Шекілдеуік тектес жеміс-жидек дақылдары: түрлері, таралуы және өндірістік маңызы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Шекілдеуіктер.

Орындаған: Болатбек Еркежан

Тобы: АГ-413

Тексерген: Ахметова Айжан

2017ж

Жоспар:

  1. Шекілдеуік топтары.
  2. Алма
  3. Алмұрт
  4. Беке
  5. Шетен
  6. Қара жемісті арония
  7. Долана
  8. Ырғай
  9. Пайдаланған әдебиеттер

Шекілдеуік топтары. Шекілдеуік тектес дақылдар (алма, алмұрт, беке, мушмула, шетен, долана, ырғай, т. б. ) раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Бұл өсімдіктердің ішінде негізінен ең көп тарағаны үш дақыл - алма, алмұрт, беке. Бұлар жалпы жеміс-жидек өсімдіктері көлемінің 70%-ын құрайды.

Қазақстанда шекілдеуікті дақылдар (негізінен алма, алмұрт), жеміс-жидек өсімдіктерінің 74, 6 пайызы.

Алма. http://static9.depositphotos.com/1049691/1080/i/950/depositphotos_10805936-Fresh-apples.jpg Алманың біздің елімізде 50 түрі өседі. Оның жеміс дақылдары арасындағы үлес салмағы 63, 7% . Қазақстанда алма өсімдіктер арасында ең көп тараған дақыл.

Екпе алма сорттары негізінен жабайы алманың түрлерінен алынған. Олар: орман алмасы, Кавказ алмасы, қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма, қырғыз алмасы, т. б. Қазақстанда жоғарыда аталған алмалардың ішінде негізінен Сиверс, Недзвецкий, қырғыз алмалары өсіріледі.

Алма жемісінің жаздық, күздік және қыстық сорттары болғандықтан жыл бойы пайдалануға мүмкіншілік бар. Телінушіге, сортына, өсіп-өнуіне байланысты алма ағашының өмір сүруі 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы орта есеппен, екпе көшет телісушіде 30-дан 50 жылға дейін, ал жыныссыз өсіп-өну телісушіде 15-25 жылға дейін тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен 3-15 жыл береді. Қарқынды немесе интенсивті бақта гектарынан 300-ден 500 центнерге дейін өнім алынады. Биіктігіне қарай алма ағашы биік (8-12 м), орташа (5-8 м) және аласа (2-4 м) өсетін болып бөлінеді.

Алмадан өндірістік өнім беретін негізгі аудандар - Украина, Молдова, Кавказ, Орта Азия, Белорусь, Ресейдің қара топырақты емес аймақтары. Қазақстанда - оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстары (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл) . Соңғы жылдары алма дақылдары Оралда, Алтайда, Сібірде, Қиыр Шығыста және Қазақстанның солтүстік, батыс, орталық облыстарында (Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола) кеңінен таралып келеді.

Дүниежүзінде алма дақылдарының 20 мыңға жуық сорты, бұрынғы КСРО-да 318-і аудандастырылған, Қазақстанда - 40-тан астам сорты тараған.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/grusha.jpg

Алмұрт. Казақстанда алмұрттың аса маңызды 4-5 түрі өседі. Олар: кәдімгі алмұрт, Регель алмұрты, Уссурия алмұрты, Жидек жапырақты алмұрт, ақшыл алмұрт. Қазақстанда кең таралған түрлері ол кәдімгі алмұрт пен жиде жапырақты алмұрт. Алмұрттың бұл түрлері екпе сорттарды селекциялап шығарғанда пайдаланылады.

Алмұрт ағаштары алма өсімдіктерімен салыстырғанда қысқа төзімсіз, жылылықты көбірек қажет етеді. Қазақстанда алмұрт өсімдіктері негізінен оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында өсіріледі. Бұл аймақтарда алмұрт ағаштары тау етегінде, белдеуінде және бауырында жақсы өседі. Орта Азия республикаларында ауаның ыстықтығына байланысты алмұрт ағаштарының Еуропалық сорттары нашар өседі, сол себептен дәмділігі нашарлау жергілікті сорттар пайдаланылады. Дүниежүзінде 1 млн гектар жер көлемін алып жатыр. Жемісі алмаға қарағанда дәмділеу, бірақ сақталуы мен тасымалдауы жағынан сапасы төмендеу. Алмұрттың ағашы биік 12-15 м, тіршілігі телісушіге, сортына байланысты 30-100 жыл, өнім алу кезеңі 15-30 жыл. Табиғи жағдайларға, сортына телісушілерге және агротехникасына байланысты алмұрт отырғызылғаннан кейін 3-8 жылда өнім береді. Өнімі орта есеппен әр гектардан 10-15 т болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде алмұрттың 10 мыңға жуық сорты бар.

Анықтама: Қазақстанның оңтүстік шығысында 10 сорты бар.

Беке. Қазақстанда Бекенің көп түрлері өспейді. Ең таралған түрі - кәдімгі беке. Жабайы түрі Солтүстік Иранда, Кіші Азияда, Молдовада және Кавказда кездеседі. Беке бұл жерлерде 4 мың жылдан бері өсіріледі. Кавказда беке бағы өте ерте тараған. Қазақстанда бұл өсімдік Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік және тау етегі аймақтарында аудандастырылған.

Беке - күн сәулесін, жылу сүйетін, ыстыққа төзімді өсімдік. Оның бұта (биіктігі 1-2 м) немесе ағаш тәрізді түрлері (5-6 м) кездеседі. Жемісті ерте және жыл сайын салады. Отырғызылғаннан кейін 3-5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімді келеді (150-180 ц/га) . Жемісі қаттылау, сабақсыз, шикі кезінде көп сорттарының жемісі жеуге келмейді, өзіне тән жағымды иісі бар, техникалық қайта өңдеуден кейін өте бағалы. Беке өсімдіктері 30-50 жылға дейін жеміс береді.

Қазақстанда оның үш сорты ғана аудандастырылған.

Шетен. http://bagnet.org/storage/12/27/16/13/729_486_560d79dc750df.jpg Шетен тектестердің 80-ге тарта түрі бар. Біздің елде кеңінен тараған түрлері - Сібір шетені, Тянь-Шань шетені, парсы шетені, т. б. Жабайы түрінде кішігірім бұта тәріздес (биіктігі 1, 5-3 м) немесе үлкен ағаш тәрізді (биіктігі 10-20 м-ге дейін) болып келеді. Отырғызғаннан кейін 6-10 жылдан кейін жеміс береді. Өнімі мол, орта есеппен бір ағаштан 80-250 кг жеміс алынады. Тіршілік ету ұзақтығы 200-300 жылға жуық, суыққа төзімді келеді. Жемісі жаңа піскен кезінде шырын, джем, тосап жасауға және медицинада витаминдік препараттар жасауға қолданылады.

Қара жемісті арония.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жеміс-жидек дақылдары: биологиясы, таралуы және шаруашылық маңызы
Дендрология: жер шары өсімдіктерінің зоналық таралуы және жеміс-жидек дақылдарының Қазақстандағы сипаттамасы
Жеміс және жидек өсімдіктерінің жеміс салу заңдылықтары
Жеміс дақылдарының биологиялық түрлері, шығу тарихы және ауылшаруашылық маңызы
Жеміс-жидек ағаштарының құрылысы, өсу кезеңдері және агротехникалық күтімі
Айқышгүлді, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарының зиянкестері мен күресу шаралары
Жеміс-жидек компоттары мен шырындарды консервілеу технологиясы
Жидек дақылдары мен жүзімнің аурулары мен зиянкестері: Hyphantria cunea және бақылау шаралары туралы академиялық шолу
Есік қаласындағы жылына 3200 т жеміс-жидек шарабын өндіретін өндірістік-коммуналды зауыттың архитектуралық-құрылыс жобасы
Жеміс-жидек пен көкөністер: жіктелуі, өсіру, сақтау және емдік қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz