Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе____________________________ ________________________________3
1 Негізгі бөлім______________________________ _______________________4
1.1 Аралас экономика__________________________ _____________________4
1.2 Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері________________________9
1.3 Қазақстандағы аралас экономика және оның ерекшеліктері____________11
Қорытынды__________________________ _____________________________14
Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _________________15

Кіріспе
Бүгінде нарықтық, командалық немесе дәстүрлі экономикасы ғана бар елдер жоқ. Кез-келген заманауи экономикада нарықтық және жоспарлы экономика элементтері, сонымен қатар әр елде дәстүрлі экономиканың қалдықтары сақталған.
Нарықтық экономиканың пайда болуымен және дамуымен әлемнің көптеген елдері осы уақытқа дейін қолданыстағы экономикалық жүйелердің ешқайсысы оған қойылатын талаптарға сай келмейтіні туралы қорытындыға келді. Осылайша, әр түрлі елдердің экономикасын дамыту үшін жаңа жағдай туғызып, жағдайдың айтарлықтай өзгеруі мүмкін, жаңа жүйе қажет болды. Басқа екі экономикалық жүйенің белгілерін біріктіретін аралас экономика берілген тапсырманы табысты шешеді. Аралас экономикалық жүйені қолдана отырып, әрбір мемлекет тек жеке-жеке дамиды, өйткені ол өзі басқа экономикалық жүйелердің ерекшеліктерін таңдайды.
Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр. Қазір әлемде мулдем дербес экономика жоқ. Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына тәуелді.
Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет.
Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды.
Бұл жұмыстың мақсаты: Аралас экономиканың мазмұнын, мәнін, белгілерін ашып көрсету, Қазақстан Республикасының аралас экономикасын қалыптастырудағы қызмет ету заңдылықтарының ерекшеліктерін толық ашып көрсету.

1.1 Аралас экономика - бұл мемлекет реттейтін жеке меншікке және еркін кәсіпкерлікке негізделген нарықтық жүйе. Экономиканың бұл түрі жеке және корпоративтік, сондай-ақ өндіріс құралдарын қоғамдық немесе мемлекеттік меншікке қамтиды.
Аралас экономика -- экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі.
Аралас экономиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі - негізінен еркін кәсіпкерлікке негізделген экономиканы ұйымдастырудың басымдықтары. Экономиканың көп секторлы саласы елдердің ұлттық және аумақтық сипаттамаларына тәуелді көптеген тең секторлардың болуын болжайды. Мемлекет ұйымдастырушының рөлін атқарады, бірақ экономикаға елеулі әсер етпейді. Ол кіші, орта және ірі кәсіпорындардың қызметін үйлестіріп, отандық өндірісті қорғауға және еркін бәсекелестікті қамтамасыз етуге тиіс.
Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:
өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;
Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;
Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай тиімділікке жеткізе қойған жоқ.
Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үстемдік алуда.
Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты -- өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады.
Аралас экономиканың қалыптасу тегін алатын шын мәніндегі алғы шарттар. Қазіргі өндірістің шындығы мынада: қоғамдық өнім бірлескен еңбектің нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, экономикалық әдебиеттерде өзге пікірлер бар. Осылардың ішінде тікелей қоғамдық өнім деген категория ретінде ұсынды. Мұны В.Н. Черковец былай жазады: ... егер капитализмнің бастапқы түрі тауар дегенге ұқсастық іздесек, онда мұндай түр тікелей қоғамдық өнім болады... Оның бойында қоғамдық өнімге тән белгілері мен қасиеттері болғанымен, қазіргі өндіріс кен ондағы қатынастар еңбек өнімін тікелей қоғамдық өнім деп сипаттау дәрежесіне жеткен жоқ.
Ірі кәсіпорындарға бірлескен еңбекпен өндірілген өнім шын өмірде тауар болып көрінеді, бірақ өндіру сипатына қарай ол қоғамдық өнім, осымен байланысты оның белгілі қасиеттері бар.
Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі бағыттардың дамуын көрсететінін материалдар көп. Мысалы, В.М. Андреевтің оцынша тікелей қоғамдық өнімнің екі қасиеті болады: қоғамдық пайдалылығы және қоғамдық еңбек сыйымдылығы.
Қоғамда өндірілген өнімге белгілі қатынастар жолсерік жасайды. Бұл өндірушілердегі артық өнім және басқалардың оларға қажеттілігі айырбас түріндегі айналысты тудырады. Айналыс тұрақты болып, құндық қатынастарды қалыптастырады. Құн - еңбек өнімнің факторы ретінде тауар түрінде көрінеді, бірақ ол табиғатынан берілген қасиет емес, белгілі қатынастар нәтижесінде пайда болып, осы себепті тек ол тауар болады. Құн болмаған жерде тауар айырбасы тумайды, эквивалентті айырбас жоқ, құнсыз тауар, тауарлы қатынастар болмайды.
Еңбек өнімнің бір қасиеті өнімнің заттық жағына тән қасиеттерді сипаттаса, екіншісі өнім өндіруге байланысты қатынастарды білдіреді, бұл қатынастардың мәнді белгілерін сипаттайды. Ұжымдық өндірісте де осылай болады: оған тән өндірістік қатынастар еңбек өнімі қозғалысына басты белгілерді енгізеді, осыған сәйкес соңғысының түрін анықтайды.
Жоспарлық тарихи және қисынды категория ретінде тауарға қарсы. Ол тауарлық қарама-қарсы болып дамиды. Бұл түсініктер құбылыстың әртүрлі деңгеиін білдіреді. Олар бір текті ұғымдар емес. Бізді неше жоспарлықты құнмен салыстыруға болады. Келісушілік- сандық сәикестіліктіорнату, мұнда қайбір өнімнің тұтыну пайдалылығы қоғамдық жеке ада немесе өндірістің қажеттілігіне сәйкес өндіріледі. Бұд термин ұжымдық өндіріс тұсындағы өнімнің қоғамдық түрін толық сипоттайды. Мұнда ұжжымдық өндірістегі еңбек өнімінің қоғамдық түрі көрінетін қоғамдық өндірістің маменттері бар.
Қазіргі эканомиканың жоспарлылық сипатына белгілі экономист Дж. Гэлбрейт те көңіл аударған. Ол былай деп жазады: Бірақ шынында біздің экономикалық жүйеміз, мейлі ол қандай идеологиялық шымылдықпен жасырылса да негізінен жоспарлы экономиканы береді. Мұны қазіргі жапон өнеркәсібінің жасалуын суреттеген Ч. Макмиллан да жазған еді. Осымен қатар әдебиеттерде жоспарлықтың мәні мен мазмұнының ара қатынасы айтылады.
Жоспарлықтың категориялар жүйесінің бастапқы мәндік қатынастары ретінде мазмұны жоқ. Сондықтан жоспарлықтың өзіндік мазмұны бар деген көзқарас проблема шеңберін тарылтады, оның туынды белгілерін ашады.
Теория мәселесінде жоспарлықтың құбылыстық мәні ретіндегі мазмұнына қарамай, оның алғашқы себебін, жасайтын негізін, көріну түрлерін, олардың өзгешеліктерімен қарама - қайшылықтарын ашып, ұжымдық өндірістің мәнінің дамуын қарастыруы керек.
Көрсетілген проблеммалар - жоспарлықты ұжымдық өндірістің бастапқы түрі ретінде танып білудегі ең басты проблеммаларды, принципті шешу жоспарлылық ұғымының ішкі қайшылықтарын көрсету арқылы, диалектикалық материализм принциптерін шығармашылықпен қолданумен жүреді.
Экономикалық әдебиеттерде жоспарлылықтың екі анықтамасы кеңінен таралған. Біреулері жоспарлылықты қоғамдықөндірісті саналы түрде реттеу деп есептейді. Басқалары мұны барлық экономикалық процесстердегі қоғамдық өндіріске қатысушылардың қызметін келістіру дейді. Принципті тұрғыдан екінші анықтаманың біріншіден айырмашылығы аз, өйткені келістіру саналы реттеуді қажет етеді. Келтірілген жоспарлылық түсінігі туралы қоғамдық қызметтерінің барлық жағын жоспарлау үшін жасалған, ол жоспарлықты көрсетпейді. Ғимараттар, үйлер, технология, бойынша бірнеше айдың орнына 10-15 жыл салынса, жеміс - жидек сақтайтын орындағы көкөністердің бұзылуы сияқты, жоспарлылық та бұзылады. Өндіріс технологиясына сәйкес тұтынуға түскен әзір өнімдер ғана жоспарлылық қатынастарды білдіреді. Жоспарлылықтың өзге анықтамаларының мәнін көрсетпейді, олар ұғымның өзгерген түрлері. Өнімді жасау процесіне тек материалдық заттар қатысып қоймай, сонымен қатар бұл еңбек процесіне жұмысшылар пайдалану тәсілі де қатысады. Сырттай бұл өндіріс факторларының сандық ара қатынасы болады, осы ара қатынастар, келісулер, үйлестірулер арқылы жүреді. Соңғысы материалдық - заттық факторды қоғам мүшелері тұтынатын әзір бұйымға айналдыру үшін қажет.
Жоспарлылық - тікелей қоғамдық еңбек әрекетінің, оның өндірістік әрекетінің нәтижесі. Жоспарлылық жүзеге асырылуы мен асырылмауы бірлескен немесе тікелей қоғамдастырылған еңбектің тікелей қоғамдық еңбекке айналған нәтижесінен көрінеді. Кез келген бірлескен еңбек тікелей қоғамдық еңбек емес.
Қоғамдық өндірісте жеке - дара жұмыс күшінің шығыны бастапқы кезінен - ақ жұмысты қоғамдық бөлу болып көрінеді, әрбіреуі түрлі өнімнің белгілі бір бөлігін өндіреді. Бұл жағдайда қоғам мүшелерінің қандай да бір қажетін өтейтін өнім тікелей қоғамдастырылған еңбектің нәтижесі ретінде тікелей қоғамдық өнім болуы және болмауы да мүмкін.
Тікелей қоғамдастырылған өнімді тікелей қоғамдықпен салыстыруға болмайды. Олар іштей байланысты болғанымен, социалистік еңбектің түрлі сипаттары.
Айтылғандардан шығатыны: тікелей қоғамдық өндіріс және тікелей қоғамдастырылған еңбек бірлігінің қайшылығы, жоспарлылықтың негізін қалайды, ол тек ұжымдық өндірістің негізгісі.
Жоспарлылық - тікелей қоғамдық еңбектің білдіретін жоспарлылықтың бұл қасиеті, оның тікелей қоғамдық еңбекпен және өнімдегі бірлескен еңбекпен дами алатын мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Тікелей қоғамдық еңбек өткізу көлемін ұлғайтып немесе кеміте алады, яғни сандық жағынан өзгертеді, бірақ мәні бұрынғысынша қалады. Ұжымдық өндіріс күрделілігіне қарай сипаты мен мазмұны өзгеретін әртүрлі еңбектермен жүргендіктен оларды уақытпен өлшеу асығыстау.
Жоспарлылық - ұжымдық өндірістің мәндік қатынасы ретінде жалаңаш күйде емес, басқа түрде көрінетін әрекет. Осыны көрсете келіп К.Маркс: заттардың көріну түрімен мәні тікелей сәйкес келсе, онда кез келген ғылым артық болар еді.,- деп жазды.
Жоспарлылық мәнді құбылыс ретінде пайда болып, белгілі бір түрде көрінеді, өйткені, Түр мәнді. Мән түрленгенә түрдің даму процесі объективті және олардың дамуы біздің мұны білуімізді қажет етпейді. Түрдің дамуы тарихи сипатта болады, өйткені өндіргіш күштердің өркендеуі қатынастарды өзгертеді, осыған сәйкес мәнді білдіретін түрлері өзгеше.
Жоспарлылықтың алғашқы көрінісі қарапайым, мұнда еңбекшілердің әртүрлі қызметтері мен жұмыс салалары келісімді. Машиналардың және ірі өнеркәсіптің пайда болуы түпкі өнімді мысалы машина өндіріс процесін үйлестіруді қажет етеді. Соңғысы белгілі детальдардың саны мен сапасының болуына қатаң қарайды. Демек, барлық цехтар, участоктар жинақтау цехына белгілі деталь бөлшектерін жеткізулері тиіс.
Реттеу капитал дамуының бастапқы кезінде тек өндіріс процесін қамтиды. Өндірістің басқа мәселелері не өндіру, қанша және қашан өндіруді капиталистер құн заңына сәйкес шешіп отырады. Осыған сәйкес жоспарлылық та өндірістің капитал заңына бағынады. Алайда өзінің даму барысында өндірісті өркендетпесе, капитал өздігінен капитал бола алмас еді. Капиталдың дамуы соңынан өндіріс көлемін шоғырландыру арқылы және жаңа шаруашылық салаларын енгізу арқылы ұлғайтты. Бұл әсіресе, капиталистік өндіріске тән материалдық - техникалық базасын, капиталдың еркін бәсекесінің монополистік капитализмге айналуынан анық көрінеді тірі еңбек пен материалдық шығындарды белгілейді. Мұнда жалпы шығындар емес, өнім өндірушілерге тапсырылған белгілі шектеулі шығындарды есептейді. Осылай әртүрлі шаруашылық қызметтер жасалады.
Еңбек өнімін өндіру процесі үнемі қайталанып, өндірушілердің алдын ала оны өндіруге кететін шығындарды білуіне жағдай туғызады. Экономикалық тәжірибенің негізінде алдын ала бір өнімге, тіпті барлығына кететін еңбек және материалдық шығындарды белгілейді.
Нормалау - жоспарлылық дамуының тарихи түрінің қажетті элементі. Жоспар қоғамға қажеттіліктер мен ресурстарды нормативтер арқылы белгілейді. Мұнсыз ешқандай жоспар ғылыми негізделмейді.
Ұжымдық өндірістердегі жоспарлы қатынастардың басты буыны - есеп пен бақылау. Ұжымдық басты - буыны есеп пен бақылау. Ұжымдық өндірісжағдайында өнімдерді жасау әр-түрлі еңбек ресурстары арқылы жүреді, олардың сипаты мен күрделілігі түрліше. Ұжымдық өндірістегі еңбек процесі, ол жұмысшылардың қабілеттері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономика жүйесі
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Экономикалық жүйе: мәні, түрлері және көрсеткіштері
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер. Қазақстан экономикасын басқару
Экономикалық жүйе модельдері: жоспарлы, рыноктық, аралас
Пәндер