Газоблок сапасын сараптау


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Газоблок сапасын сараптау
5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
мамандығы бойынша
МАЗМҰНЫАНЫҚТАМАЛАР
1) алдын ала керiлген арматура - пайдалану сатысында сыртқы жүктемелердiң қосылуына дейiн конструкцияларды дайындау процесiнде бастапқы (алдын ала) керiлiстерге ие болатын арматура;
2) бетон - белгiлi бiр тепе-теңдiкте алынған байланыстырғыш материалдың, судың, толтырғыштар мен арнайы қоспалардың тығыздалған қоспасының қатуы нәтижесiнде алынатын жасанды құрылыс материалы;
3) бетон конструкциялары - арматурасыз немесе конструктивтi ниетпен орнатылатын және есепте ескерiлмейтiн арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар, бетон конструкциялардағы барлық жүктемелерден және әсер етулерден болатын есептiк күштердi бетон өзiне қабылдауы тиiс;
4) ең аз қажеттi талаптар - азаматтардың өмiрi немесе денсаулығын қорғау үшiн, қоршаған ортаны, жануарларды немесе өсiмдiктердi қорғау үшiн, тұтынушыларды өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасына қатысты адастыруға әкелетiн әрекеттердiң алдын алу үшiн жол берiлген зиян келтiру қатерi бағалауға негiзделген қауiпсiздiк талаптары;
5) жалпы (елеулi) талаптар - қажеттi қауiпсiздiктiң мәнiн, оны қамтамасыз етудiң нақты тәсiлдерi мен сипаттамаларын егжей-тегжейсiз сипаттау түрiнде ұсынылған ең аз қажеттi талаптар;
6) жұмыс арматурасы - есеп бойынша орнатылатын арматура;
7) қалдықтарды жою - зарарсыздандырылған қалдықтарды қайталама шикiзат, пайдалы өнiм алу және (немесе) қауiптi және басқа да қазiргi уақытта пайдаланылмайтын қалдықтарды жою мен көму мақсатында кәдеге жарату бойынша құжатталған ұйымдық-технологиялық рәсiмдер кешенiмен байланысты қызмет;
8) қатердi бағалау - қатердi талдау мен оны бағалаудың жалпы процесi;
9) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету - адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсiмдiктерге залал келтiру мүмкiндiгiмен байланысты жол берiлмейтiн қатердi болдырмау жөнiндегi инженерлiк-техникалық және ұйымдық шаралар кешенiн қабылдау;
10) қауiптiлiк объектiсi - адам өмiрi мен оның денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiк пен жануарлар әлемiне зиянды әсерiн тигiзуi, сондай-ақ тұтынушылардың өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасына қатысты адастыруға әкелетiн әрекеттердi тудыруы мүмкiн қасиеттерге ие өнiм, оны өндiру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестерi;
11) қауiптiлiк субъектiсi - қауiптiлiк объектiсi әсер ететiн адамдар, жануарлар мен өсiмдiктер, қоршаған орта;
12) конструктивтiк арматура - сындарлы мақсатпен есепсiз орнатылатын арматура;
13) конструкцияның қауiпсiздiгi - ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану процесiнде әртүрлi есептiк әсер етулер кезiнде азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына, мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiру қатерiмен байланысты кез келген сипаттағы қирауларды болдырмайтын бастапқы сипаттамалар;
14) конструкциялардың отқа төзiмдiлiк шегi - осы конструкция үшiн шектi күйлердiң бiр немесе дәйектi бiрнеше нормаланатын белгiлерiнiң бiлiне бастауына дейiнгi жылумен әсер ету уақыты;
15) конструкцияның өрт қауiптiлiгiнiң сыныбы - стандарттық сынақтардың нәтижелерi бойынша айқындалатын конструкциялардың өрт қауiптiлiгiнiң жiктемелiк сипаттамасы;
16) механикалық қауiпсiздiк - темiр-бетон және бетон конструкцияларға адамды оларды өндiру, тасымалдау мен сақтау, пайдалану және кәдеге жарату кезiнде туындайтын механикалық (соққылық) әсер етуден қорғауды қамтамасыз ететiн сындарлы iс-шаралар мен талаптар кешенi;
17) рұқсат етiлген қатер - деңгейi объектiнi пайдаланудан алатын пайда үшiн қоғам осы қатерге баруға дайын әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға сүйене отырып, рұқсат етiлген және негiзделген қатер;
18) санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк - халық пен персоналдың денсаулығының адамға оның өмiр сүру ортасы факторларының зиянды әсерi болмайтын және оның өмiр сүруiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiндей күйi;
19) сәйкестiк презумпциясы - оған сәйкес үйлестiрiлген мемлекеттiк стандарттардың егжей-тегжейлi (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттiң тиiстi жалпы (елеулi) талаптарын сақтау болып есептелетiн заң жүзiнде немесе тұжырымдамалық бекiтiлген ереже;
20) табиғи радионуклидтердiң үлестiк тиiмдi белсендiлiгi - үлгiдегi табиғи тектес негiзгi радионуклидтер белсендiлiгiнiң үлгiнiң олардың адам ағзасына биологиялық әсер етуiн есепке ала отырып, айқындалатын салмағына қатынасының жиынтық шамасы;
21) темiр-бетон - бетон мен болат арматура монолиттiк түрде бiрiктiрiлген және конструкцияда бiртұтас жұмыс iстейтiн құрылыс материалы;
22) темiр-бетон конструкциялар - жұмыс және конструктивтiк арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар (арматураланған бетон конструкциялар) . Темiр-бетон конструкциялардағы барлық жүктемелер мен әсер етулерден болатын есептiк күштердi бетон және жұмыс арматурасы қабылдап отыруы тиiс;
23) егжей-тегжейлi (нақты) талаптар - өнiмнiң рұқсат етiлген ауытқулармен бiрге шектiк немесе номиналдық мәндер түрiнде көрсетiлген ең аз қажет болатын талаптар;
24) ыстыққа төзiмдi бетон - жоғары температуралардың ұзақ әсер етуi кезiнде қажеттi физикалық-механикалық қасиеттерiн сақтай алатын бетон;
25) экологиялық қауiпсiздiк - тұлғаның өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттiң қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер етулерiнiң нәтижесiнде туындайтын қауiп-қатерлерден қорғалушылық күйi.
КІРІСПЕПрезиденттің Қазақстан халқына жолдауында экономиканың дамуына негіз болатын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін өндірістердің ұлттық-инвестициялық жүйесін модернизациялау қажеттілігі айтылған. Бұл үшін құрылыс материалдарын өндіретін энергия мен ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларды құрастыру қажет.
Ал қазіргі уақытта құрылыс саласында сапалы, беріктілігі жоғары, құрылыс кезінде пайдалануға өте қолайлы болған құрылыс материалдарына аса жоғары көңіл аударылуда. Бұлардың қатарында газдыбетоннан жасалатын құрылыс материалдарының рөлі жоғары.
Тақырыптың өзектілігі: Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігі дәлелдеу мен өнім қауіпсіздігін сараптау. Қазақстандық өнімнің экспортын кеңейту.
Зерттеу мақсаты: Газоблок сапасына көз жеткізу.
Зерттеу нысаны: Газоблок.
Зерттеу пәні: Өнім сапасын сынау, бақылау және қауіпсіздігі.
Зерттеу болжамы: Газды блоктың сапасына көз жетізе отырып тұтынуға толықтай сенімді болу, сонымен қатар сапалы өнім және қызмет тұтыну.
Зерттеу міндеттері:
а) Газды блок туралы жалпы ұғым
ә) Газды блоктың артықшылықтарымен танысу
б) Газды блоктың артықшылықтарына зертханалық тұрғыда көз жеткізу.
Мәселенің деректік көзі: стандарттар.
Зерттеу әдістері зертханалық.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: газды бетондардың артықшылығын көрсете отырып, құрылысқа толықтай кепілдеме беру.
Практикалық базасы « Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ АФ.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, 3 бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Газды блок (бетон) - тұтқырғыш, су, кремнийлі құм араласқан ертінді құрамға газдандырушы зат қосу арқылы жасалатын ұялы бетон.
Блоктар ассортименті
Ұяшықты бетондардан жасалған блоктар ішкі, сыртқы және бөлмеаралық қабырғаларды тұрғызуға арналған. Бұл блоктарды көпқабатты қаңқа каркасты ғимараттарды салуда қолдануға болады және оның көмегімен 2-3 қабатты, тұруға өте ыңғайлы жер үй салуға болады. Айта кету керек, бұндай үй салу үшін шығын айтарлықтай көп кетпейді. Ұяшықты бетондардан тұрғызылған құрылыстардың ішкі бетін тегістеу мен сырлау өте жеңіл және сәйкесінше, тазалықты қалыпта ұстау үшін сумен жуып тұру әбден жеткілікті. Жылулығы жоғары ғимараттарды салуда қолданумен қатар, бұл бетондарды қойма ғимараттарын тұрғызуда қолдануға болады. Мысалы, ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын немесе құрылғылар мен машиналарды сақтайтын қойма салу. Әлемдік тәжірибеде ұяшықты бетондарды, ескі ғимараттарды қайта жөндеуде кеңінен қолданылады, әсіресе ғимараттардың жылуды сақтау деңгейін арттыруда, қосымша қабат тұрғызуда жиірек қолданылады.
1 - Кесте. Блоктар ассортименті
Шартты белгілері: L-ұзындығы, B-қалындығы, H-биіктігі
Жеңілдік
Газды бетон - құрылыс материалдарының ішіндегі жеңіл түрі. Ұяшықты бетоннан жасалған қалыпты ұсақ блок (ГОСТ 31360-2007), тығыздық маркасы Д600, көлемі 300х250х600 мм., салмағы 22, 5 кг құрайды және 25 дана кірпішті алмастыра алады, ал 25 кірпіштін таза салмағы 112 кг болар еді. Газды бетонның жеңілдігінің есесінен, көлікке орналастыру мен іргетас құрастыруға кететін шығындарды едәуір төмендетуге болады. Газды бетон қолдану, еңбек шығының азайтады.
Жылу сақтау деңгейі
Газды бетон үңгіршікті құрылысының арқасында, жылу сақтау деңгейі өте жоғары құрылыс материалы болып табылады. Газды бетоннан тұрғызылған қабырғалар ҚНжЕ (Құрылыс нормативтері және ережелері) тұрғынүй және қоғамдық ғимараттар қабырғаларының жылу сақтауының жаңа талаптарына толығымен сәйкес келеді және жауап береді. Газды бетонның құрғақ күйіндегі жылу өткізу коэффиценті - 0, 12 Вт/м C0. Үңгіршіктерде қамалған ауа түйіршіктерінің арқасында, жылу өте тиімді сақталады. Үңгіршікті бетондардан тұрғызылған құрылыстардың термокедергілік деңгейі, қыш кірпішке қарағанда 3 есе, ауыр бетонға қарағанда 8 есе жоғары болып келеді. Нәтижесінде, үңгіршікті бетоннан тұрғызылған ғимаратты қолдану кезіндегі жылытуға кететін шығындар 25-30% ға төмендейді.
Газды бетонның жылуөндіру қасиеті
Ұяшықты бетонның жылу өндіру қасиеті бар. Ол жылыту жүйесінен және күннен бөлінген жылуды өз бойына жинайды. Сырттағы ауаның температурасы төмендеген кезде, мысалы, түнгі уақытта немесе жылыту жүйесі бәсендеген кезде жиналған жылуды бөлменің ішіне бөледі. Осындай қасиеттердің арқасында барлық үйдің ішінде жылы және жайлы жағдай орнайды. Қыста жылыту жүйесіне кететін шығындар азайса, жазда жағымды қоңыр салқын ауа сақталады. Жылу өткізу немесе сақтау бойынша блоктың қалыпты үлгісі (375 мм), 600-миллиметрлі кірпіш қалауына парапар келеді.
Дыбыс оқшаулау қасиеттері
Газды бетонның үңгіршікті құрылысының себебінен, дыбыс оқшаулау қасиеті, кірпіш қалауынан 10 есе жоғары. Ұяшықты бетондардан салынған ғимараттар, дыбыс оқшаулауға байланысты бүгінгі талаптарға сай келеді. Өрт қауіпсіздігі.
Газды бетонды жасау үшін тек табиғи минералды шикізаттар қолданатындықтан, оның өртену қаупі өте төмен. Газды бетон органикалық зат болып табылмағандықтан, оттың 3-7 сағаттық бір жақты әсеріне төтеп бере алады. Бұл құрылыс материалы металлдық құрылғыларды оттың тікелей әсерінен қорғай алады.
Аязға төзімділігі
Газды бетонның аязға беріктігі өте мығым. Бұны, газды бетондағы мұз бен судың жиналып ығысатын түйіршіктері барымен және материалдың бүтіндігіне оның ешқандай әсері тимейтіндігімен түсіндіруге болады. Құрылыс технологиясын дұрыс сақтаған жағдайда, газды бетонның аязға төзімділігі 25 маусымнан кем емес деп есептеледі.
Беріктігі
Д600(600 кг/м 3 ) тығыздық деңгейінде, газды бетонның қысымға беріктігі жоғары болады - 28-40 кгс/см3. Автоклавты өңдеудің есесінен, бетонның беріктік санатының көрсеткіші В2, 5. Материалды салмақ түсетін бөлімдердің қабырғаларын, биік ғимараттардың қаңқа қабырғасын, ішкі және бөлмеаралық қабырғаларды тұрғызуда қолдануға болады.
Құрылым тұрғызу мерзімінің жылдамдығы және үнемділігі
Газды бетон блоктарының салыстырмалы үлкен көлемділігі және жеңіл салмағының (көтеретін арнайы механизмдерде қажеттілік жоқ) арқасында, құрылыс мерзімі (кейбір есептеулерге сәйкес - 4 есе жылдам) жылдамырақ болады. Сәйкесінше еңбек шығыны төмендейді. Әдеттегі ерітіндінің (раствор) орнына желімді ерітінді қолданылады. Аталған жайттардың есесінен, тұрғызылатын ғимараттың жалпы құның (шығындарды) төмендетуге болады. Үңгіршікті бетоннан тұрғызылған ғимаратты қолдану кезіндегі жылытуға кететін шығындар 25-30% ға төмендейді.
Құрастырымдылық
Құрылғының геометриялық дәлдігі, желімді ерітінді қолдануға мүмкіндік берсе, ол өз кезегінде суықтан қорғайтын таяқшаларды (мостики холода) қолданбауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геометриялық дәлдіктің тағы бір артықшылығы, тұтасу бөліктері беріктігінің жоғарылығында.
Өндеу жұмыстарының жеңілдігі
Газды бетонды кез келген кесу құралымен кесу, егеу, шегелеу және тағы басқа өңдеу жұмыстарын жеңілдікпен атқаруға болады. Осы себепті, құрылыста газды бетонды қолдану өте ыңғайлы. Өндеу жұмыстарының жеңілдігі, архитектурада ерекше әрі қызықты шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді. Оның ішінде, каналдарды кескіндеу және розетка, электропровод, трубопроводтарға арналған тесік саңылау орындарын даярлау т. б.
Экологиялығы
Заманауи газды бетон құмнан, әктен, цементтен және алюмини ұнтағынан жасалынады. Ол уытты немесе қауіпті заттарды бөлмейді және өзінің экологиялылығы жағынан тек ағаш өнімдеріне біріншілік береді. Дегенмен, ағаштан айырмашылығы, ол ескірмейді және шірімейді. Құрамдас шикізаттардың экологиялық тазалығы, газды бетон өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Газды бетонның радияциялығы 9-11 мкр/сағ. тан аспайды. Газды бетон үңгіршікті материал болғандықтан, одан салынған үйде, ағаш үйдегідей тыныс алу жеңіл. Ұяшықты бетонды өндіру көп энергия шығының қажет етпейді, себебі бетонның қатуы үшін 180-200 С0 температурасындағы будың әсері және 10-12 атмосфералық қысымы жеткілікті. Өңдеуде қолданылған будың қайта қолданылуы және қайта өңдеу мүмкіндіктері, энергия мен суды өндіріс айналымында қайтаруға мүмкіндік береді. Өндіріс қалдықтары қайта қолданылуы мүмкін, бұл өз кезегінде қоршаған ортаны қорғай мәселесінде өте маңызды үлес.
Ұяшықты бетонға тастың да, ағаштың да қасиеттері тән деуге болады. Аталмыш материалдың бұндай қасиеттері оны өте ыңғайлы құрылыс құралы етеді. Ұяшықты бетон тастай берік. Бір блок немесе панель, ондаған тонналық қысымға шыдам көрсетеді. Тас сияқты ол да өртенбейді және су мен ылғалдылыққа төзімді, яғни оған ешқандай әсер етпейді. Ал, екінші қасиеті ол ағаш сияқты жеңіл және өңдеуге жеңіл көнеді. Ағаш секілді ол да оңай тесіледі, кесіледі және тағы басқа өңдеу жұмыстарына жоғары икемді. Бетонда бекіту және жалғауларды жеңілдікпен жүргізуге болады. Ұяшықты бетонның 80%-ы ауа ұяшықтарынан құралғандықтан, ол тамаша жылысақтау қасиетіне ие, яғни, қосымша жылысақтау құралдарын қолдануда қажеттілік жоқ.
Ұяшықты бетондардан тұрғықылған үйлер мен ғимараттар, әртүрлі климаттық жағдайларда аса төзімді және қосымша күтімнің қажеттілігі жоқ. Бұл материалдың ағаштан айырмашылығы, ол шірімейді, ал, темірмен салыстырсақ оны тот баспайды. Ұяшықты бетоннан салынған ғимарат өртенбейді, ал өрт болған жағдайда ол өз құрылымын сақтайды, сол себепті өрт салдарындағы өзгерістерді қалпына келтіру үшін сыртқы бетін жаңартумен шектеледі. Салыстыра отырсақ, өрт салдарынан ағаштан салынған ғимараттар толықтай жанып кетеді, болат немесе темір құрылыстары түс өзгертіп, опырылады.
Ұяшықты бетондардан үйлер, өндірістік және қоғамдық ғимараттар, сонымен қатар ауылшаруашылық қолданысындағы нысаналар салынады. Ұяшықты бетондардан тұрғызылған құрылымдардың қарапайымдылығы мен жылу сақтау қасиеттерінің арқасында, ол суық және жылы климаттық жағдайлардығы тәжірибелерде оң баға алып отыр. Материалдың көлемділігі, жаздың аптап ыстығы мен қыстың қатты аязында болатын, ғимарат ішіндегі температуралық ауытқуларды қалпында ұштаушы фактор болып табылады. Бетонның жылу сақтау коэффицентінің жоғарылығы, жер шарының кез келген аймағындағы құрылыс жұмыстарының биік талаптарына сай келеді. Ұяшықты бетон қатты аяздарға салыстырмалы жоғары шыдамдылыққа ие. Ұяшықты бетондардан тұрғызылған құрылымдардың сыртқы термикалық әсерлерге қарсылығы, саз балшық кірпіштен тұрғызылған ғимараттардан үш есе, ауыр бетондардан тұрғызылған ғимараттардан сегіз есе жоғары. Ұяшықты бетондардан салынған үйлердің тағы бір ерекшелігі, онда суықтан қорғайтын таяқшалардың жоқтығы немесе онда қажетіліктің жоқтығы. Ұяшықты бетондардан салынған ғимараттарды қолдану, жылыту жұмыстарына кететін шығындарды 25-30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Ұяшықты бетонның дыбысты жұмсарту қасиеті бар. Ұяшықты бетоннан салынған ғимараттар, бүгінгі таңдағы дыбыс оқшаулау сұраныстарына толықтай ие және оған қосымша жұмыстардың қажеті жоқ.
Ұяшықты бетоннан тұрғызылған қабырға конструкцияларын климаттық әсерлерден қорғау үшін кірпішпен, таспен, сайдингпен немесе бір қабат сылақпен қаптау керек.
Ұяшықты бетон - экологиялық таза құрылыс материалы. Германиядағы денсаулық сақтау бойынша Федералды Басқарма сәуле гигиенасы институтының зерттеулеріне сүйенсек, ұяшықты бетонның радио сәулелерін бөлу белсенділігі рұқсат етілген деңгейден әлдеқайда төмен. Көптеген тәжірибелердің қорытындысы бойынша, ұяшықты бетондағы табиғи радионуклидтердің деңгейі - 35 Бер-ден аспайды. Сонымен қатар, одан улы заттар мен газдар бөлінбейді. Даусыз, ұяшықты бетондардан жасалған блоктар тұрғын үйлердің, ауылшаруашылық қолданысындағы ғимараттардың, өндіріс және қойма мақсатындағы ғимараттардың қабырғасын қалауда ең қолайлы әрі қарапайым құрылыс заты. Блоктарды қолдану, құрылысты жоспарлауға, яғни биіктігі мен формасын жоспарлауға ешқандай шектеу қоймайды. Сондықтан, аталмыш блоктардан кез келген үлгідегі ғимарат салуға толықтай болады. Ұяшықты бетондардан жасалған бетондарды құрылыста қолдану кезінде арнайы көтеру механизмдерде қажеттілік жоқ, себебі, ең ірі блоктың салмағы шамамен 30 кг ға жуық болады. Сондықтан, онымен жұмыс жасауды, бір адамның шамасымен қиынға соқпайды. Блоктан кәдімді кірпішті қалағандай қаланады және дәстүрлі ерітіндімен немесе ұяшықты бетондарға арналған арнайы желімді ерітінді арқылы жалғанады. Желімнің қалындығы, бар-жоғы -2-3 мм болып төселеді, осы себепті, суықтан қорғайтын таяқшалардың қажеттілігі жоқ. Ұяшықты бетонның сапасы ГОСТ 31360-2007 стандартына жауап береді. Ұяшықты бетонның жоғары құрылыс-техникалық қасиеттерімен қатар, дайын үлгілердің геометриялық дәлділігіне қол жеткізіледі.
2 - Кесте. Техникалық сипаттамасы
3 - Кесте. Әр түрлі қабырға материалдарының физика-техникалық салыстырмасының ерекшелігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz