Қазақстан республикасы шетел азаматтарының құқықтарының қорғалуы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: Қазақстан республикасы шетел азаматтарының құқықтарының қорғалуы.

Орындаған: Болатбек Еркежан
Тобы: АГ-413
Тексерген: Башаева Н.

Семей, 2016ж
Шетел азаматтары дегеніміз -- ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында болатын тұлғалар.
Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Француз Азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.
ҚР-ның Азаматтық Кодексінде жеке тұлғалардың жеке заңы атты арнайы 1094- бап бар.
ҚР-ның заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.
Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып саналады.
Мысалы, Қазақстанның Австрия мен Турцияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.
ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:
1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін, өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.
2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.
3. ҚР-дағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен жүзеге асырады.
Әр елде мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайы онда тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайынан өзгеше екені баршамызға мәлім. Бұл ерекшелік белгілі бір мемлекет аумағына қатысты шетел азаматтары құқықтарының кейбір жағдайларда шектелетіндігінен көрініс табады. Мысал ретінде айтар болсақ, кейбір мемлекеттерде жергілікті жұмыс күштерінің мүдделерін қорғау мақсатында шетелдіктердің заңды еңбек етулеріне қатаң шектеулер қойылған.
Ал басқа мемлекеттерде этникалық тепе-теңдікті сақтау мақсатында азаматтық алу мен тұруға рұқсатнама алудың ерекше күрделі процедурасы белгіленеді. Жалпы ереже бойынша, заң шетел азаматтарына мемлекеттік қызметтермен айналысуға, сайлауға қатысуға, кейбір істермен айналысуға және т.б. тыйым салады. Ұлттық және мемлекеттік мүдделерді қорғаудың аталған шаралары кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін, бірақ егер олар заң негізінде орындалатын болса, түсінікті әрі кең көлемде қолданылатын шаралар болып табылатыны даусыз. Жағдайлардың осылайша орын алуын Қазақстандағы шетелдіктерге берілетін құқықтар мен бостандықтарды талдау негізінде де байқауға болады.
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтары Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы, өз кезегінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сүйенеді. Қазақстанның егемендікке ие болып, тәуелсіз мемлекетке айналуы, оның көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатуына алып келді. Осыған байланысты жылдан-жылға Қазақстан Республикасына әртүрлі жағдайларға байланысты шетел азаматтарының келуі орын алуда. Осы тұста біздің мемлекет алдында оның аумағына келуші шетел азаматтары қандай құқықтар мен міндеттерге ие бола алады деген мәселелер кешені пайда болды. Бұл мәселе тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызға да ие екені даусыз. Бұл мәселелерді шешуде, әрине, кез келген мемлекет халықаралық-құқықтық нормаларға сүйенетіні сөзсіз, сондықтан да халықаралық құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған кез келген ішкі заңнама нормаларынан басым күшке ие болатыны белгілі. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында көрініс тапқан: Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады
ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы ҚР Президентінің заңи күші бар 19 маусым 1995 жылғы Жарлығы азаматтардың үш санатын бөліп көрсетеді:
*
Қазақстан азаматтары;
*
Шетел азаматтары;
*
Азаматтығы жоқ тұлғалар.
Олардың бір-бірінен ерекшелігі басқа мемлекеттердегі ерекшеліктермен ұқсас десе де болады. Қазақстанның азаматы ретінде тиісті құжаттық дәлелдемелері бар тұлғалар танылса; Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. Қазақстан азаматтары құқықтар мен бостандықтардың ең көп көлеміне ие болса, ең аз құқықтар мен бостандықтар көлеміне азаматтығы жоқ тұлғалар ие екені айтпаса да түсінікті жайт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағында: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады, - деп көрсетілген. ҚР аумағында заң бойынша шетел азаматтарына келесідей құқықтар беріледі:
*
еңбек қызметiне және демалысқа;
*
денсаулық сақтауға;
*
әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
*
тұрғын үйге;
*
тұрғын үй мен өзге де мүлікке меншік етуге;
*
авторлық құқыққа ие болуға;
*
білім алуға;
*
қоғамдық бірлестіктерге қатысуға;
*
мәдениет жетістіктерін қолдануға;
*
некеге тұруға және оны бұзуға;
*
шетел азаматтары үшін ашық Қазақстан Республикасы аумағында еркін жүріп-тұруға;
*
ҚР заңнамаларымен бекітілген тәртіпте тұрғылықты жерді еркін таңдауға;
*
шетел азаматтарына ар-ождан бостандығы кепілдендіріледі;
*
тұрғын үйге, ар-намысына және қадір-қасиетіне қолсұғылмаушылық.

Шетелдіктер өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға қатысты туындаған барлық міндеттерін атқарады, алымдар мен салықтар төлейді, ҚР-да әскери қызметке тартылмайды, мемлекеттік өкілетті және өзге де сайланбалы органдар мен лауазымдарға дауыс бере алмайды және сайлануға құқығы жоқ, сонымен қатар ҚР референдумдарына қатыса алмайды. Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келу және оның аумағынан кету ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы 19 маусым 1995 ж. ҚР Президентінің заңи күші бар жарлығымен, Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі мен Қазақстан Республикасынан кетуін тіркеудің тәртібі туралы 12.12.1995 ж. № 301249 Ережемен, 28 қаңтар 2000 ж. №136 Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан кетуінің ережелерімен, ҚР визаларын берудің тәртібі туралы Ережелермен реттеледі. ҚР-ға келу үшін шетел азаматына, негізінен, қолданыстағы төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттарының болуы жеткілікті. Алайда қазіргі таңдағы құқықбұзушылықтар мен олардың үрейлі әлеуметтік нысаны - қылмыстардың халықаралық деңгейге көтерілуі мемлекеттер мен қоғамға, онда тұрып жатқан адамдардың өмірі, денсаулықтары мен мүлігіне қауіп төндіруі жиілеп кетті. Бір мемлекетте басталған қылмыс өз жалғасын келесі мемлекеттерде тауып жатқан жағдайлар аз емес. Сондықтан кез келген мемлекет өз аумағына сырттан келетін шетел азаматтарына келу, ол жерде болу мен одан кетудің тәртіптерін немесе қандай жағдайларда келуге не кетуге тыйым салынатынын заң жүзінде егжей-тегжейлі ашып көрсетеді. Қазақстан Республикасына келу шетел азаматына мына жағдайларда рұқсат етiлмеуi мүмкiн:
а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне бола;
ә) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақыратын болса;
б) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни дұшпандықты өршiтетiн болса;
в) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
г) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса немесе сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныған болса;
ғ) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан қуылған болса;
д) егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, республиканың кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын оның бұзу фактiлерi анықталған болса;
е) егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Авторлық құқық туралы ақпарат
Құқық шығармашылық
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
Азаматтарға жүктелетін құқықтар мен міндеттер
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастарда азаматық-құқықтық реттеу
Пәндер