Везикулалық тасымалдану


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Везикулалық тасымалдану

Жоспары:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім:

  • Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы
  • Везикулалық тасымалдану
  • Фосфолипидті везикулаларының құрылуы

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бірі -заттар ағының қамтамасыз ету болып табылады.

Заттар ағыны дегеніміз:

  • біріншіден- жасуша ішінде, кедір-бұдыр эндоплазмалық торда синтезделген ақуыздардың органеллалар арасында әрлі-берлі тасымалдануы;
  • екіншіден-көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың, асқорыту ферменттерінің, антиденелердің, өсу факторларының және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы;
  • үшіншіден-сыртқы ортадан жасушаға үнемі әртүрлі заттардың өткізілуі.

https://kor.ill.in.ua/m/610x0/1693593.jpg?v=635797435412326191

Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі

Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы белгілі:

  • Жай диффузия
  • Жеңілдетілген диффузия
  • Белсенді тасымалдану

Жай диффузия - өздігінен, ешбір көмексіз, заттардың концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтуі.

Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар және ұсақ, бейтарап молекулалар өтеді.

Мембрана арқылы шектелген қуыстардың концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.

Жеңілдетілген диффузия бұл әдісте де заттар өздерінің концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтеді, яғни жоғары концентрациядан төменгі концентрация бағытында, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге аспайды, ал ерекше тасымалдау ақуызы- транслоказаның көмегімен жүреді. Транслоказалар - өздері өткізетін заттарға азды-көпті сай болып келетін интегралдық ақуыздар. Мысалы, эритроцит мебранасындағы аниондық арналар, қозғыш жасушалар плазмолеммасындағы К + каналдары, саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы Са + каналдары.

Белсенді тасымалдау - мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар олардың концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға өткізіледі. Бұл құбылыстың 2 нұсқасы белгілі:

Симпорт кезінде транслоказа екі затты (У, Х) бір бағытта өткізеді, оның біреуі -У концентрация градиенті бағытында диффузияланып екінші затты-Х, өзімен бірге ілестіріп өткізеді. Мысалы, бүйрек арнашықтарынан глюкозаның реабсорбциялануы осындай тетік (механизм) арқылы Nа + ионымен бірге симпортталынады. Егер симпортқа қатынасатын заттардың екеуі де иондар болатын болса, олар түрліше зарядталған қажет.

Антипорт - транслоказа арқылы заттардың (У, Х) қарама-қарсы бағыттарда өткізілуі, яғни У молекуласы Х-молекуласымен алмастырылады.

Мембрана арқылы түйіршіктердіңжәне ірі молекулалы қосылыстардың өткізілуі

Биомембраналар арқылы тек ұсақ молекулалы заттар ған өткізіліп қоймай, сол сияқты ірі молекулалы қосылыстар және ұсақ түйіршіктер де өтеді мысалы, жаңадан синтезделген митохондриялық ақуыздар митоходрия мембранасын созылған тізбек күйінде кесіп өтсе, ядролық ақуыздар ядролық поралар арқылы өтеді.

Заттардың плазмолемме арқылы өтуі мембраналық көпіршіктер арқылы, секреторлық тетіктер негізінде жүзеге асады.

Заттардың тасымалдану бағыттарына және тасымалданатын заттар сипатына қарай трансмембраналық тасымалдану үдерісінің бірнеше түрлері белгілі:

Экзоцитоз - түйіршіктердің және ірі молекулалы қосылыстардың жасушадан шығарылуы.

Экзоцитоз

Секреция еріген заттардың секреторлық көпіршіктер арқылы сыртқа шығарылуы

Экскреция қатты түйіршіктердің жасушадан шығарылуы

Эндоцитоз - заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі.

Эндоцитоз

Пиноцитоз- еріген макромолекулалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі

Фагоцитоз -қатты түйіршік заттардың жасушаға енгізілуі

Рецептор арқылы жүзеге асатын эндоцитоз-

жасушаға енгізілетін заттар плазмолемма бетіндегі рецепторлармен байланысып жасушаға енгізіледі

Заттардың жасушаішлік - везикулалық тасымалдану ының әмбебап және тиімді құралы болып тасымалдану (мембрана) көпіршіктері (липосомалар, мицелийлар) арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы болыптабылады.

0_5035f_c6309dc9_L

Везикула - тері бөртпелерінің бірінші ретті морфологиялық элементтерінің бірі. Экссудаттың эпидермисте жиналып, кішкене қуыс құрауы нәтижесінде қалыптасады. Орнына қарай эпидермис іші және эпидермис астына орналасқан көпіршік болады.

Везикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік (липосома, мицелла) қабырғасын (мембранасын) құрастырады, ал оның қуысында басқа органеллаларға арналған не жасуша сыртына шығарылатын «жүк» молекуласы болады.
Жасушаішілік везикулалық тасымалдау эндоплазмалық ретикулум (ЭПТ) ммбранасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликолизденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Содан кейін ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктелініп, Гольджи кешенінің цис-полюсін өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздардың гликолизденуі әрі қарай жалғасады, ал Гольджидің транс-полюсі мен транс-торларында ақуыздың гликолизденуі толығымен аяқталады.

Фосфолипидті везикулаларының құрылуы

Қорытынды

Везикулалық тасымалдау - везикуланың көмегімен бір органелладан екінші органеллаға ақуыздардың алмасуы жүреді. Везикулдар бір органеллалардың мембранасынан ерекшеленеді, кейін басқа органеллалардың мембранасымен бірігіп, жойылады. Ақуыздар көпіршіктер қуысына ауысады немесе мембраналардың құрамы интегралды ақуыздар тектес болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Ж. Стамбеков, В. Л. Петухов «Молекулалық биология» - Новосибирск 2003ж.
  2. Сәтбай Әбилаев «Молекулалық биология және генетика» Шымкент 2008
  3. Б. К. Бегімқұл «Генетика» - Алматы 2000ж.
  4. www. google. kz
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Визикулалық тасымалдау
Везикулярлы тасымалдау. Жалпы мәліметтер
Биологиялық мембраналардың қызметі жайында
Везикулярлы тасымалдау
Гидрофильдік зат
Мембраналық транспорт: активті, пассивті, везикулярлық транспорт
Биологиялық мембрана арқасында
Биологиялық мембрананың құрылысы
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Өт- тас ауруы. Созылмалы тасты холецистит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz