Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Шошқа – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең
алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және
Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары
қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі сирек түк
басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек
өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін
жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен
20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы
жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы
9 – 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 – 3 рет 8 – 12-ден
торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 – 150 кг, еркегі 180 – 200 кг-ға
жетеді. Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді:
кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Шошқалары), өте тез
жетілетіндер (сиам және ескі неополитан Шошқасынан тараған майда салмақты
Шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған Шошқа тұқымдары)
және орташа қарқында жетілетіндер.
Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген
комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл
ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық
профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың
негізі – жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни
ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен
ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан
жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық
талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық
ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық
объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы
жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы,
механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б.
ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер
тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа
өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің
тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы
инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.
Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы,
олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін
тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-
жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы
режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін
жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан
22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады.
Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі
кемиді.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық
талаптар

Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық
ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге
арналған аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген)
аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы
анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн
қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
- Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа
шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі
бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың
жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде
ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос)
серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты
станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып
серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда
азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен
бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан
шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі
буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға
арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету
тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға
дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып
серуендетеді.
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап,
шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал
басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп
секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға – 15
м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік және
бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал
едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен
тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік
қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне
байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда
азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш
айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға
қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына
пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана
қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді
серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда
топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда
бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе
станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда,
аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу
функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар,
жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-
сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді
болады.

1.2 Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы

Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды
жеке қораларда ұстайды. Ол үшін әр шаруашылықта қабан шошқаларға арналған
қоралар (ұрықтандыру пункті немесе онсыз), қысыр және ұрықтандырылған
аналық қоралары, буаз және торайлы шошқаларға, енесінен айырған торайлар
мен жас шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа шаруашылықтан алынған
малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.
Аталық шошқаларға (қабандарға) арналған қоралар көбінесе ірі
шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал кішігірім фермаларда, көбінесе
аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды да ұстайды.
Қабан шошқаларға арналған қорада қосымша ұрықтандыру пункті (манеж,
лаборатория), қабандарға санитарлық-тазалау жұмыстарын жүргізетін бөлме,
ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстаға арналған орын, жабдықтарды және
төсеніштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.
Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын
қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң
тазартатын ені 1,4 м кем емес, жол қалдырады. Негізгі қабандарды жекелеп,
жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің
ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда – 7, топтап ұстағанда – 2,5 м²
қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық
шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді.
Қабан шошқалардың станоктары азық науаларымен және су құбырларымен
(табақша немесе емшекті автопоилкалар) жабдықталады. Азық науасының әр
басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының ені
(үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі – 25 см. Станоктың
едені жылыланған болуы керек.
Қабандардың негізгі аурулараның себебі оларды қыс және күз айларында
суық, сызды едендерде ұстау, моционның жетіспеушілігі және жазда жаймау
екендігі тәжірибеде де дәлелденген. Суық кездерде қабандар тұратын
станоктардың едендерінің жылылығы 15-18 ºС болуы керек. Егер қабан
шошқаларды жылы едендерде ұстаса, олардағы кейбір аурулар (бұлшық еттерінің
дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т.б.) кездеспейді.
Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға
арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың
екі жанындағы қабырғаларының 13 бөлігі тұтас, ал қалған жағы төркөзді
болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың тұтас
қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап
ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокта
10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа
1,8-2 м² еден ауданы есептеледі.
Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған азық науалары
орнатылады. Әр станокта төркөзді деннің турасына су құбыры қойылады.
Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден
керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен
(5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға
орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті
екенін естен шығармау керекте, осы кездерде олар толық құнарлы затты,
витаминді және макро-микро элементті рационмен қамтамасыз етілуі қажет.
Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микроклиматы
қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр шошқалардың жоғарғы температурада,
әсіресе жаз айларында жас аналықтардың, болуы жыныстық күйтінің келуін
тежейді. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап,
серуендетіп, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйті тез
келеді. Аналық шошқа қоралары. Шошқа
фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора
салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір
аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды
торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына
қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден
сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал
торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын
зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне
қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының
қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып,
астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың
жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін
және эритемді шамдарды іліп орнатады.
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы
каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің
көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде Лузинский, ал
екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы
технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2
типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және
торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға
жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық
шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын
мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок
ауданы – 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса – 5-5,5 м² алынады. Бұл
станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1,
СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа)
бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем
алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға
арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша
немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің
үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру
үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.

Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір,
торайлардың дем алып, азықтануына – 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы
болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап
семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені –
200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180 см, ені –
60 см.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар – тұқымдық және өнімдік
фермаларда, оларды 25-30 бастан топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір
фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы
торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған
кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған
торайларды үш ұядан артық қоспай, яғни 15-25 бастан артық бір станокқа
топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда – 0,4 м² әр басқа
есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 20 см есептеп
алады.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ жарық және
жақсы желдетілген болуы керек. Неғұрлым өсіруге қойылған шошқалар жас
болса, жаңа орынға олардың организмдері бейімделу үшін, солғұрлым ұстау
жағдайы жақсы болуы керек. Жас торайлардың өсу жылдамдығы көбінесе қора
ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас торайлардың
секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп, жыл
мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа ауа жоғарғы жаққа,
ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.
Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал қораларының
сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың мөлшерін азайтып, соның
нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды кемітіп, құрлыс материалдарын
үнемдеп, вентиляция, канализация, электр жүйелерінің жүргізу жолдарын
қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді (азық тарату, көң шығару,
ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып және автоматизациялауға
қолайлы жағдай жасалады.
Клеткалы – батареяларда торайларды өсіріп-жетілдіру екі сатыда
жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәуліктік жасына
дейін, екіншісі – 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.
Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе үш қабатты клеткалы
батареяларды пайдаланады. Клетканың қаңқасын тат баспай-
тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген сымдардан торкөзді қылып
дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен санына
байланысты болады. Өте ерте енесінен айырып алынған торайларды жекелеме
клеткаларда ұстайды да, оның размері 0,25м×0,60м болады. Топтап ұстау үшін,
размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м-1,5 м×0,6 м×0,8 м және биіктігі 0,4-0,6
м пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып еденнің ауданын 0,1
м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың алдыңғы қабырғасын еңіс жасап,
оған металды азық науасын бекітеді. Бұл қабырғаны көбінесе қосымша есік
есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты мазасызданбау үшін,
алдыңғы қабырғасының ішкі жағына торайдың санына байланыстырып, азық
науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.
Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып,
оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10×10 мм немесе12×12
мм болатындай орналастырады.
Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан
еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне түскен шошқа нәжісі сырғып, көң
каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.
Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір немесе
екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың
еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланыстырып, 0,27-0,28-0,30
немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2×1,6 м немесе 1,3×1,3
м, биіктігі – 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан (планка) саңылауын
5×15 немесе 30 мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші
қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары орналасады. Шошқалардың
қыйы тор едендерінің арасынан арықтарға түсіп, ол жерден көң жинағыш
құрылымының көмегімен тазаланады.
Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына қарама-қарсы жақтан
емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.
Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы 25-
30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.
Торайларды клеткалы батареяларда ұстап өсіру кезінде ондағы
микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші сатыдағы
торайларды өсіру кезінде ауаның температурасы 26-28 ºС болуы керекте,
олардың өсуіне байланыстырып, төмендетіп отырады. Мысалы, торайдың тірі
салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС, салыстырмалы ылғалдылығы
60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштерін қалыпты
мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып кіргізіп-шығарып тұратын механикалық
желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған ауа
төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы керек. Қора ауасының
қозғалысының жылдамдығы 0,2 мсек жоғары болмауы керек.
Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте 5-10 күндік жасында енесінен
айырып, клеткалы батаряларда ұстап, дұрыс жағдай жасалса, олардың екі
айлығында тірі салмағы – 21 кг жетіп, ал торайларды 3-5 апталығында
енесінен айырғанда осы салмаққа тек 66-68 тәуліктік жастарында ғана
толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары болады.

Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып, өсіріп жетілдіру, тек
өте жоғарғы санитарлық-гигиеналық талаптарға ұйымдастыру жұмыстары
жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.
Өнімдік жас шошқаларға арналған қораларды, фермалардың қуаттылығына
байланысты сиымдылығын, белгілеп ішіне екі, төрт қатарлы станоктар
орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта 10-30 басқа дейін
топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда ауданы
0,7-0,8 м², ал тұқымдық малдарға – 1 м² дейін есептеледі. Станоктардың
тереңдігі (ені) және ұзындығы 3,5 м болады. Азық науалары әр басқа шақанда
0,3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.
Шошқа қорасының ауа температурасы 16-18ºС болуы керек. Ауа
температурасы жоғары болса (30-35º) ұрғашы жас шошқалардың жыныс күйті
шағылысуға уақытында келмей тежеледі.
Өнімдік жас шошқаларды өсіргенде табиғи жағдайға ұқсастырып күтіп-
бағып қана келешекте мол өнім алуға болады. Сондықтан оларды күнделікті
серуендетіп отыру қажет.
Бордақылайтын шошқаларға арналған қораларда да топтап ұстайтын
станоктармен 2-4 қатарлы қылып жабдықталады (сурет 6). Әр станоктың
сиымдылығы 25-30 басқа дейін болады. Азық науаларының ұзындығы әр басқа
шаққанда 30-32 см кем келмеуі керек. Бірақ, бордақы малдарын станокта 12-15
бастан артық топтамаған жағдайда, олар бір-бірін жиі мазаламай, жақсы дем
алып, қоң жинап, сақталу пайызы жоғарлайды және малдардың ауруы азайып,
лажсыз сою кемиді.
Станоктардың қабырғаларының биіктігі 1,1 м кем болмай, екі тіркелес
станоктардың бөлігі тұтас, ал азықтанатын бөлігінде, көң түсетін арықтың
үстіндегі қабырға тор көзді болып 10-12 см саңылау размері жасалады.
Бордақылаудағы жас шошқалар үшін станоктың ауданы бір басқа 0,5,
ересектерге 0,7-0,8 шаршы метр есептеледі. Станоктың ені мен ұзындығы 3,5 м
артық болмайды.
Бордақыда тұрған шошқалардың қораларының ауасының температурасын
малдардың өсуіне байланыстырып қалыптап отырады.
Бордақыдағы малдардың ауа температурасының тәуліктік тосын ауытқуына
жол бермеу керек. Ондай температураның ауытқуы кезінде бордақыдағы шошқалар
оған тек қосымша азық пайдалану арқылы ғана бейімделеді. Төменгі
температура кезінде шошқалар бейімделіп үлгере алмай, салмағын төмендетеді.
Ауа температурасы 10ºС төмендегенде шошқаның әр киллограмм қосқан салмағына
азық шығыны 20-30 % артады. Шошқаларды бордақылайтын қораларда әр центнер
салмағына шаққанда алмастыратын ауаның сағат сайынғы мөлшері қыс айларында
– 35-45 куб.м., ал жазда – 60 куб.м. болуы керек. Сондықтан жазғы айларда
қорада бордақылайтын шошқалар тығыз орналасқан кездерде ауа температурасы
28-30ºС көтеріліп, дұрыс ауа алмастырылмаған жағдайда, малдардың жылу
алмасу жүйесінің жұмысы бұзылып, тыныс алу, ас қорыту органдарының аурулары
пайда болып, соның нәтижесінде малдардың өсуі тежеліп, салмағы төмендейді.
Бордақыдағы шошқалардың организмдерінде зат алмасу процесстерінің жүруі
жоғары болады да, қораның ауасына жылу көп бөлініп, температурасын
жоғарлатып жібермеу үшін қораның ауа алмастыруын арттыру қажет. Ол үшін
көбінесе есік терезелерді ашып, өтпе жел (свозняк) туғызбай желдету
жүйесінің жұмысын механикалық түрде арттырып, қорадағы ауа қозғалысының
жылдамдығын жаз айларында 1 мсек, одан да жоғарлатады.
Бордақылау аяқталғаннан соң, қораны шошқаларды шығарып, тазалап және
дезинфекциялаудан өткізеді де, 5-7 тәулікке, қора бөлшектерінің беттеріне
дезинфекциялау ертінділерін толықтай сіңіп, микроорганизмдерді
залалсыздандыру үшін, қораға мал қамамайды. Содан кейін келесі партия
бордақылау шошқаларын кіргізбес бұрын қораның микроклиматын қалыпқа
келтіріп алады. Бордақылау малдарын қабылдауға қораны дайындағаннан кейін
бір тәулік ішінде станоктарды толтырып, өте ұсақ шошқаларды бөлек күтімге
алу үшін жеке станокқа қамайды да, алғашқы 2-3 күн қосымша құрама
азықтармен құрғақ сүт, балық майын және антибиотиктер береді.
Азықтандыру кезінде малдардың азық жеуін қадағалайды. Азықтан бас
тартып, жемеген шошқаларды мал дәргерлік қараудан өткізіп шараларын
жүргізеді.
Еркін серуендетіп ұстауға арналған қоралар, көбінесе ауа райы қолайлы,
жылы аймақтарда салынады. Бұл тәсілмен әртүрлі жастағы мен жынысты
шошқалар, әсіресе аналық мегежіндер ұсталады. Шошқаларды еркін серуендету
тәсілімен ұстау үшін арнайы қоралар салынады да, серуен алаңына қараған
ұзын қабырғаларынан, шошқалардың еркін кіріп – шығып жүруі үшін арнайы
тесіктер (лаз) қалдырады. Әрбір тесікке шаққандағы келетін малдар саны:
енесінен айырған торайлар мен жас шошқалар – 30 , үлкен шошқалар
(мегежіндер) – 20, ересек бордақы бағытындағы шошқалар – 30 -50 бастан
есептеп қаралады. Қалдырылатын тесіктердің размерлері (ені × биіктігі, м):
енесінен айырған торайларға – 0,3 × 0,4 м, өнімдік және еттік жас
шошқаларға – 0,5 × 0,8 м, ірі үлкен шошқаларға – 0,6 × 0,9 м қаралып
жасалады. Тесіктердің табалдырығы болмай, еден мен бірдей жасап шошқалар
жүретін жол-пандус салады. Тесіктерді топсада айналып тұратын (мал
сүйкенгенде ашылатын) есіктермен қамтамасыз етеді. Сыртқы ауаның орташа
температурасы минус 25ºС төмен аймақтарда тесіктер алдына қалқандар
(тамбурлар) жасалады.
Шошқа қораларының ық жағынан серуен алаңдары қаралып, оның едендері
қатты материалдардан бетонданған болуы керек. Серуен алаңының едені 3-4 см
әр 1 метрге су ағар бір жағына құлама болуы керек. Серуен алаңын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенасы туралы
Шошқа күтіп бағу гигиенасы
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Шошқаның гигиенаcы
Шошқа гигиенасы
Көк азықтармен азықтандыру
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар туралы
Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері
Шошқаның гигиенасы жайында
Пәндер