Құжат шаруашалық операцияларын жүзеге асыруға арналған қаржылық есеп беру туралы заңның уақытылы жасау
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ағылшын тілінің мемлекеттік тіл ретінде қажет етуінің алғы шарттарының бірі- оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемелекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс өағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің иданыс аясы, қызмет өрісін кеңейте алмайды.Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады.Іс қағаздарының саяси,тарихи,құқықтық,экономикалық маңызы өте зор.
Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттығы табылмас қайнар көзі бола алады.Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.Іс қағаздары басқару қызметіндегі негізгі бір сала.Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардаың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Құжат шаруашалық операцияларын жүзеге асыруға арналған қаржылық есеп беру туралы заңның уақытылы жасау, позицияның сенімділігі, дұрыс рәсімдеу. Құжатта жазылған операцияны сипаттайтын мәліметтер, деректемелер(ревизиттер). Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың үздіксіз орындалуы. Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашалық операциялар. Алғашқы құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді дұрыстау. Атқарушылық құжаттар шаруашылық операцияларының орындалғанын көрсету. Үкім құжаттарына шаруашалық операцияларды жүргізу. Құжаттардың ішкі және сыртқы қызметтерінің атқарылуы.
1. Аудармада құжат ұғымы мен мазмұны
1.1 Құжаттарды топтастыру.
Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі- құжат дегеніміз не?
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді. . Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен ресімделуі керек. Құжат ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т.б.) негіздеме ретінде алынған. Құжат ұғымына берілген анықтамаларды көктей шолғанда, зерттеу нысанасы мен міндеттеріне қарай айырмашылықтардың да бар екендігін байқаймыз. Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат - объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тәсілмен бекіту құралы. Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект.
Бұл ретте, біз құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз жүгіртіп көрейік. Құжат ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында үйретемін, хабарлаймын деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ айғақ, дәлел, куәлік мағынасын беретін document түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған. Орыс тілінде документ, яғни құжат ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны письменное свидетельство, демек, жазбаша куәлік ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. Хаттамаларға қол қою туралы деген Жарлық шығарған.
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С.И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде құжат ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі: 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т.с.с.). 3. Жазбаша куәлік. Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды: 1. Жазбаша куәлік, айғақ - мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар. 2. Заң, заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында - заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт. 3. Төлқұжат, жеке куәлік. Мұрағат терминдерінің қысқаша сөздігінде құжатқа берілген анықтама бойынша: Құжат - шын мәніндегі объективті және адамның ой қызметі барысындағы фактілерді, оқиғаларды, нысаналарды, құбылыстарды жазу, кескіндеу, суретін салу, фотоға түсіру, дыбыстап жазу немесе басқа тәсілмен арнайы материал (папирус, пергамент, қағаз, фото үлдір және т.б.) арқылы көрсетудің нәтижесі. Мұнда құжатты сипаттау объектісі ретінде, сондай-ақ оны жеткізуші негіздердің кейбір түрлерін ашып көрсетуге деген талпыныс айқын байқалады. Л.П. Крысинаның шет тілдерден енген сөздер түсіндірме сөздігінде қарастырылып отырған ұғымға қандай анықтама берілетінін келтіре кетейік: Құжат. - 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т.с.с.). 3. Қандай да бір жағдайды жазбаша куәландыру. Ақпарат бекітілетін негіз (носитель) ұғымы ғылыми айналымға алғаш рет социалистік елдердің қазіргі заманғы мұрағат терминологиясы сөздігі арқылы енгізілді. Құжат ұғымы мынадай сипатта берілді: Құжат - жазу, кескіндеу, фотоға түсіру, дыбыс жазбалары немесе өзге де тәсілдер арқылы объективті шындыққа қатысты нәрселер жайлы және адамның ой қызметі туралы ақпаратты бекіту нәтижесі. Құжат ұғымы сөздіктермен қатар мемлекеттік стандарттарда да беки бастады. Мемлекеттік стандартында құжат арнайы материалда адамның шын мәніндегі объективті және ой қызметі барысындағы құбылыстар, фактілер туралы ақпараттарын түрлі тәсілдермен бекіту құралы ретінде көрсетіледі. Бұл ұғымда ақпаратты бекітудің тәсілдері мен материалы, құжаттың міндетті түрде сәйкестендірілуі секілді жаңа белгілері назарға алынған. Мемлекеттік стандарты бұл терминнің семантикалық мәнін ашып, оны толықтыра түсті. Мұнда құжаттың материалдық негізі ондағы ақпараттан бөлек алынып қарастырылады: Құжат - уақыт пен кеңістікке тапсыру үшін адам қолымен жасалған тәсілдер арқылы бекітілген ақпараты бар материалдық объект. Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. Басқаша айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды және жансыз табиғат ақпараттарының адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен формалары) болып табылады. Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда құжат дегеніміз мәтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады.
Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады. Жалпы функциялар құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар - құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән. Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады: 1)әлеуметтік - құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады; 2)ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді; 3)қарым-қатынастық - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;4)мәдени - құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;
Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:1) құқықтық - құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып отырған мәліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың қалыптасуына, мінез-құлықтың әлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін әзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;2) дәрістік құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;3)танымдық - құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді. 4) басқарушылық - құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау, үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі; 5) мемориальдық - құжат қоғамның, ондағы жекелеген құрылымдардың дамуы туралы және дербес тұлғалар жайлы тарихи дерек көзі ретінде көрінеді; 6) есептік - құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді;7)эстетикалық - құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады; 8)релаксациялық (ойын-сауықтық, компенсаторлық) - құжаттардың бірқатар түрлерін эмоционалдық шиеленісті ширығуларды өзге нысандарға аудару арқылы түсіруге, сөйтіп артық ширығу деңгейін көздеген дәрежеге дейін азайтуға пайдалану; Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т.б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады.Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың сақталу жағдайы ондағы мәліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз етілетіндей дәрежеде болуы шарт.
Құжаттың сыртқы белгілері: Құжаттың көлемі мен пішімін, ақпарат жеткізушіні, жазу түрін, рәсімдеу құрамын көрсететін белгілер; Жазба құжат түрі: мазмұны мен мақсаттық белгілері бойынша құжаттама жүйесіне жатқызылатын жазба құжат; Ресми құжат: заңды немесе жеке тұлға дайындаған, бекітілген тәртіппен куәландырылған және ресімделген құжат; Қызметтік құжат: ұйымның күнделікті қызметінде пайдаланылатын ресми құжат; Жазба құжат: ақпараты жазудың кел-келген түрімен түсірілген мәтіндік құжат; Қолжазба құжат: жазу белгілері қолмен түсірілген жазба құжат; Таза құжат: мәтіні алғашқы құжаттан көшірілген немесе түзетусіз жазылған қолжазба немесе машинкалық жазба құжат. Құжаттың бастапқы жазбасы: автордың не редактордың өз мәтінімен жұмысын көрсететін қолжазба немесе машинкалық жазба құжат; Түпнұсқа құжат: автор жөніндегі мәлімет, уақыты мен жасалу орны құжаттың өзінде сақталатын немесе басқа жолмен табылған, оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат; (Ресми) құжаттың түпнұсқасы: ресми кұжаттың алғашқы немесе жалғыз нұсқасы; Телқұжат: құжаттың түпнұсқасының заңды күші бар қайталанған нұсқасы; Құжат көшірмесі: түпнұсқа құжаттағы ақпаратты түгелдей және оның сыртқы белгілерін немесе заңды күші жоқ бөлігін көшірмелейтін құжат; Құжаттың куәландырылған көшірмесі: заңдық күш беретін, белгіленген тәртіпке сай қажетті деректемелер қойылатын құжат көшірмесі. Мұрағаттық құжат - қоғам үшін маңыздылығына байланысты сақталып тұрған немесе сақтауға жататын, сонымен қатар, оның иесі үшін де құнды болып табылатын құжат. Жеке құрам бойынша құжаттар - жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар мен оларды зейнеткерлік қамтамасыз етуге ақша аудару жөніндегі мәліметтер кешені. Жеке тектік құжат(жеке құжат): жеке тұлғаның негізгі қызметінен немесе қоғамдық міндеттерінен тыс жинақталған құжат; Құжаттау: құжаттарды жасау. Құжаттау тәртібі: құжаттау тәртібін белгілейтін талаптар мен нормалар, қалыптар; Құжаттау жүйесі: шығу тегі, саласы, түрі, қызмет ету аясы, оларды рәсімдеуге бірыңғай талап белгілері бойынша өзара байланысты құжаттар жиынтығы. Іс жүргізу: басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету. Құжаттау мен жұмысты құжаттамалау және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар әрекетінің қызмет ету аясы. Құжат -- латын тілінде куәлік, дәлелдеу тәсілі деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі мағынасы бар: 1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсс туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар). Кәсіпорынды басқару -- мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақараттық процес болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпараттың көптігі оны өлшеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын айқындап, оны қабылдап -- түсінуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді. Осы жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс. Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралымдылығы және анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның ықшамдылығымен, көрнекілігімен және қолайлылығымен айқындалады. Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұштастырыла жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар іс-әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар-мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады. Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т.б. қолданылады. Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді. Материалданған (құжат түріндегі) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің негізгі дәлелі етінде қызмет етеді. Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс. Құжаттарды топтастыру -- оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалык, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.Мазмұнына карай -- ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді. Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б. Түріне карай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді.Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді. Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді. Шығу тегіне карай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.
Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді. Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей отпуск -- шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка -- құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат -- құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді. Құжаттарды басқару кызметі салалық бөлімдердің барлығына бірдей іс номенклатурасын жасап шығарады. Қағаз санының шектен тыс көптігінен оларды жасауға көп күнгі, уақыт етеді. Мұның өзі тікелей іске, ауызша түрдегі жеке қарым-қатынасқа кедергі келтіреді. Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы, оларды толтырудың біркелкілігі нақты жұмысқа көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл -- құжаттарға мүлде көңіл бөлмеу керек деген сөз емес. Фирманы басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді жүйесі бірте-бірте қалыптасады және ол тұрақты түрдегі заңдылықты жолға қояды.
1.2 Функциональдық стильдер.
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.
Публицистика (латынша: publicus - көпшілік, әлеумет) - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль - қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада - қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда - перифразалардың (ақалтын - мақта, күріш; қара алтын - көмір, мұнай; екінші тың - қой шаруашылығы, көгілдір тың - құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте - сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалы.
2.Құжаттарды талдау әдісі
2.1. Құжаттардағы міндетті реквизиттер
Құжат деп - адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.
Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:
1. Жазба құжаттар (іштей тағы вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға - кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа - халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары т.б. жатады.
2. Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары).
3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар).
Құжаттарды талдауға қалыпқа түспеген (сапалық) және қалыпқа түскен (сапалық-сандық) әдістер қолданылады. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмұны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі. Яғни талдаудың сапалылығы субъективтік (зерттеушіның білімі, қабілеті т.б.) жағдайларға тікелей байланысты. Осы субъективизмнен арылу мақсатында құжаттарды талдаудың қалыпқа түскен тәсілдері жасалып, ол контент-талдау деп аталады. Оның дамуы мен кеңінен таралуына ақпараттық процестердің бұқаралық сипат алуы, осыған байланысты кең ауқымдағы мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғышарты болды. Контент-талдау алғашында бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуге қолданылса, кейіннен бұл әдіс кең тарап, әлеуметтік өмірдің басқа салаларында, құжаттарда қолданыла бастады.Сонымен, осындай әдістер арқылы жиналған алғашқы социологиялық ақпараттар талданып, қорытылып және ғылыми интерпретацияланады. Респонденттердің барлық жауаптары (анкета, сұхбат бланкілері) алдымен тексеріліп, математикалық жағынан өңделіп, зерттеуде берілген қажетті түрлеріне қарай топтастырылады. Қорытындылау нәтижелері социологиялық ақпараттар деп аталады. Соңынан социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша есеп құрастырылады. Ол есеп ғылыми қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлімінде зерттелінетін проблема, сұрыптау сипаты, ақпараттар жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны көрсетіледі. Екінші бөліміндегі зерттеу объектісі әлеуметтік-демографиялық белгісіне қарай сипатталады. Ал есептің келесі бөлімі бағдарламада көрсетілген болжамдарға жауап іздеуге арналады. Есептің тіркемелері бағдарлама, жоспар, анкета немесе сұхбат бланкілері, компьютерлік таблицалар, кестелерден т.б. тұрады. Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жүйесіне арқа сүйейді, яғни ақпараттарды жинау мен өндеуде және талдаудан өткізуде әр түрлі тәсілдер мен ережелерге бағынып, оларды басшылыққа алады. Әлеуметтік ақпарат алудың бірден-бір ұтымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады. Бұл зерттеу жұмысында кеңінен тараған және жан-жақты қолданылады. Демек, ақпаратты сақтау мен жеткізу үшін адамның арнайы жасаған дүниесін әлеуметтануда құжат деп атайды. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы коғамның кызмет процестері мен нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар әлеуметтанушылар үшін аса маңызды. Әлеуметтану ақпараттарының қайнар кезі болып есептелетін құжаттардың алуан түрлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді:
1) ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. Бұның өзі үш түрді қамтиды:
а) жазба түріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары жатады;
б) секенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжаттар саяды;
в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, күйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кен тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияланымдар, баспасөз басылымдары, т.б.;
2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;
3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар -- тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізінде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады;
4) мақсат - міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;
5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші өз кызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түп нұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ коғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сүйейді. Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальды түрде жүреді. Барлық құжаттар түрлерін оқып - пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді. Құжаттарды дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры - құжаттардың мазмұнын сұңғыла түрде зерттеу, негізге алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір айта алмағандарын, бүркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сұрақ қойып, айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, ондағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек. Дәстүрлі әдіспен саралауда көбіне-көп зерттеуші интуицияға (көкейкөз) бой ұрып, құжатты өзі ұғымы төңірегінде ғана түсініп, елге түсіндіруде субъективтік бұрмалаушылыққа жол беруі мүмкін. Құжаттың мазмұнын түсіну мен талдауға субъективтік пен катар психологиялық алғышарттар да әсер етуі ықтимал, атап айтқанда, ес пен зер салудың тұрақтылығы, шаршап-шалдығу, т.б. Неғұрлым жан-жақты талдаудан еткен құжаттардың саны мен көлемі көп болса, соғұрлым олардың субъективтік бұрмалаушылығы кемиді. Баспасөз ақпараттары деректерінің саны мен оның көлемінің артуы, ақпарат процесінің бұқаралық сипат алуы конвент талдаудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттарына айналады. Әдетте жүйеге келтірілмеген материалды сараптау қажеттігі туындағанда, талдауды іске асырғанда нақты жоғары дәлдік пен объективтілік талап етілгенде, зерттеуші үшін құжаттың тілі маңызды болғанда ғана конвент талдау әдістемесі қолданылады.
Құжаттарды формальды немесе конвент талдау кезінде зерттеу текстпен жүргізіледі, бірақ мұнда құжаттың мазмұнын ашатын мәнді белгілері анықталады, сонда ғана ол түсінуге, есептеу операциясын жүргізуге қолайлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz