Абайдың дінге көзқарасы
Кіріспе
Қазақтың дарынды ақыны, философы Абай Құнанбайұлы қазақ философиясын биік деңгейге көтерген көрнекті қайраткер. Ақынның қай шығармасын алсақ та, терең мән-мағынаға ие, адамға ой салады. Абай Құнанбайұлының шығармаларының ішіндегі ең көрнектісі, ең тамаша туындыларының бірі қара сөздері яғни ғақлиялары. Қара сөздер көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Абай ақын қара сөздерінде, шығармаларында дінге көңіл бөледі. Жастайынан ауыл молдасынан сабақ алып, Құдай жолын мадақтады.
Абай Алла тағаланың жолымен, тура жолмен жүруді айтады. Мансап, құмарлыққа, пенделікке салынбай, байлық қуып, ақша мен атақтың жолында жүрмей керектігін ескертеді. Отыз сегізінші қара сөзінде: Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егерде адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады.-деп айтқан болатын.
Абай Құнанбайұлы Алла тағаланы мадақтап, сыйлаған. Алланың өзі де рас, сөзі де рас деп бекер айтпаса керек. Абай адамды иманымен Аллаһтың сипаттарын танып, өзін соның сипаттарына ұқсауға шақырады. Адамның рухани дүниесі бай болуы керек деп ойлаймын. Адамда жүрегінде иман оты болса, ол адам ешқашан тура жолдан адаспай, жаман жолға түспей, бұл өмірде де, келесі өмірде де бақытты болады деп ойлаймын. Абай Құнанбайұлы адамдарды имандылыққа шақырды. Бірақ сонымен қатар имам кісілердің екіжүзділігін қатты сынға алады.
Абай Құнанбайұлы отыз сегізінші қара сөзінде: Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әрнәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен табылады. Ол - алланың ғылымы емес, һәмманыбілетұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Оның үшін ол Алланың өзіне ғашықтық. Ғылым - Алланың бір сипаты, ол - хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды., деп ғылымды ерекше атап көрсетеді. Ғылым мен діннің қарама-қарсы еместігін, керісінше олар бір бірін сипаттап отырады.
Негізгі бөлім
Абайдың дінге көзқарасы
Қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақыны, философ Абай Құнанбайұлы қазақ философиясын биік деңгейге көтерген ұлы тұлғалардың бірі. Абайдың философияға деген ерекше көзқарасы, махаббаты қара сөздерінде байқалады. Абайдың қара сөздері-философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығарма. Бұл тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайтын шығарма. Абай шығармаларында, философияда дінге ерекше көңіл бөледі.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас-Алла Тағаланы ұлықтап, мадақтайды. Кішкентай кезінен ауыл молдасынан білім алып, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Жастайынан бастап имандылықты дәріптеп өседі.
Абайдың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын діннің шеңберіндегі философиялық антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дүние, Адам-міне, осы үш категория Абай философиясының іргетасын құрайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың негізі Ғылымда. Жаратқанның үшінші сипаты-Хаят, яғни Тіршілік. Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 сипатын көрсетеді. Олар: Басар, Сәміг, Ирада, Кәлам, Тәкин. Абай адамның ерекше пенде ретінде жаратылғанын айтады: Адам баласынан махшарда сұрау беретұғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар. Дүниедегі өлі табиғат, тіршілік болсын бәрі де адам үшін жаратылған: ...Жер мақтасын кендіріп,жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, сүтін, күшін, көркін, һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі-адам баласына таусылмас азық,-деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрі де Алла Тағаланың адамға деген сүйіспеншілігін көрсетеді, олай болса, адам да Жаратқанды жан тәнімен сүю керек, сонда ғана ол өз өмірінің мән мағынасын табады.
Иман мен көркем мінез әрқашан да адамды ақиқатқа жетелейді. Абайдың қара сөз бен өлеңдерін терең барлап қарасаңыз, оның осы ақиқатқа шақырғанын - діттеген межесі мен аңсаған арманы осы екенін аңғарасыз. Сол себепті Абай әуелі иман, дейді. Абайда иман - Аллаһтың ғайыпсыз бірлігіне, барлығына және Хазіреті Мұхаммед арқылы жіберген жарлығы мен білдіргеніне мойын сұнып иман ету. Яғни, Ұлы Жаратушының ешқандай серігі болмағанына, оның жалғыз екеніне, бастауы мен соңы болмаған, мәңгі бар екеніне, одан әрі өз елшісі арқылы бізге кітап жібергеніне қалтқысыз сену. Бірақ, Абай иманды екіге бөледі. Бірі - яқини иман, бірі тақлиди иман. Абайша яқини иман - сенетін нәрсеге санасыз сезіммен емес, ақылдың таразысына салып, саралап, қабыл ету. Бұл жерде яқини иманды кеңірек аша кетейік. Яқини иман - иманның негіздерін терең танып, іштей сезіну және оның адам болмысымен тұтасқан мағрипат шыңына жету. Аллаһ хақ, жаратылмаған, тумаған, туылмаған. Және Оның сөзі Құран да хақ. Міне, Абай Құранның Аллаһтан Жебірейіл періштесі арқылы жіберілген кітап екенін растайды. Абай әрі қарай Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес, - дейді. Бұл - Ұлы Жаратушының жаратылысқа ұқсамау сипаты. Аллаһтан басқа барлық нәрсе кейіннен жаратылған. Ол затында, сипатында және істерінде ешнәрсеге ұқсамайды. Құранда Оның теңдесі жоқ, - дейді. Егер Ол кейіннен бар болғанға ұқсаса, өзгеге мұқтаж фәни болмыс болар еді. Бұл - мүмкінсіз нәрсе. Бастауы мен соңы болмаған. Ол ешқашан фәни болмайды. Міне, Абай, Аллаһ өзгермес, - сөзін қайталауы - осыны айқындаудың нышаны. Сол себепті Абай Ұлы Жаратушының бірлігін жаратылғанның бірлігіне ұқсатпауын баса айтады. Абай әрбір хадиске айтылатұғын бір қадимгетағриф болмайды, - дейді. Бұл жердегі хадис сөзі Пайғамбарымыздың хадисі емес, кейіннен жаратылған нәрсе, - деген сөз. Қадим - Аллаһқа тән сипат. Бастауы болмаған, деген сөз. Яғни, жаратылысқа (хадис) айтылатын бірді бастауы болмаған қадим Аллаһқа лайық етпеңдер. Ол - бір, алқашқы, жалғыз. Бірақ өзіне тән жаратылысқа ұқсамайтын бір. Яғни, Ол - өлшеусіз. Жаратылыс - өлшеулі. Абай Аллаһтың заты хақында ойлаудан бойымызды аулақ ұстап, Оның заты емес сипаттары жайлы ойлауға шақырады. Бұл дәл сунниттердің көзқарасы. Иә, Абай дәл Имам Ағзамдардың жолын ұстанып, бізге жол көрсеткен дара тұлға. Абай адамзатты ақиқатты тануға шақырады. Ақиқат - Аллаһ. Ақиқат - әлем мен адамның жаратылыс мақсаты. Құранда Аллаһ Мен жын заты мен адамзатты өзімді тани отырып өзіме ғибадат, шүкіршілік етсін, деп, жараттым, - дейді. Міне, Абай адамды иманымен Аллаһтың сипаттарын танып, өзін соның сипаттарына ұқсауға шақырады. Ол өз пиғылдарыңды соған өз халінше ұқсатуды шарт қыл. Алла Тағалаға ұқсай алам ба деп, надандық бірлән ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ - дәл бірдейлік дағуасыбірлән емес, соның соңында болмақ, - дейді. Яғни, адамның Оған ұқсауы - Оның ұлылығы мен сипатын жер бетінде таныту, паш ету. Әлемде Ұлы Жаратушының барлық сипаттарының шағылысқан көрінісі бар. Адамда да барлығы бар. Сол себепті адам - кіші әлем. Әлем де - үлкен адам. Яғни, бәрі жұмылып Аллаһтың сипаттарын танытады. Адамның күллі әлемдегі жанды-жансыздан ең басты айырмашылығы - Аллаһ тағаланың сипаттарын жеке өзі таныта алатын қабілетке ие. Абай Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз емес пе?, - дейді. Сені сүйіп жаратқанды неге шексіз сүймеске?! Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, - дейді Абай. Аллаһқа махаббаттың екі тірегі бар. 1. сыртқы махаббат - әрқашан Сүйіктінің ұнатқан істермен шұғылдану. 2. ішкі махаббат - ішкі әлемін Онымен байланысы жоқ нәрселерден мүлдем ада ету. Аллаһты сүйген оның әлемдегі ең ардақты етіп жаратқан адамзатын, әлбетте, сүйеді. Исламның негізінде әділет бар. Құранның негізгі төрт тақырыбының бірі осы әділдік. Абайға үңілгенде, ол бізді яқини иманға шақырады. Яқини иманның да соңғы шыңы - жүрек шыңы. Сол себепті Абай ылғи да жүрек, жүрек, дейді. Ақыл мен хауас барлығын білмейдүр, жүрек сезедүр. Мұтакәллиминмантикин Бекер босқа езедүр. Яғни, ақыл мен сезім мүшелері дәл жүрек секілді Аллаһты біле де сезе де алмайды. Оны білу, тану бір басқа. Бірақ, іштей сезіну мүлдем басқа нәрсе. Оны тек сезгендер ғана ұға алады. Сондықтан Абай Ақылға сыймас ол Аллаһ, тағрипқа (айқындауға) тілім қысқа аһ!. Мен Абай атамызды көрмедім. Бірақ, мына сөз, Ұлы Жаратушыны іштей жүректе сезінген, бірақта көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады, - деп айта алмаған, әттең-айлап күрсініп, күңіренген жанның ішкі жан сыры... Өйткені, Мұтакәллимин, яғни, Аллаһтың тағрипы жайлы зерттеушілер мен мантикин, яғни, қисыншылар қаншалықты? Оны ғылым жолымен түсіндіруге тырысса да, жүректің жанында жай әншейін сөз болып қалады дейді. Абайдың мына сөздері - мына ғұмырда оянған жанның сөзі. Оянғандар өмірде өте сирек ілуде біреу. Бұл - жүрек өзегінің терең түкпіріндегі әлмисақта Аллаһқа күә болған ар-ожданның дауысы. Иә, Абай. Аллаһты тағрип етсе абайлаған. Артына сөз бұзам деп қарайлаған. Жадыда телегей теңізді дарияға сыйдыру мүмкін емес.
Абайдың дін мәселелері - Құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау.
Абайдың ұғымынша құдай біріншіден жаратушы, табиғаттан тыс күш,
...жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, ләкин қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан - құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес....
"...Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың?!..."
Абай Құнанбайұлы құдай деген ұғымды адам бойындағы асыл қасиеттер - адамгершілік, әділеттілік, шыңдық, тәрбие, махаббат сияқты мораль мәселелерімен байланыстырады, дінді адамгершілікке бағындырмақ болады:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті...
Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты - адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына адам бол деген этикалық принципті арқау етеді. Абай адам деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам - ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана нағыз адам. Адам жөніндегі Абайдың түсінігі патриархалдық және діни түсініктерді жоққа шығарады. Патриархалдық түсініктегі нағыз адам - ру басқарып, мал таба алатын, сауда жайын білетін амал тапқыш, айлакер, езінде жоқ болса, әкесін де жат санайтын тасбауыр, мал тапқан ердің жазығы жоқ дейтін жылпос, қарны ашса, қаралы үйіне шабатын қайырымсыз, оқымады демесе болаттағы, тілімнің келмегені қайтушы еді дейтін топас адам. Абай сөзімен айтқанда, патриархалдық-феод. түсініктегі адам - бай дегенді, батыр дегенді, қу дегенді, пысық дегенді мансұқ тұтады. Діни түсініктегі нағыз адам - құдайға құлшылық етіп, күніне 5 рет намаз оқитын, ораза ұстайтын, мешіттің, дін иелерінің қамын ойлап, зекет-ұшырын үзбей беріп туратын, қажыға барып, Меккенің қара тасына табынатын, мұсылманнан басқа халықтарды кәпір атап, жау санап, дін жолында шейіт болуға әзір, исламның бес парызын бұлжытпай орындайтын адам. Абай адам жөніндегі патриархалдық-феод. және діни түсінікті ағартушылық-демократиялық тұрғыдан теріске шығарады. Оның адам туралы теориясы - адам табиғатын гуманистік тұрғыдан түсіндірудің бір көрінісі. Абайдың өмір мен өлім, жан мен тән туралы түсініктері де діни қағидалардан басқаша. Абайдың айтуынша өмір дегеніміз тіршілік, ғұмыр сүру, алланың адамға берген сыйлығы, тартуы. Өмір уақытша нәрсе, өмір үнемі өзгерісте болады, ал Алла мәңгі. Бұл сөзге дәлелді мына өлең жолдардан көруімізге болады.
Күллі мақлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһли кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес
Абай түсінігінде Алла тағала - құдіреті күшті құдай, Алла тағала - өлшеусіз, адамдардың ақылы - өлшеулі. Алла тағала біз сияқты көзбен көрмейді, құлақпен естімейді, Алла көңілмен көреді, көңілмен естиді. Ақынның өмір мен өлім, жан мен тән туралы түсінігі діни танымнан бөлек. Діни түсінікте адам жан мен тәннен тұрады, тән өледі, жан мәңгі өлмейді, күнәсіз, иманды адамның жаны жұмаққа барып, рақат дүниесіне бөленеді, ал күнәға батқан имансыз пенденің жаны тозаққа барып, азап шегеді, бейнет кереді-міс. Абай бұл мәселені басқаша түсінеді:
Өлсе елер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
Мені мен менікі-нің айрылғанын
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес...-дейді. Бұл жерде рухы бар адамзат өлмейді, тек білмейтін кісі ғана тәннен жанның бөлінгенін өлу деп есептейді деген ой айтылған. Абайдың түсінігінше мені мен менікінің екі түрлі мағынасы бар. Менікі дегеніміз адамның денесі, ал мен - дененің рухани жемісі, өзі өлгенде артта қалдырған ісі, өнері, еңбегі. Менікі -дене - өледі, менен айрылады, ал мен - адамзаттың рухани жемісі - артында қалдырған игілікті ісі, енері ұрпақтан ұрпаққа ауыса береді, мұра, мирас болып қала бермек.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп, ұжмақ, тозақ, ахиретті емес, кәдімгі дүниедегі тіршілікті сөз етеді.
Адам-Ғарыштың өзегі, ерекше пенде. Бірақ соған қарамастан, ол-шектеулі, өлшемді, ал Алла Тағала-өлшеусіз, шексіз. Сондықтан біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес... өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайды. Біз бұл арада Абай ойының сол кездегі Еуропа топырағындағы ағартушылардан Абай ойының терең екенін байқаймыз: әңгіме дүниенің бәрін қайта өзгертуде емес, ол тәкаппарлықта, Құдаймен теңесуге деген адам іңкәрін туғызып, оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz