Нарық экономикасындағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің маңызы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Нарық экономикасындағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің маңызы
5В073200 - «Стандарттау метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ
- ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 2 Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
1. 3 Электрлік шамаларды өлшеу2 ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ САПА КӨРСЕТКІШІН ӨЛШЕУДІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
2. 1 Электр энергиясын өндіру және оны үнемдеу тәсілдері
2. 2 Цехтік ТП трансформаторының жұмыстық тармағын таңдау
2. 3 Трансформаторлы подстанция жұмысының тиімді режимі
2. 4 Өлшеу құралдарын әзірлеуді метрологиялық сараптау. Электрлік өлшеудің әдістері мен құралдары
2. 5 «Атырау-Жарық» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын ЭЖЖ кернеу ауытқуын есептеу
2. 6 «СО-505» және «АSРАN Kаzаkhstаn» DDZ1513 электр есептегіштерін салыстыру тәжірибесі
3 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3. 1 Міндетті талаптар
3. 2 Елеулі (ең аз қажетті) талаптар
3. 3 Электр жабдығына арналған талаптар (көрсеткіштер)
3. 4 Сәйкестікті растау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КіріспеДипломдық жұмыстың өзектілігі: Ғылым және өндіріс өлшемсіз болмайды. Әлемде қас қағым сәтте миллиондаған өлшемдік іс-әрекеттер жүргізіледі. Мысалы, шығарылатын өнімнің сапасы және техникалық деңгейінің қалыптасуы, көліктердің қауіпсіз әрі апатсыз қозғалысы, медициналық, экологиялық сараптама - соның барлығы метрологиялық пайымдаманың нәтижесінен алынады.
Метрологияның маңыздылығын бір сөзбен айту мүмкін емес. Оның нормалары және ережелері заңдар сияқты бекітіледі. Тіршіліктің барлық саласына араласа отырып, бүгінгі таңда метрология ғылым және техниканың дамуына септігін тигізеді, адамдар және шаруашылық қызметі субъектілерінің арасын анықтайды, өлшем бірлігі және мемлекетаралық ынтымақтастық саласында мемлекеттік реттеу принципін қалыптастырады. Метрологияны мемлекеттің өркениеттілік көрсеткіші десек, асыра сілтегендік емес.
Отандық және импортталатын тауарлардың, жұмыстардың сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын қамтамасыз ету едәуір проблема.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Заманауи экономикадағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудегі өлшеу, сынау және бақылау әдістерін жаңа технология негізінде зерттеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Заманауи метрологиялық өлшеулер мен бақылау әдістерін анықтаудағы инновациялық техникалық құралдар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Электр энергиясын пайдалануда метрологиялық әдістерді жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың болжамы: Егер электр энергиясын жеткізуде заманауи технологиялық тәсілдерді және оны қателіксіз есептеуде инновациялық құралдарды пайдаланса, онда энергия шығынын азайту және үнемдеу мәселесі жүзеге асады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Метрология саласының теориялық мәселелерін қарастыру;
- Іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ететін тәсілдерді оқып үйрену;
- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудегі өлшеу жағдайларын талдау;
- Метрологиялық бақылау жүргізу мен өлшеу құралдарын калибрлеу;
- Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;
- Қажетті нормативті құжаттарды талдау;
- Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу жұмыстарымен танысу;
- Метрологиялық өлшеулер және есептеулерді эксперименттік әдістерді қарастыру.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
Материалдық, энергетикалық сонымен қатар басқа да ресурстарды үнемдеу мәселелерін шешуде метрологиялық қамтамасыз ету үлкен маңызға ие, себебі шынайы сандық есеп материалдық құндылықтарды, электр және жылу энергиясын, мұнай мен мұнай өнімдерін, газ, су ресурстарын үнемдеудің негізі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмысымның құрылымына келер болсақ кіріспеден, екі тараудан: І Зерттеудің теориялық мәселелері, ІІ Электр энергиясының сапа көрсеткішін өлшеуді метрологиялық қамтамасыздандырудан, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуӨндірісті метрологиялық қамтамасыз ету (ӨМҚ) - бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі және талап етілетін дәлдігіне жетуге арналған керекті ғылыми әрі техникалық құралдар кешені. ӨМҚ өз міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста неғұрлым тиімді шешеді. Осы мақсатта «Мемлекетгік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі» (МӨС) стандарттары әзірленіп, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды. ӨМҚ өнімді бақылау және сынау тәсілдері сияқты стандарттау объектілерімен тығыз байланысты. Осы объектілер үшін бақылануға қажет бірқатар метрологиялық параметр белгілеген орынды, яғни өлшенетін параметрлердің номенклатурасы және оңтайлы өлшеу дәлдігінің нормаларын белгілеу, талап етілетін дәл өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеу керек. Оларды стандарттау өлшеуді орындаудың бұқаралық, үлгілік әдістемелерін реттеудің пайдалы жолы болып табылады. Өндірісті дайындауды метрологиялық қамтамасыз ету деп өндірістің керекті материалдар, бұйымдармен, шикізаттар және құрал саймандармен, технологиялық процесті ұйымдастыру-технологиялық шаралардың кешенімен қамтамасыз етілуін айтады.
Мұндай қамтамасыз етудің нормативтік негізі болып мемлекеттік сонымен қатар салалық стандарттар, кәсіпорындардың ғылыми техникалық, ұйымдастыру, әдістемелік сондай-ақ жеке жағдайларға арналған нұсқау өндірістік құжаттар саналады.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстары кәсіпорынның құрастырмалық технологиялық және метрологиялық қызметтері тауар өндіру жайында алғашқы құжаттарды алған күннен бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы, басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар қарастырады. Метрологиялық қамтамасыз ету процесіне мемлекеттік сондай-ақ ведомствалық метрологиялық қызмет органдары басшылық жасайды.
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз ету жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі не метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. Ол жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар жасалады:
- тауар сапасын анықтауға қолданылатын өлшемдердің нормалары, дәлдік параметрлері мен технологиялық процесс және құрал саймандардың номенклатураларын нақтылау.
- өлшем жүргізуді өлшеу нақтылығын сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету.
- өлшеу құралдары және өлшеу тәсілдерінің дұрыс түрлерін пайдалану туралы ұсыныстар жасау. Өндірісті стандартталған не керек болған жағдайда стандартталмаған өлшеу құралдары және өлшеу қорытындыларын әзірлеу және өңдеу әдістерімен қамтамасыз ету.
- өлшеу құралдарын стандарттау.
- өлшеу жүргізудің нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
- өндіріс қызметкерлері және жұмысшыларын өлшеу жүргізуге өлшеу құралдарының ақаусызын тауып жөндеуге үйрету.
1. 2 Өлшем құралдарын метрологиялық бақылауМемлекеттік метрологиялық органдар желісі сондай-ақ олардың еліміздегі өлшеулер біртұтастығын қалыптастыруға арналған қызметі мемлекеттік метрологиялық қызмет деп аталады.
Мемлекеттік метрологияның қызметін Қазақстан Мемлекеттік стандарты басқарады.
Қазақстан Мемлекеттік стандартымен оның ұйымдарының қызметіне тауар сапасына тексеріс жасау, Мемлекеттік өлшеулер біртұтастығын қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жетілдіру, елімізде қолданысқа енгізілетін физикалық шамалар бірлігін анықтау, физикалық шама бірлігі эталондарын дамыту, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларына бірдей ережелер енгізу, физикалық шамалар бірлігі өлшемдерінің мемлекеттік эталондардан өлшеу жұмыс аспаптарына берудің бірыңғай талаптарын белгілеу мен т. б. кіреді.
Метрологиялық ғылыми-зерттеу институттары метрологияның ғылыми негіздерін дамыту мақсатында іргелі сондай-ақ қолданбалы зерттеулер жүргізеді, өздеріне бекітілген өлшеудің түрлері, тексеру аспаптары және жылжымалы тексеру зертханалары бойынша метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Институттар Мемлекеттік өлшеулер біртұтастығын қамту жүйесі стандарттарын зерттеп дайындайды, Мемстандарттың аймақтық органдарына ғылыми-зерттеулік басшылық жасап, көмек көрсетеді.
Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыс көлеміне байланысты республика аумағында, сонымен қатар, стандарттау және метрологияның аумақтық (қалалық) орталықтары құрылады.
Стандарттау және метрология орталықтары өз жұмыстарын өздеріне жүктелген, жүзеге асырылуы елдің өздеріне сеніп тапсырылған аумағында өлшеулер біртұтастығы және шынайылығын қамтамасыз етуге сонымен қатар ғылыми зерттеулер және өндіріске өлшеудің соңғы әдіс-тәсілдерін енгізуге бағытталған міндеттерге сәйкес жұмыс жасайды.
Орталық қызметінің бағыттарының бірі өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау жасау болып табылады. Оның деңгейі ведомстволық метрологиялық қызметтердің даму дәрежесіне байланысты болғандықтан орталықтар кәсіпорындардың метрологиялық қызметтеріне керекті басшылық жасайды. Бірқатар орталықтар республикамыздағы метрологиялық қамтамасыз етуді дмытуға бағытталған ғылыми-зерттеу мен жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді.
Республиканың мемлекеттік метрологиялық қызметінің аумақтық органдары өлшеу құралдарын өндіру және жөндеуге қадағалауды қамтиды[1] .
Мемлекеттік метрологиялық бақылау. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың келесі түрлері нақтыланған:
- өлшем құралдарының түрін бекіту;
- өлшеу құралдарын, соның ішінде эталондарды салыстырып тексеру;
- өлшем құралдарын әзірлеу, жөндеу, сату мен жалға беру құқығына заңды және жеке тұлғалардың қызметіне лицензия беру.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау (ММБжҚ) Заңмен белгіленген аяда жүзеге асырады. Сондықтан жасалынатын, өндірілетін, импортталатын сонымен қатар пайдаланудағы өлшем құралдары екі топқа бөлінеді: пайдалануға арналған және ММБжҚ-дық таралу аясында пайдаланылатын. Осы өлшеу құралдары оларды сынағаннан және түрін бекіткеннен кейін пайдалануға содан кейінгі, алғашқы әрі мерзімді салыстырып тексеруге жарамды деп танылады; пайдалануға арналмаған және ММБжҚ-дық таралу аясында пайдаланылмайтын бұл өлшем құралдарына мемлекет тарапынан қадағалау жүргізілмейді
Заңды сонымен қатар жеке тұлғалар - осындай өлшем құралдарының иелері, оларды жарамды күйде ұстау жүйесін өздері орнатуы тиіс.
Бұл жағдай өлшеу құралдарының сериялы сонымен қатар дара шығаруға парктың бөлінуінің жойылуын көрсетеді. Егер дара шығарылатын өлшеу құралдары ММБжҚ аясында қолданылатын болса, онда олар сыналады және түрі бекітіледі.
Салыстырып тексеру құқығына тіркеу ретінде заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу жүргізіледі.
ММБжҚ-дың таралу аумағын талдау көрсетіп отырғандай, өлшем құралдарының бүкіл паркін көрсетілген екі топқа нақты бөлу қиынға соғады.
ММБжҚ мынадай аумақта таралады: денсаулық сақтау саласы, қоршаған ортаны қорғау саласы, еңбек қауіпсіздігін сақтау саласы; сауда операциялары және өзара есеп айырысу; мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз ету;
ҚР заңдылықтарында сәйкес мемлекеттік қажеттіліктерге арналған келісімшарттар бойынша жеткізілетін тауар өндіру;
ҚР мемлекеттік стандартының міндетті талаптарына сай екендігін анықтау мақсатында тауар сапасын бақылау мен сынау.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес мына мемлекеттік стандарттар талаптары міндетті болып табылады: тауардың, процестің және көрсетілетін қызметтің сыртқы орта, адамдардың өмірі, денсаулығымен мүлкіне қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша; техникалық және ақпараттық сәйкестелуін, өнімнің өзара алмастырылуын, оларды бақылау мен маркілеу әдістерінің бірлігін қамтамасыз етуге арналған, сонымен қатар ҚР Заңдарымен белгіленген талаптар. Осыған байланысты төменде көрсетілген талаптарға сәйкес келуді бақылауға арналған қолданылатын өлшем құралдары салыстырылып тексерілуі тиіс:
- қорғаныс қондырғылары, балалар ойыншықтары, киімдері мен аяқ киімдері сипаттамаларына;
- өнім элементтері сипаттамаларының беріктігіне;
- жағымсыз әсер ету деңгейі мен уақытына (шу, радиациялық, электромагниттік сәулелену деңгейіне, топыраққа қысым түсірудің жіберілетін нормаларына, шекті жіберілетін зиянды заттар мен олардың концентрациясының мөлшеріне) ;
- тауарды дайындау кезінде пайдаланылатын материалдарға (химиялық құрамы бойынша шектеулер, зиянды әрі қауіпті заттардың жіберілетін деңгейін шектеу, т. б. ) ;
- тауарды қолдану, оған көрсетілетін техникалық қызмет пен жөндеу ережелеріне[2] .
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: сериялы өндіріске арналған өлшемдердің барлық аумағына арналған түрін бекіту мақсатында сынақ жүргізу керек. Сондай-ақ, өнім өндіруші кәсіпорынға өзінің жасап шығарған өлшем құралдарының қайда пайдаланылатыны белгісіз екенін ескеруі тиіс. Ол өлшеу құралдары мемлекеттік метрологиялық бақылау таралатын аумақта қолданылмауы да мүмкін. Соған байланысты өндіруші-кәсіпорындар алғашқы салыстырып тексеруді өткізгені дұрыс болады.
Өлшем құралдарының түрін бекіту. Өлшем құралдарының түрін бекіту елде өлшеу бірлігі мен өндіріске нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін өлшем құралдарын айналысқа шығару мақсатында жүргізіледі.
Көптеп өндіруге немесе ҚР -ның аумағына партиялармен әкелуге арналған сонымен мемлекеттік метрологиялық қадағалау қолданылатын өлшем құралдары сынаудан өтіп, осы өлшем құралының түрі кейіннен бекітілуі керек. Өлшем құралдарының түрін бекіту туралы шешімді ҚР Мемстандарты қабылдайды әрі ол өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолдану мерзімі оны берген кезде белгіленеді.
Өлшем құралдарының бекітілген түрі өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіміне енгізіледі. Бірен-саран данада жасалынған не әкелінген және мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық қызмет метрологиялық аттестаттаудан өткізеді.
Өлшем құралдарына, олардың түрін бекіту мақсатында және бекітілген түрге сәйкестігін анықтау мақсатында сынақ өткізуді мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ведомствалық бағынышты бөлімшелері мен стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өлшем құралдарын сынақ орталықтары ретінде тіркелген басқа да заңды тұлғалар жүргізе алады.
Түрін бекіту мақсатында сынақтардан не метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, өткізуге қатаң тыйым салынады[3] .
ҚР Мемстандарты өлшеу құралының түрін бекітеді, оны Мемлекеттік реестрде тіркейді сонымен қатар тапсырыс берушіге түрді бекіту туралы сертификат береді.
Салыстырып тексеру. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың 2 құрамдас бөлігі - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді қарастырамыз.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралдарына белгіленген техникалық талаптарға сай екендігін анықтау мен растау үшін мемлекеттік метрологиялық қызмет не оған уәкілетті басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығын айтады.
ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауға кіретін өлшеу құралдары өндірістен және импорт бойынша әкеліну кезінде салыстырылып тексеріледі. Сатуға сонымен қатар жалға беруге тек қана салыстырылыып тексерілген өлшеу құралдары ғана жіберіледі.
Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызметі, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтары (МҒМО), тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін іске асырады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аттестатталған жеке адамдар жүзеге асыра алады. Салыстырып тексерудің қорытындысы - өлшеу құралдарының пайдалануға жарамдылығын растау не өлшеу аспаптарының пайлалануға жарамсыздығын растау. Салыстырып тексерудің оң қорытындылары өлшеу құралына және пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және салыстырып тексеру жайлы куәлік береді. Егер салыстырып тексеру қорытындылары бойынша өлшеу құралы қолдануға жарамсыз болса, онда салыстырып тексеру белгісі мен «Салыстырып тексеру туралы» куәліктің күші жойылып, «жарамсыздық туралы» құжат беріледі не техникалық құжаттамада сәйкес ақпараттар жазылады.
Елімізде салыстырып тексерудің мынадай түрлері қолданылады: алғашқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық пен сарапшылық.
Бастапқы салыстырып тексеруге елімізде өндірілген не жөнделген, импортпен алып келінген түрі тексерілген өлшем құралдары жатады. Дара өндірістегі өлшеу құралының түрін бекіткен жағдайда олардың әрқайсысына түрін бекіту туралы сертификат беріледі, ал алғашқы салыстырып тексеруді бұл өлшем құралдары жүзеге асырмайды.
Мерзімді салыстырып тексеруге пайдаланудағы не сақталудағы өлшеу құралдары жатады. Бұндай құралдардың тізімін мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың қызмет ету аясын ескере отырып, бұл құралдардың иелері өзері жасайды. Салыстырып тексеру аралық интервлдар қолданыстағы заңдылық ережелер негізінде белгіленеді.
Өндірілген не жөнделген өлшеу құралдары, оларды техникалық қадағалау бөлімі қабылдағаннан кейін, бастапқы салыстырып тексеруге жіберілуі тиіс. Ұзақ мерзімде сақталуда тұратын өлшеу құралдарын мерзімді салыстырып тексеруден өткізбеуге болады. Ондай шешімді заңды тұлғаның бас метрологы қабылдайды. Салыстырып тексеруге өлшем құрадарының тек өлшем пайданылатын аумақтағы сипаттамалары жатады. Бұл жағдайда өлшеу құралдарында олардың қолдану аясын көрсететін анық жазу немесе шартты белгі болуы тиіс.
Кезектен тыс салыстырып тексеру келесідей жағдайларда өлшеу құралдарын қолдану кезінде жасалынады:
- салыстырып тексеру таңбасы бүлінген кезде және салыстырып тексеру туралы куәлігі жоғалғанда;
- ұзақ мерзімге сақталғаннан кейін өлшем құралдарын айдалануға енгізгенде;
- өлшеу құралына соққымен әсер етуден кейін немесе аспаптың қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуі кезінде қайтадан қалпына келтіру кезінде;
- жарты салыстырып тексеруаралық интервалға тең уақыт өткенде өткізілмеген өлшем құралдарын тұтынушыға сақанда;
- жарты салыстырып тексеруаралық интервалға тең мерзім өткеннен кейін өлшеу құралдарын құрама ретінде пайдаланғанда.
Инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізілген жағдайда өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында жасалады[4] .
Лицензиялау. Өлшеу құралдарын өндіру, сату мен жалға беру бойынша жеке сонымен қатар заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау - мемлекеттік метрологиялық бақылаудың құрамдас бөлігі.
Лицензиялау деп міндетті лицензиялауға жататын және заңмен тыйым салынбайтын қызметпен айналысуға заңды және жеке тұлғаға лицензия берудің міндетті түрде жасалынатын ережесін айтамыз. Қарастырылып отырған жағдайда лицензия - Мемлекеттік метрологиялық қызметтің өлшем құралдарын өндіру, жөндеу, сату мен жалға беру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін заңды сонымен қатар жеке тұлғаларға беретін рұқсат қағазы. Лицензия еліміздің бүкіл аумағында жарамды.
Лицензия мына жағдайларда берілмеуі мүмкін: өтінішке қосылған құжаттарда ақпарат толық емес болса, лицензияланатын қызметтің жүзеге асыру шарттары талаптарға сәйкес болмаса, алдыңғы лицензия жойылғаннан кейін белгіленген мерзім өтіп кетсе. Лицензия 5 жылдан аз уақытқа беріледі. Лицензия берген орган өзі орнатқан лицензияланатын қызметтің шарттарының сақталуын үнемі қадағалап отыруы тиіс. Бұзушылық анықталған кезде ол бұзушылық жойылғанға дейін лицензия қызметін тоқтатуы немесе мүлдем лицензияны алып қоюы ықтимал.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР-ның басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың сонымен қатар метрологиялық ережелер мен нормаларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақталуын тексеру тәртібін мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатқызамыз.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың тиімділігіне Заңның негізгі мақсаты - азаматтар және жалпы мемлекеттің мүдделерін өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау тиімділігі байланысты болады.
Мемлекеттік метрлогиялық қызмет органдарына Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың барлық функциялары жүктеледі. Оларды орындау үшін нормативтік база, материалды-техникалық қамтамасыз ету мен білікті, жауапкершілікті кадрлар болуы тиіс.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері:
1) шама бірліктерінің эталондары;
2) өлшеу құралдары;
3) өлшеулерді орындау тәсілдері;
4) жеке сонымен қатар заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мыналарды қамтиды:
- Өлшеу аспаптарының шығарылуын, олардың жай-күйі мен пайдалануын, өлшеудерді орындау тәсілдерінің қолданылуын, шамалар бірліктерінің эталондары, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылау.
- Сауда операцияларын жасаған кездегі иеліктен шығарылатын өнімнің санын қадағалау.
- Бума бұйымдарды ашқан, сатқан әрі импорттан алған кезде оларды саны жағынан қадағалау.
Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қажеттілігі бұл салада айрықша екендігін анық айта аламыз[5] .
1. 3 Электрлік шамаларды өлшеу 1. 3. 1 Ток пен кернеуді өлшеу әдістеріТок пен кернеу өлшеуді керек ететін электрлік шамалардың ішінде басым таралған түрі болып келеді. Сондықтан оларды өлшеу аспатары алуан түрлі. Өлшеу аспапатарын таңдауды бірнеше факторларға байланысты жүргізуіміз қажет, мысалы өлшенетін токқа, кернеу түріне, оның өзгеру аралығына, өлшеуді қаншалықты нақты жүргізу керектігі мен эксперимент жүргізу шарттарына немесе тағы да басқаларға байланысты.
Кернеудің шамасын өлшеу тікелей өлшеу арқылы жүргізіледі, ал токты өлшеу кезінде тікелей өлшеуден басқа да жанама өлшеу әдістері көптеп қолданылады. Токты жанама өлшеудің бір түрі өлшенетін ток тізбегіне тізбектей жалғанған мәні белгілі кедергідегі кернеу түсуін табу арқылы өлшеу. Бұл жағдайда токтың мәні Ом заңына сәйкес
анықталады.
Тұрақты сонымен қатар айнымалы токтың қуаты аз тізбектерінде кернеуді өлшеуге әдетте тікелей бағаланатын тілшелі немесе санды электронды вольтметрлер қолданылады. Ал тоқты жанама әдіспен өлшейді: кедергісі белгілі үлгілі резистордағы кернеуді өлшеумен. Ток пен кернеуді аса жоғары дәлдікте өлшеу керек болғанда салыстыру әдісіне негізделген аспаптарды пайдаланған дұрыс [6] .
1. 3. 2 Тұрақты токты өлшеуӘр алуан техника салаларында өлшеу кездестіретін тұрақты ток шамаларының диапазоны аса кең: 10 -17 А токтан оңдаған, жүздеген мың амперге дейін жетеді. Сондықтан, әрине, олардың өлшеу аспаптары мен тәсілдері әртүрлі.
10 -12 - 10 -6 А нүктелерін сезімталдығы жоғары магнитті-электрлі айналы гальвонометрлер мен гальвонометрлі компенсаторлар көмегімен тікелей өлшеуге болады.
Компенсаторлардың басты элементтері - фотокүшейткіш және гальвонометр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz