Сойып ашу хаттамасы жайлы



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Инфекция — микро және макроорганизм дердің қарым-қатынасыныңбір түрі.
Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі
жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ
қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға
дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға
да, тұтас организмге де тән. Инфекция деп жайшылықта жұқпалы аурулар
тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды. Жұқпалы аурулар —
зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың,
спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан
туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден
(жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі
жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген
организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал
арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал
вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Олар: Ішек аурулары; Жоғарғы тыныс жолдары
аурулары; Қан немесе трансмиссивті аурулар; Сыртқы қабықтардың аурулары
болып бөлінеді. Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына
ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады Тыныс жолдары ауруында шырышты
қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе
трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер)
аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі,
кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-
қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану
ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде
қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді
(мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде
көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды
(шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің
көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар
жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез
құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз
алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін
сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады.
Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда
организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады.
Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте
ұзақ уақыт өмір сүреді [1].

1.Сойып ашу хаттамасы

1.1 Хаттаманың кіріспе бөлімі

Мал түрі - сиыр

Сынама түрі – ірі қара малдың түсік тасталынған ұрығы

Малдың жынысы – ұрғашқы

Жануардың аты – Маруся

Жасы – 2 айлық

Салмағы – 100 кг

Ұрықтың түскен күні – 04.11.2017

Мал иесінің аты – Атамбаева Г.К

Мал иесінің мекен-жайы – Қостанай қаласы, Сарыкөл ауданы, Соналы ауылы

Алдын ала қойлыған диагноз – созылмалы бруцеллез

1.2 Анамнез

Аnamnesis vitae: Малдың түрі сиыр, жасы 2–де. Салмағы шамамен 100 кг.
Малдың қоңдылығы осы уақытқа дейін жақсы болған, сүт беру орташа. Малдар
күндіз жайылымда, кешкі уақытта қорада байлауда ұсталады. Қора іші таза,
еден ағаштан жасалынған. Қора ішін күн сайын тазалар отырады. Ылғалдылығы
шамамен 80%, азықтандыру рационына құрғақ азықтар, дәрумендер кіреді.

Anamnesis morbi: Мал иесінің айтуы бойынша аурудың алғашқы күндері
жоғарғы температура 41 - 42ºC-қа дейін және одан да жоғары байқалған, тыныс
алуы жиіліген. Ауырған мал тез арықтаған, жүрек кызметі бұзылған. Кілегейлі
қабықтары көгеріп, сарғыштаған. Тыныс алуы нашарлаған. Буындарында ісік
пайда болып ақсаңдап, түсік тасталып, өлген. Сойып ашу жұмыстары 2017
жылдың 07.11 сағат 10.00 де, Қостанай облыстық ветеринарлық зертханасында
ұрықты зерттеу 10 күні жүргізілді.

1.3 Сыртқы көріністері

Мал арықтаған, жүрек қызметі бұзылған. Кілегейлі қабаттар көгерген,
кейбіреуі сарғыш, үстіңгі сөл түйіндері (жауырын алдындағы, құлақ
түбіндегі, жақ астындағы, шабындағы, желін үстіндегі), тік ішек аркылы
сипап көруге болатын ішкі сөл түйіндері шамадан тыс ұлғаяды.Мал ұзақ
агонияда жатып өлген.

1.4 Патологиялық – анатомиялық немесе ішкі көріністер

Ұшаның қоңдылығы нашар, Беткейінде домбыққан ісіктер бар.

1.5 Зертханалық зерттеулердің нәтежиелері

Әкеліген патологиялық материалға ПТР жүргізілді. Зерттеу нәтежиесі
бойынша бркуцеллез қоздырғышы анықталды.

1.6 Қортынды

Зертханалық зерттеулердің қортындысы, ашып сою нәтежиелері бойынша
бруцеллезге балау қойылды. Клиникалық көрінісі айқындалып, зерттеу
нәтежиесі бойынша пат.ашып сою нәтежиесі дәлелденді. Аурудың себебі
шаруашылықта бруцеллез вирусының эпизоотологиясының кең ауқымдануы.

2.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2.1 Бруцеллездің тарихи деректері

Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу,
эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы
ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Бруцеллездің адамда байқалатын белгілерін Гиппократ сипаттады, ал жан
жақты зертеулер 18-19 ғ. жүргізілді. Ф.Мальта аралында бруцеллез адамның өз
алдында дербес ауру екендігін көрсетті, ал Д.Брюс (1877) оның қоздырушысын
бөліп алып Microcoecus melitensis деп аталды. Бұлар ағылшын ғалымдары еді.
Даниялық ветеренария дәрігерлері В.Банг және Стрибольт (1896) ауру
қоздырушысын іш тасталынған бұзаудан, ал американдық Траум (1914) іш
тасталынған торайдан бөліп алды. бұл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында
бір туыстастыққа біріктіріліп Брюстің құрметіне Бруцеллалалар деп аталған.
19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауыл шаруашылық малдардың
арасында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық
өлкелерден келді, алғаш рет 30 – жылдары Семей обылысында Тасбұлақ деген
жерде ветаринария дәрігері Тевельский хабарлады.

2.2 Қоздырушысы

Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге
бөлінетін микробтар қоздырады. Кейбір түрлері өзара бірнеше биоварға
(биотипке) бөлінеді.
B.melitensis қой мен ешкі үшін зардапты және бруцеллезінің негізгі
қоздырушысы 3 биотипі бар.
B.abortus сиыр, қодас буйвол, бұғы, марал, түйе және жылқы үшін
зардапты, 9 биотипке бөлінеді. Кейбір биотипінің адам үшін уыттылығы
недәуір дәрежеде.
B. suis шошқа, қоян, солтүстік бұғысы үшін зардапты 4 биотипі бар, оның
1, 2 және 3-шісі шошқада, 2-ші биотипі қоянда, 4-шісі бұғыда тоғышарлық
етеді.
B. neotomae шөлейттегі егеуқұйрықта (Neotoma lepida) кездеседі. 1957
ж. АҚШ-та бөлініп алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім. Биотипке
бөлінбейді.
B.ovis қой үшін зардапты, қошқардың жұқпалы эпидидимитінің қоздырушысы.
Адам үшін зардапьтылығы түбегейлі анықталған жоқ. 1953 ж Жаңа Зеландия мен
Австралияда бөлініп алынған. Биотипке бөлінбейді.
B.canis ит үшін зардапты, бұл жануардың эпидидимиті мен іш тастаудың
себепкері. 1968 ж АҚШ-та тазы иттерден бөлініп алынған. Адамға зардаптылығы
белгісіз. Биотиптерге бөлінбейді.

Сурет 1. Граммен боялған жұғындының көрінісі

Барлық бруцеллалар полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тәрізді,
сопақшалау, таяқшаға ұқсас болып келеді. Спора және қауашақ түзбейді,
қозғалмайды, грамтеріс. Сарысулы және Хоттингер ортасында, ет-пептон
агарында (ЕПА) өседі. Ең жақсы өсін бауырдан жасалған глицерин мен глюкоза
қосылған орталарда, құрамында балық пен дрожжалар гидролизаттары бар Д
ортасында, шарана көмірсуы – эритритол қосылған эритрит агарда байқалады.
Бруцеллалардың терең орналасқан О – және бетінде орналасқан S – антигендері
бар. S – антигенінің А және М екі түрі кездеседі. А-антиген, B.abortus ta,
ал М-антиген B. melitensis te басым болады. Микробтың R-формасы әр түрлі
дәрежеде S-антигенін жоғалтады да, ал бруцелланың минус риантында бұл
антиген мүлде болмайды. S-R диссоциациясы S-антидененің, ал S-R
диссоциациясы бактериофагтың қатысуымен трансдукция арқылы жүреді. Сонымен
қатар L-трансформация мен антигендік мимикрия да табиғат жағдайда орын
алады.
Бруцеллез қоздырушысының физикалық және химиялық факторлардың әсеріне
төзімділігі орташа, 60°С кезінде 30 мин. 70° С-та 5-10 мин өткенде ал 90-
100° С-та бірден өледі. Ет және көңде, жемшөпте 4 айға дейін сақталады.
Кәдімгі дезинфеканттардың жалпылай қабылданған концентрациясы толық
зарарсыздандырады.

Сурет 2. B.melitensis.Козловский әдісімен бояу

L-трансформацияға және диссоциацияға ұшыраған бруцеллаларға грам оң, ал
Козловский әдісі бойынша көк түске боялуы мүмкін. Бұндай гетереморфты
бруцеллалар өзгере бастаған сәтте осы микроб түріне арнаған орталарда:
эритрит-агарда, ет-пептон-бауыр-агарында өсе береді. Бірақ жақсы өсін 10-20
% шарана суы немесе қан сарысуы қосылған ортада алынады.

2.3 Індеттік ерекшеліктері

Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім.
Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі, шошқа, солтүстік бұғысы.
Оларда бруцеллез індет түрінде қуалайды. Түйе, жылқы, марал, қодас, буйвол
сияқты жануарларда бәсеңдеу тарайды: ит, мысық, қоян, сайғақ, түлкілерде
шектеулі дәрежеде, болмаса спорадия ретінде кездеседі. Бұл аурудың табиғи
ошағы болмайды.
Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады,
әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай
жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан
сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Қоздырушы микроб
сонымен қатар сүтпен, шәуетпен, нәжіспен және несеппен бірге бөлінеді.
Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, оқтын-
оқтын сүтпен бөлініп тұрады.
Бруцеллалармен ластанған өнімдер және малдан алынған шикізаттар,
жануарларды күтуге арналған жабдықтар, жемшөп, төсеніш, су, топырақ, малды
қарайтын адамдардың киімдері басты жұқтыру факторлары болып табылады. Жас
төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал сақа
жануарлар алиментарлық жолмен және шағылысқанда жанасу арқылы жұғады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде карантиндеу
ережелерін сақтамаған кезде, ауру және сау малдарды бірге жайғанда, бір
суаттан суарғанда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал
қораға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шалдыққан
малдардың шуымен не тастанды төлмен жанасқан жағдайда микроб тасымалдаушыға
айналады.
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардьщ 60%-ке дейіні инфекцияға
шалдығуы мүмкін. Бас кезінде буаз мал ішін-ара, ал кейін жаппай іш тастауы
мүмкін 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал қосқанда
індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрынғы ауырған малдарды қоса қамтып,
іш тастау қайтадан қаулауы мүмкін. Малды араластыру індетті өршітіп, оның
жаңа ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып күткеңде ветеринариялық-санитариялық талаптарды
дұрыс орындамау, соның нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің
нашарлауы, уақтылы шу мен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау,
дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.

2.4 Дерттенуі

Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс жолдарының
кілегейлі қабықтарынан және көз коньюнктивасынан тоқтаусыз өтіп, сөл
жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіңдерінде тұрақтайды.
Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция
(регионарлық инфекция), генерализация (бойға жайылу немесе денеге шабу)
және екінші латенция.
Регионарлық (шектелген) инфекция кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға
қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды. Бұл
кезеңде сөл түйіндерінің синустарында гиперплазия басталып, үлпершек
ағзаларда лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын микрогранулалар түзіліп,
лейкоциттік инфильтрация, мононуклеарлық макрофагтардың қордалануы
байқалады. Бұл кезең әсіресе жас төлдерде ұзаққа созылады. Жалпы алғанда
бұл құбылыстар инфекцияға қарсы туындайтын иммунитеттің алғы шарттары болып
табылады. Сондықтан жас малдың организмі бруцеллезге төзімдірек келеді. Бұл
кезең ересек сақа жануарларда қысқа болады және бір ерекшелігі антидене
түзу баяу жүреді де, серологиялық көрсеткіштер төменгі дәрежеде болады.
Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің
нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысы кезінде жиірек
өрбиді. Шаранада болатын эритритол көмірсуы бруцеллалардың өсуін
жеделдетеді деп есептейді. Бұл кезең бактериемиямен және айқын клиникалық
белгілерімен ерекшеленеді. Жануарлардың денесінде әртүрлі мүшелер мен
ұлпаларда өліеттенген қабыну процестері өрбіп, оның нәтижесінде орхит,
бурсит, тендовагинит, эндометрит сияқты бруцеллездің негізгі белгілері
пайда болады. Жатырдың кілегейлі қабығы, қағанақ қабының және ұрықтың
зақымдануы салдарынан буаз жануарлар іш тастайды. Генерализация кезінде
антидене түзілуінің күшеюіне байланысты серологиялық реакциялар оң нәтиже
береді. Бірақ аборт болғанда қанға көп мөлшерде түскен бруцеллалардың
антигендері антиденелерді бейтараптап, серологиялық реакциялардың нәтижесі
теріс болуы мүмкін.
Генерализациядан кейін байқалатын екінші латенция кезеңінде аурудың
клиникалық белгілері өше бастағанымен денеден ұзақ уақыт бойы микроб
бөлініп шығады. Бұл кезеңде организмде осы ауруға тән өзгеше аллергиялық
құбылыстар байқалады.

2.5 Өтуі мен симптомдары

Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе аллергиялық
реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Егер ауру жұққан
малдардың ішінде буаздары болмаса, бруцеллез симптомсыз өтеді. Онда
шалдыққан малдарды серологиялық немесе аллергиялық тексеру арқылы ғана
анықтауға болады.
Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі – буаздықтың
екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр негізінен 5-8 айлығында, қой
мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда
іш тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал мегежінде
ол бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Іш тастар алдыңда буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс
мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт-қоңыр түсті сора ағады. Іш
тастағаннан кейін әдетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі-іріңді, соңынан
іріңді-фибринді эндометрит байқалады. Кейбір жануарларда эндометритке
қабаттаса желіні, аналық безі және фаллопий (жатыр) түтікшелері қабынады.
Дерт асқына келе дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып, жүдеп
кетеді. Жыныс жолдарының зақымдануы жануардың жыныстық қабілетін
нашарлатып, соңы бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін.

Сурет 3. Бруцеллезге шалдыққан сиыр

Жекелеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы тұмауы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері
Ауруды талдау
Ірі қара малдың кампилобактериоз ауруын алдын алу және емдеу
Эксгумацияланған өлексені сараптау
Жылқылардың африкалық обасы
Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
Алиментарлы остеодистрофия ауруынан өлген тауықты 1 сойып зерттеу
ХОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Диплококтық септицемия ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері
Пәндер