Диалектика-таным теориясы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Рухани және дене тәрбиесі

№2 семестрлік жұмыс

Тақырып: Диалектика-таным теориясы

Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:

Алматы, 2018

Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-13
а) Таным теориясы туралы түсінік
ә)Диалектиканың негізгі заңдары және категориялары туралы түсінік
б) Канттың философиядағы таным мәселесі
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде-ақ пайда болды. Ертедегі барлық грек философтары, - деп көрсетті Ф.Энгельс, туа біткен диалектиктер еді, ал солардың ішінде Аристотель жан жақты білімдар, кемеңгер ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерттеді. Ертеде диалектиканың қарсылас адамның пікірлеріндегі қарама-қайшылықты табу және оны жою арқылы ақиқатқа жету, яғни айтыса білудің әдісі деп түсінді. Кейіннен даму жөніндегі философиялық екі көзкарастың бір таным әдісі мен болмыстың өзгеруін диалектика деп атады.Табиғат пен қоғам дамуының диалектика зерттейтін жалпы заңдары сонымен қатар таным заңдары да болып табылады. Материалистік диалектиканың заңдары мен категорияларын білу философияның негізгі мәселесінің екінші жағын ашатын ең басты философиялық проблемалардың бірі: адам объективті өмір шындығын танып біле ала ма және осы таным процесі қалай өтеді? - деген мәселені түсінуге көмектеседі.
Таным процесінің заңдылыңтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты.
Материалистік таным теориясы айналадағы материалдың шындықтың адам санасында бейнелену теориясы болып табылады.
Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның тәжірибелік қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады.
Ендеше адамзат дамуында адам танымының қоғамдық, тарихи сипаты болады. Таным - адам санасын дамытудың негізі.
Таным дегеніміз - өмір шындығын жай селқос аңғарып қана қою емес, оны қызу түрде, мақсатқа сай бейнелеу болып табылады.
Диалектикалық материализм адамның танымының, оның ойлау қабілеттерінің қоғамдық дамуының жемісі, қоғамдық даму адамның айналадағы дүниені пәрменді түрде өзгертуінің нәтижесі деп біледі.
Танымның субъектісі - адам, қоғам. Танымның объектісі - қоршаған орта. Адам қызметінің, іс-әрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін ұғым деген мағынада қолданған. Яғни субъект - солардың бәрінің негізі немесе иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект субстанция ұғымына жақын болды. ХҮІІ ғасырда субъект мен объект терминдері таным теориясында ғана қолданылды. Қазіргі кезеңде ғана субъект пен объект адамның дүниені өзгерту, игеру және тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни, субъект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратымпаздық және таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субъекті, ол - әрбір жеке адам, ал адамдар қоғамдасқан түрінде, олар бәрі бірге - өздерінің тарихи-әлеуметтік дүниесінің, соны жасаудағы тарихының бірден-бір авторы. Яғни әлеуметтік-тарихи дүниеде, адамдар қоғамында ешбір басқа нәрсе олардың пайда болуының, дамуының себепшісі бола алмайды. Субъект осы дүниеде ең ақырғы себеп, әрі ақырғы нәтиже. Объекті - субъектіге қарама-қарсы, бірақ одан ажырамас байланыстағы іс-әрекеттің екінші жағы, кезеңі. Адам жасампаздық қызметінде нені өзгертетін болса, сол объект. Объектіні көбіне адамнан, оның әрекетінен тыс болған, тек сыртқы дүниеден қызметтің шеңберіне тартылған бөлігі деп түсіндіріп келді, мысалы табиғаттың адам өзгертетін заттары.
Таным процесі қалайша жүзеге асырылады? Бұл сұраққа жауапты В. И. Ленин берді: Нақты аңғарудан абстракты ойлауға және онан практикаға көшу - ақиқатты танып білудің, объективтік реалдылықты танып білудің, диалектикалық жолы осындай.
Таным процесі сезімдік танымнан және рационалдық танымнан құралады. Танымның бастапқы пункті және негізі - практика (тәжірибе).
Он тоғызыншы Қара сөзінде Абай таным процесі туралы жазған:
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

Негізгі бөлім
Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады.
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.
Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.
Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін объективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субъектісі мен объектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.
Сондай - ақ таным процесінің диалектикасы адамның танып білуінің субъективтік формасы мен объективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар объективтік дүниенің субъективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.
Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчестволық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әр түрлі формалар кіреді.
Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады.
Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.
Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.
Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары таза түрі де, жеке, бір - бірінен оқшау түрі де көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір - бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда зерттеліп отырған объект әр түрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логикалық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім жаңа теорияны құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп, таным заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді. Ал теориялық деңгейде біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу, белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған абстракциялар жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясы өте кең. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста.

Дүние және онымен ұдайы қатынастағы адам үнемі дамуда, қозғалыста болатыны белгілі. Оның заңдылықтарын дәлірек және толығырақ бейнелеу үшін ғылыми таным да үнемі даму мен қозғалуда болуы қажет. Ал материялық дүниенің дамуы белгілі бір заңға бағынады және қайшылықты сипатта болады. Сондықтан таным процесі де қайшылықты және дамуда. Қайшылықтың пайда болуы, шиеленісуі және шиеленісуі - даму процесі дегеніміз осы. Қайшылық проблемалық ситуация дегенді тудырады, ал оны шешу ғылыми танымды одан әрі дамытады.
Ақиқат ‑ танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы күн тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диалектикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей түседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. . Білім объектіге дәлірек сәйкес келеді. Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы (относительді) түрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.
Зерттеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп атайды. Тарихымызда ақиқат үшін талай адамдар өмірлерін де қиған, мысалы: Сократ, Джордано Бруно, Қайрат Рысқұлбеков, т.т.. Күнделікті өмірде де талай адамдар шындықты қолдайды.
"Атақты адамдар өмірінен" деген кітапта Авиценна - Ибн Сина туралы бір әңгіме бар. Оның толық аты - Ибн Сина Әбу Әли Хуссейн ибн Абдолла. "Кішкентай Әбу Әли Хуссейннің тілі ең бірінші рет "неге?" деген сөзге келіпті. Бір күні үйлерінде жүрген қызметші әйел Хусейнге алтын сақинаны көрсетем деп жарма салынған қапқа түсіріп алады. Сол кезде сырттан шақырған дауыс естіледі де әйел жүгіріп кетеді. Сөйтіп, сақина ұмыт қалады. Қаптағы жарманың ауызын тігіп, қоймаға апарып қояды. Хусейн соның бәрін көріп тұрады. Келесі күні Хусейннің анасы алтын сақинасын іздеп әлек болады. "Тек сен алдың, сенен басқа ешкім алған жоқ" деп қызметші әйелді жан алқымға алады. "Алғаным жоқ" деп жылағанына сенбей, үйінен қуып жібереді. Бұл жағдайға шыдай алмай кішкентай Хуссейн екі қолын кезек-кезек сермеп, қатты айқайлап жібереді. Балалығы деп бұған ешкім мән бермейді. Әйел кеткесін бала екі күн жылайды. Әбден шаршаған соң былдырлап сөйлей бастайды, ымдап сөзін үлкендерге түсіндіргісі келеді, бірақ алғаш ешкім түсіне алмайды. Қинала, қинала сөйлеп кетеді. Бірінші сөйлемі жазықсыз әйел мен алтын сақина туралы болыпты. Әлгі жерде үлкендер таң-тамаша қалып, қызметші әйелді іздеп тауып, кешірім сұрайды".
П.Жаманкулованың "Даналар туралы әңгімелер" құралында Аристотель туралы әңгімеде ақиқат туралы былай айтылған: "Біздің заманымыздан бұрын IV ғасырдың басында грек философы Платон мектеп ашып, оны Академия деп атайды, өйткені ол шәкірттерімен әңгімені саялы бақ ішінде орнатылған, аты аңызға айналған Академ батырдың мүсіні жанында өткізеді екен. Шәкірттері арасында біреуі ұстазынан біліп түйгендерінің бәрін ой елегінен өткізіп, анығына жетпейінше ешнәрсеге иланбапты. Сондықтан ол "Ақиқат - досым Платоннан да қымбат" дейді екен. Бұл - Аристотель еді. Адамдар ол кезде айналадағы дүние жайында тым аз білетін-ді. Аристотель болса неғұрлым көп білуге талаптанып, сол кездегі ғылым жетістіктерінің бәрін қорытып, әлем мен табиғат туралы түсініктерді бір ғылым етіп құрастырмақшы болады".
Өмірде ақиқат біреу болса, қателесу көп. Ақиқаттың жолында адамзат талай қателескен. Ғылымның дамуымен қателесу де азаяды. Мысалы, бұрынғы заманда ең ғұлама адамдар да жердің беті теп-тегіс, қозғалмастан тұрады деп ұғыныпты. Ақиқат теориясында өтірік туралы да ұғым бар. Өтірік - ол адамның өзімен байланысты, оны адам ойланып, бір мақсатымен айтады.
Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип - адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді.
Диалектика - болмыстың әмпебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. Диалектика ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымның өзі терминінің әуелгі мағынасын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігі атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процеске кез келген қасиеттің қарама-қарсы айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған. Бұл сияқты зерттеулерде диалектика термині әлі қолданылмады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу грек тілінен dialegu mai деген ұғымды білдіреді. Аристотель диалектиканы ойлап тапқан Зенон Элейский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым - аналитикадан диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады.
Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бір қалыпты әрі өз өзімен барабар болады деп анықтайды. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар приципінен негізделеген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды. "Софист" және "Парминид" сұхбаттарында жаратылыстағы жоғарғы буындағылардың кез келгенін бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар әрі барабар емес, өзіне тепе-тең және өзінің "басқа " түріне өтіп отырады деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келеді. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы, тыныштық күйінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық - рухты ойландырып - толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт. Және бұл өнер, Платонның пікірінше, диалектикалық өнер болып табылады.
Неоплатоншылдар диалектиканы дамыту ісін жалғастырды. Феодалдық қоғамның философиясы - схоластикада - диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады.
Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімі туралы диалектикалық ойларды Н.Кузанский мен Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігіне қарамастан Декарт пен Спиноза диалектикғалық ой үлгілерін жасады.
18 ғасырда Францияда диалектикалық идеяларының сонылығымен Руссо мен Дидро ерекшеленді. Диалектикалық дамудың аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы - шындықты танылу объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де қарастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің диалектикалық идеяларының өресіздігіне, жаңсақтығын көрсетті. Лейбниц монадаларының өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде Кант физикалық және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды әрі Декарттан соң бірінші болып - табиғатты танудағы даму идеясын енгізді.
Классикалық неміс философиясы диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық заңдар концепциясында қарастырады.
Таным теориясында Кант диалектикалық идеяларды антиномиялар туралы ілімінде дамытты. Бірақ ақыл парасат диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдану аясына оралысымен ақ диалектика жойылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектика және таным теориясының негіздері
Танымның объектісі - қоршаған орта
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Диалекитика және метофизика
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Диалектика
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Әдістеме деңгейлерін анықтасақ
Таным — адам қызметінің ерекше түрі
Марксизм және өмір философиясы
Пәндер