Мал қорасына қойылатын зоогигиеналық талаптар



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мал гигиенасы немесе зоогигиена (гректің zoon – мал, ал hyginos –
емдік, денсаулық жеткізуші – деген сөзінен алынған) – мал түлігін тиімді
күтіп бағу, азықтандыру және өсіру тәсілдерін қолдана отырып, оның
денсаулығын арттыруға, өнімін молайтуға тиісті жағдай туғызуға бағытталған
ғылыми сала. Академик Скрябиннің Мал шаруашылығының әр маманы –
зоогигиенаны жақсы білуі керек, ончыз оны мал маманы деп санауға келмейді
деген сөздері бар. Бұл ғылымның теориялық негізі болып тірі организмдер мен
олардың өмір сүретін ортасының диалектикалық байланысы жөніндегі ілім
саналады. Осы ілімді дамытушы Сеченов Бірде бір тірі организм өзі тұрған
ортадан жеке өмір сүре алмайды дей келе, организмді сыртқы ортадан бөліп
қарауға болмайтынын айтады. Зоогигиена осы ортаның организмге әсерін мал
түлігінің түріне жасына, жынысына, тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты
сақталатын қалыпты жағдайлардың көрсеткіштерін белгілейді. Соның арқасында
сыртқы ортаның ауа, су, топырақ, жемшөп, күн сәулесі ж.б. секілді
фаторларының мал организіміне тигізер әсерлерін зерттеп, заңдылықтарын
анықтау арқылы, мал өсірудегі олардың денсаулығын сақтап, өнімділігін
өсірудегі оңтайлы параметрлерін белгілейді. Мал түлігінің өсіп, дамып, өніп
көбеюіне, аз шығынмен мол өнім өндіруіне қажетті жағдай туғызуды көздейді.
шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді: аяқталған өндірістік
цикл мен, репродукторлы және ет өндіру [1] .
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде
механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған
циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа
комплекстері деп атайды. Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін
үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды
технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір
қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын
аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды
кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде
бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған
жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады.
Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша
салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының
ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары
тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік
қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді
малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді
белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру
жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі:
бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде
торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта
(орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды
ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды
бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс
фактордан сақтандырады [1,2].

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Мал қорасына қойылатын зоогигиеналық талаптар

Мал басын өсіріп, көбейтіп, аман сақтап, өнімділігін арттырып, сапалы
өнім өндіру үшін тұқымын асылдандырып, құнарлы азықтандырумен қатар
зоогигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай жағдайда бағып-күту
қажет. Ол талаптар көбінеки малды ұстайтын қорасымен байланысты келеді. Мал
өсірілетін қора ондағы мал басына оңтайлы гигиеналық-физиологиялық жағдай
туғызып, ветерииарлық-санитарлық талаптарға сай жарық, таза ауа, ауыз сумен
қамтамасыз етілуіне жағдай орынатуы керек. Мал қораны мал түлігінің түріне,
жасына және шаруашылық (өнімдік) бағыты мен пайдалану мақсатына
сәйкестендіре салады. Қораның іші жылы, желдетуге және малдың жатып-
тұруына ыңғайлы болуы керек. Мал қорасын салардан бұрын желдің жиі тұратын
бағытын анықтайды. Қора орыны жел бағытының ық жағынан, тұрғын үйдерден
төмендеу жерден таңдалады. Өрт қаупсіздігінің талабына сай, тұрғын үй мен
мал қоралары және жемшөп жиналатын орынның ара қашықтығы 20 метрден кем
болмауы керек. Мал қорасының күн түсетін жағынан малды күндіз, жылы күндері
сыртта ұстау үшін, көлемі малдың саны мен түріне байланысты ашық алан
қоршайды. Қора салынатын жер топырағының ылғал тартқыш болмағаны жөн, ал
жерасты суы деңгейі бір метрден терең болуга тиіс. Мал қорасын салуға
жылуды жақсы ұстайтын, өзі берік те арзан жергілікті құрылыс материалдарын
пайдаланады. Қыстың суық күндері қора жылуының 30-45% оның қабырғасы арқылы
сыртқа өтетіндігінен, қора қабырғалары ылғалды сіңірмейтін, аязды күндерде
мұз қатпайтын материалдан жасайды. Қабырғаның ішкі бетін тегістеп сылап
және ақтап, ал сыртқы жағына жылу өткізбейтін заттарды салып, сылайды.
Қораның төбесін шатырлап, үстін су өткізбейтін материалмен жауып, қажетті
жағдайда ішкі бетін жылу сақтайтын материалмен қаптайды. Қораның кіреберіс
жағына үнемі күн сәулесі түсіп, қар мен мұз қатпауы үшін, есігін
оңтүстіктен, немесе оңтүстік- шыгыстан шығарады. Есік пен терезелер
арасында ауа қозғалысы болмау үшін, еден деңгейінен 1,5 м жоғары салынатын
қора терезелерін де есік түскен қабырғадан шығарады. Қорада өсірілетін мал
түлігі түріне, жасына, 88 жынысына және өнімдік бағытына (тобына)
байланысты жалпы еден аумағына (көлеміне) қатынасты салынатын терезелердің,
жарық коэффициенті деп атайтын, жалпы көлемінің қатынасы қой мен ешкі
қорасында 1 : 20, сиыр қорасында 1 : 16, құс қорасында 1 : 10 болуы керек.
Малды түрлі аурудан сақтандырудың негізі жолдарының бірі – қораны таза
ұсталуы және оның ішінде бірқалыпты микроклимат сақталуы болып табылады (1-
сурет) [3].

Сурет 1. Мал қорасы еденінің тазалығы

Қора ішіндегі микроклимат көп жағдайда еденіне байланысты
болғандықтан, қой мен ешкі қорасының еденін тапталған саз балшықтан, ал ірі
қара мал қорасының еденін ағаш тақтайдан, көлемін қорадағы малдың басына
және олардың тәуілігіне зәр бөлу мөлшеріне байланысты жасайды. Мысалы,
тәулігіне ірі сиыр орта есеппен 20 л, ал бұзау 2 л зәр бөлетіндіктен, сиыр
қора еденінің артқа қарай ойыстау зәр ағатын сайлары сиымдырақ болады.
Мал қорасының ішкі ауасы алмастырылып, зәр мен қидың ыдырауынан
пайда болатын зиянды газдардан дер кезінде тазартылып тұруын ескереді. Қора
ауасының бөгде газдардан дер кезінде тазартылмауы малдың денсаулығы мен
өнімділігіне кері әсер етеді. Мысалы, тек осының салдарынан сиыр сүттілігі
15- 18%-ға кемуі мүмкін. Қора ішіндегі ауа тазалығы сақталып, тұрақты
алмасып тұруы үшін, зәр мен қи жиналатын жердің төбесіне ашылып- жабылып
тұратын қақпағы бар ауа алмасатын құбырлар орнатады. Солар арқылы қора
ішіндегі микроклиматын, яғни ауаның қозғалу жылдамдығын, температурасын,
ылғалдылығын реттестіреді. Оған қора орыналасқан жердің бедері, ауа райы
мен жыл маусымының әсер ететіндігін де ескеру қажет. Қора микроклиматының
қалыпты сақталмай, өзгеруі мал өнімділігін 20- 40%-ға кемітетіндігі
дәлелденген. Мұның, әсіресе, жас төл организміне зияны көп екенін ескереді.
Мал қорасының микроклиматына ықпал ететін негізгі факторларға ауанын
қозғалу жылдамдығы, температурасы, ылғалдылығы жатады [2,3].
Температура. Қолда өсірілетін мал түлігі жылы қанды болғандықтан,
олардың дене жылулығын тұрақты сақтап, зат алмасу үрдісінін өрістеуіне,
сыртқы орта ауасының температурасы ықпал етеді. Мысалы, мал өсірілетін қора
ішіндегі ауа температурасының қалыпты жағдайдан төмендеп, суудың салдарынан
организмге енген химиялық энергияның едәуір бөлігі дене жылуының тұрақты
деңгейде ұсталуына жұмсалуынан, желінген азықтың қоректік тиімділігі
төмендеп, мал өнімділігі кемиді. Бұдан төл өкпесінің қабыну қаупі өседі
[4,1].
Қора ішіндегі ауа жылуының да қалыптан тыс жоғары болуы, малдың
тәбетін бұзып, өнімділігін кемітетіндіктен, мал түлігінің түріне, тұқымына,
өнімділігіне қолайлы бірқалыпты температура сақталуын көздейді:
а) мүйізді ірі қара мал қорасының ауа температурасы қыста 8-12°С-дан
түспей, бұзаулайтын сиыр қорада бұдан сәл жоғары - 14-18°С болса, жас
бұзаулар қорасының температурасы - 16-20°С аралығында, марқайған бұзаулар
қорасынікі - 12-18°С денгейінде болғаны жөн;
б) қой мен ешкі қорасының нормадағы - 3-6°С температурасын, төлдету
кезінде қора ішін жылылап, 12-15°С дейін көтерген жөн;
в) құс қорасындағы температураны - 13-17°С, жаңа шыққан балапандар
қорасында - 30-32°С, қарақұлақтантан балапандар қорасындағы - 18-20°С
деңгейінде ұстау керек.
Ылғалдылығы мен тазалығы. Қорадағы малдың денсаулығы мен өнімділігіне
едені мен ауасының ылғалдылығы тазалығы зор әсер етеді. Қора
ауасының температурасына тікелей байланысты келетін ауасының ылғалдылығы,
қалыпты жағдайда, 60-70% болуы керек. Ылғалды, суланған жемшөп ауа
ылғалдылығын, ал жем ұнтағы мал қорасындағы ауаны тозаңдатып, микробтық
ластануын ұлғайтатының ескеру қажет. Ауа қозғалысы (алмасуы).
Қорадағы ауаны үнемі алмастырып, желдетіп, тазалап отыру керек. Бірақ, оның
жас төл өкпесін қабындырып, суық тиюден, тыныс жолдарының қабынуынан
сақтандыратын жылдамдықта қозғалуын қадағалайды. Сондықтан, төл өсірілетін
қорадағы aуa қозғалысының жылдамдығы: қыста - 0,1-0,2 мсек., жазда - 0,3-
0,5 мсек., сақа мал қораларында: қыста - 0,3-0,5 мсек., жазда - 0.8-1,0
мсек аралығында болуы керек.
Көмірқышқыл газы. Мал қорасының қалапты да толық желдетілмеуіне байланысты,
ауасында малдын тыныстануымен шығарылатын көмір қышқыл газы көп жиналып,
малды уландыруы мүмкін. Осыған орай, қорадағы мал түлігінің түрі мен жасына
қарай, қора ауасындағы көмір қышқыл газы шоғырлануының шектік қалыпты
көрсеткіші болып, мүйізді ірі қара мал қорасында - 0,25%, төл қорасында -
0,2%, құс қорасында - 0,15-0,18% табылатынын ескереді. Шамадан тыс жиналған
көмір қышқылынан мал алдымен тыныстануын жиілетіеді де, болмаған жағдайда
қорытылған органикалық заттардың ыдырауынан пайда болатын сутегінің қос
тотығының пайда болуын тежейді. Бұдан зат алмасуындағы тотығу-тотықсыздану
барысы баяулап, малды селқостық басып, тәбеті төмендеп, қоректік заттар
қорытылымы нашарлайды. Аммиак. Қорадағы қи мен зәрдің ыдырауынан пайда
болып, организм мүшелері мен жолдарының сыртқы кілегей қабықтарына әсер
ететін газдардың бірі. Мал түліктерінің тыныс жолдарын қабындырады. Тыныс
жолдары арқылы қанға сорылып, оның құрамындағы эритроциттер санының,
олардағы гемоглобин мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады. Қора ауасындағы
аммиактың көп мөлшерінен жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, мал
тынышсызданып, өнімділігі кемиді Аммиак мөлшеріне, әсіресе, құстар сезімтал
келеді. Қора ауасындағы аммиактың қалыпты мөлшері: сақа мал қорасында - 20
мгм3 , төл қорасында 10 мгм3 болуы керек. Аммиак көлемі 10-20 мгм3 асқан
жағдайда, қанда сілтілік гематин (кейбір деректер бойынша, тіпті
метгемоглобин) пайда болуынан, гемоглобиннің оттегін тасмалдаушы қызметі
бұзылып, анемия түріндегі қан азаюы орын алады [4].

1.2 Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық
талаптар

Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық
ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге
арналған аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген)
аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы
анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн
қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
- Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа
шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі
бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың
жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде
ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос)
серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты
станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып
серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда
азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен
бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан
шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі
буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға
арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету
тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға
дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып
серуендетеді [5,1].
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап,
шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал
басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп
секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға – 15
м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік және
бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал
едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен
тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік
қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне
байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда
азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш
айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға
қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына
пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана
қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді
серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда
топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда
бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе
станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда,
аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу
функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар,
жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-
сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді
болады [6].

1.3 Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы
инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.

Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен
болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-
жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға
шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі
температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі
торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа
температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС
температура қажет болады.Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық
шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының
төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да,
организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас
тартып, өлімге ұшырайды.
Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты
температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп
санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және
жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып
жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы – 1,0-1,5
м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп,
енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін
(стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада
шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері
сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу
кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының
дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының
температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық
болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына
байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада –
44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа қорасының аусының 16ºС дан 5ºС
төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы малдың салмағы 2 % кемитіндігі
дәлелденген.
Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының 70 % дан 95 % өзгеруі,
шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.
Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура мен
біріккенде, мал организмін суыққа ұрындырып резисттенттілігін төмендетеді
де, әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыртады. Ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы, әсіресе шошқаларды қорада сулы азықтармен көректендіргенде
және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.
Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора ауасындағы зиянды
газдардың, шаң-тозаңдар мен микроорганизмдердің концентрациялары
жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері қалыптан жоғары 33-36
мгм³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы 7,7-10,2 %
төмендейді (кесте 16).
Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі, олардың организміндегі
зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін жоғарлатып,
соның нәтижесінде малдың өнімділігі жақсарып, туған төлдің ширақ және
сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды.
Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз шамада болуы жас
торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға ұшырау межесін – 24-28 %
көтеріп, ал өлімін – 9-10 % жоғарлататындығы дәлелденген. Бордақылайтын
шошқаларды төменгі жарықтандыру мөлшеріне ауыстыруды, оларды семіртуге
қоярдың алдында 70-80 күн бұрын бастаған жөн. Ол кезде жарықтандырудың
шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық мөлшерімен салыстырғанда екі
есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-
сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы мен
өнімі қораның микроклиматының барлық көрсеткіштерінің әсеріне байланысты
болады. Микроклимат көрсеткіштері малдардың физиологиясына сай келмесе,
оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың өсіп-жетілуін (9-28 %)
кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға шалдығуы 1,5-2
есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз
болып шығады [7].

1.4 Жануарларды суару гигиенасы
 
Жануарлардың суды қажет етуі бірқатар факторларға байланысты, олар:
климат, жыл мезгілі, ауа температурасы, жануар түрі, жасы, жынысы,
өнімділігі, су қасиеті т.с.с. Мәселен, сауын деңгейі 15кг одан жоғары сиыр
тәулігіне 40-50литр, ал сауын деңгейі 2г-30кг 90л одан жоғары су тұтынады.
Суды қажет ету ауа температурасы жоғарылауына орай көбейеді. Егер су иісі
мен дәмі жағымсыз болса, жануарлар оны аз қабылдайды. Суық (температурасы 8-
10С төмен), жылы (15С-жоғары (суларды да шамалап ішеді. Әр түрлі
жануарлардың кететін шығыны нормалары 1 кестеде келтірілген.
 
Кесте 1. Жануарларға кететін су шығыны нормалары, лтәулігіне
 
Жануарлар Барлығы Суару
үшін
1 2 3
Сиырлар: сүтті, 100 65
етті 70 65
Бұқалар мен қашарлар 60  
Бұзаулар: 6 айға дейінгі 20 40
6 айдан асқан 30 25
Мегежіндер: Торайлы және қысыр 25 12
еметін торайлары бар 60 20
Өндіруші қабандар 25 10
Айырған торайлар 5 2
4 айдан асқан торайлар мен бордақыланатын шошқалар 15 6
Өндіруші айғырлар 70 45
Жұмысшы, мініс, желіс, асыл тұқымды жылқылар, 60 50
емізбейтін биелер, 1,5 жасар жылқылар
Емізетін биелер (құлынды бие) 100 65
1,5 жасқа дейінгі жабағы, тайлар 45 35
Ересек қойлар (саулық, қошқар) 10 8
Айырған қозылар 5 4
Қоян, бұлғын, сілеусіндер 3 3
Түлкі, ақ түлкі 7 7
Үйрек, қаздар 2 1,75

Жануарлар суды еркін қабылдаулары керек. Автосуару судың тазалығын
қамтамасыз етеді, малшаруашылық жұмысшылары еңбегін жеңілдетеді, жануарлар
өнімділігінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. Әр түрлі жеке және топтық
автосуарғыштар қолданылады (4 Сурет).
Суды электрлі жылытып беретін суарғыштар бар. Жайылымдарда (су көзі
болмаған жағдайларда) цистерналы жылжымалы суарғыштар пайдаланылады. Қолмен
суарғанда суды жануарларға тәулігіне 3-4 рет береді. Торайлы мегежіндер мен
құстар үшін су үнемі суарғышта болуы керек. Жайылымда ұстау кезінде суару
орындарын мал өнімділігін түсірмей жүріп өте алатындай қашықтықтарда
орналастырады [8].
 

Сурет 2. Жеке автосуарғыш
 
Мәселен, сиырлар үшін 1,5-2км, бордақыланатын мал үшін 3-4км аспауы
керек. Суару орнын қоршайды, жер беткейін қатайтып, қиыршық таспен төсейді.
Суару жабдықтарын таза ұстау керек. Оны белгіленген тәртіпте жуып,
айына 1 реттен кем емес мерзімде дезинфекциялайды. Суарған соң суды төгіп,
жаңасын құяды.
Су көздері мен айналасындағы аумақты санитарлық қорғаудың зоогигиеналық
маңызы зор. Су сапасын кезеңімен зертханаларда тексеріп отыру керек [9].

1.5 Жайылымдар жүйелері мен пайдалану тәсілдері
 
Жайылымдарды пайдаланудың екі жүйесі бар: қамалынатын (станционарлық),
лагерлік (айдамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малына қойылған негізгі ветеринарлық санитарлық талаптар
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Мал қораның сызба өлшемі
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Шошқа гигиенасы жайлы
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Пәндер