Философия өнер ме әлде ғылым ба (эссе)


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Философия өнер ме әлде ғылым ба? (эссе)

Тексерген: Жетибаев Е. Ж

Орындаған: Болатбек Еркежан

Семей 2016

Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде- ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл- ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.

Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырма-шылығы - оның рационалдығында (ratio- латын сөзі, ақыл- ой) . Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің категориялық ( categoria- грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім- тәжірибесіне негізделген жүйесін қалыптас- тырады.

Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалплығын атап өтуге болар еді. Олар бол-мыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана Дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байла-ныстары мен қатынастарын зерттейді.

Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты, ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ философиялық деректердің айыр-машылығы- ол жеке ғылымдарды сарапталған, белгілі- бір теоре- тикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қоры- тады, әсіресе бұл философияның онтология және гносеология (эпистемология) салаларына тән нәрсе (ontos - грек сөзі, болу, өмір сүру), (gnosis- грек сөзі, білім, таным) .

Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан алуан теоретикалық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге бола- ды. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді- кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде- бір тұжырымдамасы жоқ сыңайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза т. с. с. ірі тұлғалардың философиясын ерекше трде басқалардан бөліп алып зерттейміз.

Ал жеке ғалымдарды алатын болсақ, ондағы табиғат сырларын, жасалған теориялар мен тұжырымдамаларды сол саладағы ғалымдар мойындайды. Мысалы, физика саласында қазақ, американ ия болмаса араб физикасы жоқ, бұл ғылымның жетіс- тіктері бүкіл адамзатқа ортақ, және өткен ғасырларда ашылған жаңалықтар мен жасалған теориялар үйлесімді түрде жаңа жасалған тұжырымдамалардың ажырамас бағынышта бөлігіне айналады, олар бір- біріне қарама -қайшы келмейді.

Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір- бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Философия саласындағы қызмет еткен әр ірі тұлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүние- танымы, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бұрын- соңды қайталанбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға философияға ат салысса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық болмайды. Өнер саласындағы туындылар да бір- бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық- сезімдік қарым - қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.

Жеке ғылым салаларын көз жиберсек, онда талғам мәселесі толығынан жоқ сияқты. Физика, я болмаса биологиядағы теорияларды жасаған авторларды көбінесе көзі тірі кезінде айтамыз, соңынан олардың ашқан жаңалықтары сол ғылымның бір тарауына құрап бейтұлғалық объективтік заңға айналып кете барады.

Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой- өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан дүниесі ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның бақыты дегеніміз не
Қала бір, бірак типтері әрқилы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)
А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Бір көзімен немересін күзетіп, Бір көзімен жұртты аңдиды сұр кемпір
Қазақ прозасындағы әңгіме жанры, зерттелуі
Лекция тезистері
Эссе жазу шарттары
Философияның мақсаты мен мәні
РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz