Шу және оның мал организміне әсері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мал гигиенасы дегеніміз – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты
сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым;ветеринарлық медицинанның
бір саласы болып табылады. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау
деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның мал организміне тигізетін әсерін
зерттейді; малдардың қора - жайларын таза ұстау, сонымен қатар олардың
төлдегеннен кейінгі малдың жағдайларын, малдарды азықтандыру принціптерін
қарастырады. Ірі қара малдарының
қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-
санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және
ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға
арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың
ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне
байланысты жүргізіледі. Қандай
болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және
пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды
әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары
болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдардың гигиенасын қай жағынан қарасанда, кең ауқымды болып
келеді. Малдың
етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы – саладағы өндірістік
үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және
қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды
жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі
азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және
пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен
қамтамасыз етілуі қажет. Ауыл шаруашылығы жануарларының
денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да
болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір
біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау
қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-
жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық
физиология деп атайды [1]. 
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ,
азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс),
энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған
орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия
алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға,
қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта
факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның
төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру
туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы
және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың
химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі
мүмкін [1,2].

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Шу және оның мал организміне әсері

Шу дегеніміз әртүрлі дыбыстар үйлесімі. Қоражайдағы шуға қажетсіз,
тәртіп жүйесі жоқ әртүрлі дыбыстар жатқызылады. Шудың организмге әсері оның
қатты шығуына және күшіне байланысты. Шудың өлшем бірлігі Втм2. Дыбыс күші
амплитуда ұлғайған сайын, өсе түседі. Бұл кезде паскальмен Па (Нм2)
өлшенетін дыбыс қысымы да өседі. Дыбыс қысымы ұлғайған сайын, дыбыстың
қаттылығын сезу де күшейеді.
Дыбыс қарқындылығын өлшеу үшін дыбыс қысымының логарифмдік шкаласы
өлшем бірлігі децибел (дБ) жасалған. Әуелгіден нольдік деңгейден 12,4 пайыз
артық дыбыс қысымы 1 дБ дыбыс күші деңгейі деп аталады. Адамның құлағы
әлсіз күштілігі бойынша екі дыбысты, онда да олар күш деңгейі бойынша
бірбірінен 1 дБ, яғни 12,4 пайыз айырмашылығы болса, ести алады. Естілу
диапазонына дыбыс күшінің 0ден (әуелгі естілуі) 140 дБге (барынша естілуі)
дейінгі деңгейі жатады. Дыбыс қысымы деңгейінің әрбір 10 дБге ұлғаюы
дыбыстың әлсізкүштілігінің шамамен 2 есеге ұлғаюына сай келеді.
Үй жануарларының есту анализаторының сезімталдығы әр түрлі және ол
дыбыстың күштілігіне, т.б. факторларға да байланысты жай. Иттер 38ден 80000
Гцке, қой 20дан 20000, жылқы 100ден 1025 Гцке дейінгі аралықтағы ауытқуды
қабылдай алады. Ірі қара өте жақсы естиді.
Дыбыс энергиясының уақытқа байланысты бөлінуі бойынша шуды бірнеше
бөлікке бөлуге болады: тұрақты және импульсты деп. Тұрақты шу дегеніміз
деңгейі уақытпен ең әрі кеткенде 5 дБ өзгеретін шу. Импульсті шу деп
жекеленген соққы дыбыс естілуді атайды.
Бүгінгі мал қоражайларда шуды малдың өзі, технологиялық жабдықтар:
атап айтсақ жемшөп дайындап, тарататын, көң жинап, қи шығаратын, қоражайды
желдететін, сиыр сауатын машиналар мен механизмдер шығарады. Сыртқы (тегі
бойынша) шулар да (мал қораларының астына немесе аэродромға, темір жолға,
т.б. жақын салынса) олардан кем соқпайды.
Шудың әсерінен сиыр организмінде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер
болады: тынысы тарылып, тамыр соғысы жиілейді, оттегін пайдалануы және жылу
өнімінің деңгейі төмендейді, күйсеу және қарынның жиырылу жиілігі,
сүттілігі кемиді. 60 дБден 120 дБге дейін шу тауықтың жұмыртқалағыштығын,
шошқа мен ірі қара төлінің қосатын салмағын төмендетіп, олардың дене қызуын
көтереді, эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерін азайтады.
Өндірістік шулар организмнің шартты рефлексті қызметін нашарлатады,
мал мен құстың өнімділігі мен денсаулығына кері әсер етеді. Мал үшін шу
деңгейінің қарқындылығы 6570 дБден аспауы тиіс.
Шудың аса бір қатерлі зардабы ұйқыны қашырады. Мал аштықтан гөрі
ұйқыға шыдай алмайды. Ұйқыдан айырылған иттер аштықтан гөрі бірнеше есе
тез, яғни 45 тәулікте өліп қалған.
Мал фермаларының акустикалық фоны әлі де болса барынша зерттеле қойған
жоқ. Әйтседе жемшөп тасығыш механизмдерде моторы 1 м қашықтықта жұмыс
істеген кезде 84 дБ шу, ал қи шығаратын шөмішті "Беларусь" тракторы осындай
қашықтықта 98 дБ шу, ал УДТ8 тандем сауу қондырғысы 7578 дБ шу шығарады.
Шуды азайтқанда адам қамын ойламаса да болмайды. Өйткені, шу әлгі
айтқан көрсеткіштен асса адамға да, сол малды бағатын, сауатын, т.б.
жұмысшыларға да зиян. Сондықтан да мал қоражайларында аппараттарды осы
шамаға қарай реттеп, шуды басу жағын қарастыру керек. Сыртқы шуды
қоражайдың жанжағына егілген ағаштар мен бұталардың өзі жібермейді [3].

1.2 Атмосфералық ауаны қорғау

Ауаның әр уақытта ластануына байланысты оны үнемі қорғау және
санитариялық жағдайын бақылау аса қажет.Қазіргі уақытта атмосфераға теңдесі
жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера
ауасын ластаушылардың ең бастылары - көміртегі тотығы, күкірттің қос
тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады.
Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әртүрлі дисперстік қоспалар
да кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор
және басқалары. Атмосфераға түсетін зиянды заттар
агрегаттық жағдайына қарай газ тәрізді (күкірттің қос тотығы, азот тотығы,
көміртегі тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік
заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.) болып
топталынады. Қазақстан бойынша алдағы жылдары ауаға тұрақты
көздерден түсетін ластануды 41,1 пайызға төмендету көзделіп отыр.
Қазіргі дүние жүзінде кездесетін жылулық эффектің пайда болуына
себеп болатын заттарға негізінде су, көмірқышқыл газ, метан, азот пен
күкірт тотықтары, фреон және т.б. жатады. Осылардың ішінде бұл эффектке ең
мол үлес қосатын СО2. Қышқылды
жауындардың пайда болуының негізгі себептері атмосфераға өнеркәсіптен
түсетін күкірттің қос тотығы және азот тотықтары ауадағы ылғалмен қосылып,
күкірт және азот қышқыл-дарына айналуында. Қорытындысында жаңбыр мен қар
қышқыл-данады (рН5,6). Мал шаруашылығы мекемелері
атмосфералық ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизмдердің түсуінің негізгі
көзі болып табылады. Мысалы, 1 сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд.
микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кгм шаң түседі екен. Ал
атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу
жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кгтәулік
құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі
аэрогенді инфекциялардың туындау қаупін тудырады.
Атмосфераның ластануы ірі қара мал шаруашылығынан (2,5-5 км). Алыс
қашықтықта байқалады. Бұл аймақта жағымсыз иістер, қалыпты мөлшермен
салыстырғанда аммиактың шоғырлануы, микробтың көптігі байқалады. Ірі қара
мал шаруашылығы нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер олардан 700-1200 м
қашықтықта тұрақты күшті, 1800 м қашықтықта тұрақты әлсіз, ал 2300-3000 м
қашықтықта тұрақсыз әрі әлсіз деп анықталады.
Жыл мезгіліне байланысты, әсіресе шошқа және
құс нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер едәуір қашықтыққа тарайды: қыста
0,5, ал жазда - 3,5-5 км дейін.

Құс фабрикаларының территорияларын тығыз орналастырған-да ондағы
сыртқа шығарылатын ластанған ауа (микробтармен, шаңмен және т.б.) міндетті
түрде бір қорадан екінші қораға ауысып, шаруашылық төңірегімен атмосфералық
ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м дейін). Ал 500 м қашықтықта
микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды (кәдімгі ауадағыдай).
Ауаның әртүрлі зиянды газдармен
ластануы микроклиматқа теріс әсерімен бірге, жануарларға да зиян келтіреді.
Ластанған ауада көздің тітіркенуі, өкпе аурулары,
мұрыннан қан кету байқалады.Көптеген заттар өздерінің химиялық
беріктілігінің арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды,
құсты, балықты, адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян
деп хлорланған көміртектер екені анықталып отыр (ДДТ және т.б.).Ірі қараға
қарағанда қой мен шошқа атмосфераның ластану-ына шыдамды келеді. Мұндай
жағдайда жануарлар азықтан бас тартып (ауада көп болғанда), арықтап, кейде
өлімге ұшырауы мүмкін.Лас ауада көп кездесетін әрі жануарлар үшін өте улы
келетін күкірт ангидриді болып табылады [4].
Ауада қорғасынның, бенз(а)пиреннің, фосфордың, кадмийдің және т.б. болуы
қан түзілетін жүйені шаршатып, жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті
төмендетеді.Қара түтін (смог) деп түтін мен химия кәсіпорындарының газ
қалдықтарынан түратын улы қоспаларды айтамыз. Олар барлық тірі жануарларға
қауіпті (азот тотықтары, мырыш қоспалары, кадмий, күкірт, көміртегі
тотығы).Парниктік газдарға жататындар: көмірқышқыл газы, метан және хлор-
фтор-көміртектер. Бұл газдардың маңыздылығы - жер шарының климатының
өзгеруіне әсер етуінде. Мал қора-жайы
ауасындағы белгілі аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы және метан
газдарымен қатар 30-ға жуық газ тәріздес химиялық қосылыстар анықталған
(амин, амид, спирт, дисульфид, сульфид, меркаптан тобына жататындар).
Негізгі иістер күкіртті сутегі, аммиак, индол, меркаптанның болуы
нәтижесінде туындайды. Сонымен қатар көп газдар жағымсыз иістер көзі болып
табылады. Иістердің пайда болуы көбінесе, анаэробтық жағдайда өтетін
микробиологиялық процестермен түсіндіріледі. Әсіресе, шошқа қораларында
ерекше жағымсыз иісті қосылыстар көп түзіледі (этанол, пропанол, бутанол,
гексанал, ацетон және т.б.). Осы жағымсыз иістер малмен қоса адамдарға да
зиянды әсер етеді. Атмосфералық ауаның ластануымен күресу
шаралары мал шаруашылығы мекемелерін жобалау кезеңінде есептелінуі тиіс.
Мал шаруашылығы мекемелері ауданындағы ауа бассейнінің жағдайы, көбінесе
объектінің рационалды орналасуына, малды ұстаудың оптимальды әдістерін
таңдау, қиды утильдеу, мал қора-жайын желдетуіне байланысты. Әртүрлі жел
бағытына орналасу-ына қарай мал шаруашылығы мекемелерінің орналасуы мен
санитариялық-қорғаныстық аймағын белгілеу қажет және бұл орналасқан
мекемелердің бірін-бірі ластаудың алдын алу бірден-бір шарт болып табылады.
Қоршаған төңіректі және құс қораларының ауа бассейнін қорғау үшін көп
жағдайда оны ластанудан сақтайтын қарапайым күрес шаралары жеткілікті (ауа-
алмасу жүйелерінде сүзгіштер қолдану, тазалық сақтау және т.б.). Ауаны
ластануды қорғау шараларына жататындар: шаруашылықта жоғарғы санита-риялық
мәдениетті сақтау, микроклиматты қамтамасыз ететін жүйелердің толассыз
жұмысы, мал қораларын үнемі тазалау және дезинфекциялау, санитариялық-
сақтық зонаны қатаң ұйымдастыру және т.б. Мал нысандарынан тарайтын
иістерді және атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында жүргізілетін
негізгі шаралар - сыртқа шығарылатын ауаны тазалау (әртүрлі сүзгіштер
қолдану, бактериоцидтік лампалармен - БУВ-60, ДБ-60 ауаны дезинфекция-лау)
және қиды өңдеу (биологиялық, тазалау, химиялық заттармен өңдеу, физикалық
факторлар мен механикалық құралдарды қолдану) болып табылады. Мысалы,
қоршаған ауадағы аммиактың азаюы қиды аммоний-персульфаты (2-3 есе), хлорлы
және сутегінің қаныққан тотығымен (2 есе) өңдегенде байқалады.
Атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі мал қиы болып табылады (оны
өңдегенде, пайдаланғанда және т.б.).Қиды және қи үймелерін дезодарациялау
үшін хлорлы әк, формалин, сөндірілген әк (0,5-1 пайыз доза қи мөлшеріне
қарай) қолданады.Көптеген дезодарациялауға пайдаланып жүрген химиялық
әдістердің негізі мынандай: реагент қидағы затпен реакцияға түсіп оларды
байланыстырып немесе жойып, бұдан қоршаған ортаға зиянды жағымсыз иіс шығу
немесе лас заттардың бөлінуін тежейді. Сонымен қатар кейбір реагенттер
әртүрлі анаэробты шіру процестері әсерінен әртүрлі зиянды газдар-аммиак,
күкіртті сутегі, меркаптан және т.б. бөлетін бактерияларды жояды.
Өндірістік мекемелерде ауаны зарарсыздандыруда
әртүрлі химиялық заттар, иондау және ультракүлгін сәулелерін қолданады.
Атмосфералық ауаның микробпен және шаң-тозаңмен ластануын төмендету
мақсатында ауа тартқыш желдеткіштерге әртүрлі сүзгіш құрылғылар қояды.
Құсханадан шығарылатын ауаны тазалау үшін жуып тазалайтын сүзгісі бар,
дезинфекциялайтын ертіндісі және жұқа тазалағыш сүзгісі бар құрылғы
қолданады [5].
Мал шаруашылығы мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу
үшін жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор. Ауаны тазалауда көгалдандыру
әдістерінің әртүрлі шаң-тозаң, микроорганизм және зиянды газдарды жоюы
бірнеше себептерге байланысты: тұқымдас құрамы, жолақтың ені, түрі, ағаш
және бұтаның биіктігіне байланысты. Ауаны әртүрлі газдардан тазалау-дың ең
тиімді әдісі - жапырақты көгалдандыру, ал микроорганизм үшін шырша
тұқымдастары. Көгалдандыру үшін пайдаланатын ағаштардың санитариялық-
гигиеналық қасиетін бағалауда олардың фитонцидтік қасиеттерінің, сонымен
қатар олардың ерекше ұшқыш органикалық қосылыстар бөлуінің маңызы өте зор.
Осы органи-калық ерекше қосылыстар әсерінен ауру тудырушы бактериялар
жойылып немесе олардың дамуы тежелінеді.
Антибактериальды қасиеті бар ағаш, бұта тектес тұқымдас-тарға: ақ
акация (барбарис), сақалды қайың, емен, шырша, жасмин, тал, шәңкіш, үйеңкі,
сағызқарағай, жөке, арша, майқарағай, жұпаргүл, бәйтерек, ақтерек, мойыл
және т.б. жатады. Ағаш
өсімдіктердің ішінде жоғары фитонцидтік қасиеті бар тұқымдастарға шыршалы
тұқымдастар жатады. Фитонцидтілігінің максимумды кезеңі көктемгі-жазғы
айларда, яғни олардың гүлденуі және өсуі күшейгенде байқалады. Сонымен
қатар фитонцидтер антимикробты белсенділігімен қатар кейбір өсімдіктердің
инсекти-цидті қасиеті бар қарапайым мойыл, майқарағай, шетен ағаш және т.б.
Өсімдік ассортиментін таңдау кезінде табиғи климаттық аймағын және
экологиялық жағдайын да есептейді.
Көгалдандырудың санитариялық-гигиеналық қызметі – олар-дың
көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуда және сонымен қатар оны оттегімен
байыту қасиетіне байланысты.
Көгалдандырудың әсіресе, ауаның иондау режимін сақтаудағы маңызы өте зор
және оның бұл қасиеті оттегінің биологиялық белсенділігіне байланысты
болады. Ауаның иондалу деңгейі орман мен көгалды ормандарда екі есе жоғары.
Мысалы, жеңіл теріс иондардың саны 1 см ауадағы мөлшері: ормандарда - 2000-
3000, қалалық саябақтарда - 800, жабық мекемелерде - 25-100 мөлшерде
болады. Сондықтан мал шаруашылығы мекемелері мен ғимарат-тары аймағындағы
көгалдандыру ауа бассейнінің жеңіл иондар-ымен баюына жол ашады. Ауа
құрамындағы жеңіл иондардың көбеюіне, көбінесе ақ акация, карель қайыңы
және терек жапырақтас қайың, емен және т.б. көп әсерін тигізеді.
Көгалдандырудың бірден-бір маңызы ауаны зиянды
газдар мен шаңнан тазартуында. Жасыл ағаштардың ауа температурасының
өзгеруіне де тигізетін әсері зор. Ал көгалдандырылған аймақ ауасының
қалыпты ылғалдылығы 7-40 пайыз жоғары болып келеді.
Көгалдандыру, жасыл ағаш отырғызу әсерінен жел жылдам-дығы 2-3 есеге
төмендейді. Мал шаруашылығы мекемелерінің ауласын көгалдандырғанда лас
ауаның бір ғимараттан екіншісіне ауысу мүмкіндігі, жағымсыз иістің шығуы,
шаң-тозаң мөлшері, микроорганизмдер азайып, жалпы метеорологиялық
факторлардың кері әсері төмендейді [6].

1.3 Бұзаулату гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат
көрсетекіштері

Алынатын болашақ төлдің денсаулығына суалтылған сиырларды бұзаулауға
дайындаудың маңызы өте зор. Буаз сиырларды туардан 7-10 тәулік бұрын бөліп
алып, сиыр бұзаулайтын бөлімге орналастырады. Сиыр бұзаулайтын бөлменің
сиымдылығы шаруашылықтың жағдайлы және ондағы аналық малдардың санына
байланысты болады.
Ірі сүт өндіретін шаруашылықтарында сауын сиырлардың санына байланысты
бөлінген орындардың 30-35 пайызын бұзаулайтын бөлмеге қаратады да, оны 2-3
секцияға бөліп, әрқайсысын кезекпен пайдаланады. Егер сиыр бұзаулайтын орын
екі секциялы болса, технологиялық циклдің ұзақтығы 28-29 күнге, ал үш
секциялы да – 21 тәулікке созылады. Ондай секцияларды 15-10 күнде
толтырады.
Типтік тәсілде салынған бұзаулау бөлімдері негізгі 3 бөліктен
тұрғызып, біріншісінде буаз сиырларды туардың алдында 7-10 күн бұрын,
екіншісінде тұғызу үшін, ал үшіншісінде туғаннан соң 10-12 күн ұстауға
негізделеді. Сиырларды туардың алдындағы және туғаннан соң ұстайтын
бөлімдерде ұзын байлауыш пен ұзын тұрақтарда (ұзындығы 2 м, ені – 1,5 м),
ал мал туатын жерге жекелеме бөлме бокстарда бұзаулатады. Әр бокстың
размері 3 м × 3,5 м жандарында тұтас, жеңіл материалдардан жасалған
қабырғаларының еденнен биіктігі 1,7 м болып, 20×30 см қарап, бақылауға
арналған терезе қалдырылады.
Бұзаулаудың алдында (7-10 күн) ұстауға арналған секцияға ауыстырарда
арнайы станоктарға тұрғызып, сиырдың терісін тазалап, қатты ластанған
жерлерін жылы сумен жуып, аяқтарын 1 % креалин немес 0,5 % формалин
ертінділері мен түяқтарын тазалап, дезинфекциялайды.
Сиырдың бұзаулауына 12-24 сағат қалғанда үрпінен уыз шығып, сыртқы
жыныс органдарынан клегей сұйық шығып белгі береді және тууы таяғанда сиыр
жан-жағына жиі қарап, біресе жатып, біресе тұрып мазасыздана бастайды. Осы
уақыттарда сиырдың сыртқы жыныс органдарын тазалап 1:1000 қатынасындай
марганцовка, 1:5000 – фурацилин, 0,5 % хлорамин ертінділерінің бірімен
дезинфекциялайды да малды таза жарық дезинфекциядан өткен боксты
бұзаулайтын орынға ауыстырады. Бұзаулайтын бокста сиырды байламай бос
ұстайды. Сиыр бұзаулайтын кезде тәжірибелі кезекші қойылады. Сиырдың
бұзаулау кезінде тыныштық сақталып, малды мазамалауға тырысу қажет. Ол
кезде онда бөтен адамдар кірмеуі керек, жұмысшылар таза халат киіп,
дезинфекциялауға қолайлы аяқ киімдері болуы қажет. Егер сиырдың
азықтандыруы мен күтіп бағуы қалыпты болса туу жеңіл және тез болады (1
сағаттан ұзақ емес). Аналық арық, кәрі ауру болса тууы қыйындап, ұзаққа
созылса малдәрігерлік көмек көрсетіледі. Бұзаудың арқасы жоғары қарап, екі
алдыңғы аяғы созылған, арасында басы орналасқан болса дұрыс бұзаулаудың
белгісі болып саналады. Сиыр бір-екі ышқынып күшенгеннен соң шарана шығып
жатыр суы бөлінеді, бұзау көріне бастайды. Сол кезде сақтықпен сиырдың
бауырына бағыттап, төлдің аяғынан тартып көмек көрсеткен жөн. Егер шаранасы
жарылмаса, бұзау тұншығып қалмас үшін саусақтың үшімен жарып суын шығарады.
Жаңа туған бұзаудың ауыз маңайындағы клегей сұйықтарды сүртіп, егер кіндігі
өздігінен үзілмесе, оны бұзау қарнынан 10-15 см қашықтықта қолмен үзіп, иод
ертіндісімен өңдейді. Бұзауды құрғақ таза төсенішке жатқызып, енесіне
жалатады. Ол кезде сиырдың бүдірлі тілінің әсерінен бұзаудың қан айналысы
жақсарып, дем алысы, жүрек соғысы қалыптасып, үсті тез құрғайды. Бұзаудың
үстін жалағаннан соң аналықтың шуының бөлінуі жақсарып және жыныс
органдарының тез қалыпқа келуіне әсерін тигізеді.
Егер аналық сиыр бруцеллез, туберкулез немесе басқа жұқпалы аурулардан
сау болмаса, бұзауын жалатпай, таза дәкемен немесе соломамен сүртіп
құрғатады. Көбінесе жаңа туған бұзауды бұзаулайтын орында 1-2 тәулік
енесімен бірге ұстайды. Бірақ, жас төл жеткілікті еркін уыз еміп,
төзімділігін күшейтіп, салмағын арттыру және аналықтың сүтінің түзілуін
жақсарту үшін жас туған төлді бар сүттік кезең бойына (5 тәулік) енесімен
бірге ұстайды [7].
Сиыр бұзаулайтын бөлмеге кіретін есіктің алдына ұзындығы 1,5 м-ден кем
емес, ені есіктің еніндей кіріп-шыққан адамдардың аяғының астына
дезинфекциялық төсеніш жасалады. Оны 4 % күйдіргі натрий немесе 2-3 %
креолин ертіндісімен шылап қояды. Туғаннан соң жас төлді аналықпен бірге
ұстап (1-5 тәулік) бұзауды профилакторияға (сақтандыру) ауыстырады. Аналық
тұрған жерді (тұрақты) ластардан тазалап, төсенішті ауыстырады. Малдың шуын
жеке жәшікке жинап қойған жерінен өтелге жібереді.
Туған сиырды бұзаулау бөлмесінен 1-5 күн аралығында сиырдың туғаннан
соң тұратын секциясына ауыстырады да, онда 8-10 тәуліктей ұстайды. Туған
сиырға жарты сағаттан соң 1-1,5 шелек тұздалған (10 л суға 100 гр) су
береді. Сол арқылы организмнің жоғалтқан электролиттері мен суының орнын
толтырады және біртіндеп берілетін азық мөлшерін ұлғайтып, 8-10 тәулікте
толық рационға көшіреді. Егер сиырдың желні іскен және ауруы болса
(серпінділігі жойылған, қатайған, тығыз) азық мөлшерін көбейтпей, массаж
жасап, жиі сауып, ем көрсетеді. Сиырдың биологиялық жалпы тонусын көтеріп,
туғаннан соң резистенттілігін жоғарлату, зат алмасу процесстерін арттыру,
жатыр орнының тез микробтардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы ақпарат
«Жұмыс орнында ауаға бөлінетін зиянды заттар. олардан сақтану әдістері»
Бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Алматы-Тараз жолы құрылысын экономикалық жобалау
Ұсақ малдардың қораларының ішкі орналасу жоспары мен микроклиматы
Шу-сарысу ойпаты аймағының қазіргі геоэкологиялық ахуалы
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Химиялық улы заттар
Қораны жарықтандыру
Туу физиологиясы
Пәндер