Кеден бақылауының нарықтық экономикадағы қажеттілігі


МАЗМҰНДАМА
КIРIСПЕ 3
1 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ 6
1. 1 Нарықтық экономикадағы кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты 6
1. 2 Кеден бақылауының аймағы 10
1. 3 Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi 21
2 ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ТАУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 32
2. 1 Жеке тұлғалармен тауарларды тасымалдау тәртібі 32
2. 2 Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды оңайлатылған
және жеңілдетілген тәртіппен кедендік рәсімдеу 37
2. 3 Жеке тұлғалармен тауарларды уақытша әкелу және әкету 42
3 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДА БОЛЫП ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР 49
3. 1 Халықаралық қатынастағы кеден бақылауы 61
3. 2 Кедендік бақылау саласын жетілдіру 67
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 75
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiне оңайлықпен жете қойған жоқ. Бұл мәселе мені әрқашан, әр кезде ойландырады. Себебi, ең бiрiншi - тарих алдындағы парыз, екiншi - елдiң азаматы ретiндегi мiндет. Дипломдық жұмысымның кеден бақылауы деп аталуы да тұңғиық тарих топырағына жетелейдi. Көздi Шыңғысхан дәуiрiне жүгiртсек кеден бақылауына ұқсас шекарадан тауарлар алып өту кезiнде алынатын барымта мен тамгалар еске түсерi анық. Кеңес Өкiметi билiк құрған тұста елдiң кедндiк жүйесi тiкелей Мәскеуге бағынды. Сондықтан бұл Қазақстан кеденiнiң тарихындағы "ақ дақ" ретiнде бейнелендi. Бұдан бiз еш ұтпағанымыз айтпаса да түсiнiктi.
XX ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдiк сахнада болған үлкен өзгерiске Кеңес одағының құлауы жатады. Соның нәтижесiнде 15 жаңа тәуелсiз мемлекет пайда болды. Солардың бiрi - Қазақстан Республикасы 14 жыл iшiнде өзiн барша әлемге тәуелсiз, демократиялық мемлекет ретiнде танытты. Өзiнiң толық тұрақты дамуы үшiн Қазақстан бiр жағынан өнеркәсiбi дамыған мемлекеттермен, екiншi жағынан ТМД бойынша әдеттегi серiктестермен белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзуi қажет. Сонымен қатар, Қазақстан өзiнiң транспорттық жүйесiн, яғни теңiз, өзен, темiр жол, автомобиль және құбыр сияқты көлiк түрлерiн, транспорттық инфрақұрылымдарында дамытуы керек.
Белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларының көлемiнiң өсуi, кеден бақылауының қатаңдылығына әкелiп соғады.
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары: Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына; оларды тапсыру тауарлдар мен көлiк құралдары туралы кеден декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге; кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты; тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына; кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кеден қызметi саласы жаңадан аяғына тұрып, көптеген өзгерiстерге ұшырап жатыр. Елiмiз тәуелсiздiк алғалы берi кеден қызметiн түрлi министрлiктер мен ведомствалар басқарып келдi. Осының өзi кеден қызметiне көптеген қиыншылықтар тигiздi
Сыртқы сауда операцияларын кедендiк бақылау әлемдiк экономикада маңызды орынға ие, өйткенi түрлi елдердiң тауарлары мен қызметтерi арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуiне де нақты әсер етуге болады.
Қазақстан кеденi 1995 жылдың 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығынан жаңа өмiр бастауын алады.
ХХ ғасыр соңы мен ХХI ғасырда дүние жүзiнде глобализациялану процесi жүруде. Глобализация өз кезегiнде дүние жүзiлiк экономикаға, яғни дүние жүзiлiк тауар айналымына өте үлкен ықпалын тигiзуде. Қазақстан Республикасы еркiн экономика бағытын ұстанғаннан кейiн, дүние жүзiлiк тауар айналымының ажырамас бiр бөлiгi болды.
Осының нәтижесiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметтерiн, соның iшiнде кеден бақылауын артырды. Негiзi, түпкiлiктi кеден бақылауы Қазақстан Республикасына маңызы өте зор:
- әуелi ел шекарасын қадағалау,
- елiмiздiң бюджетiне түсiмдердi толық түрiнде әкелу.
Бiрақ, кеден бақылауы нәтижесiнде тек баждар, алымдар алынып қоймайды, сонымен қатар мемлекетiмiздiң экономикалық болжаулар жасауына, статистика жүргiзуiне, тiптi мемлекетiмiздiң экономикасының күрт өзгеруiне себепшi бола алады. Қазiргi таңда сыртқы сауданың кең етек жаюына байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметiндегi кеден бақылауы кәсiпкерлер, өндiрiс басшылары және Сыртқы экономикалық қатынас қатысушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Өйткенi осы субьектiлер өз қызметтерiн жүзеге асыру барысында кеден бақылауымен бетпе-бет кездеседi. Осыдан келе бiзде кеден бақылауы кезiнде бәрi ойдағыдай, тез арада, еш кедергiсiз өте ме- сұрақ туындайды. Сондықтан, осы жағдайлардың маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауға себеп болды. Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты тек қана теориялық аспектiлер ғана емес, сонымен қатар кеден бақылауын жүргiзудiң тәжiрибелiк жақтары, кеден бақылауының жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудiң перспективалық бағыты болып табылады.
Бұл мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттер қойылып отыр:
- қазiргi уақыттағы Қазақстан Республикасының кеден бақылауын ұйымдастыру барысы;
- Қазақстан Республикасының кеден бақылауы саласында негiзгi ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асырудың жағдайы;
- Қазақстан Республикасының кеден бақылауында техникалық құралдарды қолданудың жолдары және негiзгi туындайтын мәселелер;
- кеден бақылауы саласында кейiнгi 10 жыл iшiнде болған мәселелер, өзгерiстер мен енгiзулер;
- кеден бақылауында халықаралық қатынастарда болып жатқан мәселелер;
Дипломдық жұмысты орындау кезiнде заңдық, нормативтiк актiлер, әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулар, отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерi қолданылды.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
- Нарықтық экономикада кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 12 бөлiмiнiң 56, 57, 58, 59, 60, 61 және Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 13 бөлiм 62, 63 тарауларында кеден бақылауы толық көрiнiс табады.
Кеден бақылауы мынандай қағидаларға сүйенедi:
1. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының заңдарын сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi
2. Мемлекеттiк шекарада радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi
Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдары: Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына; оларды тапсыру тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге; кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты; тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына; кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан кейiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер, оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқыдайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады. [2]
Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын кедендiк бақылауының нысандарын пайдаланады. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша немесе жазбаша және электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi. Кеден органы кедендiк бақылауы үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша немесе электронды нысанда сұратып алуға құқылы. Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес банкткер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы. Тауалар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің құжаттарын және басқа да ақапаратты, оның ішінде электронды нысандағы ақпаратты деклораннтан немесе тауарлар мен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез-келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдар, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi. [3]
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылауы үшiн қажеттi құжаттарды тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кедендiк ресiмдеу, алдын-ала операциялар және өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдары кедендiк декларацияның ресiмделуiнiң дұрыстылығына және ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi iс-әрекет жасайды. Кедендiк декларацияны, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарауды, ал тауарларды алдын-ала, уақытша декларациялау кезiнде жүктiң кедендiк декларациясы мен құжаттарды тексерудi кедендiк органдары тауарларды шығару үшiн қажеттi барлық құжаттар табыс етiлген жағдайда, кеден органы кедендiк декларацияны тiркеген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады. Аталған мерзiмдi - жүктiң кедендiк декларациясын қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнiне дейiн, ал тауарларды теңiз, iшкi су көлiгiмен тасымалдау кезiнде жиырма жұмыс күнiне дейiн ұзартуға декларантқа тапсырылатын кеден органы басшысының ұзарту себептерi көрсетiлген жазбаша рұқсатымен жол берiледi. [6] Тауарлар шығарылғанға дейiн кеден органдары тауарлардың атауының, шыққан жерiнiң, саны мен құнының жүктiң кедендiк декларациясында және кедендiк мақсаттар үшiн пайдаланылатын құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттi операциялар жүргiзедi. Егер кеден органдарына тауарлардың олар туралы мәлiметтерге сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн бiр тауар легiнде түрi мен атауы әртүрлi тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орап-түю орындарына бөлу жүргiзiлмесе, тауарлардың орамаларына таңбалау жасалмаса және тауарлардың iлеспе құжаттарында орап-түю және таңбалау туралы мәлiметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендiк тексерiп қарау мерзiмi қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 478- бабының талаптарын ескере отырып, кеден органының басшысының жазбаша рұқсатымен тауарлар легiн жекелеген тауарларға бөлу үшiн қажеттi уақытқа ұзартылады. [2] Басқа мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендiк бақылау жүргiзген кезде кеден органдары мұндай iс-әрекеттердi үйлестiрудi және бiр мезгiлде жүргiзудi қамтамасыз етедi. Кедендiк бақылаудың негiзгi салдарына келесiлердi жатқызамыз:
1. Кедендiк құралдар мен тауарларды кедендiк тексеру .
2. Қажеттiлiк туындаған жағдайда жеке тұлғаны тексеру.
3. Тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу.
4. Еркiн қойма, кеден қоймаларын, уақытша сақтау қоймасын және тағы басқа кеден қызметi аясындағы объектiлердi тексеру. [20]
Заңдар мен басқа да кедендiк бақылаудың түрлерi айқындалуы мүмкiн. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексеру басқа да кедендiк бақылау нысандары сияқты тек тауарлар мен көлiк құралдарын тексерумен шектелмейдi. Сонымен қатар, кедендiк құжаттарда, онда берiлген мәлiметтердi, құжаттардағы жазулардың дұрыстығын, аталған тауар мен берiлген мәлiметтердiң арасындағы сәйкестiктi де тексередi. Қажет болған жағдайда кеден органдарының жеке банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер менмекемелерден кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғалардан есеп шоттарының жағдай туралы мәлiметтердi алуға құқысы бар. Құқық қорғау, салық және басқа да мемлекеттiк органдар кедендiк бақылауды неғұрлым зерек жүргiзуге қажеттi мәлiметтердi кеден органдарына беруге мiндеттi.
1. 2. Кеден бақылауының аймағы
Қазақстан Республикасының кеден органдарының орналасқан, кедендiк рәсiмдеу орындарында кедендiк бақылау мақсатын жүзеге асыру кезiнде кеден бақылауының зонасы құрылады. 2002 жылғы 15 ақпандағы № 50 Қазақстан Республикасының Кiрiс Министiрлiгiнiң Кеден Комитетiнiң бұйрығымен бекiтiлген кедендiк бақылау зонасын құру және белгiлеу тәртiбi туралы ережеде: "кедендiк бақылау зонасын тануға негiз болып- еркiн қойма, кедендiк қойма, уақытша сақтау орнын тану туралы шешiм; кеден органының орналасқан орны туралы регистрациялық құжаттар, кеден органының кедендiк рәсiмдеу орындау белгiлеу туралы шешiм, сонымен қатар аэропорт, порт, темiр жол станцияларында құру туралы шешiм, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық өткiзу пунктерiнiң ашылу туралы шешiмi табылады " . [3]
Кедендiк бақылау зонасын құру кедендiк бақылауды жүргiзудiң басты себебi. Кедендiк бақылау зонасын құру туралы басты шешiмi Қазақстан Республикасының кеден органының бұйрығы негiзiнде рәсiмделедi. Кедендiк бақылау зонасы арнайы белгiлермен белгiленедi. Ондай белгiлерге мыналарды жатқызамыз:
- автомагистральда- жалпы техникалық шарттарға сәйкес ақпараттық белгiлер;
- жол белгiлерiнiң рәсiмделуi ГОСТ 10807-78;
- биiктiгi- 50 см, енi- 100 см, белгiнiң көк жиегiнде ақ әрiптермен, үш тiлде (қазақша, орысша, ағылшынша), үш жолда "кедендiк бақылау зонасы" деп жазылуы қажет; әрiптердiң биiктiгi мынадай болу керек- 10 см, енi -3, 7 см болуы керек;
- суда қызыл түстi бояумен "кедендiк бақылау зонасы" деп жазылуы тиiс;
Кедендiк бақылау зонасына ену режимi.
Кедендiк бақылау зонасына ену Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кедендiк бақылау зонасын құру туралы шешiмiмен белгiленген орындарында жүзеге асырылады. Мұндай орындарға тексеру, рұқсат ету пункттерi, олар арнайы белгiлермен белгiленедi. Тұлғалардың кеден зонасына енуi және орын ауыстыруы Қазақстан Республикасының кеден органдарының рұқсатымен және бақылауымен жүзеге асырылады. Тек басқа мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдылық актiлерiне сәйкес кеден бақылау зонасына Қазақстан Республикасының кеден органдарына алдын-ала хабарлау арқылы ене алады. [2]
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң шекара қызметi мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн пункттердi ену режимiнiң технологиялық сызба нұсқасына сәйкес өте алады. [19]
Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден бақылау зонасы аумағында жүргiзу, сонымен қатар өндiрiстiк және басқа да кәсiптiк қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының кеден органдарына рұқсатымен жүзеге асырылады. Оған кедендiк режиммен қарастырылатын тауарлармен белгiлi бiр операцияларды жүзеге асыру кезеңi кiрмейдi. Тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауы зонасында, мемлекеттiк шекарамен сәйкес келмейтiн оның шекарасы арқылы кеден бақылау зонасында орналасқан субъектiлер, онда тұратын жеке тұлғалар көлiк құралдарына арналған арнайы өткiзушi қағаздар және жеке тұлғаны танитын құжаттармен өткiзе алады. Арнайы өткiзушi қағаздар Қазақстан Республикасының кеден органдарының шекаралық, фитосанитарлық және басқа да кеден бақылауының түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсуi арқылы берiледi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу, өндiрiстiк жәнебасқа да коммерциялық қызметтi жүзеге асыру, егер кеден бақылау зонасының кедендiк жұмысының белгiленуi мен режимiне сәйкес келмесе жүзеге асырылмайды.
Тауарлар мен көлiк құралдары, тұлғалар мен мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары (кеденнен басқа) кеден бақылау зонасы арқылы өткiзу, сонымен қатар өндiрiстiк және басқа да коммерциялық қызметтi Қазақстан Республикасының кеден орпгандарының рұқсатынсыз жүзеге асыру, немесе кеден бақылауы зонасының режимiн бұзатын iс-әрекеттер жасалса, қылмыстық қасиет жоқ болғанда - ескерту жасалады немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл төленедi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында арнайы экономикалық аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарында кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аумақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылаумен ғана жол берiледi.
Тауарлар кедендiк бақылау аймағына жұмыс уақытынан тыс келген кезде кеден органының рұқсатымен кедендiк бақылау зонасында орналастырылуы қажет. Кедендiк бақылау басталғанша тауарлар сақталып жатқан қоймалар арнайы тағайындалған жағдайда болуы қажет. Қойманың иесi мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға мiндеттi:
- кедендiк бақылауға жататын тауарлардың толық түрде мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етуi
- кедендiк бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасау және оған кедергi жасамау
- лицензиядағы ережелерге сәйкес өз қызметiн толық түрде атқару және тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдарының талаптарын мүлтiксiз орындау
- тауарларға қатысты есеп жүргiзу және Қазақстан Республикасының кеден органдарына тауарларға қатысты толық есеп берiп отыру [16]
Кедендiк бақылау зонасында мынандай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:
- тауарларды еркiн айналысқа шығару - бұл кеден режимiнiң бiр түрi болып табылады, яғни Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендiк режим. Тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарудың кедендiк режимiне тауарларды орналастырудың мынадай шарттары бар:
a) кедендiк баждар және салықтар төленгенде
b) тарифтiк емес шаралары сақталғанда
c) Қазақстан Республикасының кеден кодексiнде және өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да талаптар орындалғанда
d) кедендiк ресiмдеу аяқталғанда
- тауарлардың реимпорты- бұрын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарлар экспортының кедендiк режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 122-бабында көрсетiлген мерзiдерде, тарифтiк емес шараларын қолданбай, тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендiк баждардан және салықтардан босатыла отырып, керi әкелiнетiн кезедегi кедендiк режим. Тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне тауарларды орналастырудың мынадай шарттары бар:
a) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлуi кезiнде Қазақстандық тауарлардың мәртебесi болуы
b) әкету сәтiнен бастап үш жылдың iшiнде тауарлардың керi импортының кедендiк режимiне мәлiмденуi
c) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезiнде табиғи тозудың немесе табиғи кемудiң салдарынан өзгерудi қоспағанда, олар өзгерiссiз жағдайда болуы тиiс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz