Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау

5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология»

мамандығы бойынша

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
2
КІРІСПЕ: 1 Стандарттау туралы жалпы түсінік
2: 4
КІРІСПЕ: 1. 1 Стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері
2: 4
КІРІСПЕ: 1. 2 Стандарттау маңызы жəне мазмұны
2: 8
КІРІСПЕ: 1. 3 Стандарттар категориялары
2: 8
КІРІСПЕ: 1. 4 Стандарттау мақсаттары мен принциптері және функциялары
2: 13
КІРІСПЕ: 1. 5 Стандарттаудың теориялық базасы
2: 16
КІРІСПЕ: 1. 6 Стандарттаудың құқықтық негізі
2: 20
КІРІСПЕ: 1. 7 Стандарт құрастыру тәртібі
2: 20
КІРІСПЕ: 1. 8 ҚР стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру
2: 21
КІРІСПЕ: 1. 9 Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар. Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары
2: 23
КІРІСПЕ: 2 Стандарттау жұмыстарын жүргізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікті анықтау 2. 1 Стандарттау жұмыстарының тиімділігі
2: 27
КІРІСПЕ: 2. 2 Стандарттаудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін қарастыру
2: 30
КІРІСПЕ: 2. 3 Экономикалық тиімділік қағидаттары мен бағалау әдістері
2: 31
КІРІСПЕ: 2. 4 Нұсқаларды салыстыру әдісімен экономикалық тиімділікті есептеу
2: 34
КІРІСПЕ: 2. 5 Бұйымның стандарттау тиімділігін бағалау
2: 4
КІРІСПЕ: 2. 6 Стандарттаудың әлеуметтік тиімділігін анықтау әдістемесі
2: 41
КІРІСПЕ: 2. 7 Мақсаттық кешендік бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
2: 44
КІРІСПЕ: 2. 8 Стандарттау тиімділігін есептеу 2. 8. 1 Машина жасауда кешенді стандарттау бағдарламасынын экономикалық тиімділігін есептеу
2: 52
КІРІСПЕ: 2. 8. 2 Халықаралық стандарттармен үйлестіруден экономикалық тиімділікті есептеу
2: 52
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
2: 55
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2: 60


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Стандартты енгізуден алынған өнім (жұмыстар) және қызметтер өндірісіне оңтайлы емес шығындарды жақсарту, төмендету немесе жою есебінен өнім (жұмыстар) мен қызметтерді стандарттау жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін есептеп көрсету.

Зерттеу мақсаты тұтынушыларға тандарттаудың әлеуметтік тиімділігін нақты мысалар арқылы келтіре отырып экономиканы да көтеруге үлес қосатындығын дәлелдеу.

Зерттеу нысаны стандарт.

Зерттеу пәні стандарттау.

Зерттеу міндеттері:

а) стандарттау туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

ә) стандарттаудың маңыздылығын анықтау

б) стандарттау жұмыстарының тиімділігін анықтау

в) стандарттау жұмыстарының тиімділігін есептеу.

Мәселенің зерттелу деңгейі әлеуметтік және экономикалық дәрежеде.

Мәселенің деректік көзі Қазақстан республикасының ұлттық стандарттары.

Зерттеу әдістері құжаттық.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы стандарттаудың әлеуметтік тиімділігін көрсете отырып экономикалық тиімділігін есептеу.

Практикалық базасы « Қазақстан стандарттау және сертифиаттау инситуты» РМК.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Стандарттау туралы жалпы түсінік 1. 1 Стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында техникалық, ғылыми, мәдени, экономикалық-әлеуметтік қатынастар-дың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықараралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы, әлеу-меттік саланы басқаруда стандарттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қол-данудың өрісі күннен-күнге кеңеюде.

Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі замандағы дамуы оның жетістіктерінің халық шаруашылығының барлық салаларымен, оның ішінде экономикалық-әлеуметтік саламен тығыз байланыстылығымен сипатталады. Себебі, барлық саланың жұмыстары күрделеніп, арасында қарым-қатынастар дамуда, қажетті шикізаттар мен материалдарға қойылатын талаптар өсуде. (Мысалы, халықтың әлеуметтік қорғауға деген талап, қажеттілік) .

Осыған байланысты, барлық бұйымдарды ғылыми зерттеуден бастап жобалау, жасау, қолдану кезеңінің барлығында, оның деңгейі мен сапасын басқару жүйесінде стандарттаудың рөлі өте күшті.

1926ж. Кеңес Одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды. Мемлекеттік стандартпен қатар, әрбір кәсіпорындар-да, министрліктерде, бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу институтында, оқу орындарда стандарттау бөлімше-лері жұмыс істейді. Халық шаруашылығының кейбір салаларда стандарттау туралы арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері бар, сол саланың жұмысының тиімділігін, деңгейін, сапалығын арттыру жолында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәрінде стандарттау жүйесі қолданылады.

Халық шаруашылығының барлық саласына қажетті стандарттарды арнайы ғалымдар мен мамандар жасайды. Мемлекеттік стандарттау жүйесінде стандарттау жөніндегі зерттеулерді арнайы ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізеді. Жобалау, процестерді жетілдіру және мекемелерді басқару үшін өздерінің күнделікті жұмыстарда басшылар т. б. түрлі стандарттарды пайдаланады. Сөйтіп, халық шаруаларда жұмыс істейтіндердің бәрінің сол саладағы талаптары мен ережелеріне сай жүргізіледі.

Дүние жүзі халықтары арасында экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық болуы, қарымқа-тынастықтардың тиімді дамуы, халықаралық сауда процестеріндегі техникалық кедергілерді болдырмау жолдарында да стандарттау жүйесі ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Біздің елімізбен шетел арасында түрлі байланыстарды жетілдіріп тереңдету үшін стандарттаудың маңызы зор. Стандарттау туралы жұмыстардың барлығы стандарттаудың Мемлекеттік Жүйесінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл жүйе халық шаруашылығының барлық саладағы стандарттау жұмыстарын реттеп, белгілі тәртіппен жүргізіп отырады. СМЖ-ның ережелері мен қағидалары мынадай мәселелерді қамтиды:

1) Стандарттаудың мақсаты мен міндеттері;

2) Стандарттауды жүргізудің әдістемелері;

3) Стандарттау жұмысын жоспарлаудың тәртібі;

4) Мемлекеттік, салалық, кәсіптік стандарттарды ж/е стандарттаудың нормативтік-техникалық құжаттардан жасаудың, ендірудің, оларға өзгерістен кіргізудің тәртібі;

5) Стандарттау обьектісі, стандарттаудың категория-сы мен түрлері;

6) Стандарттарды жасаудың, мазмұнын жазып дайындаудың біріңғай ережесі;

7) Стандарттарды ендіру мен бұзбай орындауды мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық тексерудің тәртібі, т. б. [1]

Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің өрлеуі, өнім сапасының артуы үшін стандарттың ғлыми-техникалық деңгейі жоғары болуы қажет. Қазіргі заманға сай ондаған өнімнің біртектес түрлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарттарды жасауға шұғыл көшу қажет болды. Мұндай стандарттар ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңдегі өсуіне сай.

Болашақ талаптарға сай стандарттар ғылыми-зерттеу, жобалау, тәжірибелік-техналогиялық жұмыстардың нәтижелеріне негізделіп жасалынады, олар ғалымдар, конструкторлар, жобалаушылар т. б. ғылыми-техникалық жетістіктерін өндіріске енгізуге әсер етеді.

Қазіргі кезде қай саладағы жұмыстың сапасын, тиімділігін арттыру, ол өте маңызды экономикалық, әлеуметтік ж/е саяси мәселе. Сондықтан бірге ғылым мен техниканың, дамуындағы, экономиканың дамуындағы негізгі проблемалардың бірі.

Сапасын арттыру көптеген факторларға тәелді, олар:

1) зерттеу жұмыстарының дәрежесі;

2) тәжірибелік үлгілерді игеру;

3) тексеру мен сынауды ұйымдастыру;

4) дәрежесі мен тұрақтылығы; т. б.

Сөйтіп, стандарттау жүйесінің рөлі қоғамның дамуымен, оның ғылыми-техникалық өрлеуімен, кең көлемдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

Стандартаудың ғылыми-теориялық негіздерін, әдістемелері мен практикасын терең оқып-үйрену мәселесі, халық шаруашылығының барлық салалардағы басшы қызметкерді, кадрларды дайындауды, олардың кәсіби дәрежесін жоғарылатуда үлкен рөл атқаратын мәселе.

Стандарттаудың, ғылым мен техниканың түрлі салалары сияқты ғылыми негізделген терминдері бар. Терминдегі ретсіздік мамандардың өзара түсінісуін, әдістемелік құралдарды жасауды қиындатады және халық шаруашылығын басқаруға электрондық-есептеу техникасын енгізуге кедергі жасайды.

Қазіргі кезде терминдерді стандарттауға шет елдерде ж/е біздің елдерде көп көңіл бөлінеді. Терминдерді реттеу мен стандарттау проблемасымен ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, салалық ғылыми-зерттеу институт т. б. айналысады.

“Стандарттау ” деген термин ұзақ эвалюциялық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму сатыларымен байланысты. Ұлттық ж/е халықаралық деңгейдегі экономикалық байланыстың кеңеюімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты терминдер анықталынды. Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитетін (СТАКО) құрды. Бұл комитет алдына стандарттау терминдерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды.

Сөйтіп, стандарттау, стандарт, мамандандыру, үйлестіру (унификация), симплификаттау сияқты маңызды терминнің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.

ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынандай анықтама беріледі: “Стандарттау”-ғылым, техника және экономика салаларда көп рет қайталанатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет. Жалпы алғанда, бұл әрекет стандарттарды жасау жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады.

Ескерту. Стандарттау әрекетінің негізгі мақсаты өнімнің немесе қызмет көрсетудің функционалдық міндеттерінде жарамдылығын жақсарту болып табылады.

Стандарттауды оның атқаратын жұмысының көлеміне байланысты ұлттық және халықаралық деп бөледі

Ұлттық стандарттау-бір мемлекет ішіндегі стандарттау жұмыстары.

Халықаралық стандарттау-бірнеше дербес мемлекеттің қатынасындағы стандарттау жұмыстары.

Халықаралық стандарттаудың нәтижесінде халықаралық стандарттау жасалады, оларды сол дербес мемлекеттер тікелей немесе өздерінің ұлттық стандарттарын жасауда пайдалануда.

Стандарт. Бұл терминді дұрыс анықтаудың мәні үлкен. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) мынандай анықтама береді:

“Стандарт: мүдделі жақтардың бір-бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған, ғылым мен техниканың ж/е практикалық тәжірибесінің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органикамен қабылданған техникалық құжаттар”.

Бұрынғы Кеңес Одағында стандарттаудың ерекшесіне мынандай анықтама берілген: “Стандарт-өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат:осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да обьектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер. Стандарттар материалдық обьектілерімен қатар, ұйымдастыру-әдістемелік және қоғамдық сипаттағы обьектілерге де қатысты талаптар, нормалар, ережелер туралы құжаттар.

Үйлестіру (унификайия) - стандарттау әдісінің бір түрі; Ол әдісте функционалдық міндеттері бірдей элементтерінің (типтер, түрлер, размер) жалпы саны орынды қысқартылады;

Типтеу - стандарттаудың тағы бір әдісі; бұл әдісте типтік конструкциялық, техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да типтік шешімдер жасап қабылданады. (кей ел-де симплификация) .

2. Стандарттарды жасау процесі төмендегі сатыдан тұрады:

1-ші саты - стандарттар жасауды ұйымдастыру, стандарттарды жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;

2-ші саты - стандарттар жобасын жасау (1-ші редакциясын) ж/е оны пікір таласына беру;

3-ші саты - әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын (соңғы редакциясын) жасап, оны бекітуге беру;

4-ші саты - стандарттардың жобасын талқылау, бекіту ж/е тіркеу. Ең жауапты саты - 1ші. Бұл саты стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.

Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі. Стандартты жасау жұмысының көлемі беріледі, қажет болған жағдайда жобаны негіздеу үшін ғылыми-зерттеу н/е экспериментальдық жұмыс жүргізіледі.

Техникалық тапсырмаларда стандартау жобасымен келісетін, жобаны мақұлдаған мекемелер мен ұйымның тізімі беріледі.

Техникалық тапсырманы жасау үшін стандарттың обьект туралы материалдарды отандық ж/е шетелдік техниканың жетістігін ескере отырып, зерттеп талдау қажет.

Стандарт жобасын жетік мамандар сол саланың білікті кадрлармен бірлесе отырып жасауы қажет.

Стандарт жасаудың маңызды сатысы оны талқылау. Талқылау жүргізетін ұйымдар мен мекемелердің саны жеткілікті көп және олар өкілетті болуы керек. Талқылау кезінде мүдделі жақтармен бірге тәуелсіз жақтың да пікірі ескерілуі тиіс.

Стандарттаудың ақырғы жобасы стандарттың тиімділігін негіздейтін (техникалық-экономика) негіздерін ақпараттық картамен бірге бекітуге беріледі.

Стандарттар бекітілу алдында Мемлекеттік стандарттың ғылыми-зерттеу институтының бірінде терминалдық және құқықтық экспертизадан өтеді.

Мемлекеттік стандарттың стандарт жобасын бекіту өндіәріс немесе мекеме мен сол сала өкілдері қатысқан алқада өткізіледі. Мұнда стандарттың сол салаға байланысты деңгейі, негізделуі, стандартты енгізуге қажетті шаралар және енгізудің мерзімі қаралады.

Мемлекеттік стандарттар стандарт баспасында басылып, таратылады. Стандарттар бекітілгеннен кейін министрліктер мен ведомствалар стандарттарды енгізу шараларының жоспарын бекітеді: осы жоспарға сәйкес мекемелер мен ұйымдар стандартты енгізудің ұйымшылдық-техникалық шараларын тағайындап іске асырады.

Стандартта белгіленген нормалар, талаптар, ережелер, техникалық құжаттарда толығымен қамтылған және өндіріске қолданатын болса, өнімнің сапасы стандартта көрсетілген талаптарға сай болса, онда берілген стандарт енгізілді деп есептелінеді.

1. 2 Стандарттау маңызы жəне мазмұны

Стандарттау қызметі қарқынды, ол əрдайым əртүрлі қоғамдағы өзгерістерге қатысты, бəрінен де бұрын экономикалық, оларға үлгеріп жəне кейде олардан озып отыруы тиіс.

Стандарттау мақсаты - айқындалған нақты, жоспардағы немесе потенциалды мəселелерді шешу үшін белгілі немесе басқа аумақта белгіленген жағдайларды, нормаларды, талаптарды қолдана отырып ұтымды көрсеткішке қол жеткізу қажет. Өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада ардайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мынаны жатқызуға болады: өнім, жұмыс және қызметтің мемлекеттік мүддесі мен қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Техникалық және ақпараттық үйлесіділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру: Ғылым мен техника жетітіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы ттынушы талабын қанағаттандыру; Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсекіштерңн жақсарту: өндріспен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық ішкі рыноктағы бәсекелесті қабілетін арттыру өлшемнің біркелкілігін арттыру; өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету ; мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту; табиғи және техногенді апаттың әсірінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. [2]

1. 3 Стандарттар категориялары

Стандарттар қолданылу аясы мен шаруашылық қызмет басқарудың түрлі деңгейлерінде бекітілуіне (қабылдауына) қарай бөлінеді. Стандарт статусын - қолданылу аясы мен бекітілу (қабылдану) деңгейіне байланысты шартты түрде стандарт категориясы дейміз. Ол төмендегідей түрде болады /3/.

Мемлекеттік стандарт (ҚР СТ) - Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті қабылдаған стандарт. Құрылыс саласындағы стандарттарды ҚР Құрылыс істері жөніндегі комитеті қабылдайды.

ҚР мемлекеттік стандарттары (әрі қарай - мемлекеттік стандарт) нысандарына мыналар жатады:

- салааралық қолданыстағы ұйымдастыру - әдістемелік және жалпы техникалық нысандар;

- салааралық мақсаттағы өнімдер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.

Ұйымдастыру - әдістемелік және жалпы техникалық нысандарды стандарттауда өнімді әзірлеу, дайындау, пайдалануда және көрсетілетін қызметтерде техникалық бірыңғайлылықты қамтамасыз ететін шарттар орнатылады, мысалы:

- стандарттау, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- өнімді өндіріске әзірлеу және қою;

- техникалық, басқарушылық және ақпараттық-библиографиялық құжаттамалардың рәсімделу ережелері;

- өнім сапасын қамтамасыз ететін жалпы ережелер;

- типтік размерлі қатарлар мен типтік конструкциялар;

- техникалық-экономикалық ақпараттарды жіктеу мен кодтеу;

- метрологиялық және басқа жалпы техникалық ережелер мен нормалар.

Өнімдерді (көрсетілетін қызмет) стандарттауда мемлекеттік стандарттарға кіргізіледі:

- тұтынушының өмірі, денсаулығы мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім (көрсетілетін қызмет) сапасына міндетті талаптар;

- қоршаған ортаны қорғау, сыйысымдылық пен өзара алмасымдылық;

- міндетті талаптарға сәйкестілікті бақылау әдістері;

- өнімнің міндетті талаптары мен қауіпсіз пайдалану ережелерінің орындалуы туралы ақпарат сияқты маркілеу әдістері.

Мемлекеттік стандарттың белгіленуі: тіркеу нөмірі, сызықша және стандарттың қабылданған жылының соңғы екі цифры, индекс (ҚР СТ) .

Стандарттар кешеніне (жүйесіне) кіретін мемлекеттік стандарттардың белгіленуінде - тіркеу нөміріндегі бірінші цифр нүктесімен мемлекеттік стандарттар кешені шифрын көрсетеді.

Мемлекеттік стандарттарды атқарушы биліктің федеральдік органдары мен шаруашылық қызмет субъектілері мына бағыттарда қолданады:

- өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде (әзірленуінен бастап пайдаланылуына және кәдеге жаратуға дейін) ;

- өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде (әзірленуінен бастап пайдаланылуына және кәдеге жаратуға дейін) ;

- жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындағанда;

- техникалық құжаттама әзірлеуде.

Мемлекеттік стандарттарды қолдану - бәрінен бұрын, олардағы міндетті талаптарды іске асыру. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша тапсырыс беруші мен орындаушы келісіміне өнім (жұмыс, көрсетілетін қызмет) стандарттарының міндетті талаптарына сәйкестігі туралы шартты кіргізуге міндетті. Келісімде сәйкестік туралы шарт кіргізілмесе де келісім жасаушыларға стандарттың міндетті талаптарына орындау міндеті жүктеледі.

Мемлекеттік стандарттаудың міндетті талаптарын толықтыратын талаптарды, егер олар келісім-шарт пен дайындаушының техникалық құжаттамасына енгізілген болса, шаруашылық-қызмет субъектілері міндетті түрде сақтауы (орындауы) қажет.

Қазақстан Республикасы пайдаланатын Мемлекетаралық стандарттар (МСТ) ел территориясында Мемстандарт қаулысы іске қосылысымен, құжаттарды қайта рәсімдемей-ақ қолданысқа енген.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, келісу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, қолданысқа енгізу, қолдану, сондай-ақ оларды жүргізудің тәртіптерін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілеттік орган белгілейді. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіміне тіркелмеген мемлекеттік стандарттар қолданылуға жатпайды.

Сала стандарттары(ССТ) * өздерінің құзыретінің шегі салалық мақсаттағы өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты болатын мемлекеттік басқару органдарымен (мысалы, министрлік) әзірленеді және қабылданады.

Аталған органдардың құзыреті, олар туралы қағидалар орнату және бекітумен анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы туралы қағидалары мен бірыңғай нормативтік құжаттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалану, күтіп-баптау және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы және тағы сол сияқтылар бойынша сала стандартын (ССТ) ауыл шаруашылығы министрлігі бекіту қаралған.

Сала стандарттарын (мемлекеттік стандарт сияқты) екі нысанға әзірлейді:

1) ұйымдастыру-техникалық және жалпы техникалық нысандарға;

2) өнімдер, процестер және көрсетілетін қызметтерге.

Бірақ, ССТ нысандары салалық мақсатта болады. [3]

Ұйымдастыру-техникалық және жалпы техникалық нысандарға, мыналар мысал бола алады: салалық стандарттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; салада метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастыру; салада қолданылатын бұйымдардың (ерекше бекіткіш, құрал және басқалары) типразмерлік қатарлары мен типтік конструкциялары.

Сала стандарттары нысандары - салалық мәндегі өнімдер. Олардың мысалдарына мыналарды жатқызуға болады: балық өнімдеріне арналған картон қораптары (әдетте картон қораптары МСТ нысандарына жатады) ; ет-сүт кәсіпорындары жұмысшыларына арналған жұмыс аяқкиімі (әдетте былғары, резеңке аяқкиімдер МСТ нысандарына жатады) .

Стандартты қабылдаған мемлекеттік басқару органдарына ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар салалық стандарттарды қолданады (сақтайды-мәнінде) . Бірақ, салалық стандарттарды міндетті орындау шарты өнім шығарушының (жеткізуші) келісім-шартында немесе техникалық құжаттарында оған сілтеме жасалынуына байланысты. Басқа шаруашылық қызметтеріндегі субъектілер салалық стандарттарды еркіне қарай қолданады.

Сала стандартын белгілеу: министрліктің (ведомствоның) шартты белгісі, тіркеу нөмірі, сызықшадан кейін стандартты бекіткен жылдың соңғы екі цифры және индекстен тұрады. Мысалы, «Негізгі ағаш және бұта өсімдіктерінің екпе және тікпе көшеттері. Техникалық шарттары» 56-98-93 ССТ. Ондағы 56 цифры сала стандартын бекіткен орман шаруашылғы қызметінің шартты белгісі, 98-тіркеу нөмірі, 93-стандарттың бекітілген жылы, ССТ - индекс.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық бірлестіктер стандарттары (БСТ) . Бірлестіктер стандарты - тиісті қоғамдық бірлестігімен қабылданған құжат (1. 1 ҚР СТ) . Ескерте кететін жәйт, стандартта тиісті қоғамдық бірлестік атауын көрсетеді. Мысалы, «Инженерлік қоғам стандарты».

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер білімінің түрлі салаларында алынған нәтижелерін тарату мен пайдалану үшін әзірленеді және қолданады. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың, техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек.

Бірлестіктер стандарттары техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітіледі және тіркеледі.

Бірлестіктер стандарттары нысандарына жатады:

1) өнім мен көрсетілетін қызметтің принципті жаңа түрлері;

2) сынаудың жаңа әдістері;

3) әзірлеу, дайындау, сақтаудың дәстүрлі емес технологиялары мен өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа принциптері және іс-қызметтердің басқа да түрлері.

Бірлестіктер стандарттары белгілі бір білім төңірегі мен кәсіби мүдделер шеңберінде алынған іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін динамикада көрсету мен тарату үшін әзірленеді.

Өнімнің (қызмет көрсетудің) принципті жаңа түрін, дәстүрлі емес технологияны және жаңа сынау әдістерін әзірлеу - ғылыми-зерттеу мекемелері жұмыстарының нәтижелері. Бұрын бұл стандарттарды әзірлеуді сала министрліктері ұйымдастыратын. Қазір көптеген салалық өнеркәсіп министрліктерінің жоқтығынан бұл функцияны ғалымдар мен тәжірибешілерді біріктіретін, белгілі бір ғылым мен техниканың төңірегіндегі ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар атқарып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)
Ақша нарығы жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық қорлары
Кәсіпорынның қаржылық қоры
Өндірістегі қаржы жүйесінің негізгі буындары
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Стандарттаудың экономикалық аспектері
«ISKER GROUP» ЖШС инвестициялық қызметінің ұйымдастырылу процесстерін зерттелуінің негізінде кәсіпорында инвестиция қызметін ұйымдастыруды жеңілдету жолдарынының ұсынынылуы
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
ИСО халықаралық стандарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz