Греция ғалымдары Платон мен Аристотель


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Греция ғалымдары Платон мен Аристотель3

Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы iлiмi7

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер тізімі12

Кіріспе

Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс - Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді, XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.

Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталамыз.

Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43 жж. ) өмір сүрді Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.

Міне осы үш тарихи тұлға туралы кішкентай ғана көлемі бар жұмысымызда қарастырамыз.

Греция ғалымдары Платон мен Аристотель

Б. з. д. мыңжылдықтың басында Ежелгi Грецияда жеке және тәуелсiз полистер формасы түрiнде бiрнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмiрдiң ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтiк жiктелу процесiн одан әрi күшейтiп ру ақсүйектерi мен қайыршыланған қауым мүшелерiнiң байлар мен кедейлердiң, ерiктiлер мен құлдардың арасындағы күрестi шиеленiстiре түстi. Осындай жағдайда ежелгi грек полистерiнде басқару формасының өздерi жақтаған түрiн орнату жолында әртүрлi әлеуметтiк топтар арасында аяусыз күрес жүрдi. Ол кездегi басқару формасының негiзгi түрлерi мынадай едi: аристократия (ескi немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттiлер тобы) және демократия (халық билiгi) . Осындай күрес нәтижесiнде б. з. д. VI-V ғғ. әртүрлi полистерде басқарудың өзiндiк формалары пайда болып, одан әрi дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетiнде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгi Грецияның саяси және құқықтық iлiмiнде көрiнiс тапты.

Ежелгi грек полистерiнде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең- (б. з. д. IX-VI ғғ. ) ежелгi грек мемлекеттiлiгiнiң пайда болуына сәйкес келедi. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты «жетi данышпан») байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екiншi кезең - (б. з. д. V және IV ғасырдың бiрiншi жартысы) ежелгi грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңi (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т. б. ) Үшiншi кезең - (б. з. д. IV ғасырдың екiншi жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңi, ежелгi грек мемлекеттiгiнiң құлдырауы, грек полистерiнiң алғашқыда Македония, кейiннен Рим билiгiне көшуi (Эпикур, стоиктер, Полибий және т. б. )

Сократтың даналық туралы философиялық iлiмдерiмен қатар саясат, мемлекет, қоғам, заңдылық пен әдiлеттiлiк туралы ойлары Платонның, Аристотельдiң және тағы басқалардың көзқарастарына едәуiр ықпал етiп, саяси-құқықтық iлiмнiң дамуына зор мұра болып қосылды.

Платон б. з. б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.

Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкiл философия, саяси және құқықтық iлiмдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бiрi. Ол iрi ақсүйек отбасында дүниеге келдi. Жас кезiнде ол (б. з. д. 407-399 жж. ) Сократтың шәкiртi және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейiн, Платон басқа шәкiрттермен бiрге Афиныдан кетедi. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейiн талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдерiне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады. Б. з. д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзiнiң философиялық мектебiн ашады. Бұл мектептiң өмiрi ұзақ болып, өзiнiң өмiр сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердiң ғылыми ордасы ретiнде жұмыс iстедi.

Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Заңдар", "Софист", "Парменид" және т. б.

Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т. т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай - бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге) : 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбегiнде әдiлдiктi әркiмнiң өз iсiмен айналысуынан және басқаның iсiне араласпауынан көредi. Адамдардың әлеуметтiк топқа бөлiнуi мен олардың арасындағы мүлiк теңсiздiгiн қалыпты жағдай ретiнде қарастырады және олардың бiр топтан екiншi топқа өту мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттiк құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенедi. Идеалды мемлекеттiң өзi де, Платонның ойынша, мәңгi өмiр сүре алмайды. Өйткенi, билiк басына келгендердiң бәрi де қайырымды бола бермейдi, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттерi де қосылады. Сондықтан да басқа мемлекеттiк құрылым түрi келедi.

Платон адамдардың жан дүниесiне мемлекеттiк құрылымның бес түрiнiң сәйкес келетiндiгi туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы билiктерiн өз мүдделерiне қарай iске асырады. Тимократияда әскери адамдар билiкте болады, олар жиi соғысады, соғыс мемлекеттiң басты байлығы болып есептелiнедi. Олигархияда байлар билiкке ие болғандықтан, өздерiне дұшпандық ниеттегi кедейлермен үнемi қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердiң наразылығы нәтижесiнде кез-келген уақытта мемлекеттiк төңкерiс болуы мүмкiн. Тирания - мемлекеттiк құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдiк еткен ең нашар түрi.

