Қазақстандағы сəндік бақ шаруашылығы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы сəндік бақ шаруашылығы.
Қазақстандағы ландшафты өнерді, Алматы қаласындағы 1856 жылы салынған Горький атындағы мəдениет жəне демалыс паркі, бастапқы Верныйдың қазыналық бағы көрсетеді.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Верныйдың қазыналық бағының меңгерушісі, орманшы Э.О. Баумның басқаруымен қысқа мерзімнің ішінде. 30-дан астам тоғайлар, бақтар жəне парктер отырғызылды.
ХІХ ғасырдың аяғында, Қазақстанда орман шаруашылығын құрғаннан
бастап, ағаш өсімдіктерін отырғызу айтарлықтай кеңейе түсті.Халықтық кеңес орнағаннан кейін орман шаруашылығын көтеру жоспарлы түрде дами бастады. 1936 жылдан, жаңадан ұйымдастырылған республика қорықтары: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, бұлардан соң Бурабай, Алматы жəне т.б. ағаш өсімдіктерін өсіре бастады. 1933-1947 жылдары Алматы, Лениногор, Қарағанды, оңтүстік Балқаш бойы, кейінірек Жезқазған, Балқаш жəне Шевченкода (Ақтауда) ботаникалық бақтар пайда болды.
Отан соғысынан кейін ауылды мекендерді көгалдандыру қарқынды жүргізіле бастады. Соңғы кездерде Қазақстандағы ландшафты сəулеттеменің жетістігін ескере құрылған, баулы-парк сəулеттемелер объектісіне Шортанды дендрологиялық паркі (Көкшетау обл.) жəне Ыссық тəжірибелі-көрсеткіш дендралогиялық бақ (Алматы обл.) 2006 жылдан Орман көшеттігі АҚ болып қайта құрылған, Шымкент қаласындағы (1980 ж.), Алматы қаласындағы (1990 ж.) ботаникалық бақтар жатады.
Сондай-ақ, Астанада, басқа да оңтүстіктегі қалаларда көгалдандыру құрылыстарына үлкен көңіл бөлінуде. Олардың аумағында демалыс орындары, дендрологиялық бақтар, көлдер, фонтандар, скверлер, т.б. кеңінен салынуда.
2. ТМД елдеріндегі сəндік өсімдіктер шаруашылығының қысқаша тарихы.
Адам баласы өз тарихының бастауында сəндік гүл өсімдіктерін, тағамдық өсімдіктермен бір қатар жинап пайдалана бастаған.
ТМД аумағындағы алғашқы бақ туралы.
Біздің эрамызға дейін V ғасырда өмір сүрген Герадот, сол кездерде төменгі Днепр бойында баулардың болғанын көрсеткен. Сондай-ақ Нестердің (1113 жылдар шамасында) "Өткен жылдар" повесінде "Жоғарғы қалада" (Киев маңайында) тұрған бағбан монах Микул туралы, Киев-Печерскі монастырындағы "алма бағының" даңқы туралы айтады. Осыдан біршама уақыт өткеннен соң ХV ғасырда Россияда бақ шаруашылығы, онымен бірге гүл шаруашылығы да жоғарғы, жаңа биікке көтеріледі. Осы кезеңдерде "Патшаның қызыл бағы", Жоғарғы жəне Төменгі Кремль бақтары отырғызылды. Бұл бақтарда жеміс ағаштары, жидек бұталары, көкөніс, дəрі өсімдіктері (аптекарлық бақша) басымдылықпен өсірілді.
ХVШ ғасырдың бірінші жартысы жүйелі сəндік бақтарды кеңінен құру, көбіне ескерткіштермен, сəулеттік құрылыстарымен, күрделі суару жүйелерімен безендірілген, кезеңі болатын.
Осындай бақтар: Яузы өзеніндегі Анненгофтің ансамбілі, Кусковтің жүйелі бағы жəне Архангельскі паркі ХVШ ғасырдың 30-шы жəне 40-шы жылдары Москвада пайда болды. Шаруашылық құқ (Крепостное парво) жойылғаннан кейін сəнді-салтанатты бақтарды қалалық қарапайым бақшалар мен скверлер алмастыра бастады. Тек, бір жылдың ішінде Умань қаласында, бельгия инженері Де-Метцель салған Царыцин бағы немесе Софиевка өзгеше.
Қырымда Мисхар, Ялта, Гурзуф парктері, граф Воронцовтың вилласы, Ливададағы патша вилласы өте қызықты. ХІХ ғасырдың ең бас кезінде бірқатар қызығарлық акклиматизациялық жəне арнайы дендрологиялық бақтар орныға бастайды. Оларға жоғары оқу орындарының бақтары мен ботаникалық бақтар жатады.
Совет үкіметі орнағаннан кейін бақ-парктердің құрылысы мүлдем жаңа негізде, еңбекшілердің мəдениетке деген талабын толығынан қанағаттан- дыру, олардың сауығу демалысына жағдай жасау үстінде, дами бастады.
Жылдан-жылға Москвадағы жасыл егістердің саны көбейе түсті. Соның ішінде ең үлкен аудандарды, дүние жүзіндегі ірі қалалар паркінің қатарына кіретін, парктер алып жатты. Мысалы "Сокольниктер" паркінің ауданы 639 га, Останкин паркі (одан ССРО ҒА-ның Бас Ботаникалық бағын бөлгенге дейін) - 630 гектарға жетті. Осындай шаралар одақтың басқа да үлкенді-кішілі қалаларында жүргізілді.
3. Шет мемлекеттердегі сəнді өсімдіктер шаруашылығы. Əртүрлі əлеуметтік-экономикалық даму кезеңдерінде, қалалықтар тұрған климаттық жағдайына байланысты өздерінің ерекше бақ шаруашылығы тəсілдерін жəне бақтар мен парк құрылысы түрлерін (типтерін) шығарды.
Шығыс елдерінің бақ-парк өнері.
Египет. Біздің эрамызға дейін 3000 жылдары Египетте сəндік бақтар мен парктер болған. Бақтарды үй ауласында тік бұрышты келбетінде орналастырған. Бақ шекарасы бойымен екі-үш қатарлап түзу бойымен пальма, зəйтүн, анар отырғызған, əрі биіктерін шетіне, ал аласаларын бақтың ішкі жағына орналастырған. Ортасындағы бос орынды төрт бұрышты əуіз жайғасқан.
Ассирия жəне Вавилония. Вавилондағы аспалы бақты біздің эрамызға дейін IХ дəуірде билік еткен ассирия патша ханымға (патшайымы) Семирамидке жатқызады. Мұндай бақтың бүйірлерінің ұзындықтары 480 м жеткен. Ол баспалдақты террас тəрізді құрастырылған, оның күмбез аясында
патшаның салтанатты демалыс орны жайғасқан. Бас бақ жоғарғы терраста (алаңда) орналасқан.
Қытай. Қытай шеберлері бақ құрлысында екі бағытты ұстады. Оның бірі Янцзының оңтүстігінде қалыптасты, мұнда көп ғасырлар бойы қытайдың экономикалық орталығы болған. Бұл бағыт (бірінші) жердің азғантай аумағында миниатюралық (өте кішкентай, кішірейтілген) бақ құрастыру. Бұл бақта барлығы (ағаштар, өсімдіктер, əуіздер, құздар, көпірлер, т.б.) өте кішірейтіліп жасалады. Екінші бағыт солтүстік Қытайда қалыптасқан. Мұнда өте жазық жер аймағын пайдаланады да оның ішінде аса үлкен су қоймалары мен таулар бір үйлесімге келтіреді. Осы үлгілі парктердің, біздің уақы- тымызға дейін сақталғаны Пекиннен 12 км қашықтықта орналасқан "Ихэюань" паркі. Оның ауданы 330 гектарда, 45 бөлігін су алып жатыр.
Жапония. Бұл елде символикалық бақтар дамыған. Мұнда негізгі жабдықтар ретінде, тас, құм пайдалынады.
Батыс Европадағы бақ-парк өнері. Батыс европа елдерінде қазіргі кезде кең қолданылатын жүйелі (Греция) жəне ландшафты (Англия) бақтар жобасы қалыптасты.

Сəндік бақ шаруашылығының маңызы
Сəндік бақ шаруашылығының негізі жасыл өсімдіктер болып табылады. Олар үй-жай шаруашылығының маңызды саласы. Құрамына көгалдандыру құрылысы, сəндік ағаштар-бұталар көшеттігі жəне гүл шаруашылығы кіреді. Жасыл-сəндік егістердің маңызы көп жақты:
1.Тəрбиелік - сəндік жасыл егістер үлкендер мен балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілігін туғызады, оған деген қамқорлық сезімін оятады. Баулы-парк егістерінде планетамыздағы өсімдіктердің таусылмас қорын мұқият сақтайды.
2. Қорғандық - Жасыл егістер топырақты жел мен судан мүжілуден қорғайды, тау беткейлері мен адырларды, өзендер мен каналдардың жағалауларын бекітеді, ауарайының континенттігін (өзгермелігін) жұмсартады, су ағысын реттейді.
3. Топырақтың құнарлылығы мен физикалық қасиеттерін арттырады - кейбір ағаштар мен бұталар (ақ қайың, қандыағаш (омеха), бүрген (облепиха), шілік (ракитник) топырақты азотпен байытып, оның құнарлылығын арттырады. Жылсайын жиналатын өсімдік қалдықтары (өлеген тамырлар, түскен жапырақтар) топырақ бетіндегі органикалық заттарды көбейтіп, топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартады.
4. Шаруашылықтық темір жəне автомобиль жолдарын қар мен топырақ үйінділерінен қорғайды, ғимараттарды артық қызу мен зəктенуден сақтайды, жаяулар мен автомобиль қозғалысын реттеуге көмектеседі.
5. Тазалық сақтау (санитарлық-гигиеналық) - жасыл егістер (ағаштар) қыста - суық желден, жазда - ыстық керімсалдан сақтайды. Көп өсімдіктердің тұрғын аумақтарды қаланың шуынан қорғайтын қабілеті бар. Шырмауықты өсімдіктер тұрғын үйлерді күннің тіке сəулесінен қалқалайды. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаны ылғалмен, оттегімен байытып, көмірқышқыл газын сіңіреді. Сондай-ақ ағаштар мен бұталардың, жапырақтарында шаң-тозаңдар шөгіп ауаның жер бетіндегі қабаты тазарады.
6. Залалсыздандыру (фитонцидтік) - қарағай, грек жаңғағы, шырша, аттауық (лещина), арша, емен бөлетін фитонцидтік заттар көптеген ауру туғызатын микроорганизмдерге тажал болады. Жазда, бір күннің ішінде арша орманының 1 гектарынан осындай заттың (фитонцид) 30 кг бөлінеді екен. Ол
орташа қала аумағындағы (50-100 мың тұрғындық) барлық микробтарды жоюға жеткілікті мөлшер.
7. Сəулетті-көркемдік жəне мəдени-ағартулық бақтар, скверлер, бульварлар, ормандар, парктер, тұрғын аумақтардағы (квартал) жасыл егістер - қалалар мен ауылдардағы тұрғындардың демалуына, əртүрлі мəдени-ағарту шараларын ұйымдастыруға ең қолайлы орын. Өсімдіктердің сəндік қасиеттері - формаларының, түстері мен тұлғаларының əртүрлілігі қалалардың ландшафтың сəулеттілігін шешетін жолдардың бірі ретінде қолдануға кең мүмкіншілік береді.
8. Өнеркəсіптік жəне экономикалық- көшеттер мен қима материалдар, т.б. өнімдер тұрғындар мен ұйымдарға кеңінен сатылады. Одан үлкен пайда түседі. Көптеген гүлді өсімдіктер тамақ, эфир мен май жəне дəрі өнеркəсібінде пайдаланады.
2. Сəндік бақ шаруашылығының принциптері
Сəнді өсімдіктер шаруашылығының алдына келесі принциптер қойылады:
1. Гүл өсімдіктерін ыдыстарда жəне қиып сатуға өсіру.
2. Шөпті өсімдіктерді бақтарға жəне гүлдермен безендіру үшін өсіру.
3. Көшелерді, скверлерді, бақтарды, парктерді безендіру үшін, сондай-ақ бөлмелерде, қысқы бақтарда, көпшілік орындарда пайдалану үшін сəндік ағаштар мен бұта өсімдіктерін өсіру.

Көгалдандыру жобасының принциптері (негіздері)
Сəнді егістерді жоспарлаудың принциптері:
1. Көгалдандырылатын объектің (нысанның) көзделген мақсатына толық мөлшерде сай келуі.
2. Қоршаған ортамен (ландшафт) жəне тіркес территориялармен (аумақ) тұтас сəндік ансамбль құруы;
3. Жеткілікті суреттілігімен ерекшеленетін жəне архитектуралық бейнелермен (сооружения), ғимараттармен, құрылыстармен үйлесімді байланыста болуы;
4. Тұрғындардың мəдени демалысына жəне табысты еңбек етуіне барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуі;
5. Тұрған табиғатқа сүйіспеншілік пен ұқыпты қатынастық сезімді сіңіру;
6. Сол жердің топырақты-климаттық жағдайына сəйкес келуі. Экономикалық мəселелердің де үлкен маңызы бар.

Жобадағы техникалық бөлімнің қысқаша түсініктемесі
Техникалық бөлімге (жобаға) көгалдандыратын объектің (құрылыс) бас
жовспары, дендрологиялық жоспар, жүргізілетін жұмыстың мөлшері (сметасы), инженерлік жəне архитектуралық құрылыстарға техникалық жоба жəне түсініктемелік жазба кіреді.
Бас жоспар - оны 1:500 масштабта құрады. Онда архитектуралық бейнелер, шаруашылыққа арналған құрылыстар, жол торабтары, ағаштар мен бұталар (түрлерін (породасын) атамайды) көрсетіледі.
Дендрологиялық жоспар- жоғарыда келтірілген масштабта (бас жоспар) орындалады. Əрбір отырғызылатын орынды (куртина, топ, солитер) шартты номермен немесе əріптік таңбалармен белгілейді, оларға талдауды отырғызу мекемелеріне жүктеледі.
Шағын бақ-парктік егістерге, ауданы 1-2 га аспайтын, бас жəне дендрологиялық жоспар əдетте біріктіріледі, ал сызбасы үлкен масштабта - 1:200 жасалады.
Жүргізілетін жұмыс сметасы - сол кезге қабылданған немесе келісім бойынша, құрылыстық, монтаждық, жөндеу жəне егу (көк құрылысы) жұмыстарының бағасы мен құрылыс материалдарының, көшеттердің, көгал шөптері ұрықтарының т.б. құны негізінде есептеледі.
Түсіндірмелік жазба. Берілген нысанды көкжелектендірудің мақсаты мен міндетін келтіреді. Жобалық тапсырманың архитектуралық жəне сəнділік шешімдерінің сипаттамасы көрсетіледі, орындалатын құрылыс, сумелиоративтік жəне агротехникалық жұмыстардың көлемін көрсетеді жəнеоларды орындау реттілігіне ұсыныс беріледі. Осы жерде территория балансын (теңдестігін) - құрылысқа (бөлінетін), жол торабына, су қоймаларына, ағашты-бұталар жəне гүл егістеріне, көгалдарға, өндірістік учаскелерге бөлінетін аудандарды көрсетеді.
3. Жобаға сəйкес өсімдіктер құрамын таңдау
Көгалдандырудың техникалық жобасын жасағанда ағашты-бұталық өсімдіктердің құрамын таңдаудың маңызы зор. Мұнда өсімдіктердің экологиялық талаптарын жəне олардың көркемді-сəндік сапаларын басшылыққа алады.
Сəнді өсімдіктерді əртүрлі топырақты-климаттық аймақтар үшін келесі
өте маңызды қасиеттеріне (қарай) қысқа, ыстыққа, қуаңшылыққа төзімділігіне қарап таңдайды. Қатаң климатты аудандарда жылусүйгіш түрлердің саны шектеулі жəне оларды қыс мезгілінде қорғау жолдары қарастырылған болу керек. Оңтүстіктің құрғақ жағдайында ылғал сүйгіш өсімдіктерді суару жолдарын қарастыру қажет.
Жарықсүйгіш өсімдіктерді ашық күншуақ жерлерде сиретілген топтармен жəне алқаптармен немесе жеке-дара орналастырады. Ғимараттардың, құрлыстардың көлеңкеленген солтүстік жəне батыс жақтарында, түйіскен топтар мен алқаптарда көлеңкеге төзімді түрлерін орналастырады. Жартылай көлеңкелі орынжайларда ыстыққа төзімділігі төмендеу ауаның артықша құрғақшылығына төзе алмайтын өсімдіктерді отырғызған абзал.
Суқоймаларын жəне басқада су көздерін ылғалсүйгіш, топырақтың артық ылғалдануын көтере алатын өсімдіктермен көгалдандырады (көкжелектейді).
Өсімдіктердің көркемді-сəндік сапалары, көкжелекте пайдаланатын, олардың жобаланатын егістердегі орнын анықтайды. Көкжелектенетін объекттің алдыңғы (қатарында) кескінінде шағын, сəнді ағаш дақылдары, əдемі жəне ұзақгүлдейтін бұталар жақсы көрінеді.
Кең (жалпақ) бөрікбасты қуатты биік өсетін ағаштар жеке-дара немесе топтардың ортасына отырғызғанға пайдаланады. Алқаптардың жиектерін жəне топтасқан егістерді аласа бұталармен көмкереді. Аралас егістерде өсімдіктердің бөрікбасының пішіні мен өлшемі, діңгектерінің түстері, күзгі, көктемгі жəне жазғы жапырақтарының ажарлануы егістердің сəнділік үйлестігін көрсетеді.
Өсімдіктецрді таңдау көкжелектендіретін нысанның түпкі міндетіне байланысты. Мектептер мен биологиялық немесе ауылшаруашылық бағытындағы оқу орындарында көкжелектендіруге пайдаланатын өсімдіктердің əртүрлілігі қажет, жасөсперімдер (балалар) мекемелері үшін ішкі террито рияны шаңнан, түтіннен, қала шуынан қорғайтын өсімдіктер қажет; ауруханалар, санаториялар, демалыс үйлері үшін фитонцидтік қасиеттері бар өсімдіктерді қолданған жөн.
Техникалық жоба, сондай-ақ көкжелектенетін нысанның периметрі (жиегінің ұзындығы) бойынша қорғайтын жолақ отырғызуды ескереді. Олар үшін биік тез өсетін өсімдіктерді - терек, гледичия, ақ қайың, үйеңкі, ақ қараған, т.б. қарастырады. Мұндай егістерді жел жағынан екі, үш, ал ықжағында - бірқатарлы жасайды.
Қала жағдайында өсімдіктердің қорғайтын қатарлары сонымен қатар көше шуына жасыл тосқауыл міндетін де атқарады. Мұндай егістерде шырша, боз арша, май қарағай (пихта), арша (можжевельник), терек, үйеңкі, ырғай, долана, қара ырғай (кизильник), скумпия, қына ағаштарын (бирючина)пайдаланады.
Ғимараттардың, құрлыстардың, өртке қауіпті нысандардың шеңберінде арнайы (өртке қарсы) қиын тұтанатын жапырақты өсімдіктерден (терек, жапон софорасы, таудаған (каркас), ақ қараған (бел.акация), алмұрт) өртке қарсы жолақ (құрады) жасайды.

Сəндік өсімдіктер жəне оларды көкжелектендіру
құрылысында пайдалану
1. Сəндік өсімдіктердің топтасуы
Бізді қоршап тұрған табиғат өсімдіктердің түрлеріне өте бай. Олар өзара пайда болуына, ботаникалық құрамына, жасампаздығына, морфологиясына, көбею түрлеріне, сəнділігіне, өсіру тəсілдеріне т.б. қасиеттеріне байланысты ажыратылады.
Осы аталған қасиеттеріне байланысты сəнді өсімдіктер шаруашылығында келесі топтастырулар қабылданған.
1. Морфологиялық белгілеріне (қасиеттеріне) байланысты:
а) ағаштар-бұталар;
б) шөптектестер.
Ал ағаштар мен бұталар тобы келесі кезекте:
1) қылқанды жапырақты ағаштар;
2) жалпақ жапырақты ағаштар (лиственные);
3) бұталар;
4) шырмауықтылар (лиандар) топшаларына бөлінеді.
Ал шөптектестілер төмендегіше бөлінеді:
І Гүлдер
1 - біржылдықтар
а) Əдемі гүлдейтіндер
б) Сəнді жапырақтылар
в) Құрғақ гүлділер
г) Шырмауықтар
2 - екі жылдықтар
3 - көпжылдықтар
а) тамыр сабақтылар
б) пияз тектілер
в) түйнекті пияз тектілер
г) түйнектілер (тамыр түйнектілер)
ІІ Көгалдық шөптер
а) кілемдік
б) жиектемелік (бордюрные)
Өсіру жолдарына байланысты барлық аталған өсімдіктер 2 топқа
бөлінеді:
І - ашық жер өсімдіктері
ІІ- қорғалған жер өсімдіктері
Ашық жерде (егісте) көптеген ағаштар, бұталар жəне гүл өсімдіктері өсіріледі. Арнайы құрылыстарды қажет етпейді. Күтімі басқалармен салыстырғанда қарпайым.
Қорғалған жердегі гүл шаруашылығы егістігінде арнайы құрылыстар қажет болады. Бұдан басқа жылдамдатып көгерту үшін кейбір гүл өсімдіктеріне арнайы күтім де қажет болады. Дегенмен, бұл бөлінулер біршама шартты. Өйткені кейбір өсімдіктерді əрі ашық, əрі қорғалған жерлерде өсіреді. Көшеттерді алғашында қорғалған соңынан ашық жерде өсіреді.
2. Бақ-парк шаруашылығының қызметі
Көгалдандыру жұмысымен іс жүзінде бақ-парк шаруашылығы айналысады. Оның құрамына сəндік ағаштар мен бұталардың көшеттігі, бақ-парктердегі ағаш-бұталардың егістері, ашық жəне қорғалған жерлердегі гүл шаруашылығы, жылыжайлық шаруашылықтар кіреді.
Сəндік ағаштар мен бұталардың көшеттігінде көп тараған ағаш-бұталардың себінділерін жəне сирек əрі құнды формалар мен сорттарды вегетативті көбейтіп өсіреді.
Бақ-парктердегі ағаш-бұталардың егістерін бақтарда, парктерде, скверлерде, тұрғын, тұрмыстық жəне өндірістік құрылыстардың жанында, жекелеген, топталған егістерде, аллеяларда, көк жиектемелерде жəне алқаптарда орналастырады. Тіктемелік көгалдандыруға шырмауықты (лиан) өсімдіктер пайдаланады.
Ашық жердегі гүл шаруашылығы. Гүл жүйектерін (атыздарын) құрумен жəне олардың күтімімен айналысады. Гүл егістерінен сондай-ақ қима материалдар алынады, олар сəндік оранжирлеуге - гүл шоқтарын, гүл композицияларын құруға, қоныстарды безендіруге қолданылады.
Қорғалған жердегі гүл шаруашылығында гүл өсімдіктерін арнайы жайларда - жылыжайларда өсіреді. Мұнда құмыралар немесе күбілерде өсетін кейбір тропикалық жəне субтропикалық өсімдіктер (агавалар, кактустар, пальмалар, лимондар, т.б.) қыстатылады. Олар көктемде ашық ауаға - гүлзарларға шығарылады. Жылыжайлар мен жылыханаларда, ашық жер жағдайларында бола бермейтін жылу сүйгіш түрлері: каллаларды, амариллистерді, үнді хризантемаларын, камелияларды, орхидеяларды қималық материалдар үшін көбейтеді. Қорғалған жер жағдайында көгерту (выгонка) жолымен, яғни гүлдерді стимуляциялайтын (қоздыратын) арнайы тəсілдерді қолданып, күзде, қыста жəне ерте көктемде жауһазынның, гиацинттердің, қалампыр, лала гүлдерінің, сонымен қатар əсем гүлдейтін бұталар - сирень, раушан гүлдерінің гүлдеген экземплярларын (түптерін) алады.
Жылыжайлық (парник) шаруашылық гүл өсімдіктерінің көшеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сəндік өсімдіктер жəне оларды көкжелектендіру құрылысында пайдалану
Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері. Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Ұйымның табыстары мен шығындары және олардың түрлері, фирма табысы, оның мәні мен маңызын анықтау
Бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру
Жүгерінің биологиялық ерекшіліктері, ауыл шаруашылығында қолданылуы
Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала
Арнайы кедендік статистика
Тұқымдас өкілдерінің ортақ қасиеттері
Пәндер