Вирустардың жалпы қасиеттері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 Вирустардың жалпы қасиеттері

2. 2 Вирустардың табиғатта тіршілік етуі

2. 3 Вирустардың негізгі ерекшеліктері

2. 4 Вирусологияның маңызы

3. Қорытынды

Кіріспе

Вирустар - клеткадан тыс тіршілік ететін микроскопиялық ең кішкентай тіршілік иесі. Вирусты алғашқы ашқан Д. И. Ивановский, ол 1892 ж. темекінің жапырағының мозаика ауруының қоздырғышын зерттеу барысында, оның бактериялар өте алмайтын сүзгіден өтетінін байқаған. Осы қасиетіне байланысты вирус алғашында улы сұйықтықтың сүзгісінен өткіш деген атауға ие болды. Голландиялық микробиолог М. Бейеринк 1898 ж. Д. И. Ивановскийдің тәжірибесін қайталап, ол да осындай нэтиже алды, осы темекінің мозаика ауруының қоздырғышына ол «сүзгіден өткіш вирусты сұйықтық» деп атау берді. Сол кездерде ірі қара малының аусыл ауруының вирусты қоздырғышы (Ф. Лефлер и П. Фрош, 1898) ғылыми түрде анықталды, ал 1901 жылы У. Рид сонау А. Пастер кезінен қалыптасқан жүқтырғыш аурулардың қоздырғышын вирус деп атау қалыптасқан дәстүрмен сары безгегінің қоздырғышын жай вирус (лат. сөзі virus - у) деп атады. Балапан эмбрионына вирустарды енгізу тэсілі 1931 жылы ашылғаннан кейін зертханаларда осы вирустарды тәжірибе мақсатында пайдалануға кең жол ашылып, вирустардың құрылысы зерттеле басталды.

Қазіргі уақытта өсімдіктер мен жануарлардың барлық жүйедегі топтарының (микоплазмалардың, бактериялардың, жапырақты өсімдіктердің, қарапайымдылардың, гельминттердің, жәндіктердің, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, қүстардың, сүтқоректілердің) вирустары анықталды. Сонымен қатар адамнан бөлініп алынған көптеген вирустар да анықталды. Қорыта айтқанда, вирустар барлық жерде кездеседі. Зертханаларда вирустарды тауықтың эмбриондарына, соматикалық клеткаларына, отауланып жапсырылған терінің бөлігіне және ауыстырылған дене мүшелеріне, сонымен бірге ауруға бейім жануарларға қолдан салып зерттеледі. Айта кету керек, олар бактериялар мен соматикалық клеткалар өсірілетін қоректік ортада дамымайды және басқа барлық организмдерден осы қасиетімен ерекшеленеді. Вирустар өз бетінше бос кеңістікте көбейе алмайды. Олардың көбеюі тек қана клетка ішінде ғана мүмкін. Сонымен бірге олар клеткаға енген соң, паразиттік күйге көшіп, клетка ішінде паразиттік өмір сүріп, организмдерді ауруға ұшыратады. Сонымен, вирустар екі: клеткадан тысқары, яғни тыныштық күйде жэне клетка ішінде, яғни көбеюге көшкен күйде болады.

2. 1 Вирустардың жалпы қасиеттері

Жалпы вирустар өте майда микроскопиялық жиынтық болып келеді, құрылымы белоктар мен амин қышқылдарынан тұратын вирустық ұйымдасқан бөлшектер, олар - вирустық денешіктерден, вириондардан, вироспоралардан немесе аминкапсидтардан тұрады. Вирустық бөлшектердің түрқы 15-18 нм-ден 300-350 нм-ге дейін жетеді. Оларды тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Тек қана шешек (қорасан) ауруының және басқа үлкен вирустарды арнайы жарық өткізгіштігі жоғары микроскоппен көруге болады. Жеке дара вирустардың немесе кейбір түрлеріщң сұлбасы әртүрлі (дөңгелек, таяқтәрізді немесе басқаша түрдегі) болып келеді, қүрылысы белоктық қабықтан (капсидтен) тұрады, оның ішінде амин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) болады. Вирустық капсид бірнеше қабатты полипептидті тізбектен (эртүрлі белоктар) тұрады. Кейбір вирустардың капсидтерінің сырты арнайы вирусты күрделі белокты (гликопротеидті) жарғақшамен қапталған және клетка-иесінің плазмалық липидті жарғақшасына ұқсас екі қабатты қабығы бар липидтен тұрады. Осы вирустың жарғақшасын супер-капсид деп атайды. Капсидтің негізгі қызметі вирустың геномын (амин қышқылдарын) зақымдаудан сақтайды, сонымен бірге зақымдайтын клеткаға вирустың бөлшегінің енуіне көмектесетін рецепторларда болады. Вирустардың ішкі құрлымы геномнан немесе вирустық хромосомалардан, ал оның өзі әртүрлі сұлбадағы ДНҚ-нан немесе РНҚ-ы бар бірнеше гендерден қүралған. Мысалы, МІЗ және ХІ74 бактерия вирусының геномы ДНҚ-ның бір тізбекті дөңгелек молекуласынан, ал ірі қара малдың, шошқаның, мысықтың, егеуқұйрықтың және басқа жануарлардың парвовирустары ДНҚ-ның біртізбелі жазықтықтағы молекулаларынан тұрады. Полиомның және SV40 вирустарының геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласынан, ал аденовирустың геномы ДНҚ-ның екітізбекті дөңгелек молекуласының тізбесінің 5-тармағының ұшына коваленті жалғасқан белоктан, шешектің вирусы болса, ДНҚ екітізбегінің ұшына коваленті «тігілген» фосфодиэфирлі байланыстан тұрады. Темекі жапырағының эшекейлі (мозаилық) ауруының, полимелит және басқа бактериялық вирустардың геномдары РНҚ біртізбегінен, ал реовирустың геномы зақымдалған клетканың Көбеюші-РНҚ екітізбегінің бірнеше сатысынан, яғни: адсорбциядан жэне вирустың клеткаға енуінен, вирустың нуклеин қышқылдарының репликациясына қажетті вирусты белоктардың синтезінен, нуклеин қышқылының репликациясынан, капсид белогының синтезінен, вирустардың жинақталуы жэне клеткадан «дайын болған» вирус бөлшектерінің пайда болу сияқты сатылары болады.

2. 2 Вирустардың табиғатта тіршілік етуі
Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.
1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға "вирус - клетка кешені" деген синоним қолданылады.
2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.
Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?
Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.
Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді. Ол "нұсқауды" вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.

2. 3 Вирустардың негізгі ерекшеліктері
1. Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы) . Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы - ядрода, цитоплазмада, белоктары - цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.
Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.
4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі - рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
5. Вирустар - генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары. Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін.
Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенін" істетіп көндіреді.
6. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм - метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1 м. Демек 1 метрде - 1 000 000 000 нм, ал 1 мм - 1 000 000 нм, 1 мкм - 1 000 нм, 1 нм - 10 А°.
Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 - 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 - 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 2 - 5, не 1 - 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында " Сүзгіден өтетін вирус" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде "Вирус" деген ұғым ғана қолданылады.
7. Вирустардың тағы бір ерекшелігі - олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда) . Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым - биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.
1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
8. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде "денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус - цитоплазмада, аденовирустар - ядрода болады.
Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар - ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.

Вирустардың пайда болуы жөнінде бірнеше болжам бар.
1. Қайта (кері) айналу теориясы, демек эволюцияның кері өзгеруі, өте жетілген түрден жай, қарапайым түрге көшу. Бұл теория бойынша бактериядан, бір клеткалы организмнен шыққан содан клетка ішінде тіршілік етуге бейімделіп, бірте-бірте формасы мен қасиеттерін жоғалтып, бір ғана нуклеин қышқылы қалған. Дегенмен бұл теория вирустардың нәсілдік генетикалық материалының көптігін, дисьюнктивтік көбею жолын түсіндіре алмайды.
2. Басқа бір болжау - вирустардың клеткалы дүние пайда болғанға дейінгі тіршілік түрлері, содан кейін бірте-бірте торшалық, бертін келе - күрделі организмдер пайда болған. Бұл болжам да алдыңғы болжам сияқты әлгіндей сұрақтарға жауап бере алмайды.
3. Келесі болжам - вирустар клетка ішіндегі денелерден шыққан. Бұл болжамды кейде "құтырынған гендер" деп атайды Шынына келсек клеткада 3 түрлі генетикалық (нәсілдік) заттар бар Олар 1) хромосомдағы ДНҚ, 2) бактериялық плазмидтік ДНҚ, 3) митохондриялық ДНҚ.
Соңғы болжам бойынша вирустар плазмидтен пайда болған Вирустардың торшаның нәсілдік элементтершен шығуы мүмкін. Себебі, табиғат вирустарда ДНҚ мен РНҚ-ның әрбір түрін жаттығып көргеннен кейін клеткаларда олардың ең керекті түрін екі жіптен тұратын ДНҚ мен бір жіптен тұратын РНҚ-ны ғана қалдырған болуы керек. Демек, осының арқасында мынандай болжам пайда болған әртүрлі вирустар түрлі мерзімдерде клетканың әр түрлі нәсілдік элементтермен шыққан болуы керек. Осының салдарынан ғана бесаспап нәсілдік код вирустарға да, бүкіл жанды дүниеге де тән және олар жердің органикалық дүниесінен шыққан.
2. 4 Вирусологияның маңызы
Вирустар қоздыратың өімдіктер, жануарлар және адамдар ауруының көбеюіне байланысты вирусология ғылымынын маңызы өте зор. Кейбір жүқпалы ауруларды емдеу сақтану жағдайлары шешілгенмен, ішінде вирус тарататын ішек аурулары, респираторлы аурулары әлі көп.
Бұл аурулар әсіресе жас мал арасвшда жиі кездеседі. Ол аурулардың қоздырушысын табуда қиын. Себебі клиникасы бірдей ауруды бірнеше вирустар қоздыруы да мүмкін. Тіпті кейбір жағдайларда, малдын жұқпалы ауруы онша білінбей өтеді немесе бір ғана вирус әрбір ауырған малды әр түрлі күйге душар етеді. Соңғы кезге дейін адамның және малдың жұқпалы ауруларының вирустары әр түрлі деп вирусология ғылымын медицина және малдәрігерлігі вирусологиясына бөліп келдік. Ал қазір ондай бөлудің қажеті жоқ екені белгілі болды. Себебі кейбір қоздырушылар адамдардан жануарларға және керісінше жұғады. Мысал ретінде адамдардың аденовирус жұқтыратын ауруын айтсақ осы күнде аденовирус жұқтыратын ауру ірі қарада да, шошқада да, қой мен құста да бар екені белгілі болды. Немесе тұмау ауруын алайық. Онымен тек адамдар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың нәсілдік қасиеттері. Мутация түрлері. Гендік инженерия
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олпрдың өзгергіштігі
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігімутация түрлері гендік инженерия туралы ақпарат
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері
Вирустардың нуклеин қышқылы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Инфекция және вирустар
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz