Құрылыс материалдарының қауіпсіздігін тексеру Кірпіш өнімі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Құрылыс материалдарының қауіпсіздігін тексеру «Кірпіш өнімі»
5В073200 - «Стандарттау метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша
КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Өнім және өнеркәсіпке қысқаша сипаттама
1. 2 Цехтың жұмыс тәртібі
1. 3 Өндіріс өнімінің номенклатурасы
1. 4 Шикізат және негізгі материалдарға сипаттама
ІІ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1 Құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері
2. 2 Физикалық қасиеттері
2. 3 Механикалық қасиеттер
2. 4 Керамика технологиясының негізгі процестері мен əдістері
2. 5 Сыртқы байқаумен кірпіш сапасын анықтау
2. 6 Кірпіштің су сіңіруін анықтау
2. 7 Кірпіштің маркасын анықтау
2. 8 Силикат немесе керамикалық кірпіш
ІІІ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АНЫҚТАМАЛАР1) егжей-тегжейлі (нақты) талаптар - рұқсат етілетін ауытқулары бар бұйымдар сипаттамаларының шекті немесе атаулы мәндері түрінде көрсетілген ең аз қажет талаптар;
2) рұқсат етілетін қауіп-қатер - объектіне пайдаланудан алынған пайда үшін қоғам осы қауіп-қатерге дайын болатын, деңгейі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты рұқсат етілетін және негізделетін қауіп-қатер;
3) импорттаушы - құрылыс материалдарын, өнімдер мен құрастырмаларын басқа елдерден әкелетін, осылайша өзіне шетелдік өндіруші орнына олардың қауіпсіздігіне байланысты функциялар мен жауапкершілік алатын жеке немесе заңды тұлға;
4) қалдықтарды жою - қайталап пайдаланылатын шикізатты, пайдалы өнім алу және (немесе) осы уақытта пайдаланылмайтын қауіпті және басқа қалдықтарды жою және көму мақсатында залалсыздандырылған қалдықтарды пайдаға жарату жөніндегі құжатталған ұйымдастыру-технологиялық рәсімдердің жиынтығымен байланысты қызмет;
5) ең аз қажет талаптар - азаматтардың өмірін немесе денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін рұқсат етілетін зиян келтіру, тауар қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу тәуекелін бағалауға негізделген қауіпсіздік талаптары;
6) қауіпсіздікті қамтамасыз ету - адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге зиян тигізу мүмкіндігімен байланысты рұқсат етілмейтін қауіп-қатерді жою жөніндегі инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын қабылдау;
7) жалпы (елеулі) талаптар - керек қауіптіліктің затын сипаттау түрінде, нақты әдістерді әрі оны қамтамасыз ету сипаттамаларын егжей-тегжейлі түсіндірмей берілген ең аз қажет талаптар;
8) қауіптілік объектісі - дайындау, тасымалдау, сақтау, қолдану әрі пайдаға жарату процестері адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, соның ішінде өсімдік пен жануарлар әлеміне зиянды әсер етуі мүмкін, сондай-ақ тауардың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттер жасауы мүмкін қасиеттер бар бұйым;
9) қауіп-қатерді бағалау - қауіп-қатерді талдаудың және оны бағалаудың жалпы процесі;
10) өрт қауіпсіздігі - өрттен адамдардың, мүліктің, жеке меншіктің, қоғамның сонымен қатар мемлекеттің қорғалған жай-күйі;
11) сәйкестік презумпциясы - заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекітілген ереже, оған сәйкес үйлестірілген мемлекеттік стандарттардың нақты талаптарын орындау Техникалық регламенттің тиісті елеулі талаптарын сақтау деп есептеледі;
12) сатушы - өндіруші, уәкілетті өкіл немесе импортер болмай-ақ, азаматтардың тұрмыстық мұқтаждықтары үшін құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сататын сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға;
13) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік - өмір сүру ортасы факторларының адамға зиянды әсер етпейтін әрі оның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз ететін халықтың денсаулық жағдайы;
14) құрылыс материалдары мен өнімдері - ғимараттар мен ғимараттарды, олардың жеке элементтері мен бөлшектерін жасауға арналған қорытынды құрылыс бұйымының түрлері;
15) құрылыс құрастырмасы - белгілі бір функциялары бар ғимараттың немесе құрылыстың бір бөлігі болып табылатын түпкілікті құрылыс заты;
16) қауіптілік субъектісі - қауіптілік объектісі әсер ететін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта;
17) табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі - адам ағзасына биологиялық әсерін ескере отырып анықталатын үлгінің салмағына үлгідегі табиғи текті негізгі радионуклидтердің белсенділігі қарым-қатынасының жиынтық шамасы;
18) уәкілетті өкіл - құрылыс материалдары, өнімдері мен құрастырмаларын сату құқығын алу үшін өндірушімен шарт жасасқан сонымен қатар оның атынан тауардың қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға.
Қазіргі нарықтық заманда жоғары сапалы құрылыс материалдары мен тауарлары индустриясын күшейту өзекті мақсат. Осы мақсатпен өндіріс процессін жан жақты механикалау, автоматикалау, ғылыми, техникалық жаңалықтарды кеңінен өндіріс салаларына енгізу құрылыс материалдар өнеркәсібінің тиімділігін асыруда сонымен қатар салынатын құрылыстың сапасын жақсартуда кепілдік әрекет екені даусыз.
Құрылыс материалдарына ҚР стандарттары, МСТ-тар және ИСО өндірушілерге заң болып саналады, олардың талаптарын барлық көрсеткіштер бойынша қатал орындауды ескереді. Материалдардың зертханалық санауларында сандық сипаттамалары сынау әдістеріне байланысты болғандықтан, студенттермен оларды оқып білу сонымен қатар көрсеткіштерді бағалау негізіне Қазақстан Республикасының стандарттарына, мемлекетаралық әрі халықаралық стандарттарына сәйкес біріңғай әдістеме қабылданған.
Тақырыптың өзектілігі: Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне: олардың тығыздық кеуектілігі, ылғалдылығы, су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т. б., ал механикалық қасиеттеріне - олардың деформациялық (серпімділік, пластикалық) қасиеттері, беріктігі, қаттылығы, үйкеліске, ұруға, тозуға төзімділігі, т. б. жатады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттігін дәлелдеу мен өнім қауіпсіздігін сараптау. Отандық өнімнің экспортын кеңейту.
Зерттеу мақсаты: Керамикалық сапасына көз жеткізу.
Зерттеу нысаны: Керамикалық кірпіш.
Зерттеу пәні: Өнім сапасын сынау, бақылау және қауіпсіздігі.
Зерттеу болжамы: Керамикалық кірпіштің сапасына көз жетізе отырып тұтынуға толықтай сенімді болу, сонымен қатар сапалы өнім және қызмет тұтыну.
Зерттеу міндеттері:
а) Кірпіш туралы жалпы ұғым қалыптастыру;
ә) Кірпіштің қасиеттерімен танысу;
б) Кірпіш сапасына зертханалық тұрғыда көз жеткізу.
Мәселенің деректік көзі: стандарттар, техникалық регламенттер, әдебиеттер.
Зерттеу әдістері: органолептикалық, физикалық, механикалық ( зертханалық) .
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: керамикалық кірпіштің сапасын көрсете отырып, құрылысқа толықтай кепілдеме беру.
Практикалық базасы « Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, 3 бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қала құрылысының сәулетті жоспары, тұрғын үйлердің іргетасының нық қалануы, сапалы қабырғалардың тұрғызылуы, ғимараттадың барынша адам өміріне қауіпсіз, жайлысалынуы сәулетшілер мен құрылысшылардың қызметін молайтады. Және талаптарын күшейтеді. Қазіргі таңда құрылыс материалдарын дайындаудағы ең басты көзделетін мақсат: жаңа технология арқылы қалдықсыз, энергия сонымен қатар еңбек ресурстарын аз жұмсау арқылы құрылыстың жоғарғы талаптарына жауап беретін жаңа тауар дайындау.
Керамикалық деп әр түрлі ылғалдылықтағы, көпшілігінде минералды немесе органикалық қоспалары бар, саздың біркелкі массадан түрлі әдістермен қалыпталып, жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
Керамика деп минералдық заттардан немесе олардың қоспасынан қалыптасу әрі күйдіру арқылы өндіретін қолтума тас материалды айтады.
Ескі керамикалық заттардың қалдықтары тас ғасырында жататын қоныстар орнынан табылуда. Құрылыс материалдар ретінде керамикалық бұйымдардың жасы 5000 жылдан асады.
Керамикалық кірпіштер тығыздығы бойынша қарапайым, шартты тиімді, тиімді болып үшке бөлінеді. Қарапайым керамикалық кірпіш орташа тығыздығы 800 кг/м 3 артық емес. Оны жасау үшін құрамында 50-75% кренезм бар оңай балқығыш саздар және ұнтақталған күйінде жарамсыз деп саналған керамикалық бұйымдар, кварцтік құм мен сусыздандырылған саз қолданылады. Тиімді бұйымдарды қолдану арқылы қоршалаушы конструкция қалыңдығын, салмағын, керамикалық материалдар мен оларды қалауға жұмсалатын ерітінді шығынын азайтуға, осының нәтижесінде құрылыс құнын төмендетуге мүмкіндік туады. [1]
Керамикалық кірпіш құрылыста жетіспейтін металлдарды, цемент пен транспорт құралдарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы өндіріс балансы мен қабырға материалдарын қолдану бойынша керамикалық кірпіш 30%-ды құрайды. Кірпіш күн энергиясын қабылдай отырып, баяу әрі біркелкі жылуды таратып отырады, ол жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыс мезгілінде жылуды сақтауға мүмкіндік береді. Кірпішті қабырға өзінің қалыңдығынан буды өткізу арқылы тыныс алады. Нәтижесінде бөлмеде бірқалыпты ылғалдылық дәрежесі сақталады. Шартты тиімді керамикалық кірпіштің ең негізгі қасиеті де сол жылуоқшаулағыштығы. Яғни шартты тиімді керамикалық кірпіштен тұрғызылған ғимарат немесе үй қабырғасы жазда салқын, қыста жылы жайлылық береді.
Құрманғазы ауданында орналасқан Рыскұлов Ерлан Нариманұлы басшылық ететін «Ерлан» кірпіш зауыты 2004 жылдан бері жұмыс жасап жатыр. Атырау қаласы, Махамбет көшесі 116а, тел. 35-50-86, 35-51-16-пр факс: 35-50-87; gхаmzіnа@mаіl. ru. Өнім түрлері: К-1, К-2, и К-3, К-4, К-5, К-6, керамикалық тастары, керамикалық кірпіштер. Қуаттылығы: Күніне 1 дана «Ерлан» кірпіш зауыты түрік технологиясымен жеті түрлі қалыпта қызыл түсті кірпіш түрлерін шығарады. Шикізатты Орлы округіндегі «Дундуково» саз-балшық кен орнынан тасымалдайды. Кірпіш бұйымдар Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Астана, Алматы қалаларының құрылыс фирмаларына жеткізіледі. Сапалы отандық тауар дайындаушы зауыт осыдан бірнеше жыл бұрын Астана қаласындағы «Алтын сапа» көрмесінде Алғыс хатпен марапатталған. «Ерлан» кірпіш зауыты басшысының айтуынша, зауыт өткен жылы жалпы құны 145 млн. теңгенің 1300 000 дана әртүрлі керамикалық кірпіш тауарларын шығарған. Бұл өндіріс орнында жүзге тарта адам жұмыс жасайды[2] .
1. 2 Цехтың жұмыс тәртібіЖұмыс ауысымдары ауысымдағы жұмыс сағаттарымен сипатталады. Осы көрсеткішті көбейтіп, цехтың жылдық жұмыс уақытының қорын анықтайды. Өндірістік бағдарлама мен қабылданған жұмыс ережесі шикізат мөлшерін технологиялық жабдықтар саны мен жұмысшылар құрамын есептеу үшін басты мәлімет болып табылады. Жұмыс ережесін тағайындау негізінде осы өнеркәсіп саласындағы технологиялық жобалау нормаларын жетекшімен жасау қажет. Цехтың жұмыс ережесі жылдағы жұмыс күндер, жұмыс ауысымдар, ауысымдағы жұмыс сағаттарымен сипатталады. Осы үш көрсеткішті көбейтіп цехтың жылдық жұмыс уақытының қорын анықтайды.
Күрделі жұмысқа тоқтайтын үздіксіз жұмыс ережесіне сәйкес цехтың жұмыс уақытының қоры келесі формуламен анықталады
Ж қ = (365-30) ∙3∙8 = 8040 сағ/ж,
n = 20-30 күн,
Шикізат өндіретін бөлімдер 3 ауысыммен жұмыс істеуі мүмкін
К n = 0, 85 - 0, 95,
Ж қn = Ж n ∙К n = 8040∙0, 85 = 6834 сағ/мин.
1-Кесте. Цехтың жұмыс тәртібі
Сыртқы беттік кірпіштің көлемі, өлшемдері, орташа тығыздығы, маркасы мен аязға төзімділігі қарапайым керамикалық кірпіштің /МЕСТ530-2007/ талаптарына сай болу қажет.
Сыртқы беттік кірпіштер қарапайымжыларға қарағанда көлемі мен өлшемдерінің барынша дәлдігімен, сондай-ақ партияның түсі мен реңінің біртектігімен ерекшеленеді.
2 -Кесте. Бұйымдардың техникалық сипаттамасы
Сыртқы беттік кірпіш

Кірпіштің беріктілік маркасын кестеде келтірілген сығу мен иілу жағдайындағы беріктігі бойынша анықталады[3, 4] .
Аязға төзімділік маркасын қатайту мен еріту циклінің санына байланысты анықталады, сығу жағдайындағы беріктігі 25%-дан асып кетпеуі қажет.
Өнімнің су сіңіргіштігі 6%-дан кем емес.
Құрғақ күйіндегі қалыңдатылған кірпіштің салмағы 4, 3 кг-нан аспауы қажет. Өндірістік өндіруші мен тұтынушының келісімі бойынша салмағы 4, 3 кг толық денелі қалыңдатылған кірпіштерді дайындауға рұқсат етілген.
МемСТ - 30244 бойынша өнімдерді жанбайтын құрылыс материалдар тобына жатқызады.
Өнімдергеді шартты қолайлы табиғи радионуклидтердің активтігі 370 Бк/кг артық емес.
Шикізатқа қойылатын талаптар.
Өнімдерді дайындауға пайдаланылатын материалдар нормативтік сонымен техникалық құжаттамалардағы ережелерге сәйкес әрі берілген техникалық сипаттағы материалдарды алуға мүмкіндік беруі керек[5] .
Кірпіш пен тастың салмағы МЕСТ 22951-78 талаптарына жауап беруі тиіс.
Кірпіштер және тастар мынандай маркаларға бөлінеді: 300, 250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.
Кірпіштер жәе тастар аязға төзімдігі бойынша мынадай маркаларға бөлінеді: 15, 25, 35, 50.
Жартылай құрғақ пресстелетін керамика кірпіш (МЕСТ 530-2007) . Жартылай құрғақ пресстелетін керамика кірпіш келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- қуыс денелі кірпіштер тиімді сонымен қатар беріктілік маркасы 100-ден кем болмауы керек;
Жартының мөлшері 5%-дан көп болуы керек.
Жартылай күйген әрі көп күйдірілген кірпіштер жарамсыз болып табылады, сондықтан олар тұтынушыларға жөнелтілмейді.
Қалыпты салмағына дейін кептірілген кірпіштің су сіңіруі толық денелі кірпіш үшін 8%, ал қуыс денелі кірпіш үшін 6%. Қабылданған өлшемдер мен кірпіштің сыртқы түрінің көрсеткіштері кестеде келтірілген мәндерден не аз, не артық болмауы керек.
3-Кесте. Өнімдерді шығару бойынша зауыттың өндірістік бағдарламасы
№
п/п
Төсем
Ұшқыр қыры
Бүйiр қыры
-ұзындығы 250 ± 5 мм;
-ені 120 ± 4 мм;
-қалыңдығы 65 ± 13 мм.
Қырлар атауы
МемСТ 530 - 2007, кірпіш қырлары келесі атауларға ие болады:
Төсем - қалау негізіне параллель орналасқан өнімнің жұмыс беті (мысалы 1 НФ - те өлшемдері 250×120 мм) ;
Бұйыр қыры - өнімнің (ауданы - орташа) үлкен қыры, беттік бөліміне перпендикуляр бет ( 1НФ - 250×65 мм) ;
Ұшқыр қыры - тауардың кіші қыры, беттік бөліміне перпендикуляр орналасқан бет (1 НФ - 120×65 мм) [6] .
1. 4 Шикізат және негізгі материалдарға сипаттамаӨнімді өндіруге арналған материалдар осы материалдарға негізделген техникалық құжаттар мен нормаларға, және технологиялық құжаттарға сәйкес болып, берілген техникалық сипаттамаларға сай тауар алуға мүмкіндік беруі керек.
Саздың минералогиялық құрамы кейбір өзіне тән сазды минералдардың бар болуымен сипатталады. Оларға каолинит, галлуазит, монотермит, гидрослюда, монтмориллонит, бейделит жатады. Саздың құрамында олардан бөлек басқа аралас түріндегі жоғары дисперсті минералдар болады.
Сазды құрайтын минералдарды, өзіне тән қасиеттері бойынша келесі топтарға бөлуге болады:
1-топ - каолинит, накрит, диккит, галлуазит;
2-топ - монотермит;
3-топ- гидромусковит, гидробиотит, вермикулит;
4-топ - монтмориллонит, бейделлит;
5-топ- пеннин, клинохлор;
6-топ - аллофон.
Саздар сазды минералдардың, кварц, слюда түйірлері, ыдырамаған дала шпатының түйірлері, қанық боялған минералдардың, т. б. механикалық заттардың араласы. Сумен тасымалдау процессінде саз бір жағынан, іріктеледі, содан алғашқы түзілімдегі ірі бөгде түйірлер бөлініп шығады, бірақ екінші жағынан жолай соған сол кварц пен дала шпаты, слюда, кальций мен магний карбонаты, кейде мөлшері 2-3 % болатын рутил, темір тотығы, цирконий түйірлерінің азғана мөлшері, турмалин, авгит, гранат, роговая обманка, хлориттер, дистен, тальк қосылады. Негізінен олар аралас саздың сапасын айтарлықтай төмендете алмайды. Және, сазға өзгеруді, өнімнің бетінде қара дақтар әрі басқа да ақауларды болдыратын зиянды қоспалар: күкіртті колчедан (пирит), гипс, еритін тұздар (сульфаттар, хлориттер, ванадаттар) қосылып кетуі ғажап емес. Егер сазда кальций карбонаты конкреция түрінде кездесетін болса (түйір өлшемі 1мм үлкен), онда бұны да зиянды қоспалар қатарына жатқыза аламыз. Жоғарыда айтылғандардан басқа, саз құрамында органикалық материалдардың араласпалары болады[7] .
Саздар - сумен араласқанда иілімді қамыр түзетін, кептіргенде өзіне берілетін формасын сақтап қала алатын, күйдіргеннен кейін берік тасқа айналатын топырақты әрі сынықты тау жыныстары.
Саз-кең таралған тау жынысы. Саз өте күрделі, құрамындағы минералдары да, физикалық әрі техникалық қасиетері де тұрақсыз келетін тау жынысы. Саз-ылғалды кезінде иілімді, құрғақ кезінде шаң тәріздес, ұсақ түйіршікті тау жынысы. Саздар-каолиниттің, монтмориллонит сонымен қатар бірнеше қабатты алюминий силикатының минералдық тобынан тұрады, және оның құрамында құмды сонымен қатар карбонатты бөлшектер болуы ғажап емес. Әдетте саздағы жыныс түзуші минералдар каолинит, кремний тотығы, алюминий тотығы, су болады.
4-Кесте. Беттік кірпіштің керамикалық салмақ құрамы
Саздың физика - механикалық қасиеттері: қалыптау тығыздығы - 25-26, 5%, суды жұтуы - 10-13, 3%, құрғатуға сезімталдық коэффициенті -1, 7; отқа төзімділігі - 950-1000 0 С, иіу саны - 4, 7-8, 9, ауалық отыруы 2, 22 - 2, 92%, оттық отыруы 0, 03-0, 98%. Сығу жағдайындағы беріктігі 17, 2-54кг/см 2 , аязға төзімділік коэффициенті 15; беріктік шегі - 115, 1-145, 5 кг/см 2 , көлемдік салмағы 1, 7 г/см 3 .
5-Кесте. Саздың химиялық құрамы, мас. %
Саздың жалпы химиялық құрамы 100%-ды құрайды[8] .
ІІ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 2. 1 Құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттеріБарлық құрылыс матералдарының өзіне тән негізгі қасиеттерін топтарға бөлуге болады.
Физикалық қасиеттері, мыналарды сипаттайды:
- қал-жайының параметрлері: шын тығыздығы, орташа тығыздығы, үйілген тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы, кеуектілігі;
- материалдың суға қатынасы (гидрофизикалық) : су сіңіргіштігі, капиляр соруы, ылғал тартқыштығы, дымқылдылығы, су өтпеушілігі, гидрофобтығы, гидрофильдігі, дымқылдық деформациялары, аязға төзімдігі, суға төзімдігі;
- материалдың жылуға әрі жоғары температураларға қатынасы (жылу физикалық) : жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, отқа беріктілігі.
Механикалық қасиеттері, материалдың сыртқы күштер әсеріне қарсы тұру қабілетін сипаттайды: серпімділікті, сынғыштықты, беріктілікті, қаттылықты, уатылуды, тозуды, релаксацияны.
Химиялық қасиеттері, әр алуан химиялық орталар әсер еткен кезде материалдың шыдамдылығын сипаттайды: атмосфераға тұрақтылығын, тұзға төзімділігін, қышқылға төзімділігін, сілтіге төзімдігін.
Ұзақ уақыттық, сенімділік - материалдардың қолдану барысында өзінің физикалық-механикалық қасиеттерін көрсететін қабілеттігін сипатайтын қасиеттері.
Материалдың барлық қасиеттерін оның құрамы мен құрылымымен, әсіресе кеуектің көлемі әрі түрімен анықталады. 6- кестеде кейбір құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері келтірілген[9] .
2. 2 Физикалық қасиеттеріШын тығыздықты анықтау
Шын тығыздық ρ - көлем дене тығыздығы анықталатын нүктеге жиналғандағы салмағының көлемге қатынас шегі (яғни ондағы саңылаулар және қуыстарды есепке алмағанда) .
6-Кесте. Құрылыс материалдарының негізгі көрсеткіштері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz