Сапропель және бактериалды тыңайтқыштар және қордалар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сапропель және бактериалды тыңайтқыштар және қордалар.
Орындаған: Болатбек Еркежан
Тобы: АГ-413
Тексерген: Каламов Б.Х
2017ж
Жоспары:
1. Сапропель туралы түсінік.
2. Бактериалды тыңайтқыштар
3. Қордалар
4. Пайдаланған әдебиеттер
1. Сапропель туралы түсінік.
Сапропель - органикалық және минералдық заттардан тұратын ылғалдылығы 60-97%, біркелкі коллоидты масса. Құрамында 12-80% органикалық зат және 19-88% күл болады. Органикалық масса гумин қышқылынан (11-43%), фульвоқышқылыннан (2-24%), қиын ыдырайтын қалдықтан (5-23%), гемицеллюлозадан (10-53%), целлюлозадан (0,5-6%), битумнан (6-17%) және суда еритін заттардан (2-14%) тұрады. Азот қиын еритін қосылыстар түрінде кездеседі. Өсімдікке сіңімді фосфор мен калий мөлшері төмен немесе өте төмен болады. Сапропельді құрамындағы күл шамасына қарай былай жіктейді: аз (30-пайызға дейін), орташа (30-50%), көтеріңкі (50-70%), жоғары (70-85%) және өлі балшық (85 пайыздан көп). Сапропель күлі негізінен кремний, кальций, алюминий, темір оксидтерінен тұрады (52-кесте).
2. БАКТЕРИАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Өсімдік қорегінің аса маңызды көзінің бірі-құрамында бактериялар болатын препараттар. Мұндай микроорганизмдер топырақтағы азот пен фосфорды немесе ауадағы бос азотты және минералдық тыңайтқыштағы заттарды бойына сіңіреді де оларды өсімдіктер оңай пайдаланатын күйге айналдырады. Бактериалды тыңайтқышқа нитрагин, азотбактерин, фосфоробактерин сияқты препараттар жатады. Нитрагин өсімдік тамырына түйін-түйін болып жиналатын бактерия, оның ауадағы бос азотты жинайтын қабілеті өте күшті. Республикамыздың суармалы аудандарының топырақ-климат жағдайларына байланысты беде өсімдігінің тамырына түйнек аз жиналады, сондықтан беде егісіне түйнекті неғұрлым көп жинау үшін оның тұқымын нитрагин препаратымен өңдеудің маңызы ерекше. Түйнек бактериясының жеке түрі өсімдіктің белгілі бір түрінде ғана кездеседі. Мысалы, беденің тамырында өсетін түйнек бактериясы жоңышқа тамырында кездеспейді. Сондықтан нитрагин препаратын бұршақты өсімдіктің белгілі тобына арнап әзірлейді және этикеткасын қандай өсімдікке қолдану керек екенін жазып қояды. Нитрагинде кемінде 100 млн. түйнек бактериясының клеткасы болады. Нитрагин шыны құмыраға 500 грамнан құйылып қойылады. Осындай мөлшердегі нитрагин бір гектарға себілетін тұқымды өңдеуге жетеді. Ол үшін препарат алдын ала суға езіледі (10 кг тұқымды өңдеу үшін 1 стакан су алынады), сонан соң сұйық быламық тәріздес препаратты тұқымға бүркеді де тұқымды күрекпен аударыстырады, көлеңкеде кептіреді, осыдан соң себеді. Түйнек бактериясының әрекет жасауына топырақта тиісті жағдай жасалса, нитрагин өте жақсы нәтиже береді. Мысалы, фосфор тыңайқышы мен молибден қолдану түйнек бактериясының әрекет жасауын күшейтеді, яғни оның ауадан азот жинау қабілеті артады. Азотобактерин топырақта еркін өмір сүретін бактериялардан дайындалатын препарат. Ол бактерияларды азотобактер деп атайды. Оның түйнек бактериясынан өзгешелігі өсімдік тамырында болмайды, түйнек түзбейді, тамыр айналасындағы топырақ қабатында жатып өседі. Азотобактер өзінің өсуі үшін, өсімдік тамырынан бөлінген заттарды және өсімдіктің өлген тамырларын пайдаланады.
Зертханада азотобактер бактериясын екі жолмен көбейтеді: қара шірігі мол топырақта (оны топырақты азотобактерин деп атайды) және қолдан дайындалған қоректік ортада (мұны агарлы азотобактерин дейді) өсіреді. Топырақты азотобактерин препаратын дайындау үшін азотобактерияларды әуелі температурасы 26 градус қоректік ортада көбейтеді де, 2-3 күннен соң көбейген азотобактерияларды жинап алып, үстіне су құяды да әбден араластырады. Сонан соң қайтадан топыраққа еңгізеді. Бұл топырақты жәшікке салып шаруашылыққа жібереді.
Агарлы азотобактерин әзірлеу үшін қоректік ортаны қайнатады да жарты литрлік құмыраларға құяды. Салқындаған құмыра ішіндегі агар қоректік ортаға азотобактерияларды салып агарды жұқтырады. Осындай тәсілмен әзірленген әр құмырада 40-60 млн клетка болады. Топырақты азотобактерин гектарына 3-6 кг есебімен, күздік және жаздық бидайдың, қант қызылшасының, көкөніс дақылдарының, картоптың тұқымымен бірге топыраққа еңгізіледі. Ол үшін 30 кг тұқымды бір литр суда шылайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz