Сойып ашу хаттамасы



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Патологияның дамуы адам және жануар мәйіттерін ашып – союмен тығыз
байланысты. Өліктерді алғашқы ашып – сою жануарлар мен адамдардың қалыпты
дене құрылысын зерттеу мақсатында жүргізілген. Біздің заманымызға дейінгі
бірнеше жүздеген жылдар бұрын Патоломей патша дарға асылып өлтірілгендерді
зерттеу үшін өліктерді дәрігерлерге тапсыруды бұйрық берген. Бірақ, орта
ғасырлардағы дініи ырымшылдық қысымымен бұл эксперименттерге тиым салынған
және оны кім істесе, сол адамды дарға асқан.
1827 жылы Р. Брайт дененің жалпы ісуімен, альбуминурия,
гематурия және жүрек гипертрофиясымен сипатталатын сырқаттар тобының бүйрек
патологиясымен байланысты екенін алғашқы рет көрсетіп берген болатын. Сол
кезден бастап бүйрек ауруларын Брайт сырқаты деп атап кеткен. XX
ғасырдың басында (1914) Ф. Фольгард және К.Т. Фар (бірі клиницист, бірі
патологоанатом) бүйрек сырқаттарын үш топқа бөлуді ұсынған: I) нефриттер,
2) нефроздар және 3) нефросклероздар. 1960 жылдардан бастап көптеген
клиникалык, иммунологиялык, әсіресе электронды микроскопиялықзерттеулер
нәтижесінде нефроздың жеке сырқат емес, бүйрек шумақдшаларындағы
өзгерістермен байланысты патология екендігі анықталды. 1980 жылдардан кейін
бүйрек ауруларын екі топқа бөліп қарастыратын болды: 1) гломерулопатиялар
және 2) тубулопатиялар. Гломерулопатиялар деп бүйрек шумақшаларында болатын
өзгерістерді түсінсек, тубулопатияларда негізгі өзгерістер бүйрек
өзекшелерінде табылады [1,2].
Қазіргі таңда бүйрек патологиясында бүйректің барлық
құрылымдық компоненті қатысатындығы белгілі болды. Сондықтан бүйрек
ауруларын үш үлкен топқа бөліп қарайды: 1) бүйрек шумақтарының аурулары
(гломерулалық аурулар); 2) тубулоинтерстициалдық нефриттер; 3) бүйрек
қантамырларының аурулары (біріншілік нефросклероздар).
Мембранопролиферативтік гломерулонефриттік екінші түрінде өте тығыз
депозиттер неізгі мембрананың ішінде орналасады, сондықтан бұл патологияны
"тыгыз депозиттер ауруы"деп атайды. Осындай депозиттер шумақтардың қабында
да, өзекшелердің және өзекше айналасындағы капиллярлардың негізгі
мембранасында да табылады. Негізгі мембрана қалыңдап, кейде қатарласып
"трамвай жолындай" болып көрінеді. Жай микроскоппен қарағанда
бүйрек шумақтары үлкейген, негізгі мсмбранасы қалыңдаған, мезангий
жасушалары көбейген, кейде жарты ай көріністері көрінеді. Бүйрек
шумақтарында фиброз құбылысы басым болса, ол жердс бүйрек мембранасының
қалындап склерозға ұшырағаны, эндотелий және мезангий жасушаларының
пролиферациясы бүйрек шумақгшаларының бүтіндей склерозданып немесе
гиалинозданып қалғаны байқалады. Осы шумақшаларға тиісті бүйрек өзекшелері
бтіндей агрофияланып, жойылады, оның жанында сақталып қалған шумақтар орнын
толтыру есебінен гипертрофияланады. Бүйректің аралық тінінде негізінен
лимфоциттер мен плазмалы жасушалардан тұратын қабыну сіңбелерін және
фиброзды көрешміз. Осы өзгсрістерге байланысты созылмалы гломсрулонефритте
бүйректің көлемі кішірсйіп, сыртқы қабы қалыңдап, оның алынуы қиын болып
қалады, ал бүйректің сырты ірі түйіршікті немесе кедір-бұдыр. Бүйректердің
массасы кейде 50-60 грамға дейін азаяды. Айтылған өзгерістер
гломерулонефриттен соң пайда болғандықтан, екіншілік бүріскен бүйрек дейді.
Бүйрек өзектерінде гиалин тамшылы және гидропиялық дистрофия көрінеді .

1.Сойып ашу хаттамасы

1.1 Хаттаманың кіріспе бөлімі

Мал түрі – сиыр

Малдың жынысы – ұрғашқы

Жасы – 4 жас

Түсі – қоңыр

Салмағы – 550 кг

Өлген күні – 04.11.2017

Мал иесінің аты – Маликова А.Н.

Мал иесінің мекен-жайы – Қостанай қаласы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы,
Қозыбаев көшесі 49 үй

1.2 Анамнез

Аnamnesis vitae: Малдың түрі сиыр, жасы 4–де. Салмағы шамамен 550 кг.
Малдың қоңдылығы жақсы , сүт беруі күніне 10л береді.Сүт майлылығы 3,5%.
Малдар күндіз жайылымда, кешкі уақытта қорада байлауда ұсталады.Күніне 60-
70 кг шөп жиді. Қора іші таза, еден ағаштан жасалынған. Қора ішін күн сайын
тазалап отырады.

Anamnesis morbi: Мал иесінің айтуы бойынша мал күйзеліске ұшырап,
тәбеті жоғалып, дене температурасы көтерілген, бүйрек маңын басқанда
ауырсынулар байқалған, жиі аз мөлшерден зәр аққан, Шөлдегіші артып, құсу
белгілері байқалған. Мал арықтап, жата берген.

Сойып ашу жұмыстары 2017 жылдың 05.11 сағат 10.00 де, Сарыкөл ауданының
ветеринарлық зертханасында жүргізілді.

1.3 Сыртқы көріністері

Мал арықтаған, сол жағымен құлап өлген, үрпісінен қанды зәр аққан,
көзінің іші сарғайған. Кілегей қабықтары көгеріп, ісінген. Жалпы қоңдылығы
қалыпсыз. Іші жұмсақ. Өлгеніне шамамен 3 сағат болған

1.4 Патологиялық – анатомиялық немесе ішкі көріністер

Ұшаның қоңдылығы нашар, Беткейінде домбыққан ісіктер бар. Ішкі
ағзларының ашып қарағанда бүйректе асқынған, нефрит кезіндегі патологиялық
өзгерістер анықталды. Екі бүйрегіде ұлғайған, борпылдақ, ақшыл-сұр,
қоңырқай қызыл түсті, қабықшалы қабаты кеңейген. Ішінен серозды эксудат
ақты.

1.5 Зертханалық зерттеулердің нәтежиелері

Зертханаға өлген сиырдың бүйректерін жібердік. Патологиялық-анатомиялық
зерттеу нәтежиелері бойынша серозды экссудатты асқынған гломерулонефрит
диагнозы қойылды.

Зертханаға әкелінген бүйрек

1.6 Қортынды

Зертханалық зерттеулердің қортындысы, ашып сою нәтежиелері бойынша
лейкозға балау қойылды. Клиникалық көрінісі айқындалып, зерттеу нәтежиесі
бойынша пат.ашып сою нәтежиесі дәлелденді. Аурудың себебі шаруашылықта мал
ұзақ уақыт бойы салқын қорада тұрып, бүйрегіне суық тиген, соның салдарынан
бүйрегі қабынып, осындай салдарға әкеп соқтырған.

1.Әдебиетке шолу

2.1 Жануарлардың несеп шығару жүйесі

Жануарлар ағзасы айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз
денеге жеткізіп, оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті
заттарды алады. Сырттан келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды
денесінен шығару да тіршілік үшін өте қажетті процесс. Ағзада түзілетін әр
түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және газ күйінде болады.
Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы
кеңірек кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның
ұшы тері жабыны арқылы сыртқа ашылады. Ұлуда зәршығару қызметін
шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Оның құрылысы күрделірек
болғанымен, ол шұбалшаңның жұлдызша түтіктеріне ұқсас.
Шаянтектестерде зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп без атқарады.
Әр безден шығатын түтікше қан арқылы жиналатын зиянды заттарды мұртшалардың
түбінен сыртқа шығарады. Өрмекшілер мен бунақденелілер
негізінен мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады Дегенмен өрмекшінің
көкірек бөлімінде бүйрегі болады. Ал қоңыздың тоқ ішек пен аш ішектің
жалғасатын жеріндегі мальпигий түтікшелеріне денедегі зиянды сұйықтар
жиналып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несеп
(зәр) несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоака арқылы сыртқа
шығарылады. Дегенмен бұл жүйеде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән
ерекшеліктер бар. Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп бүйректен несеп түтігі
арқылы клоакаға жиналады да, сыртқа жиі шығарылады. Бұл – құстың ұшуымен
байланысты ерекшелік, яғни оның денесін жеңілдететін бейімділік қасиеті
болып табылады [1]. Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе –
адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасуданпайда
болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік
ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер,
т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен
шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка,
ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар
сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы
құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің
дернәсілі менмоллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий
түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы
ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару
жүйесі –метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде
мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал
шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде
орналасқан без). Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде
(ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге(өрмекші
тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен
жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен
асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады.Омыртқалы жануарларда целомодуктадан
бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа
келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және
жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы
байқалады: бастама бүйрек (пронефрос), дене бүйрегі (мезонефрос), соңғы не
жамбас бүйрегі. Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас
жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші
жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы
дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің
қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді.
Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста
орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы
дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық
зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр
сыртқа Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит
(бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің
қабынуы), т.б [1].

2.2 Бүйрек аурулары

Бүйрек аурулары адамда және жануарларда ең жиі кездесетін аурулар
қатарына жатады. Медицинада және ветеринарияда бүйрек ауруларын зерттейтін
саласын нефрология деп атайды. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор.
Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп шығарушы
негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын,
әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады;
үшіншіден бүйрек шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан
қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады. Бүйректер патологиясын түсіну
ушін олардың қалыпты құрылысына байланысты кейбір анатомиялық және
гистологиялық, мәліметтерді еске түсіру қажет. Буйректердің массасы 260-280
г (әйелдерде 25 грамға кем), оның негізгі құрылымдық бірлігі нефрон болып
саналады, олардың, саны әр бүйректе I миллионға жетеді. Нефрон бүйрек
шумақшаларынан басталады. Осы жерден капиллярлардан тәулігіне 1500 л қан
өтіп, 150 л алғашқы несеп пайда болады. Ол бүйрек өзекшелерінде қайта
сорылып 1,5 л соңғы несеп түзіледі. Қан мен несеп арасында,
электронды микроскоппен жаксы көрінетін шумақша сузгісі (фильтр)
орналасқан. Ол үш қабаттан тұрады: 1) ішкі - эндотелий қабаты; 2) ортада
негізгі мембрана; 3) оның сыртында - эпителий қабаты.
Капиллярлар эндотелийінің көлденеңі 50-100 мм тесіктері (фенестрлері)
болады, олар әрдайым ашық. Ал эпителий қабатының жасушаларын подоцит немесе
эпицит деп атайды. Электронды микроскопта олардың "ұзын өсінділерден"
трабекулалардан және олардан тарайтын "қысқа өсінділерден" педикулалардан
түзілгенін көреміз. Подоциттер бүйрек капиллярларын жан-жақтан орап алып
өзінің "аяқшалары" арқылы оның үстінен көтеріліп тұрады. Бүйрек шумағының
негізгі мембранасы күрделі құрылысқа ие. Ол эндотелий және эпителий
мембраналарының қосылуынан пайда болады. Бұл мембрана негізінен белоктар
мен глюкозамингликандардан түзілген. Осы жердің болмашы зақымдануының өзі
несеп болып шығуын шұғыл өзгертеді. Демек, алғашқы несептің мөлшерін
әсіресе оның құрамы негізгі мембрананың қызметімен анықталады [2].
Кейбір жерлерде осы екі мембрана бір-бірінсн алшақтап арасында мезангиум
дсп аталатын кеңістік пайда болады. Осы жерде аралық зат және мезангий
жасушалары орналасқан, оларды үшінші жасуша деп те атайды. Бұл жасушалар
фагоцитоз кызметін атқарып шөгіп қалған иммунды кешендерді ыдыратады.
Олардың IV типтегі коллаген талшықтарын (ламипил) амилоидты синтездеуге де
қатынасатыны анықталған. Сонымен қатар, мезангий жасушаларында ангиотензин
II, атриопептид және вазопрессинмен әсерлесетін рецептор болады. Мезангий
жасушаларының қысқаруы нәтижесінде капиллярлар тарылып, фильтрация көлемі
азаяды [3].

2.2.1 Нефрит

1.Нефрит – (nefrritits) бүйректің қабынуы. Нефриттің жіктелуі
қиындау, себебі, не этиологиялық, не патогенетикалық қағиғадаттар оның
негізі бола алмайды, сондықтан нефриттің қатаң ғылыми жіктелуі жоқ.
Негізінде бүйрек шумақтары қан тамырларының зақымдануынан болады. Жедел
және созылмалы түрлері бар. Жедел Нефрит жоғарғы тыныс жолдарына
стрептококк бактериясы түсуінен, баспа, созылмалы тонзиллит, пневмония,
дифтерия, сүзек, тағы басқа бактериялы және вирусты инфекциядан кейін,
салқын тигеннен дамиды.
Бүйректің қабыну үрдістерінің жіктелуінің сызбасы [4] .

 

Сурет 1. Нефрит кезіндегі бүйректің көрінісі

2.2.2 Гломерулонефрит

Гломерулонефрит – тамырлы шумақшалардың жинақталу өзгерісі өтетін
бүйректің қабыну. Егер өзгерістер шумақшаның тамырлы жүйесінің ішіне
жинақталса – интракапиллярлые егер тамырлы жүйеніртында болса (шумақты
капсулада) – экстракапиллярлы деп аталады. Қабыну
сипаты мен ағымының ұзақтығына байланысты гломерулонефриттерді экссудативті
және продуктивті, өткір және созылмалы деп екіге бөледі.

Сурет 2.Созылмалы гломерулонефрит кезіндегі бүйректің көрінісі

Интракапиллярлы гломерулонефрит: шумақша тамырларының эндотелилерінің
көбеюі, оың лимфамен және лейкоциттермен инфильтрациясы, жиі трамбоздар
және тамырлы ілгектердің некроздары. Гистологиясы: а) эндотнлидің көбеюі:
шумақшаларда ядро мөлшерінің ұлғаюы (лейко-лимфациттердің инфильтрациясы
есебінде); б) шумақшалар өлшемінің ұлғаюы (сондықтан олар өз капсулаларына
тығыз бекітіледі); тамырлы ілгек рельфтерінің тарылуы; в) тромбоз кезінде
кеңейген тамыр саңылауларында қан плазмасының ақуызынан ұйыған гомогенді
қоспадар көрінеді, ал тамырдлы ілгектердің некрозы кезінде бактериальді
тромблар түзіледі.
Интракапиллярлы гломерулонефрит өткір ағымды дәлелдейді (1-2 күн)
және бүйрек зақымдалуының жалғыз белгісі ғана емес. Макроскопиялық
өзгерістері байқалмайды.
Экстракпиллярлы гломерулонефрит – шумақтардың өз капсулаларында қабынуы. Ол
экссудативті және продуктивті болуы мүмкін. Экссудативті
экстракапиллярлы гломерулонефрит – ол шумақты капсула қуысынлағы
экссудаттың пайда болуымен сипатталады. Гломерулонефрит серозды,
фибринозды, гемморагиялық және катаральді-десквамативті (экссудат сипатына
қарай) болуы мүмкін. Продуктивті экстракапилярлы
гломерулонефрит – эпители капсуласының көбеюіне байланысты, олар капсула
қуысын толтырулары мүмкін, шумақша шеттерін жойып жібереді. Бұр ауру
формасы өткрілеу ағымға тән, ол созылмалы формаға өткен кезде, бүйрек
шумақтары тыртықталу мен фибробласттық айналуға ұшырайды.
Көршілес екі шумақтарда әр түрлі үрдіс болуы себебіне қарай
гломерулонефриттерді экстра және интракапиллярлы деп бөледі. Каналдық
эпителилердің (түйіршікті, майлы және гиаоинді-тамшы диястрофиясы)
дегенеративті өзгерістерімен асқынуының гломерулонефрит формасы
нефрозонефрит деп аталады [5].
Фибринозды және продуктивті гломерулитті макроскопиялық әдіспен
жарықтандырудың көмегімен ғана аныуқтауға болады (мұқият зерттеу кезінде).
Геморрагиялық гломерулит – шумақшаларын кескен кезде нефроз-нефриттің
қызыл нүктелері түрінде болады (ала бүйрек). Бүйректер көлемі жағынан
ұлғаяды, бопылдақ, қабықшалы қабаты кең, ылғалды, ақшыл сұр және сұр сары
түсті. Қабықшалық және ми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауруды талдау
Ірі қара малдың кампилобактериоз ауруын алдын алу және емдеу
Эксгумацияланған өлексені сараптау
Жылқылардың африкалық обасы
Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
Алиментарлы остеодистрофия ауруынан өлген тауықты 1 сойып зерттеу
ХОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Жылқы тұмауы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері
Диплококтық септицемия ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері
Стахиботритоксикоз ауруының белгілері
Пәндер