Абай философиясындағы адам мәселесі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

№3 семестрлік жұмыс

Тақырып: Абай философиясындағы адам мәселесі

Орындаған
Қабылдаған:
Тобы:

Алматы, 2018

Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-15
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-17
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Кіріспе

Абай (Ибраһим) Кұнанбаев (10.08.1845 - 06.07.1904) - қазақтың ұлы ақыны, философ, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, либералдық ислам өкілі. Абай шығармашылығында философиялық ой толғаныстарға толы көптеген өлеңдерімен қатар ерекше орын алатын 45 ойы аяқталған фрагменттен, нақыл сөзден тұратын Қара сөз атты шығармасын атап өтуіміз қажет. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М. Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері - оның рухани мұрасының кең ауқымдылығын, тереңділігін көрсетеді. Абайдың осы ой-толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырады. Абайдың бүкіл философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде "Адам бол!" деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: "Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз... Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан -- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс - Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)". Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе -- өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.

II Негізгі бөлім
Филсофияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көретін болсақ,грек ойшылы Протагор: "Барлық заттың өлшемі-адам" деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы : "Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан" депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай : "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол" атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті. Абай философиясының бүгінгі күнгі өзектілігін Ел басы Н.Ә.Назарбаевта атап өтеді. Абайды оқи отырып, адам - таза, әділетті, қайырымды болып қалыптасады дейді. Олай болса, Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: "ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады";- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, мені мен менікінің айрылғанын, өлді деп ат қойыпты өнкей білмес. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде "мен" деген не, "менікі" деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. "Мен" дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. "Менікі" деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой - толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек . Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ - данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: "адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз..." деп басталатын мына өлеңіне назар аударайық: Адам болам десеңіз Бес нәрсеге асық бол Бес нәрседен қашық бол Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рақым Өсек Өтірік Мақатаншақ Еріншек Бекер мал шашпақ Бұл өлеңде Абай адам болу қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер - білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажет етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты,- дейді . Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам - иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап - ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе деп ой түйіндейді[4]. Қоғам көре алмаушылық, зұлымдық, қулық, сұмдықтан толық тазарғанда ғана бұл жаман қасиеттер, басқа да дөрекі мінез-құлықтар, тіпті адамға көрсетілетін зорлық-зомбылықта жоғалады деп сенеді. Абайдың мына бір даналығына тоқталайықшы: Адам баласын замана өсіреді, кімде кім жаман болса замандасының бәрі жазықты
Абай философиясының негізгі ерекшелігі ең алдымен адам мәселесін философияның негізгі мәселесі ретінде алып қалыптастырады. Абу Хайян ат-Таухиди айтқандай адам адам үшін мәселеге айналды. Бұл, әрине Абай философиясына антропологиялық сипат береді, бірақ Абайдың философиялық антопологиясының өзіндік сипаты бар ерекше философиялық ілім, жүйе болып табылады. Профессор О.А. Сегізбаев Абайдың антропологиялық философиясын Фейербахтың философиялық жүйесімен салыстыра отырып, екеуінің де философиясының ең басты мәселесі адам болғанымен, арасында ұқсастықпен қатар сапалық айырмашылық бар екендігі туралы ой-тұжырымға келеді. Л. Фейербах "Гегель философиясына сын" деген еңбегінде: Табиғат асқазанның жай ғана шеберханасын жасап қойған жоқ, сонымен қатар ми сарайын орнатты, ол тіл ғана берген жоқ, дыбыстардың үйлесімділігін есту үшін құлақ, жарық көру үшін көз берді - деп айтса, Абай отыз сегізінші сөзінде Алла: "...Адам баласын құрт, құс, өзге хайуанаттар сипатында жаратпай, бұл гүзәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, ауызына қолы ас бергенде, не ішіп не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстіне тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойы, біреуі ұқтыраралық тіліне сөз беріп жаратты" - дейді. Бірақ Фейербах адам табиғи құбылыс болғандықтан, оның адамгершілік, әдептілік сипаты оның табиғи мінімен анықталады деп есептегендіктен оның антропологиялық философиясы адамнан Құдайға өтеді. Ал хакім Абай үшін адамды жаратқан Құдай болғандықтан, адамның бойындағы адамдық табиғатпен емес, Аллаға деген сеніммен, махаббатпен анықталады. Сондықтан Абайдың философиялық антропологиясы Құдайдан адамға өтеді. Абайдың философиялық антропологиясының келесі өзіндік ерекшелігі дүниежүзілік философияда, әсіресе Шығыс философиясында кең тараған "әмбебап адам", "жан-жақты жетілген адам" ілімінің көптеген нұсқаларының ішінде (герметизм мен гностицизмдегі Антропос, Каббаладағы Адам Кадмон, маздаизм мен зоростризмдегі Гейомарт, Ежелгі Үндінің діни философиясындағы Пуруша, Ежелгі Қытай философиясындағы шэн жэнь, соның ішіндегі Конфуцийдің әлеуметтік идеал болып табылатын цзюнь-цзы, арабтілдік мұсылман Шығыс философиясындағы әл-инсан әл-кәмил және ортаазиялық жәуанмәртілік ілімдер) өзіндік орны бар. Абай адам мен кісі мәселесін жан-жақты, ауқымды қарастыру арқылы, өзінің кісілік философиясы арқылы жан-жақты жетілген "толық адам" тұжырымын негіздеді. "Толық адам" ілімі тұрғысынан Абайдың өзінің қаншама "толық", жан-жақты жетілген адам екендігіне тағы да көзіміз жетеді. Абайдың "толық адам" тұжырымында басқа философиялық жүйелермен сабақтастық, байланыстылық бар екендігін байқауға болады. Мұның өзі оның қаншама жан-жақты білімді, парасатты философ екендігіне көз жеткізеді. Мысалы, ортағасырлық Шығыс мұсылман философиясының ірі өкілдерінің бірі әл-Газалидің пікірі бойынша, Құранда айтылғандай, адам Алланың көшірмесі, оның көмескі бейнесі. Адам да Алла сияқты көреді, естиді... Абайдың "Қара сөздерінің" 38-сөзінде де осы жайлы айтылады: "... Алла Тағалаға ұқсай алам ба деп, надандық бірлән ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ - дәл бірдейлік дағуасы бірлән емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: "Хаят (тіршілік), Ғылым, Құдірет (күш), Басар (көру), Сәміг (есту), Ирада (тілеу, қалау), Кәләм (сөздер), Тәкин (болу). Бұл сегізінен Алла тағалағыдай кәмәлат - гәзәмат (жетісу, үлкен) бірлән болмаса да, пендесінде де әр бірінен өз халінше бар қылып жаратыпты" . Абайдың пікірінше Аллаға тән негізгі сегіз қасиет бар: тіршілік, ғылым, күш, көру, есту, тілек тілеу, сөз, бар болу. Осы қаситеттер адамға да тән, бірақ олар Алланың бойындағыдай жетілмеген. Егер бұл қасиеттер адамда да жетілген күйінде болса, онда Алла мен адамның арасында айрмашылық болмас еді. Абайдың пікірінше жәуанмәрт, яғни жан-жақты жетілген толық адамға үш негізгі қасиет: шындық, ізгілік, даналық тән болуы керек. Осыған байланысты 38-сөзінде Абай былай деп жазады: "Енді біздің бастағы тагриф (тану) бойынша құдай тағала ғылымды, рақымды, ғадаләтті құдіретті етті. Сенде бұл ғылым, рақым, ғадаләт үш сипат бірлән сипаттанбақ: ижтиһадің (талап) шарт еттің, мұсылман болдың, һәм толық инсаниятың (адамгершілік) бар болады. Белгілі жәуәнмәрттілік үш хаслат (сипат) бірлән болар деген сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (даналық) - бұл үшіндән сиддық, ғадаләт болар. Кәрәм шафағат болар, ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бір аты екендігі, бұлар әр адамның бойында Алла табарақа уатағала тәхмин (шама, шамамен) бар қылып жаратқан. Бірақ оған рауаж (реттеу, пайдаға асыру) беріп гүлдендірмек, бәлки адам өз халінше кәмәләтқа жеткізбек, жеһәтінде болмақ". Сонымен, шындықты Абай әділеттілік, ізгілікті қайырымдылық, мейірімділік деп, ал даналықты ғылымның бір аты деп түсіндіреді. Әділеттілік - жақсылықтың анасы, ар-ұждан да әділеттілікке негізделеді. Ешуақытта әділеттілік сезімдеріңді жоғалтпай, жақсылық жасаудан шаршамандар деп үйретеді ұлы ойшыл, себебі әділетсіз иман да, адамгершілік те болуы емес. Ғылым мен даналық та адам бойында жақсылық пен адалдық қаситеттердің болуын үйретеді, яғни қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелейді. Абай бұл қасиет барлық адамдардың бойында бар деп айтады. Бірақ аз төмен дәрежеде, сондықтан әрбір адамның парызы, яғни толық адам болу үшін осы қасиеттерді жетілдіру қажет және де оларды өз бойында сақтап, тек қана игі, жақсы істерге жұмсалу керек. Конфуций өзінің философиясында цзюнь-цзымен қатар "сяо-жэнь" ("кішкентай адам", "арам, жаман адам" деген мағынада) мәселесіне де көңіл бөлді. Конфуцийдің айтуы бойынша "жақсы адам парыз туралы ойласа, жаман адам өзінің пайдасын ойлайды". Бұл мәселе Абай философиясында пенде мәселесі арқылы сабақтастық тапты. Абай адам мен пенде мәселесін дүние мен жалған атты қарама-қарсы түсініктер арқылы ашуға тырысты. Егер де дүние - мәңгілік болса, жалған - уақытша, өткінші. Адам - осы дүниенің, мәңгіліктің туындысы болса, пенде - жалғанның, немесе күнделікті тіршіліктің көрінісі. Сондықтан адам, оның бар болмысы ең алдымен адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, ақиқат сияқты прициптерге негізделсе, пенде күнделікті күн көріс шеңберінен шыға алмайды. Абайдың пікірінше тіршілікте ар сақтау да, жан сақтау да бар. Әрине, Абай өзінің адамгершілік философия тұрғысынан ар сақтауды жан сақтаудан жоғары қояды. Адамның адамагершілігі, адамдық қасиетін жоғары ұстануы, оның жан сақтауында емес, арын сақтауында. Абай: "Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын, Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілмен құлық сауған зақы құрсын" деп, немесе: "Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер, Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсыз да иман жоқ, түпке жетер", "Абиыр қайда, ар қайда? Өз басына не пайда?" деп, ар, ұят, намыс ұғымдарына ерекше терең мән беріп, адамның адам болуындағы, жан-жақты жетілген адам болып қалыптасуындағы олардың рөлін ерекше жоғары бағалайды. Абай осы ұғымдарға бір жақты қарамай оларды күрделі философиялық этикалық категориялар ретінде қарап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, 36-сөзінде ұят категориясына философия тұрғысынан талдау жасайды, бір жағынан ұят - надандықтың ұяты: "Жас бала сөз айтудан ұялған сияқты, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ әншейін барып жолығудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын терістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу - ақымақтық, жамандық". Мұндай ұят адамға қажет емес, ол адамның жетіліп, дамуына кедергі болатын, кері әсер ететін ұят. Шын ұят болады, ол "шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады... Біреуі сонда ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығынды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тартырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгілі, ешнәрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар" . Ұяттың бұл түрі, ар, намысы бар адамдарға тән, ол адам бойында адамшылық қаситеті тәрбиелегуде орны ерекше. Абай 14-сөзінде: "Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Алланы танушы ойшыл
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын
Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық
Пәндер