Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері

Орындаған:
Жетекші:

қ.
2018 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-тарау. Кәсіпкердің мәні және функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
1. Кәсіпкерліктің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Кәсіпкерліктің функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2-тарау. Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1. Кәсіпкерлік істің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Өндірістік кәсіпкерлік ic ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3. Коммерциялық кәсіпкерлік ic ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
4. Қаржылық кәсіпкерлік іс ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
5. Консультативтік кәсіпкерлік ic ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 - наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Қазіргі кезде кәсіпкерліктің дамуы үшін 2015 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі қабылданды.

Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады.
Осының мысалы ретінде 2018 жылдың 10 қаңтардың Қазақстан Републикасы Президентінің Жолдауында Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.

1-тарау. Кәсіпкердің мәні және функциясы

1. Кәсіпкерліктің мәні

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі - белгілі бір істің түрі; екіншісі - сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерлік деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
* дербестік және тәуелсіздік;
* экономикалық ынталылық;
* шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
* жаңашылдық.
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар - жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық табиғаттың әншейін байлығы. Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика - зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша - бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.
Еңбек - бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік - бұл шығын-өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде - қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.

2. Кәсіпкерліктің функциясы

Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Кәсіпкерліктің функциясы:
1. Новаторлық функция. Техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер, жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2.Ұйымдастырылған функция. Өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3.Шарауашылық функциясы. Еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4.Элементтік функция. Қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5.Тұлғалық функция. Кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.
1. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің (29 қазан 2015 ж.) 3-бабында:
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары келесідей болып берілген:
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) кәсіпкерлік еркіндігі;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
4) меншікке қол сұғылмаушылық;
5) адал бәсекелестік;
6) тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
7) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
8) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;
9) кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру;
10) құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;
11) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
12) сыбайлас жемқорлықтан азат болу;
13) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
14) отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;
15) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;
17) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
18) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;
19) өзін-өзі реттеу.

2-тарау. Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері

1. Кәсіпкерлік істің классификациясы

Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне карай, меншік формасына қарай, иелік етуіне қарай, ұйымдастыру - құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай, т.б. әр түрлі нышандары бойынша классификациялауға болады. Солардың кейбіреуін алып қарастырайық.
Кәсіпкерлік істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік (консультативтік) деп бөлуге болады. Аталған кәсіпкерлік істің түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады.
Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артыкшылықты, басымдықты қоя алмайды.
Меншік иелерінің санына қарай көсіпкерлік ic жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік істе меншік иесі жеке тұлға болып табылады. Ұжымдық меншік жағдайында мүлік бірнеше субъектілердің иелігінде болады және ол үлестік меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді. Мүлікке иелік ету, пайдалану, басқару меншік иелерінің келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік істің түрлерін өз кезегінде ұйымдастыру-
құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады. Ұйымдастыру-құқықтык кәсіптік ic түрлерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, кооперативтер жатады.
Шаруашылық серіктестіктер (толық) -- арнайы көсіпкерлік іспен айналысуға арнайы құрылған тұлғалардың бірлестігі. Ceріктестіктер кәсіпорындарды ұйымдастыруға екі немесе одан да көп әріптестер шешім қабылдағанда құрылады. Серіктестіктердің артықшылығы қосымша капиталды тартудың мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар бірнеше меншік иелерінің болуы әріптестердің әрқайсысының білімі мен біліктілігі кәсіпорын ішінде мамандануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік істің бұл түрінің кемшілігі -- қатысушылар салым көлеміне қарамастан толық материалдық жауапкершілікте болады.
Командиттік серіктестіктерде қатысушылардың бір бөлігі толық жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкерші- лікте болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емес азаматтардың немесе заңды тұлғалардың көсіпкерлік істі жүзеге асыруға керекті салымдарын біріктіруі арқылы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады.
Акционерлік қоғамдар -- кеңінен таралған форма. Ұйымдасудың басқа түрінен айырмашылығы акционерлік коғамдар бағалы қағаздар -- акцияны сату арқылы керекті капиталды тарта алады. Бұл жерде қатысушы акционерлердің жауапкершілігі сатып алған акциялардың шегінде ғана болады.
Акционерлік қоғам. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның кұруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып та кездеседі. Ашық акционерлік қоғамның қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай акционерлік қоғамдар өздерінің шығарып жатқан акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға міндетті.
Жабық акционерлік қоғамда шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бұндай қоғамның шығарылатын акциялары көпшілікке жарияланбайды.
Жабық акционерлік коғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алудағы мүмкіндіктері жоғары. АҚ-ның құрылтайшы құжаты -- қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады. Оның ішінде жалпы мәліметпен бірге қоғамның шығаратын акцияларының категориялық жағдайы, оның номиналдық бағасы және саны көрсетілуі керек, қоғамның жарғылық капиталының мөлшері акционерлердің құқығы, басқарушы органдардың құрамы мен міндеті және олардың шешім қабылдау тәртібі болуы тиіс.
Кооператив -- өндірістік және басқа да іспен бірлесіп айналысу үшін тұлғалардың тобы бірігіп құрған кәсіпорын. Кооперативте оның мүшелері еңбек етуі немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын біріктіруі шарт.
Кәсіпкерлік істің негізгі ұйымдастыру - экономикалық формаларына концерндерді, ассоциацияларды, консорциумдарды, синдикаттарды, картельдерді, каржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.
Концерн -- кәсіпорынға қатысу жүйесі аркылы бақылау жасайтын көп салалы акционерлік қоғам, көсіпорындардың неғұрлым дамыған бірлестігі. Концерн өзінің бөлімшесі болып табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциациялар -- экономикалық тұрғыда дербес кәсіпорын- дардың, ұйымдардың ерікті бірлестігі, қауымдастығы.
Ассоциация құрамына әдетте анықталған жерлерде орна- ласқан біртекті мамандандырылған кәсіпорындар кіреді. Acсоциацияны құрудың негізгі мақсаты -- ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа мақсаттарды бірлесіп шешу.
Консорциум -- ipi қаржылық операцияларды бірлесіп өткізу мақсатымен қүрылған кәсіпкерлердің бірлестігі, шаруашылық жағынан төуелсіз фирмалардың уақытша одағы. (Мысалы, ipi өндірістік жобаға елеулі инвестициялауды жүзеге асыру). Кәсіпкерлердің бір бірлестігі құралдарды ipi жобаға салым жасауға мүмкіндік береді, бұл жерде ipi салым кезінде пайда болатын қауіп деңгейі елеулі төмендейді, өйткені жауапкершілік көптеген қатынасушыларға бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әр түрлі салалардың қиылысуында пайда болады және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қарастырады.
Синдикат -- бір саладағы кәсіпкерлерді өнімінің өткізілуіне артық бәсекелестікті жою мақсатымен біріктіру.
Картель -- бір саладағы кәсіпорындар арасындағы өнімнің қызмет бағасы, өткізу нарығын бөлу жалпы өндіріс көлеміндегі үлес туралы келісім, кәсіпорындардың баға, өткізу нарығы, өндіріс пен өткізім көлемі т.б. туралы келісім,
Кәсіпкерлік істің жаңа ұйымдастыру-экономикалық формасы ретінде қаржылық-өнеркәсіптік топтар қызмет етеді. Олар өнеркәсіптік, банкілік, сақтандыру және сауда капиталдарының, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың ақыл-ой потенциялының бірлестігі болып табылады.
Экономикасы дамыған мемлекеттердегі коммерциялық
кәсіпорындардың формалары:
Оларға жеке кәсіпкерлік фирма, серіктестік, корпорация жатады. Фирма -- өндірістік басқа да іспен айналысатын және шаруашылық дербестігі бар экономикалық субьекті деп түсінеміз.
Жеке кәсіпкерлік фирма -- иесі жеке мүддесінің жүзеге асуына қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыратын кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, пайданың барлығын өзіне алады, фир - ма алдындағы міндеттемелер бойынша толығымен өзі жауап береді.
Фирманың иесі, жалдау және жұмыстан шығару құқығы бар келісімшарт жасайды. Жеке кәсіпкерлік фирманың артықшылығы -- оның ұйымдастырылуының, басқарылуының қарапайымдылығы, еркін іс-қимыл жасауға мүмкіндігінің болуы (бір тұлға барлық пайданы өзіне алады). Бұл фирманың кемшілігі -- қаржылық, материалдық ресурстардың шектеулі болуы, өндіріс пен басқарудың ішкі мамандануының дамыған жүйесінің жоқ болуы және шексіз жауапкершілік.
Серіктестіктер -- бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен бірлесіп иелік ететін және басқаратын кәсіпорын, фирма. Ceріктестіктер жауапкершілігі шектеулі, шексіз немесе аралас бо - луы мүмкін.
Серіктестіктер кәсіпорынның ашыуымен және ісінің жалғасуымен байланысқан қаржылық мәселелерді шешуге ыңғайлы. Жеке кәсіпкерлік фирмамен салыстырғанда, бұл жерде өндіріс пен басқаруды -- еңбекті бөлу мен мамандануды пайдалануға болады. Серіктестіктің бір кемшілігі -- қызметті бөлуде, осының нәтижесінде іс-қимылда келіспеушілік туындаумен бірге сәйкессіздік болуы мұмкін.
Корпорация -- заңды тұлғалы формасы бар иелік етушінің жауапкершілігі, осы кәсіпорынға салынған салым көлемі мен шектелген кәсіпорын немесе фирма деп түсінеміз.
Корпорация -- үлес негізіндегі қоғам, кәсіпкерлік кызметті ұйымдастыру нысаны. Қоғамның акцияларын сатып алған жеке тұлғалар корпорацияның иесі болады. Осылайша оған көп адамдардың қаржылық кұралдары тартылады. Акцияны иелік етушілер акцияны сатып алуға төленген соманың шегінде ғана қауілке бас тігеді және сол сома көлемінде сыйакы -- дивиденд алады.
АҚШ-тағы кәсіпкерлік істі ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Бұл жердегі капитал салалық түрде кеңінен дамыған кәсіпкерлер ассоциациясына біріктірілген. Ассоциадиялар компанияларға (жеке бизнесмендерге, корпорацияларға, фирмаларға) қаржылық есеп беруде, бюджетті жоспарлауда көмек береді. Олар бағаның қалыптасу процесін меңгереді, нарықгық конъюнктураны зерттейді, коммерциялык, жарнамалардын тиімділігін жоғарылатудың жаңа жоспарын іздейді.
АҚШ-тағы кіші бизнес әкімшілігінің (SBA) мәліметтері бойынша 1998 жылы 22,4 млн кәсіпорындар (іскерлік бірліктер) болған. Меншік формасы және ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі бойынша оларды үш категорияға бөлуге бо - лады: корпорациялар, серіктестіктер және жеке компаниялар. Сол жылы корпорациялардың саны -- 4,6 млн немесе 20,4%, серіктестік фирмалар -- 1,6 млн немесе 7,2% болған. Қалғаны жеке компаниялар -- кәсіпкерлік істің классикалық формасы. Бұндай компания бір ғана жеке түлғаның меншігінде болады. 1998 жылы олардың АҚШ-тағы саны -- 16,2 млн болды немесе 72,2%.
АҚШ-та франчайзингті кәсіпорындардың кіші кәсіпорындармен жеңілдетілген негіздегі серіктесуі кеңінен дамыған. Франчайзинггің негізгі мақсаты -- кіші бизнесті дамытуға керекті қаржы, материалды ақпаратты еңбек ресурстарын кеңінен қолдану болып табылады. АҚШ-та 1988 жылы франчайзинг негізінде 0,5 млн кіші бизнес кәсіпорындары жұмыс істеп тұрған, 7,3 млн адам жұмыспен қамтамасыз етілген, ол жердегі сауда айналымы 640 млрд долларға жеткен.
Жапониядағы кәсіпкерлік істің ерекшеліктері.
Жапонияда 1986 жылғы орта және кіші кәсіпорындардың, өнеркәсіптің өндеуші салаларындағы жеке фирмалардың үлесі 99,3%-ды құрады. Тәуелсіз кәсіпкерлер, олардың жанұяларының мүшелері, кәсіпорынды иеленушілер барлық жұмыспен қамтылғандардың 22,7%-ын құрады. Бұл жерде енбекақыны төлеудің жалдамалы жүйесін кеңінен қолданады. Кіші және орта кәсіпорындарды негізінен әлеуметтік, несиелік кооперативтер қаржыландырады. Өндірісті баскарудың жапондық жүйесінің тиімділігі мен орындылығын ерекше атап өтуге болады. Өйткені оның құрамындағы кәсіпкерлікті дамыту мен жаңалықты енгізу, жоғары пайдалылық пен жұмыскерлерге қамқорлық жасау үйлестірілген. Барлық маңызды көрсеткіштер бойынша Жапонияда ұжымдық негіздегі, топтық кәсіпкерліктің үстемдігі байқалады. Жапон басқарушылары мен басқару жұмыскерлерінің арасында өз фирмасымен байланыстық ұқсастық (идентификация) дәрежесі өте жоғары. Басқа біреумен танысу кезінде жапон азаматы ең алдымен өзі қызмет жасайтын компаниясын атайды, одан кейін ғана аты-жөнін айтып танысады. Тарихи қалыптасқан жапондық қоғамда еңбекке табыну басқарушы мен қарамағындағы жұмыскердің арасындағы қарым-қатынаста тәртіптің әлсіз және немкұрайлы болуы жапондық корпорациялардағы кәсіпкерлік істің таптық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік мәні және түрлері
Кәсіпкерліктің мәні, дамуы
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерлік туралы мәлімет
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік мәліметтерді талдау
Пәндер