Витаминдер. Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу


Жоспары:
1. Витаминдер
2. Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу.
3. Майда еритін витаминдер.
4. Суда еритін витаминдер
5. Тағам өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары
1. Витаминдер
Витаминдер бір-біріне ұқсас органикалық қосылыстар. Органикалық белок, май, лепидтер және минералды заттар мен бірге организмнің өмір сүруіне өте қажетті заттардың бірі. Витаминдер организмге жеткіліксіз болған жағдайда организм әр түрлі потологиялық ауруларға ұшырайды. Витаминнің күнделікті қажетті мөлшері өте аз мысалы: күніне 500 г тамақпен бірге 0, 01-0, 02 г витаминдерді қажет етеді. Яғни, организмде витаминдер катомтикалық қызмет атқарады. Көп жағдайда ферминттердің құрамындағы кофактордың қызметін атқарады. Витаминдер организмге өте қажетті катомтикалық қызметті атқарады. Сондықтан витаминнің құрылысы әртүрлі және әртүрлі химиялық организмдік қасиеті бар. Организмнің өмір сүру үшін өте қажет. Алғаш рет 1880 жылы Лунин ашқан. Ол тышқан организміне белок, май көмірсуларын басқа белгісіз заттар өте қажет екенін дәлелдеді. 1912 жылы Польша ғалымы Пунк бұл заттарды витаминдер деп атаған. Яғни, өмір сүру үшін қажетті аминдер «вита», «өмір» деген сөз. Ең алғаш витаминдерді олардың жетіспеуі кезінде пайда болған ауруларға қарап атады. Ол кезде аурулардың алдынан анти сөзі жалғанды. Демек бұл ауруларды А витаминоз деп аталды. 1913 жылы ең соңғы номенкулатураны Макколлум жасаған. Ол витаминдерді латын әріпімен белгілеуді ұсынды. Витаминерия-бірнеше изомерлерді пайда ету қасиеті.
2 . Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу.
1-ші организмнің жалпы белсенділігін жоғарылатушы витаминдер. Организмдер жүйке жүйесінің физиологиялық қызметін реттейді. Зат алмасу қасиетіне қатысты. Организмдер В 1 , В 2 , В 5 А, С витаминдері.
2-ші қасиеті: антигимфрагикалық қан тамырларының қалыпты өтікізетін беріктігін қамтамасыз етеді. С. К. П. витаминдері.
3-ші қасиеті: антианимиялық қан тамырлардың жүйесін реттейді В 12 , С витаминдерді.
4-ші антинфармациялық информацияға қарсы органикалық күресуін жоғарылатады және эпитемияда қорғаныш қызметін атқарады А. С витаминдері.
5-ші көру функциясын реттейтін витаминдер. Көз қарашығын ұлғаюын қамтамасыз етіп, көздің жақсы көруін реттейді А 1 , В 2 , С витаминдері.
3. Майда еритін витаминдер.
Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне, жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организімінде түзілмейді. Оған жататындар: А, Д, Е, К, F.
А витамині антисерфталмалық витамин, ретинол.
Өзінің «А витамині» деген атын 1916 - жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А 1 , А 2 , А 3 болып бөлінеді.
Химиялық құрылысы жағынан құрамында ς-ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді. «А» тобындағы витаминдер - түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 120 0 -130 0 -қа дейін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.
А - витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі.
Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ол фоликулярлы гиперкератос (грек - һуреr қалыптан тыс көп, тым көп; кеras - мүйіз) ауруына шалдығады.
Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп-тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босасып, тарамыстары тартылып, сал (паралич) ауруына шалдығады. Ұрғашы малдың қынабы мен жатырдың кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекінуі нашарлайды. Жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін. Төлі кішкентай болады. Сиырлардың жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады.
Тауықтың жұмыртқалау қабілеті төмендейді де, жұмыртқа сары уызының түсі солғынданады. Кездің тор қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына (концентрациясына) байланысты. «А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жуып-шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ол қабынады, жұмсарады және онда жара (теріскен) пайда болады. Кейін осы жараның орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көру қабілеті төмендеп жанары зақымдалады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалуы мүмкін.
Каратомаляция (грек, xeratos - мүйіз, malania - жұмсару, әлсіреу) ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көктемге қарсы мал (бұзау, кейде торай, қозы) денесінде А витамині жетіспеуден, сондай-ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт. Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамай ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А - витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның бауырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты. Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әртүрлі. Мысалы, ірі қара, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады. Шошқа, қой мен ешкі оргаинзмінде оның қоры жоқ. Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді. А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химилық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді.
А витамині мен микроэлементтер арасында да байланыстар бар. Мысалы, А-гиповитаминозымен ауырған бұзаулардың қанында кобальттың мөлшері азаяды.
Екінші бір мысал: А витамині мыстың катализдік активтігін реттей отырып, эпителийде үдеп кеткен қабыршақтану процесін төмендетеді. «А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға. А-авитаминозымен күресуге керек. Өсімдіктер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жануарларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминінің негізгі көзі болып табылады. Өнеркәсіпте шығарылатын А витаминінің концентраты балықтар мен теңіз аңдарының бауыр майынан жасалады. Мұның витаминдік активтігі балық майымен салыстырғанда 400-800 есе көп.
Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады. Осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішірейіп, қабығы жұқарады. Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остеомаляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпиіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.
Аурудың себептері: Рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы. Организмде Д 3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таратылады.
Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі - фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д 3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады. Шөпті сақтау мерзімі ұзарған сайын Д витаминінің мөлшері азаяды, ал сүрлемде көбейе түседі. Қыста ересек мал үшін Д витаминінің негізгі көзі ретінде пішен мен сүрлемді, ал төл үшін сүт пен уызды пайдалану керек. Пішенге күннің көзі неғұрлым көп әсер етсе, онда Д витамині соғұрлым көп болады. Сақтаған пішенде Д витаминнің мөлшері біраз азаяды. Бірақ пішен мен сүрлемге 10 минут ішінде кварц шамының сәулесімен әсер етсе, олардағы витамин мөлшері 2-5 есе көбейеді.
Д витаминінің мөлшері шөп ору мерзіміне де байланысты. Мысалы, екінші орылған шөпте біріншімен салыстырғанда Д витамин мөлшері 2-2, 5 есе жоғары болады. Д витаминдерінің активтігі халықаралық бірлікпен (ХБ) өлшенеді. Кристалды Д 3 витаминінің 0, 025 мкг ХБ ретінде қабылданды. Осы витаминнің бір грамы 40 млн. ХБ-не тең. Сиыр сүтіндегі және майындағы Д витаминінің мөлшері оның рациондағы мөлшеріне және организмдегі қорына байланысты. Мысалы, желтоқсанда сауылған 1 л сүтте 12-15 ХБ-Д витамині болса, ал қыстың аяғында сауылған сүтте оның мөлшері 6-8 ХБ-ке дейін төмендейді. Осы мезгілде жануарлар жаз кезіндегі бауыр мен теріде жиналған Д 3 витаминінің қорын пайдаланады. Қыс кезінде күн сәулесі аз болғандықтан провитамин Д витаминіне ауыса алмайды. Сондықтан ультракүлгін сәулелерін пайдалану керек. Бұл сәулелердің әсерінен организмде фосфор көбірек жинақталады. Ұзын сәулелер теріні қызартып, қанды өзгертумен қатар мал терісінде Д 3 витаминінің пайда болуына себін тигізеді. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен малдың өсуі жеделдейді, өлім-жетім азаяды. Өндірісте Д 2 витаминінің концентраттары майды және спиртті, ал Д 3 виденин деп аталады. Бұл препараттың І грамның активтігі 200 мың ХБ-ке тең. Осы препараттың құрғақ күйінде концентраттармен араластырып, немесе ыстық суда ерітіп беруге болады.
Украина Ғылым академиясының биохимия институтында видеокаротин деген жаңа преапарат жасалып шығарылды. Бұл преапараттың І г-да 200 мың ХБ Д 3 витамині және 1, 5 мг каротин болады. Д витамині преапараттарының организмге тигізетін әсері олардың енгізу әдістеріне және мөлшеріне байланысты. Балапандарға және еметін торғайларға жүргізілген тәжрибелер Д 2 витаминін еккеннен гөрі азықтармен бірге берген тиімді екенін көрсетті. Ал сиырларға Д витаминін тері астына егу басқа әдістермен салыстырғанда әлдеқайда әсерлі. Неғұрлым перапарат сирек енгізілсе, соғұрлым оның мөлшері көбірек болуы тиіс. Ал көп мөлшерде берсе, ол организмді уландырып жіберуі ықтимал. Д витаминнің малға қажеттілігі рациондағы кальций мен фосфор шамасына байланысты. Мысалы, сауын сиырдың рационда кальцийдің фосфорға қатынасы 2, немесе 1, 5:1 болуы керек.
Е витамині (токоферолдар) .
Е витаминінің биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейнгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды. Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл зат Е витамині, немесе токоферол (грек, «тұқым қуалағыш») деп аталды. Химиялық тұрғыдан барлық токоферолдар екі циклды, бір атомдық фенолдарға жатады. Қазіргі кезде токоферолдардың 7 түрі белгілі. Оптикалық активтігі жағынан α - токоферол ерекше орын алады. Е витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Токоферолдар бензолда, бензинде, хлороформада, ацетонда және басқа органикалық заттарда да ериді, қыздыруға айталықтай тұрақты.
К витамині (филлохинондар) .
Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтын 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. 1942 ж А. В. Палладин және М. М. Шемякин К витаминінің суда еритін викасол атты жасанды түрін бөліп шығарды. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де керек екені анықталды. Олар К витаминге деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арқылы қамтамасыз етеді.
К витамині өсімдіктер пигменті хинондар тобына жатады. Оның табиғи және жасанды бірнеше түрлері (К 1 , К 2 , К 3 ) белгілі.
Химиялық құрамы жағынан бүйірлік тізбегі изопреннен тұратын нафтахинонның туындысы болып келеді.
К авитаминозының белгілері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz