ШАБЫНДЫҚТАР МЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖАҚСАРТУ ТУРАЛЫ



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: ШАБЫНДЫҚТАР МЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖАҚСАРТУ

Орындаған: Болатбек Еркежан
Тобы: АГ-413
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей, 2018ж

Малазықтық алқаптарды жақсартудың түбегейлі жақсарту жəне жеңіл-желпі жақсарту сияқты екі жүйесі бар.
Бірінші жағдайда табиғи өсімдіктер түгелдей құртылып, олардың орнына екпе шабындықтар мен жайылымдар пайда болады. Өйткені бұл жағдайда малазықтық алқаптың жаңа түрі пайда болады, оны жүзеге асыруға байланысты жүргізілген шаралар кешені түбегейлі жақсарту деп аталады. Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсарту жүйесіне табиғи өсімдіктер дүниесін толық немесе жартылай сақтап қалатын, бірақ оның өнімділігін немесе азықтық сапасын не екеуін де бірдей арттыратын шаралар кіреді.
Жеңіл-желпі жақсартудың шөп шүйгіндерінде, ең болмаса, күйзе- ліске ұшыраған жəне тұқымдары өнгіш, малазықтық тұрғыдан бағалы шөптер бар, сондай-ақ күтімсіздік пен дұрыс пайдаланылмағандықтан өсімдіктік жамылғысы сиреген табиғи шабындықтар мен жайылым- дарда жүргізілгені орынды. Жеңіл-желпі жақсартуды топырақтарының жуылып жəне шайылып кету (таулық, беткейлік, сай-салалық жайы- лымдар мен шабындықтар), ал қуаңшылық аудандарда жел эрозиясына ұшырау (құмды, құмайт топырақтар) қаупі болғандықтан, айдалмай- тын малазықтық алқаптарда жүргізудің ерекше маңызы бар.
Малазықтық табиғи алқаптарды айдамай жақсартудың қажеттілігі экономикалық ойлардан да туындайды, өйткені бұл іс-шаралардың көпшілігі шығынды аз талап етеді.
Жеңіл-желпі жақсарту кезінде, барлық шаралар кешенін шабындықтар мен жайылымдардың түрлеріне жəне олардың мəдени- техникалық жағдайларына сай жүргізу қажет. Жеке-жеке жүргізілген шаралар, əдетте, шаруашылықтық тиімділікті толық қамтамасыз ете алмайды.
Табиғи жайылымдарды жақсарту тəсілдері əр алқаптың сипаты мен жағдайына тəуелді болады. Ең алдымен, əр телімнің жағдайы қаралады, бағаланады, сонан соң оны жақсарту шаралары белгіленеді. Барлық жайылымдық алқаптарды, жақсарту керек деп, ойланбастан-ақ жо- 313 спарлай салуға болмайды. Мұндайда əр телімнің ыңғайын, жағдайын білу тұрғысынан əрекет ету керек.
Жақсарту қажеттілігінің негізгі белгілерінің бірі жайылымның тап- талу деңгейі болып табылады. Оны шөп шүйгінінің жағдайына қарап анықтайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шабындықтар мен жайылымдарды жеңіл-желпі жақсарту
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Мәдени жайылымға күтім жасау
Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Мал жаю әдістері
Ауыстырмалы шабындықтарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері
Пәндер