Оқу жұмыстарының негізгі түрі - біріккен сабақ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ана тілінен сыныпта білім мен дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ен негізгі түрі сабақ болып есептеледі.

Кеңес педагогикасының үйретуі бойынша және көрнекті педагогтердің зерттеуінше, сабақтың алуан түр­лері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім мен дағды және шеберлік кеңес педагогтері қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардын, білімін бскіту сабағы, 3) оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың, білімін, дағдысын және шеберліктерін есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.

Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек кездеседі. Қазақ тілі сабағыньщ қай-қайсысында болмасын үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі б і р і к к е н сабақ деп аталады. Сабақтын кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғандықтан, аз-кем тоқталып өтелік:

  1. біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қа-бысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді;
  2. мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы менмақсатын анық түсіндіреді;
  3. сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліпжан-жақты толық дайындалады;

4) сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады.
Біріккен сабақ бірде өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жүмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардың білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бүл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б. ) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабақ сайын қолданыла бермейді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп саналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне қарай, әр сабаққа пайдаланылады.

Сабақтың үй тапсырмасын тексеру бөлігінде оқушылар (мұғалімнің сұрауы бойынша) тапсырманы қалай орындағандарын, не білгендерін айтады және сыныпта, үйде істеген жүмыстарының нәтижесін ғана емес, сол нәтижеге қалай жеткендерін (қалай меңгергендерін) көрсетеді. Жаттығуларын талдайды, қателері түзетіледі .

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: «Бір буынды және көп буынды сөздерді буынға бөлу». Мақсаты бір буынды сөздерді көп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету.

Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындағы байланыстарды анықтайды т. б. Мысалы, I сыныпта «Әліппедегі» суреттерді көрсетіп, жемістердің атын ататады. «Қарақат» сөзін буынға бөлгізеді, онда үш буын бар екені анықталған соң, әр буын сұралады, әр буын­ды кірістіріп сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, қарақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында «Біздің бақта» мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақат та бар. Қара қарақат та бар. Қарақат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз) .

Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін.

Үйге тапсырманы балалар дәптерлеріне жазып алуға тиіс («Оқушы» сөзін септеу) .

Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, «Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде бір сөз бірнеше түрге енеді, 2) мұнда оған бір­неше сұрақ қойылады, 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттық қасиетінен айырылмайды, 4) олар зат­тың атын білдіреді, 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? деген сұраулар қойылады деген сияқты тұрғыда тұжырым жасайды.

Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы, үй тапсырмасын мұғалім толық және і ш і н а р а тексеруі мүмкін. Егер оқушылар үйге берілген жаттығуды түгел оқып, қалай орындағандарына тү-сінік беріп шықса, толық тексеру, ал кейбір маңызды сөздерді немесе сөйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса, ішінара тексеру іске асады. Сонымен қатар тек­серу жалпы және жеке де болады. Алғашқысында оқу-шылардан түгел сұралады. Ал жеке тексеруде оқушы мұғалімге дәптерін береді. Мұғалім оның ішінен бір сөзді немесе сөйлемді таңдап алады да, оқушыға жаздырады, талдатады т. б.

Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылы да, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әсіресе әңгіме әдісі пайдалырақ. Әңгімелесу барысында сұрақ-жауап қолда-нылады. Қойылған сұрақтарға қарай, балалар кітаптағы ережені оқымас бұрын өздері қорытынды шығаруға талаптанатындай жағдай жасалады. Мысалы, «Заттың сынын білдіретін сөздер» тақырыбын етпес бұрын оқу­шылар өздері заттың атын білдіретін бірнеше сөз ойлан, тауып жазады: үй, класс, тақта, қар т. б. Сонан кейін қандай сұрағына жауап беретін қосымша сөздер ойлап табады: Класс қандай? Класс жарық т. с. с.

Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты қөзделуге тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның шартын оқиды, сонан соң мұғалім: «Ал сонымен жаттығудағы басым нәрсе не болды?» деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол жаттығуды қалай орындайтыпдықтарын сұрауға да болады.

Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл - мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты. Алайда жоғарыда көрсетілген белімнің барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі мүмкін. Мысалы, қейбір сабақтарда жаңа материал түсіндірілмесе, кейбіреулерінде үй тапсырмасы тексерілмеуі мүмкін.

Сирек болғанымен сабақ кейде түгелдей жаңа материалды түсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды түсіндіру с а б а ғ ы болады. Сабақтың бүл түрінде мүғалімнің назары негізінен материалды оқушылар санасына жеткізуге аударылады да, уақыттың дені соған арналады. Жаңа материалдың өткен материалмен байланысы са­бақтың басында, сыныпқа жалпылай қойылған сұрауларға жауап алу арқылы яки мұғалімнің кіріспе әңгімесі арқылы не болмаса жаңа материалды түсіндіру процесінде өткен материалдармен салыстыру арқылы іске асырылады. Өткен материал мен жаңа материалды байланыстыру кезінде мұғалім оқушылардың ықыласы мен ынтасын оятып, жаңа материалды меңгертуге дайындық, жасайды.

Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, тү­сіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме т. с. с. әдістер арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің, қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты.

Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін байқау үшін сыныпқа сұраулар қоюға немесе бір-екі сөйлемді талдатуға болады. Үйге берілетін тапсырма да шағын, шығармашылық сипатта болу керек.

Жаңа материалды түсіндіру сабағы белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға бөлшектемей, тұтас білім бе­ру керек болған жағдайда өткізіледі.

Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімін жетілдіру мен дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді. Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады , өткен материалдан нашар ұғынған жерлер анықталады.

Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын ес к е а л у сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан, оқушылардың білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылар алған білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Балалар түрлі жаттығулар орындайды, мәтіннен қажетті нысанды табады, мысалдар келтіреді, талдаулар жасайды, диктант, мазмұндама, шығарма жазады.

Сабақтың қай түрі болмасын, барлығында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуға тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру
Мектепте биологияны оқытуда топтық әдісті пайдаланудың маңызы
Қазіргі сабақ
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
МДҰ әдістемелік кабинет
Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты
Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары
Біріккен сабақ
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz