Гендік модификацияланған өнімдер



Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тағам өндірісі факультеті
Тағамдық биотехнология кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Гендік модификацияланған өнімдер
Пән: Тағам өнімдерінің қаіпсіздігі

Орындаған :Ильясова С.К
Тексерген:Абдрешов С.Н
Группа :Бт.15-12

Алматы, 2018 ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім

2.1 Гендік инженерияның даму тарихы
2.2 Трансгенді өнімдерді алу әдістері
2.3 Трансгенді өнімдерді табиғи өнімдерден қалай ажыратамыз?
2.4 Гендік модификация арқылы алынған өнімдердің денсаулыққа әсері қандай?
2.5 Трансгенді өнімдердің тиімділігі

Қорытынды

Кіріспе:
Соңғы жылдарда Жер шарындағы тұрғындар денсаулығына тағамның сапасы мен құрамы тікелей әсерін тигізуде.Жер шары халқының тұтынып жүрген тағамдарының құрамы биологиялық құндылығын күннен-күнге жоғалтуда.Жер шары халқының саны ғалымдардың болжауы бойынша 2050 жылы 9-11 млрд-қа жетеді екен. Сол себепті,ауылшаруашылық өнімдерін әлем бойынша өндіруді екі-үш есеге арттыру қажеттігінің туындап отырғанын халықаралық ғылыми қауымдастық бүгінгі таңда жақсы түсініп отыр. Ал ол өз кезегінде трансгенді өсімдіктер мен жануарларды қолдану арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе.
Трансгенді өсімдіктер мен жануарлар алу әдістері ұқсас болып келеді. Екі жағдайда да ДНҚ-ға бөтен ақпараттар тізбегі енгізіліп,түрдің генетикалық ақпараты түбегейлі өзгертіледі.Трансгенді өсімдіктер деп басқа түрге жататын өсімдіктің немесе жануардың трансплантацияланған гені сәтті қызмет атқарып тұрған өсімдіктерді атайды. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін,түрлі вирустар мен ауруларға,сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы,әрі ұзақ сақталатын,өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.
Негізгі бөлім

2.1 Гендік инженерияның даму тарихы

Гендік инженерия жеке биология ғылымындағы ең жас салалардың бірі.Оның дамуы ХХ ғасырдың 60 жылдары басталды.Бұл кезде ДНҚ молекуласын өзгерте алатын біршама құралдар ашылды.Ал ғалымдар болса геннің құрылымын,қалай жұмыс атқаратынын және қалай пайда болатынын сол кездің өзінде білген болатын.Бұл гендік инженерияның негізі болып табылады. Бірақ алда жаңа гендерді бөліп алу,оларды белсенді, тұрақты түрде тұқым қуалай алатын құрылымға біріктіру міндеттері тұрды.
1969 жылы И.Беквит,Дж.Шапиро,Л Ирвин тірі жасушадан ішек таяқшасының сүт қанты-лактозаны сіңіруіне қажетті ферменттерді синтездейтін генді бөліп алды.
1970 жылы Д.Балтимор, онымен бір мезгілде Г.Темин және С.Мидзутани ДНҚ молекуласының РНҚ матрицасында құрылу процесін қамтамасыз ететін ферментті таза күйінде алды.Бұл ферменттің алынуы жеке гендердің көшірмесін алу жұмыстарын біршама жеңілдетті.Сондықтан, қысқа мерзімде, бірнеше зертханаларда глобин,интерферон және басқа да нәруыздардың синтезделуін басқаратын гендер алынды.
2.2 Трансгенді өнімдерді алу әдістері
Гендік өзгерген өнімдерді алу қазіргі кезде гендік инженерлер үшін ешқандай қиындық тудырмайды.
Өсімдік геномына бөтен генді енгізудің бірнеше әдістері бар.
Әдіс №1
Табиғатта өз ДНҚ сының бөлігін өсімдікке енгізе алатын Agrobacterium tumefaciens бактериялары кездеседі. Бұл бактериялар енген соң өсімдіктің зақымдалған жасушалары тез бөліне бастайды да одан ісік пайда болады.Алдымен ғалымдар бұл бактерияның ісік тудырмайтын,бірақ өз ДНҚ сын басқа жасушаға енгізу қабілетінен айрылмаған штаммдарын алды.Одан кейін қажетті генді алдымен клондап алып, осы бактерияны өсімдікке жұқтырды.Зақымдалған өсімдік жасушасы қажетті қасиеттерге ие болды.
Әдіс №2
Қалың жасуша қабықшасын бұза алатын реагенттермен өңделген жасушаларды ДНҚ және ДНҚ ның жасушаға енуіне жағдай туғызатын заттар бар ерітіндіге салады. Осыдан кейін сол жасушалардан тұтас өсімдікті өсіреді.
Әдіс №3
Өсімдік жасушаларын арнайы,өте кішкентай,құрамында ДНҚ сы бар вольфрам оқтармен атқылау арқылы трансгенді өсімдік алады. Бұл оқ өсімдік жасушаларына дұрыс тиген жағдайда генетикалық ақпарат өсімдік жасушасына беріліп,өсімдік жаңа қасиеттерге ие болады.
Сонымен,трансгенді өсімдікті алудағы басты міндеттердің бірібөтенДНҚ дан қажетті генді бөліп алып, өсімдіктің ДНҚ сына енгізу болып табылады. Бұл үрдіс өте күрделі әрі қиын.
2.3 Трансгенді өнімдерді табиғи өнімдерден қалай ажыратамыз?
Өнімде өзгерген ген барын тек зертханаларда күрделі зерттеулер нәтижесінде ғана білуге болады.
Кең таралған пікірлерге сүйенетін болсақ,алма,немесе помидор ұзақ уақыт сақталса,және жемісінің түсі ашық бояулы болса,ондай жемістерде міндетті түрде бөтен ДНҚ болуы тиіс.Алайда, бұл пікір дұрыс емес,өйткені химиялық препараттарды қолдану әдісі қазір жоғары деңгейге жеткендіктен мұндай өңдеуден өткен жемістер мен көкөністер ұзақ уақыт сақталады.
Өнімде ГМО бар немесе жоқ екенін білу үшін алдымен оның маркіленуіне назар аудару қажет.Өнімнің орамасындағы құрамы туралы мәліметке қарап,соя немесе жүгері негізінде даярланған өнімдерді қолданудан бас тартқан жөн, себебі,қазіргі таңда ең көп модификацияланған өсімдіктер соя мен жүгері болып табылады.
Біздің еліміздің дүкендерінде гендік модификацияланған өнімдердің бар немесе жоқ екендігін біз қайдан біле аламыз?Ақпарат көздеріне сүйенсек,Қазақ тағамтану академиясынан басқа біздің елімізде ешбір мекеме гендік модификацияланған өнімдерді зерттеумен айналыспайды екен. Және де аккредитацияланған зертханалардың болмауы салдарынан шет елдерден әкелінген тауарлардың құрамындағы трансгендерді ешкім анықтап жатқан жоқ. Сондықтан осы жұмысты жазу барысында мен көрші Ресей Федерациясында бұл жағдайдың қалай шешіліп жатқандығын білуге ұмтылдым. Ресей нарығында ГМ өнімдердің келесідей түрлері сатылымға шығарылған екен.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гендік модифицирленген ағзалардың биоқауіпсіздігі
Трансгенді өнімдер
ГМО қосылған тағам өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиян
Трансгенді ағзалар
Жобаның бюджеті
Ген инженериясының кезеңдері
Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығын дамытудын 2009-20010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Молекулалық биотехнология негіздері
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
Трансгендік ағзалар, фармацияда және медицинада қолданылуы
Пәндер