Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы.
Жоспар

1.Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы.
2.Нейронның құрылысы мен қсиеттері
3.Нерв талшығы құрылысы мен қсиеттері
4.Орталық жүйке жүйесі.

Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы

Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron - сіңір, желі) -- ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Түйіндердегі жүйке талшықтары өзара бір-бірімен ғана байланысып қоймай, тиісті рецепторлар және орындаушы органдармен (бұлшық ет, бездер) де байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, ол сезім органдарымен байланыста болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді. Шеткі жүйке жүйесі - соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады. Эмбриогенез кезінде жүйке түтігінің бас жағы 5 көпіршікке бөлінеді. Бұлардың алдыңғысынан үлкен ми сыңарлары мен аралық ми, ортаңғысынан ортаңғы ми, артқысынан варолий көпірі мен мишық және сопақша ми дамиды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы - жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы - жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды.
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Нейронның құрылысы мен қасиеттері
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.
Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон - тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне - қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл - нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар - нейронның кірер есігі, ал аксондар - шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түседі.
Нерв талшығы құрылысы мен қсиеттері
Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе а фференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.
Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.
Жұлын (medulla spіnalіs) - адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцентниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы - адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Жүйке жүйе физиологиясы
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Жалпы физиология студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Қозу мен тежелу
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Орталық жүйке жүйесінің жұмысы
Жүйке жүйесінің құрылысы
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Пәндер