Актиномицеттер. Актиномикоз қоздырғышы. Адам мен жануар үшін патогенділігі. Ағзада шоғырлануы. Иммунитет. Актиномикоздың лабораториялық анықтауы. Алдын алуы мен емдеу



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Микробиология, вирусология және иммунология

Дисциплина: Микробиология және иммунология

Курс: ІІ

Тобы: 212 Б

Тақырыбы: Актиномицеттер. Актиномикоз қоздырғышы. Адам мен жануар үшін
патогенділігі. Ағзада шоғырлануы. Иммунитет. Актиномикоздың лабораториялық
анықтауы. Алдын алуы мен емдеу

Орындау түрі: Реферат

Орындаған: Қалман С.\Ғ

Тексерген: Нурсейтова Т.Х

Ақтөбе 2018 ж.

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

А) Актиномицеттерге жалпы сипаттамасы, классификациясы және қасиеттері

Б) Актиномицеттерге жалпы сипаттама

В) Актиномицеттердің құрылымы

Г) Актиномицеттердің классификациясы. Streptomyces туысы.

Д) Актиномицеттердің патогенезі

Ж) Актиномицеттерден емдеу

ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

Топырақ микроорганизмдері биологиялық белсенділігі және құрамы бойынша
алуан түрлі болып келеді. Бұл бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар,
балдырлар және қарапайымдылар. Микроорганизмдер салмағы тек үстіңгі беткей
горизонтының өзінде ғана бір гектарға бірнеше тоннаны құрайды.
Микроорганизмдер саны 1 г топыраққа жүздеген мыңдар мен миллионға дейін
жетеді. Жалпы, микроорганизмдер мөлшері жағынан планетамыздың құрлық
бөлігінің 0,01–0,1%-ын алып жатыр 1. Топырақ фаунасының әрбір мекендеушісі
өзінің тіршілігін жалғастыру мақсатында алуан түрлі функциялар атқарады. Ал
бұл функциялар өз кезегінде организмдердің ерекше қасиеттеріне негізделеді.
Осының ішінде бұл курстық жұмыста топырақ микрофлорасында айрықша орынға
және спецификалық қасиетке ие актиномицеттер қарастырылады. Курстық
жұмыстың өзектілігі: Актиномицеттер өздерінің антибиотикалық заттарды
синтездеуіне байланысты үлкен қызығушылық тудыруда.Сонымен қоса,
актиномицеттер жоғарғы және төменгі сатыдағы организмдердің өсуін және
дамуын стимулдейтін биологиялық активті заттар түзуге қабілетті.
Актиномицетті шығу тегі бар заттар мал шаруашылығында және өсімдік
шаруашылығында зиянкестермен күресуде орны ерекше. Барлық актиномицеттер
делік B тобына жататын витаминдерді синтездейді. Сондықтан да
актиномицеттердің ерекше қасиеттерін анықтау, зерттеу қазірігі таңда өзекті
мәселе.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А) Актиномицеттерге жалпы сипаттама, классификациясы және қасиеттері
Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-
ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий
құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің
бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке
жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр+ және ДНҚ
құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%. Ең кең таралған жері – топырақ:
оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі.
Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-
15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ
суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды

Актиномицеттердің арасында аэробтар және анаэробтар, мезофилдер мен
термофилдер бар. Көбінесе актиномицеттер сапрофиттер, алайда араларында
адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіретін паразитті түрлері
кездеседі. Actinomycetes классына қалыпты актиномицеттерден басқа,
проактиномицеттер, микобактериялар және микококкалар жатқызылады 3.
Проактиномицеттер актиномицеттерден мицелийдің дамудың ерте кезеңінде ған
болуымен ерешеленеді. Одан кейін жас жіпшелер коккалар мен таяқшаларға
дейін үзіледі. Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай
көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін
қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің
көптеген дақылдарынан дәрілік препараттар – тағам өнеркәсібінде, өсімдік
өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада қолданылатын антибиотиктер.
Актиномицеттер витаминдер, гормондар, ферменттер, токсиндер, өсу заттары,
аминоқышқылдар және адам үшін қажетті басқа да биологиялық белсенді заттар
түзуге қабілетті. Топырақ құнарлылығын қалыптастыру және топырақ шығару
процесстеріне актиномицеттер белсенді түрде қатысады. Оларға топырақты
қалпына келтіруді жүзеге асыратын көптеген функцияларды жатқызады. Ең алғаш
болып актиномицеттерді 1878 жылы Ц. Гарц анықтаған болатын. 1945 жылы С.
Ваксман және А. Шатц актиномицеттер дақылдарынан медицинада кең қолданыс
тапқан стрептомицин антибиотигін бөліп алды

В) Актиномицеттердің құрылымы
Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф
диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді.
Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін
анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар.
Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін
атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де
колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат
алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен
жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары
тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері
—0,5—2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Зоонозды аурулар: бруцеллез, күйдіргі, оба, туляремия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Анаэробты инфекция қоздырғыштары: сіреспе, газды гангрена, ботулизм. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Оба тектес қоздырғышы
Микобактериялардың биологиялық ерекшеліктері
Микроб жасушаларының құрылысы
Актиномикоз және оның емдері
«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дәрістер жинағы
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Бруцелла
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер