Бастауыш мектептердегі грамматика курсы


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грам­матика курсының алға қоятын ең басты мақсаты - оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастау­ыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бас­тауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мек­тептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына қарамастан ғылыми негізде құрылады .

Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.

Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.

Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жүмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз үғымдар оқушы­лар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндет і болып саналады.

Бағдарламаның «Түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге қажетті грамматикалық мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография және пунктуация бойынша дағдыларды толық қамтитындығы байқалады.

Ғылыми негіздері

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексико­логия саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика са­ласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырыла­ды. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.

Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Пысықтауыш
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz