Кен орындарының геологиялық-физикалық сипаттамасы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1-бөлім. Кен орындарының геологиялық-физикалық сипаттамасы . . . 4
1. 1. Кен орны жайлы жалпы мағлұмат . . . 4
1. 2. Кен орынның газдылығы . . . 6
1. 3. Газдың физика-химиялық сипаттамасы . . . 7
2-бөлім. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау . . . 8
2. 1. Еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері . . . 8
2. 2. Өндірістік санитария . . . 9
2. 3. Техника қауіпсіздігі . . . 11
2. 4. Өрт қауіпсіздігі . . . 12
3-бөлім. Ұңғы жөніндегі жалпы мағлұматтар . . . 14
3. 1. Ұңғы конструкциясы . . . 14
3. 2. Ұңғы оқпанының профилі . . . 16
3. 3. Бұрғылау сұйықтықтары . . . 17
3. 4. Ұңғы сағасының жабдықтары . . . 18
3. 5. Ұңғыны бекіту . . . 19
4-бөлім. Кәсіпорын экономикасы . . . 21
4. 1. Жобаны игеруге қажетті қаржыны есептеу . . . 21
4. 2. Пайдалану шығыны . . . 23
4. 3. Салық және бөлініс . . . 24
5-бөлім. Табиғи газды кәсіпшілік өңдеу . . . 26
5. 1. Компрессорлық станция . . . 26
5. 2. Сығымдау компрессорлық станциясы . . . 27
5. 3. Газды абсорбциялық кептіру қондырғысы . . . 29
Қорытынды . . . 32
Әдебиеттер тізімі . . . 33
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007ж. ақпандағы «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Газ өндіру саласының жаңа стратегиясын тұжырымдауы және оны іске асырудың заңнамалық негізін жасауы тиіс.
Өзіміздің табиғи ресурстарымызды ұқыптылықпен пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, ескірген әрі «лас» технологияларды бақылаусыз әкелу, қалпына келетін ресурстарды тиімсіз пайдаланудың сенімді және басқа да проблемаларды шешу үшін ықпалды заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.
Каспий қайраңындағы мұнай өндіретін кен орындарын игеру барысында табиғатты қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына, бақылауды күшейту қажет. Үкімет көмірсутегін өндіру кезінде «жасыл мұнай» қағидаты бойынша экологиялық стандартты қатаң сақтауға міндеттейтін халықаралық сертификаттар енгізу мәселесін қаперге алуы тиіс.
Біздің энергетика мен мұнай салаларын дамытудың басты мәселесі энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру, әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттың энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс.
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторларында қосылған құнды жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз» деп атап көрсетті.
1959 жылы Үкімет шешім жасап Бозой газ кенорнында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жұмыс басталды.
Бозой газ кен орны өзіне тиесілі жұмыстарды атқарып тұр. Бізге белгілісі газды өндіру процесі бір қалыпты жүріп отырады да, ал онымен тұтыну процесі жыл мерзіміне байланысты өте үлкен шекте азайып немесе көбейіп отырады. Сондықтан жазғы мезгілде, яғни газды тұтыну мөлшері азайған кезде қысқы маусымға арнап газ өнімінің қажетті қорын жинап алу мәселесі туындайды. Бұл мәселенің тиімді шешімі - табиғи газды сұйықтатып арнайы қоймаларда сақтау.
1. КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Кен орны жайлы жалпы мағлұмат.
Бозой газ кен орны 1964 жылы Актюбнефтеразведка тресі көмегімен ашылды. Бозой кен орнына екі газ шоғыры кіреді: Жаманқоянқұлақ(сурет-1) және Жақсықоянқұлақ(сурет-2) . Осы екі газ кен орны өздерінің газшоғыры контурына ие және арасы 3-4 км болатын кішігірім кезеңмен бөлінген. Жақсықоянқұлақ жер асты газ сақтау қоймасындағы газ шоғыры Жаманқоянқұлақ жер асты газ сақтау қоймасының шоғырына қарағанда гипсометриялық қатынаста 20-25 м жоғарыда жатыр.
Сурет-1. Жаманқоянқұлақ газ шоғыры
Сурет-2. Жақсықоянқұлақ газ шоғыры
1967 жылы ҚМК(қор туралы мемлекеттік комиссия) газ қорының есебін жүргізіп бекітті. Жаманқоянқұлақ және Жақсықоянқұлақ кен орнының алғашқы газ қорлары
11, 785 және 12, 248 млрд. м 3 көлемінде болды. Жаманқоянқұлақ және Жақсықоянқұлақ жер асты газ сақтау қоймасының алғашқы қабат қысымдары 33, 6 және 33, 4 кг/см 2 тең болды. Жаманқоянқұлақ кен орнының ауданы - 19, 5х9, 5 км, ал Жақсықоянқұлақ кен орнының ауданы - 31х12 км құрайды.
- Шоғыр типі - қабаттық, дөңес
- Өнімді горизонт - палеогендік жүйенің, құмай, сексеуіл орта және жоғары эоцегендік қалыптасулар.
- Коллектордың жалпы орташа қалыңдығы - 28 м, орташа өлшенген тиімді газға қанығушылық зонасы Жаманқоянқұлақ кен орнында - 8, 1 м, ал Жаксықоянқұлақ кен орныда - 7, 5 м.
- Коллекторлар кеуектілігі - 36%
- Өткізгіштігі - Жаманқоянқұлақ кен орнында - 0, 1-1, 04х10-12м2, ал Жақсықоянқұлақ кен орнында - 0, 63-1, 428х10-12м2.
- Коллекторлардың газға қанығушылығы - 70 %.
Кен орынды жабдықтау 1967 жылы басталды, ал өндірістік пайдалану 1968 жылдан бастап іске қосылды.
Пайдалану кезінде Жаманқоянқұлақ кен орнынан - 3, 668 млрд. м 3 , ал Жақсықоянқұлақ кен орнынан - 6, 146 млрд. м 3 газ алынды. Жаманқоянқұлақ кен орнының қабат қысымы 2, 55 Мпа-ға азайды, ал Жақсықоянқұлақ кен орнының қабат қысымы 2, 28 МПа-ға азайды.
Қойманы жасау кезіндегі ҚМК есебі бойынша қалдық қорлар көлемі Жаманқоянқұлақ кен орнында - 8117 млн. м 3 , ал Жақсықоянқұлақ кен орнында - 6060, 2 млн. м 3 тең. [1]
- Кен орынның газдылығы
Газды қабат сексеуіл тастопшасының жоғарғы эоцегендік құмай горизонтының жоғарғы бөлігіндегі теңіз шөгінділерінде орналасқан. Бұл горизонт солтүстік Үстірт және Батыс Арал маңы аймағындағы территорияда литологиялық сақталған.
Алғашқы газ шоғыры И. С. Плещеев мәліметтері бойынша солтүстік-батыс Үстірттегі Мылсуалмас аймағында 1959-1960 жылдары ВАГТа-ның 2-экспедициясы көмегімен табылған.
1964-1965 жылдары Бозой көтерімінде жүргізілген құрылымдық-іздеу және барлау бұрғылау жұмыстары нәтижесінде оңтүстіктен солтүстікке дейін тізбек бойынша орналасқан 3 газ шоғыры ашылды: Жаманқоянқұлақ, Жақсықоянқұлақ, Кемсеңмөл.
Бұл шоғырлардың ішінде ерекше барланған Жаманқоянқұлақ және Жақсықоянқұлақ кен орындары.
Алғашқы өндірістік газ ағымы 1964 жылы желтоқсан айында Г-9 ұңғымасынан алынды. Абсолютті еркін газ дебиті 533 мың м 3 /тәулік болды. Ұңғыманы зерттеу нәтижесінде мұнай көздері табылған жоқ. Кен орны тек газды болып табылады.
Литологиялық горизонт алевриттер, саздар, кей жерінде алевролиттер және ұсақ құмдақтардан тұрады.
Алевриттер әртүрлі көлемді, жасыл реңі бар сұр түсті, кварцты-глауканитті, жіңішке(0, 5-1, 0 см) саз қабаттары бар.
Саздар сұр-жасыл, алевритті, слюидті, тығыз, майлы және балық қабыршақтары мен ұлу қалдықтары орын алады.
Өнімді горизонт екі қабаттан тұрады, негізгі газға қаныққан жоғарғы қабаты болып табылады. Осымен қатар кейбір ұңғыларда ақсаз горизонтының астында газға қаныққан құм-алевроидты қабаттар бар. Газға қаныққан қабаттарды көріну қарсылығы 2-ден 6, 5 Ом-ға дейін, ал суға қаныққан қабаттарда 0, 5-тен 1, 0 Ом-ға дейін жетеді.
Қабат қалыңдығы оңтүстік периклинальдан (6-10 м) көтерілімнің дөңес бөлігіне (18 м-ге дейін) қарай бағытта көтеріледі, одан әрі солтүстік периклиналь бағытына қарай 10-3, 5 м-ге дейін төмендейді, құрылымның қанатты бөліктерінде қалыңдығы кейде 21 м-ге жетеді.
Төменгі қабат жоғарғы қабаттан негізінен қалыңдығы 4-тен 19 м-ге дейін жететін саз қабаттарымен бөлінген. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 12-ден 40, 5 м-ге дейін жетеді. Қабаттың ең үлкен қалыңдығы көтерілімнің дөңес бөлігіне және оңтүстік периклиналь аймағына келген (28, 5-40, 5 м), осындай қалыңдық қанатты бөліктерінде де сақталған.
Солтүстік периклинальда қалыңдық 12-ден-21, 5м-ге дейін төмендейді. Бірақ, ортаңғы бөлігінде қабат қалыңдығы 17-5-25 м, ал солтүстік-батыс қанатында және солтүстік аяқталуында 12-16 м-ге дейін төмендейді.
Қабаттың тиімді газға қаныққан қалыңдығы 3, 5-тен 13, 5 м-ге дейін өзгереді, орташа қалыңдық 7 м-ді құрайды.
Қабаттың көтерілімнің дөңес бөлігіндегі абсолютті жатыс төбесі тереңдігі 193 м-ді құрайды, газдылық контурына 245, 4 м-ге дейін жоғарылайды, газдылық қабаты 50 м-ді құрайды. [2]
- Газдың физика-химиялық сипаттамасы
Ұңғы сағасын тексеру барысында Жаманқоянқұлақ кен орнынан 11 сынама тексерілді. Сынамалар АоГГИГ және ВНИИгаз лабораторияларында тексерілді.
Тексеру мәлеметтері бойынша газ құрғақ болып табылады, құрамында көп көлемде метан (81-ден 95, 7%) бар. Құрамында ауыр көмірсутектер саны аз (0, 01-ден 3, 23%) . Көмірсутектерден бөлек газ құрамына көмірқышқыл газы (0, 5-тен 6, 5%), азотинертті газдар (3, 4-тен 11, 3%) да кіреді. Кейбір сынамаларда таза оттек табылды.
Газдың ауаға қарағанда салыстырмалы салмағы 0, 6431-0, 6732 г/м 3 көлемінде.
- ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
2. 1. Еңбекті қорғаудың құқықтық мәселелері
Еңбекті қорғау жұмыс кезінде адамның еңбек қабілеттілігі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар мен әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және сауықтыру - профилактикалық шамалар, заң актілер жүйесінің сұрақтарын қарастырады.
Еңбекті қорғау бойынша нормативті және заңды құжат Қазақстан Республикасының конституциясы, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы және Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау туралы заңы болып табылады.
Қазақстан Республикасының конституциясының 24 статьяның екінші бөлімінде айтылғандай, әрбір адам еңбек ету еркіндігі құқығына еге және еңбек шарттары қауіпсіздігімен, гигиена талаптарына жауап беруі тиіс. Өз кезегінде жұмысшылар Қазақстан Республикасының еңбек министрлігінің еңбекті қорғау департаментті заң шығару актілері мен бекіткен еңбекті қорғау бойынша шаралар мен нормалары талартарын сақтауы тиіс. Бұл баптың жағдайлары «Еңбекті қорғау туралы» заңның 1 тарауында жақсы көрсетілген. Онда жұмысшылардың еңбегін қорғау құқығын қамтамасыз ету туралы, өндірісте денсаулығының зақымдауы мен бақытсыз жағдайларда ескеру мақсатында айтылған. Сондай-ақ мекеме мен шаруашылық әрекетінің барлық түрлерінде кездесетін қауіпті және зиянды факторларды минимумға келтіру туралы (5-бап, 2-тарау) .
Заң шығарылу еңбек туралы нормативті актілері орындалуын эарнаулы өкілеттіліктер сол үшін мемлекеттік ұйымдар, , сол сияқты солардың қарауындағы еңбектің техникалық және құқықтық инспекциялары орындайды.
Заңға сәйкес (17 статья) өмірге және денсаулықа зиянды және қауіпті жұмыстар 18 жастан кіші және әйелдер еңбегін шектейді.
Заңды құжаттарға сәйкес мұнай кен орындарында еңбек қорғауды Қазақстан Республикасының еңбек қорғау департаменті бақылайтын арнайы бөлім орындайды. Құқықтың жауапкершілік жұмыс жетекшісі мен объект бастығына жүктеледі. Жұмысшылармен келісім «Казахат - Әмба» ААҚ-мен еңбек қатынасында тұратын кен орнымен бекітіледі.
Еңбек туралы заңның 5 тарауының 45 бабында қызметкерлердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс,
14 - 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағат, яғни 6 күнде 4 сағат, 16 - 18 жасқа дейін 36 сағат - 6 күнде 4 сағат.
Түнгі уақытта жұмыс істеу 48 бабына сәйкес жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.
Осы заңдардың сақталуын бақылау 12 тараудың 102 бабында ҚР Үкімет бекіткен ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уакілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Олар тексеру жүргізу туралы тәртіппен рәсімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға, тәртіп бұзушылық туралы актілер жасауға, сотқа талап арызын беруге; анықталған еңбек туралы заңдардың бұзылуына арналған құжаттарды рәсемдеу кезінде мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар.
Бозой газ кен орны өндірісте еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды басқару әкімшілік-техникалық қызметкерлер жүргізеді, демек өндіріс шекарасына дейін кәсіпорын бастығы, ал өндірістік бөлімшелерінде инженерлер, мастерлер, бригадирлер жүргізеді.
Кәсіпорын бастығына тікелей жауапкершілік жүктелген. Оның міндетіне жұмыс еңбек талаптары мен нормалардың орындалуы кіреді. Сол сияқты профилактикалық - ұйымдастырушылық шаруалары, техника қауіпсіздігі бойынша және бақытсыз оқиғаны тексеруде. [3]
- Өндірістік санитария
Өндірістік санитария ауаның жоғары температурасы мен газдану, вибрация, шу, шаң сияқты зиянды факторлардың әсерін төмендету немесе жоятын санитарлы-гигиеналық және ұйымдастыру іс-шараларының сұрақтарын қарастырады.
Бозой кен орны нысаны адам организміне әсер ету дәрежесіне байланысты ГОСТ 12. 1. 007-80 ССБТ “Заңды заттар классификациясы және қауіпсіздіктің жалпы талаптары” құжатына сәйкес зиянды заттардың 2-ші класы, яғни жоғарғы қауіпті заттарға жатады.
Газ кен орында ауада әр түрлі зиянды заттардың мөлшері жоғарылайды. Ол адам ағзасына тыныс алу жолы арқылы енеді және тыныс жолдарының сілекей-қабығын зақымдайды. Газдың зиянды әсерін төмендету үшін құбыр ішіндегі кеңістікте сораптан газды шығару үшін газды якорьды сорап қабылдауына орнату ұсынылады.
Гигиеналық зерттеулер көрсеткендей шу мен діріл жұмыс жағдайын төмендетеді, адам ағзасына зиянды әсер әкеледі. Шудың ұзақ әсері кезінде адам ағзасында қажет емес құбылыстар пайда болады; есту, көру, сезу төмендейді, қан қысымы жоғарылайды. Қатты ұзақ шу нерв жүйесі мен жүрек-тамырдың функционалды өзгеруінің себебі болуы мүмкін. Сонымен бірге адам ағзасына вибрацияда әсер етеді: олар жүйе және жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық және тірек-қозғалыс аппаратының өзгеру себебі болуы мүмкін.
Діріл классификациясы, мөлшері, талабы ГОСТ 12. 1. 012 -90 “Виброционная безопасность” қаралады. ГОСТ 12. 4. 012-83 “Вибрация. Средства измерения и контроля вибраций на рабочих местах. Технические требования”, ГОСТ 16519-78 “Машины ручные. Методы измерения виброционных параметров” деген стандарттар бойынша өлшеуіш құралдарының талабы қарастырылады.
Шу қатты, сұйық және газ тәрізді ортада механикалық қозғалу кезінде пайда болады. 20 - 2000 Гц жиілікті механикалық қозғалыс дыбыс түрінде есту аппаратымен қабылданады. 20 төмен және 2000 Гц жоғары жиілікпен қозғалыс адам ағзасына зиянды биологиялық әсер етеді. Барлық спектр жиілігі бойынша таралған дыбыс энергиясының шуы кең таралған деп аталады. Анықталған жиілікпен естілген дыбыс шуы тональды деп аталады. Жеке импульс сияқты қабылданған шу импульсты деп аталады.
Шуды мөлшерлеу ГОСТ 12. 1. 003-83 “ЕҚСЖ”, “Шу қауіпсіздігінің жалпы талаптары” құжатына сәйкес мөлшерленеді. Ол құжатта шудың мөлшері мынадай:
- дыбыс қысымының деңгейіне, дБ (74-99дБ) ;
- жиілігіне байланысты, Гц (63-8000 Гц. ) .
Осы ауру кезінде бас ауру, бас айналу, жоғары зорығу болуы мүмкін. Вибрацияның ұзақ әсері кезінде вибрациялық ауру деп аталатын даму пайда болады. Дірілдік аурудың ауыр формалары жеке немесе толық жұмыс істеу қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін.
Адамның көңіл-күйі мен жұмысқа қабілеттілігі еңбек процесі нәтижесінде болатын өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайына байланысты болады.
Адамға әсер ететін метеорологиялық фактор дегеніміз - температура, ылғал, ауаның қозғалу жылдамдығы, қысым және жылуды айтады. Осы факторлардың жиынтығы өндірістік микроклимат деп аталады.
“Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайын белгілейтін нормативтік” құжаттарға ГОСТ 12. 1. 005-80 “Еңбек аймағындағы ауаның жалпы санитарлы-гигиеналық талавптары” және “Өндіріс орындарын жобалаудың санитарлық нормалары (СН 245-71) ” жатады. Бұл құжаттарда температура салыстырмалы ылғалдылықтың және ауаның қозғалу жылдамдығының оптимальді және шектеулі мөлшерлері көрсетілген.
Шектеулі дегеніміз - адам ағзасына ұзақ уақыт әсер еткенде адамдарда терморегуляциялық реакцияның пайда болуын, бірақ денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырмайтын микроклиматтық параметрлерді айтамыз.
Оптимальді дегеніміз - терморегуляциялық реакцияның пайда болуына әкеліп соқтырмайтын және адамның жұмыс қабілеттігін арттыратын параметрледі айтамыз.
Жұмыс аймағындағы ауа температурасының оптимальді деңгейі ГОСТ 12. 1. 005-88 көрсетілген. Ол 16 С-ден 25 С аралығында болу керек. Жылдың суық және ауа райында температура 13 С пен 25 С аралығында болуы керек. ГОСТ 12. 1. 005-88-де салыстырмалы ылғалдылық 40 . . . 60%, ал рұқсат етілген мөлшері 75%-ға деп белгіленген.
Метеорологиялық параметрлерді анықтау және бақылау:
- Температураны: спирттік немесе сынаптық термометрмен немесе термографпен (белгілі бір уақыт аралығындағы температураны лентаға жазып алады) .
- Ылғалдылық: психрометрмен.
Жылдың жазғы уақытында, ауа температурасы + 30 о С көп болғанда объектіде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі мен сезінуінде үлкен әсер етеді, адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесі мен байланыс адам ағзасына әсер етеді. Осындай метереологиялық жағдайда ұзақ уақыт болғанда адамда жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді және өзін сезінуі нашарлайды. Осы зиянды факторларды жою үшін шаралар қарастырылған: арнайы киіммен, аяқ киіммен жұмысшыларды қамтамасыз ету, жұмысшыларды салқындату үшін бөлме, жұмысшылар үйіне қалқа, қорғану құрылыстар орнату. Микроклиматтық жағдайға қарамастан мұнай мен газды игеру жылдық барлық уақытында, тәулік бойы жүзеге асырылады.
Санитарлық гигиеналық шаралар - бұл қызметтегі зиянды факторлардан туындайтын кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған және жұмыс орнын ыңғайлы қылып қамтамасыздандыру болып табылады. Бұл жерде еңбек гигиенасы жұмыс орнының денсаулыққа кері әсерін тигізбеуіне әртүрлі шаралар жасайды. [4]
- Техника қауіпсіздігі
Шыңырауды пайдаланудың қалыпты және қауіпсіздігінің маңызды жағдайы технологиялық режимді сақтау. Ол үшін шыңыраудағы барлық пайда болғандарға мұқият бақылау мен оның жұмысының өзгеруіне бақылау орнату керек. Режимнің бұзылуы ашық анықталуға әкеліп соғады. Ашық атқылау кезінде бетке колонна құбырларын лақтыру, өрт, тұтанудың үлкен ықтималдылығы бар. Осының бәрі қызмет етушілерге зиянды әсерін тигізеді.
Фонтанды шыңыраулар - престелген фонтанды арматурамен жабдықталады, ашық фонтандауды болдырмау үшін клапан - отсекательдер қолданылады, ал фонтанды арматуралар периламен және сатымен алаңға орнатады. Фонтанды шыңырауларда құбыр ішіндегі кеңістіктегі буферлі қысымды өлшеу үшін үш жүрісті кранмен манометрлер стационарлы орнатылуы керек.
Газ өтетін құбырлар мен аппараттардың қысымын және температурасын бақылап-өлшейтін манометрлер мен термометр аспаптары қолданылады. Бұл аспаптар 2 жерде қондырылады, яғни біреуі құбыр басында, ал екіншісі цнх ішінде жұмысшы адам компьютерде бақылап отырады. Осы обьекттерде жұмыс істейтін жұмысшыларға өздігінен ысырмаларды мөлшер реттеуіштерді (вентиль) құбыр крандарын ашып жабуға тиым салынады. Өйткені бұл апат жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Зақымдалған қысым кезінде үш жүрісті кран манометрді шешуге мүмкіндік береді. Штуцер және штуцерлі қалқыманы ауыстыру алдында түсу қорында жұмысшы ағынды келтіру керек, жұмысшы түсуде қосқышты жабады, содан кейін линияда орнатылған вентиль көмегімен атмосфералыққа дейін штуцермен струнда қысымды төмендетеді.
Газдың құбыр ішіндегі қысымын төмендету бірінші ашық кезінде қосқыш крестовигінен екіншісі арқылы штуцер көмегімен ғана рұқсат береді. Аппаратуралар мен шыңырауларды байлау ыстық сумен немесе тек бумен ғана жылыту керек. Жоғары қысымды мұнай құбырлары пісірумен жалғанған тігіссіз болат құбырдан төселінеді.
Құрал - жабдықтың герметикалығының бұзылу мұнайлы газбен улану, өрт қауіптігі туады, территорияны ластайды, газ және мұнайдың ағуы пайда болады. Сондықтан герметикалық өз уақтысында жойылуы тиіс, ал территория таза болуы керек.
- Өрт қауіпсіздігі
Технологиялық процесстерде жылдамдық, қысым, жоғары температура, электр энергиясын, өртке қауіпті жұмыстарды кең қолдану, жаңа заттар мен материалдар қолдану қазіргі өндірісте өрт - тұтану қауіптілігін жоғарылатты. Бұл әсіресе мұнай - газды өнеркәсіп үшін тән, онда барлық технологиялық процесстер, сонымен бірге игерілетін және өңделінетін өнімдер өрт қауіптілігі.
Кен орнының негізгі объектілері тұтану қауіптілігі бойынша В - І а класына және сыртқы қондырғы В-І а, В-І Г класына жатады.
В-І а класына мұнайлы сораптар бөлмесі, газды компрессорлық станциясы, газ реттеуші бөлме және қалыпты жұмыс кезінде тұтануға қауіпті қоспалар түзілмейтін, бірақ авария кезінде түзілетін бөлмелер жатады.
Өндірістік алаңда ұңғы сағасынан аққан технологиялық сұйық ағыны арығын және тазалау қондырғысын қамтамасыз етуі керек.
Күшті блокты және насосты блокта жанғыш майлау материал қалдығын жинау және шығару қарастырылған.
Алаңдарды бетондау мұнара негізінде насоспен және оның құрылғысымен дизельді электростанциямен бетондау қарастырылғн.
Қабаттық флюидты жинау үшін бұрғылау және ұңғыны тексеру кезінде артық сұйықты шығару жүйесінің соңында сұйық жинау қондырғылары қойылады. Сыртын қоршап тиым салу белгілері орнатылады.
Жанғыш майлау материалдарын сақтау қоймасының сыртына сақтау көлеміне байланысты өрт қауіпсіздігі белгілері қойылады.
Өртке қарсы қолданылатын көлемі 50м 3 -тан асатын су бөкшесі суға толтырылып қойылады.
Кен орны орналасқан аймақта 3 өртке қарсы инвентарлық щит орналастырылған. Олар: күштік блок, насостық блок, ЖММ сақтау блогы. Ал төртіншісі вахталық комплексте (культ. Будка) орнатылған.
Мұнаралық күштік блок және насостық блокқа жақын жерде су берілу жүйесіне қосылған ұзындығы 20 метрлік 2 өрт сөндіру қондырғысы орналастырылады.
Алғашқы өрт сөндіру комплектіне стандарт бойынша 1 щитта мыналар болуы керек:
- МЕСТ бойынша жасалған щит ОХВП - 10 көбікті өрт сөндіру қондырғысы.
- Көмірқышқылды өрт сөндіргіш ОУ-8, 1 дана.
- Отқа жанбайтын киім, 2 дана.
- Лом, 1 дана.
- Қайла, 1 дана.
- Күрек, 2 дана.
- Шелек, 2 дана.
- Құм салынған жәшік 1м3, 2 дана.
- Өрт бөшкесі 0, 2 м3, 2 дана.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz