымдары мен клиенттің атынан,
клиенттің тапсырмасы бойынша және оның қаражаты есебінен атқарылатын және
комиссиялық сыйақы ретінде табыс әкелетін операциялар (дебиторлық бережақты
инкассалау бойынша операциялар, аудармалы операциялар, валютаны, асыл
металдар мен асыл тастарды сатып алу бойынша саудалық-комиссиялық
операциялары, сенімді операциялар, клиенттерге заңдық қызметтер көрсету
бойынша операциялар).
Кассалық операциялар – қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен
байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақшаның
қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен
байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар – банктің күрделі қаржысын құнды
қағаздарға салу және басқа құралдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін
жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе
“Қазақстандағы банктер және банк қызметі туралы” Заңның 8-бабына сәйкес,
Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі
капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар – кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген жағдай
боғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.
Сонымен қатар банктің активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне
қарай – қауіпті және қауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне
(бағытына) қарай: бірінші және екінші; падалық дәрежесіне қарай: пада
келтіруші және пада келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.
Активтік-пассивтік операциялар:
- банкіге Комиссиялық сыйақы әкелетін комиссиялық операциялар
(дебиторлық берешектерді инкассалау, ақша аудару, сауда комиссиялық,
сенімділік);
- белгілі ақыға, клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық
операциялар;
- ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу
қызметтері;
- сенімгерлік қызметтері (клиенттің тапсырмасымен құнды қағаздарды,
басқа елдің валюталарын, асыл металдарды сату);
- бухгалтерлік және консультациялы қызметтер.
Осы операцияларды банктің көрсететін қызметтері деп аталады.
1.2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ
СҰРАҚТАР
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану
керек, несиенің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнінен көрсетілуі
керек:
- несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әректке түсетін
бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана
несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несие келісімінің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден ақрызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі кезде қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беурші – банк болып
табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос
қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін
несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы
ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа)
тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір
жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған ақрызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкелер, халық, мемлекеттер және
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіне туелді, оған несие
беурші өз талаптарын қояды. Алайда қарызға алушы мен несие алберуші несие
қатынастарының толық құқықтық жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға
алушы өзара іс-әрекеттерінде қарам-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді.
Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында
тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беуші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша
қаржылар табу мүддесі болады.

Сурет 1. Несиенің құрылымы

Несие берушілер мен қарызға алушылардың басқа несие құрылымының
элементі – алыс-берсітің объектісі – несиелік құн болып табылады.
Несиенің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни несиелік
қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Несиенің мәнін ашып көрсететін,
несиенің негізін құрайтын негізі (база) неден тұрады. О.И. Лаврушкин ондай
негіз несиенің қайтарылуын есптейді. Ол нсие қозғалысының бір сатысы бола
тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.
Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым
негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы
ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – несиелік қатынасқа тән
белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрстетеді.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек
қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты
қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана
несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып
табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға
болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол
заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің
қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол
несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар
несиенің тұтастығын көқрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екндігінде.
Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында экономиканың, халықтың бос
ақшалай қаражаттарын жұмылдырып қамтитын несие капиталының қозғалысы
себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несиелік қатынастардың мәні несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік,
қамтамасыз етілу, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғащқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты,
ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан
кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол
банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен
өтеуде өзінің іс-жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының
қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген
соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиміді
пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа
сай пайдалану қажеттілігін білідреді. Несие келісімшартындағы сәкес бөлімде
берілетін несиенің нақты мақсаты, солндай-ақ банктің бақылау процесінде бұл
талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың
бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі
бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық
категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.
Несиенің формасы – бұл несие қатынасының сыртай нақты көрініс табуы.
Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие
қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан
біртұтас болады. Несие қатынасыгның формасы оның мазмұны мен дамуына
сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадй ең маңызды
формаларын көрсетуге болады. (Сурет 2)
- қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінң объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Төменде қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланылатын,
экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған
сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі қосымшасы.

Сурет 2. Несиенің негізгі формалары

а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу объектінің
экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражаттарын қалыптастыруға берілген несие;
- негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілген несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс
қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өнідірістің маусымдық шығын аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін
несие, аккредивтер;
- төлем несиелері;
ә) несиенің қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен,
сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын бланкілік (сенімділік).
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзіміді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайын бір қалыпты (бір қалыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда-саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
- құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай қарыздық шот бойынша несие;
- арнайы қарыз шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе
құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әр қарыз мөлшері бойынша
тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Жаңартпалы несие (револьверный, ағылшынша revolve – айналыста болу,
кезең сайын ауысып отыру) – қарыз капиталының ұлттық және әлемдік
нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті
шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында
қосыша келісімсөз автоматты түрде беріліледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие
келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген
міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ
уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясында несиелеу) несие
ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын таллап бойынша
төлем арқылы білдіреді. Яғни, бұл төлем шотта ақшалй қаражат болмаса да,
шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінінің түскен
қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде
беріледі.

1.3 ЭКОНОМИКАНЫҢ САЛАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРІП, ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРДІ
НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ЖЕТІЛДІРУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҒАЛЫМДАР МЕН ТӘЖІРИБЕШЛІРЕДІҢ
ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ.
Қазақ Ұлттық Аграрлық Универститетінің Докторанты Ахметовтың Г. К.
тұжырымы бойынша қазіргі кезде ауылшаруашылық өндірісі несие ресурстарына
өте мұқтаж, яғни айналым құралдарын, мал басының санын көбейту үшін және
негізгі құралдарын жаңарту үшін қаражат керек.
Соңғы кезде банктердің несие портфельінде біршама өзгерістер бар,
себебі оның ауылшаруашылық саласын несиелендіру тенденциясы азайып келеді.
ҚР ҰБ-ның мәліметі бойынша ауылшаруашылық саласын екінші дәрежелі
банктермен несиелендіру 2003-жылдар аралығында 12 %-дан 4,4 %-ға
төмендеген.
Несиенің 95 % заңды тұлғаларға, ірі және орташа ауышлшаруашылық
өкілдеріне беріледі, ал тек 3,5 % ғана шағын фермерлереге беріледі.
Екінші деңгейлі банктердің несиелерінің орташа жылдық мөлшері 15-22
% құрайды, кепілдікге дегшен банктермен сұраныс ауылшаруашлық саласы үшін
өте қиындыққа соғады.
Соңғы 3 жылда банктермен берілетін айлық несиенің көлемі 4 есе өсті,
ал ауылшаруашылық саласын несиелендіру көлемі тең қана 40 % ғана өсті.
Аграрлық саланы несиелендіру ресурстары қазіргі кезде 24,9 % құрап
отыр, соның ішінде:
- ауылшаруашылық өндірушілерін дамыту – 2,8 %;
- инфрақұрылымды дамыту (дайындау, сақтау) – 20,6 %;
- ауылдық жерлерде ауылшаруашылық бзнесін дамыту – 1,5 %.
Осы мақаланы қорытындылай келе келесідей тұжырымдар
қалыптасады.Қазіргі кезде ауылшаруашылық саласының дамуының дамуына
бірнеже тежеуші факторлар әсер етеді:
Біріншіден пайыздық ставканың мөлшерінің жоғары болуы, яғни қазіргі
кездегі екінші деңгейлі банктердің ауылшаруашылық саласына ұсынатын
шартарында пайыздық мөлшері өте жоғары. Оларға бұл пайыздық үстемені өтеу
өте қиындыққа соғады, себебі, мысалыға егін шарашылғын алып қарасақ онда
бір жылы астық өнімділік жоғары болуы мүмкін, ал келесі жылы төмен болса
олар несиені өтей алмау қаупі бар, сондықтан бұл сала өте тәуекелі жоғары
сала.
Сонымен қатар несені кепілмен қамтамасыз етілуі және алғашқы
жарнаның өте жоғары болуы. Бұл да түсінікі жайт, себе ауылшаруашылық саласы
үшін негізгі проблема болып табылады, яғни шалғай аудандардағы адмдарда
кепілге салатын мүлктері және алғашқы жарнасы жоқ.

БӨЛІМ 2. “КАЗКОММЕРЦБАНК” АҚ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.
2.1. “КАЗКОММЕРЦБАНК” АҚ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Банк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес,
1990 жылдың 12 шілдесінде   Медеу Банкі АҚ (Медеу банкі)  деген атаумен
ашық акционерлік қоғам ретінде  құрылды. Банкті құру мақсаты банктік
секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін, Медеу банкі  басқаша атаумен – Қазкоммерцбанк АҚ  болып
қайта тіркеуден өтті және  банктік операциялар жүргізуге  ҰБК-ден 1991 жылы
21 қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген 
“Казкоммерцбанк” АҚ -ның ұйымдық және басқару құрылымы жоғары
жүйеленеді. Басқарма банктің жүргізіп отырған барлық саясатына заң
актілеріне сәйкес келуіне жауапкершілікте болады.
“Казкоммерцбанк” АҚ ең жоғарғы органы болып Акционерлердің жалпы
жиналысы табылады. Акционерлер жиналысы банк қызметіне оперативті
жетекшілік ету үшін Басқарма төрағасын немесе банк президентін сайлайды. Ол
банкті өз орынбасарлары, яғни басқарма, департамент және бөлім басшылары
арқылы басқарады.
Департамент директорлары, басқарма басшылары өз бөлімдерінің нақты
мақсаты мен бағдарламаларын айқындайды, олардың жұмысын бақылайды және баға
береді. Бөлімдер клиенттерге қызмет көрсету түрі бойынша білікті
мамандардан тұрады.
Несие беруде нақты дұрыс шешімдер қабылдау үшін банкте несие
Комитеті қызмет көрсетеді.
Банктің ұйымдық құрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары
мынандай шаралар қолға алынған:
- ұйымдық- құрылымдық жұмысты тиімді қайта құру үшін бас офис
Алматы қаласында жайғасты. Осыған сәйкес Алматы қаласындағы клиенттерге
қызмет көрсету бойынша операциялық қызмет Алматы филиалына беріледі.
Болашақ банк шығындарын оптимизациялау мақсатында банк автотранспорт санын,
сонымен қатар көмекші қызмет жұмысшыларын қысқартты. Бүгінгі таңда банк
құрылымынан инкассация, күзет және тағы да басқа негізгі емес қызметтерді
алып тастап, оларды маманданған компанияларға ұсыну жұмысы жүргізілуде;
2008 ж. 1 шілдедегі жай-күйі бойынша, Банк бас офистен басқа,
Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және 69 операциялық бөлімшеге иелік етеді
(ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді). Сондай-ақ, Банктің
Қырғызстанда (Казкоммерцбанк Қырғызстан) және Ресейде (Москоммерцбанк)
еншілес банктері бар.
Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып қала береді.
Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды
Банктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарналарынан немесе алушыларды
сату есебінен қалыптасады.
Банк келесілердің иесі болып табылады:
- жарғылық капиталдағы акционерлердің салымдарының;
- түскен табыстар, сонымен бірге заңмен рұқсат етілген басқа да
негіздерден алынған басқа да мүліктер;
Банктің бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының А
категориясының ресми тізіміне кіреді. Банк акционерлік қоғам туралы заңға
сәйкес жай және күрделі акциялар шығарады. Күрделі акциялар банктің
жарияланған жарғылық капиталының 25 пайызынан аспайтын мөлшерде шығарылады.
Күрделі акциялардың келесідей категорияларын шығаруға құқылы: дауыс
құқығынсыз минималды белгілеген дивиденд мөлшеріндегі акция, дауыс құқығы
мен минималды белгіленген дивиденд мөлшеріндегі акциялар. Банк
акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері бойынша Қазақстан
Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарына сәйкес тек атаулы
акциялар шығарылып, варранш және басқада өндірістік бағалы қағаздарды
шығаруды жүзеге асыруға, өндірістік бағалы қағаздарды шетелге шығару және
орналастыруға құқылы. Банк акционерлері Қазақстан Республикасының заңды
және жеке тұлға резидент және резидент еместері бола алады.
Банк органдары:
- жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиналысы;
- басқару органы - директорлар кеңесі;
- орындаушы орган - басқарушылар;
- бақылау органы - ревизорлық комиссия.
Акционерлердің жалпы жиналысы негізгі мәселелері - банк
қоғамының типін өзгерту; банкті қайта ұйымдастыру мен жою; банк жарғысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жарияланған капитал мөлшерін өзгеру,
оның негізін анықтау; банктің ревизиялық комиссиясының мүшелерін сыйлау.
Акционерлердің жалпы жиналысы банктің ішкі іс-әрекеттеріне қатысты банк
директорлар кеңесінің кез-келген шешімдерін өзгертуге құқылы.
Банктің директорлар кеңесі банк қызметшісінің жалпы бауылығын
жүзеге асыратын банктің басқару органы болып табылады. Директорлар
кеңесінің негізгі мәселелеріне: банк басшылығын сайлау; банк қызметінің
негізгі бағыттарын анықтау, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін күн
тәртібін белгілеу, банктің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысына шақыру
шешімін қолдану; таза табыс пен резервтік қор мөлшерін қолдану қайтарып
анықтау мөлшері туралы шешім қабылдау; филиалдар ашу (жабу) туралы шешімдер
қабылдау. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша банк Қазақстан
Республикасының территориясында және шешімдерде филиалдар атауға құқылы.
Банк филиалдары заңды тұлға басқа табылмайтын және басшылық пен бекітілген
нұсқау негізінде бас банк атынан немесе тапсырысы бойынша қызмет етеді.
Басшылық орындаушы орган болып табылады, банк атынан қызмет
атқарады, банк атынан келісім-шарттар жасайды, штаттарды бекітеді,
нұсқауларды таратады, банк жұмысшылары орындауға міндетті нұсқаулар
беріледі. Басшылық директорлар кеңесімен жеті адам мөлшерінде үш жылға
сайланады және басқарма өкілі мен мүшелерінен тұрады. Басқарма
акционерлерінің жалпы жиналысын шешімдерінің директорлар кеңесімен
орындауын қамтамасыз етеді және акционерлердің жалпы жиналысы мен
директорлар кеңесінің негізгі мәселелерінен басқа кез келген сұрақ бойынша
шешім қабылдай алады. Басқарма банк құралтайшыларын бекітеді, банктің ішкі
қаржы шаруашылық қызметтерінің негізі мен қатарын реттейді. Басқарма жылдық
есеп, баланстық есеп, акционерлердің жалпы жиналысына түсім мен шығын
туралы есептерді көрсетеді. Ревизиялық комиссия қаржы шаруашылық қызметін
бақылауды жүзеге асыратын банк органы болып табылады.
Банк Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да
қызмет мүшелерін жүзеге асырады. Банк қызметінің мерзімі жекеменшілігі.
Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы болса,
келесідей банк операцияларын жүзеге асырады:
- заңды және жеке тұлғалардың депозиттердін қабылдау;
- банктің жеке операцияларын, сонымен қатар банктің материалдық
операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың операциялар,
корреспонденттік есептерін ашу және жүргізу;
- кассалар операциялар: қабылдау, қайта есептеу, ауыстыру,
айырбастау, қаптау және банкноттар мен шоттар сақтау;
- аударым операциялары;
- есептік операциялар;
- ссудалық операциялар;
- вексельдермен операциялар, кепілдік операциялар, фьючерстік
операциялар, форфейтингтік операциялар.
“Казкоммерцбанк” АҚ -ның өндірістік қуатын кеңейту, ауыл шаруашылығына
жоғары технологиялық құрал-жабдықтар ашу, банк клиенттерінің сауда
операцияларымен байланысты инвестициялық жоболарды қаржыландыруда белсенді
жұмыстар жүргізуде.
Банк қызметінің мақсаты болып келесілер табылады:
- елдің экономикалық дамуына көмек;
- Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес банктік
операциялардың кешенін жүзеге асыру;
- банктің акционерлерінің таза табыс алуын қамтамасыз ету.
Банк VISA және Europay MasterCard (Cirrus Maestro карточкаларын
қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын
шығарады. 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк шығарған
409 960 карточка айналыста болды. Сондай-ақ, Банк American Express және
Diners Club карточкаларын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады.
2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып Қазкоммерцбанк
магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы
да бірініші болып GoCard несиелік бонустық карталарын шығарды. Сонымен
қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2006 жылдың 1
наурызында банкоматтар саны - 399, саудақызмет көрсету кәсіпорындарында
орнатылған POS-терминалдар саны – 2364-і құрады, ал қолма-қол ақша беруге
арналған POS-терминалдар саны – 162. Банк, сондай-ақ, Қазақстанда өз
клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер
көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар
үшін, Onlinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.
Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен
бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі
корпоративтік клиенттерін қаржыландырады. Банктік қызметтен басқа, Банк
өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Қазақстанның құнды қағаздар мен
валюта нарығының негізгі қатысушысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-
конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар
операцияларын қосқанда, компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі
қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы
металдармен, алтын және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және
сақтау) жасауға құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек
сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік
қызметтерін ұсынады
1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге
ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі,  Kreditanstalt
Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық  қаржы институттары
дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.
1995 жылдан Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми консультанты ретінде
экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта
құрылымдау және жекешелендіру  процесіне белсене қатысты. 1996 жылы Банк 
өзінің негізгі мақсатына  - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай
болуына – қол жеткізуде үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк Deloitte &
Touche фирмасынан толық халықаралық аудиторлық  тұжырымдама алған бірінші
қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - Thomson BankWatch-BREE
рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің берілуі. Қазкоммерцбанк
халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші
банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі  болып табылады.
1997 сәуірінде Қазкоммерцбанк ЕБРР  қаржыландыратын және  сол кезеңде
CCF Франция банктерінің (Credit Commerciale de France) ең динамикалық
банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды
көздеген твиннинг бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды.
Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік - 1997
ж.  осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс
Мемлекеттік Hermes Экспорттық Сақтандыру компаниясының қарызгер ретінде
бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін
тартты, содан бері Банк  тұтастай  14  халықаралық синдикатталған несиле
ала және төлей отырып, Синдикатталған несиелер нарығында  белсенді болып
келеді. 1998 жылдың мамыр айында Банк үш жылдық еурооблигациялар шығару
арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық
корпоративті эмитент еурооблигациясының бірінші шығарылымы болды. Кейінгі
жылдары Банк барлығы 1,5 млрд. АҚШ долларынан артық сомаға ішкі және
халықаралық еурооблигациялар шығарды. 1997-2004 жылдар аралығында
Қазкоммерцбанкке қатарынан Euromoney, Global Finance және The Banker
сияқты әлемнің жетекші қаржылық басылымдары  Қазақстандағы үздік банк
атағын берді.2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық
қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие
алды. 2002 жылы Қазкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан
кейін ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.  Сондай-ақ
Қазкоммерцбанк Москвадағы Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен
(Москоммерцбанк КБ), оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық
ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. 2003 жылы ЕБРР Банкпен
акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және  одан әрі
Банк шығарған 15%  жай акцияны сатып алды. Банк стратегиясы өзіне көшбасшы
банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын
ұстануды кіргізеді.
“Казкоммерцбанк” АҚ -мы заңды тұлға болып табылады және ірі елді
пункттерде оның филиалдары қызмет етеді. Филиалдар арнайы ереже
негізінде әрекет етеді, өзінің атымен штамптардың түрлері, мөрі бар.
Банктің филиалы өзінің қызметіне байланысты шешімдері қабылдау кезінде
жергілікті банктік органына тәуелсіз.
Банктің стратегиясы банктің қызмет көрсету және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несиенің экономикалық мәні
Банктік кредиттік құқықтық қатынастар
Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және несиелеуді жүзеге асыратын мекемелер
Несие жүйесінің түсінігі
Несиелік мекемелердің түрлері
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Пәндер