«Заң» деген шығармасында Платон мемлекеттiк құрылымның екiншi жобасын ұсынады. Екiншi мемлекеттiң бiрiншi мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерiн алады. Бұл жер оларға жеке меншiк түрiнде емес, пайдалану құқығы түрiнде ғана берiледi де, мемлекеттiң жалпы меншiгi болып саналады. Мүлiк санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлiнедi. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберiндегi шегi анықталады. Жеке меншiк иелерiнiң ешқайсы да алтынға немесе күмiске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдiктер жатқызылмайды.

Тұтыну теңдiгiн жақтаған Платон құлдар мен шет жерлiктерден басқаларында мүлiк артықшылығы болмауы тиiс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие iсi түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына берiлдi. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билiк қатарына ене алмады.

Платон мемлекетiнiң басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеушi тұрды. Билеушiлер жасы 50-ден 70-ке дейiн шектелдi. Билiк басында бiр билеушiнiң 20 жыл тұруға мүмкiндiгi болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуiр билiкке ие бола алды. Халық жиналысына бiрiншi және екiншi топ азаматтарының қатысуы мiндеттi едi, ал үшiншi және төртiншi топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы мiндеттi болмады. Заңдылықтың сақталуына әдiл сот жауап бердi, жекелеген және қатал заңдар азаматтардың бұқаралық және жеке өмiрiн реттеп отырды. Сотта қаралған iстердi қорғау мүмкiндiгi қарастырылды.

Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрi дамуы және тереңдеуi Платонның шәкiртi және сыншысы Аристотельдiң (б. з. д. 384-322жж. ) есiмiмен тiкелей байланысты. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б. з. б. 342-340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.

Кейбiр деректер бойынша, ол саны 400-ден 1000-ға дейiн жететiн ғылыми еңбектердiң авторы болып табылады. Оның «Саясат», «Афины политиясы», «Никомах этикасы» және т. б. еңбектерi әлi күнге дейiн құндылығын жоймаған ғылыми шығармалар болып саналады. Ол өзi өмiр сүрген замандағы құл иеленушi мемлекеттiң әртүрлi формаларын зерттеп, оның үш түрiн көрсеттi.

Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде саясат ғылым ретiнде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсiну адамгершiлiк пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кiрiспесi ретiнде көрiнедi. Аристотель әдiлдiктiң екi түрiн - теңестiретiн және үлестiретiн түрлерiн анықтайды. Теңестiретiн әдiлдiктiң өлшемi ретiнде «арифметикалық теңдiк» қарастырылады. Бұл принциптiң қолданылу аясы - азаматтық-құқықтық мәмiлелер, шығынды қалпына келтiру, жаза және т. б., ал үлестiру әдiлдiгi «геометриялық теңдiк» принципi түрiнде ұсынылады және бұл принцип ортақ игiлiктердi еңбегi мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негiзделедi.

Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегi жоғары билiктi бiлдiретiн саяси жүйе ретiнде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушiлердiң санымен (бiреу, аз ғана топ, көпшiлiк) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушiлер көпшiлiктiң мүддесiн қорғаса, бұрыс формадағы билеушiлер тек қана өздерiнiң жеке басының мүдделерiн көздейдi. Аристотель пiкiрiнше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екiншi формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттiң ең дұрыс формасы ретiнде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесi үшiн көпшiлiк билiк құрады. Мемлекеттiң басқа формалары политиядан әрi немесе керi ауытқуы ретiнде айтылады. Екiншi жағынан қарастырғанда, Аристотельдiң түсiнiгiнше, полития демократия мен олигархияның аралас түрi ретiнде қарастырылады.

Жоғарғы билiк заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүлiктiк демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екi түрiн - заңға негiзделген және жоғарғы үкiметке билiк жүргiзетiн демократияны анықтайды.

Аристотельдiң саясат жөнiндегi ойлары да көңiл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәнi оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негiзi - адамдардың тәрбиелiгiнде болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенiң нәтижесiнде ғана жақсы қасиеттердi бойларына сiңiрiп, саяси мақсаттарын игiлiкке қарай бұрады, осының арқасында ғана әдiлдiк орнайды.

Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа. молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.

Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым - отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс жөне бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттін дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.

Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.

Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып. жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.

Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы iлiмi

Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық ойлардың тарихы бүтiндей мың жылды қамтиды және өзiнiң эволюциялық дамуында Ежелгi Римнiң ұзақ уақытқа созылған әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрiндегi айтулы өзгерiстердi бiлдiредi. Рим тарихының өзi үш кезеңге бөлiнедi: 1) патшалық Рим (б. з. д. 754-510 жж. ) ; 2) республикалық Рим (б. з. д. 509-28 жж. ) ; 3) императорлық Рим (б. з. д. 27-б. з. 476 жж. ) Сонымен бiрге бiртұтас Рим империясы б. з. 395 жылы екiге: Батыс және Шығыс Римге бөлiнедi. Шығыс Рим -Византия империясы 1453 жылға дейiн өмiр сүредi.

Ежелгi Римдегi саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлi топтары - патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлер мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен популярлар (төменгi халықты қолдаушылар), ерiктiлер мен құлдар арасындағы өткiр күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемi дамып отырды.

Ежелгi Римнiң атақты шешенi, заңгерi, мемлекеттiк қайраткерi және ойшылы Марк Туллий Цицерон б. з. д. 106 жылы туып, б. з. д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейiнгi ұрпаққа, адамзат мәдениетiне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелерiне көп орын берiлген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы «Құдайлардың табиғаты туралы», «Мiндеттiлiк туралы», «Жамандық пен жақсылықтың шегi туралы» және «Заңдар туралы» еңбектерiнде кең қамтылған Саяси-құқықтық мәселелер оның басқа да еңбектерiнде (мысалы, «Мiндеттер туралы») және сонымен бiрге оның көптеген саяси және сот баяндамалары мен сөздерiнде көрiнiс тапқан.

Цицеронның мемлекет және құқық саласындағы теориялық көзқарастары ежелгi грек ойларының, ең алдымен Платонның, Аристотельдiң, Полибийдiң және стоиктердiң едәуiр ықпалында болды. Сонымен бiрге Цицерон Рим патриоты және қайраткерi ретiнде бұл «жат жерлiк» ықпалдарды мемлекеттiк-құқықтық тәжiрибе мен саяси құқықтық ойларды Рим мемлекетi мен құқығының өзiндiк сипаты бар тарихымен, сол кезеңдегi әлеумет пен саясаттағы нақты жағдаймен, өзектi мiндеттермен байланыстыруға тырысты. Нақтылап айтқанда Цицеронның саяси-құқықтық iлiмiнде өзiне дейiнгi идеяларды шығармашылықпен пайдалану бар. Ол мемлекет пен құқық теориясы туралы жаңа қағидаларды одан әрi дамытты. Цицерон мемлекетке халық еңбегiнiң жемiсi ретiнде анықтама бердi.

Мемлекеттiң пайда болу себебiн Цицерон адамдардың әлсiздiгi мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бiрге тұру қажеттiгiне ұмтылуынан деп есептейдi. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдiң позициясын құптаған Цицерон сол кездегi мемлекеттiң пайда болуының келiсiмдiк сипаты туралы кең дамыған түсiнiктi жоққа шығарады. Ол мемлекет пен жеке меншiктiң алғашқы кезеңдегi байланысын анықтап, стоик Панетияның мемлекеттiң пайда болуының негiзгi себебi - жеке меншiктi қорғау туралы ережесiн мақұлдайды.

Ежелгi грек ойларының дәстүрлерi негiзiнде Цицерон мемлекеттiк құрылымының әртүрлi формаларына талдау жасауға, бiр формадан екiншi форманың пайда болуына, сонымен бiрге олардың ең дұрыс формаларын iздеуге және т. б. мәселелерге үлкен көңiл бөлдi. Билеушiлер санына қарай Цицерон мемлекеттiң қарапайым үш формасын: патша билiгiн (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билiгiн (демократия) атап көрсетедi. Мемлекеттiң осы қарапайым түрлерiнiң ешқайсысы нақты және ең ыңғайлысы емес, бiрақ Цицерон бойынша, олар егер мемлекеттi құруға адамдарды қатыстыруға мүмкiндiк туғызса және оның негiзi мен байланысы (оның iшiнде құқықтығы да) сақталса оған төзуге және көшуге болады.

Бұл формалардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Цицеронның пайымдауынша, егер соларды таңдау туған жағдайда таңдау ең алдымен патша билiгiне түсер едi де, демократия ең соңғы орында болар едi. Әр форманың кемшiлiктерi мен артықшылықтарына талдау жасаған Цицерон басқарудың аралас формасын, яғни монархия, аристократия және демократия элементтерi өзара ұштасып, үйлесетiн басқаруды қолдайды. Цицерон өзiнiң шығармашылық және саяси қызмет тәжiрибесiнде (квестор, сенатор, эдил, претор, консул қызметтерiнде) жекелеген адамдар билiгiне, оның iшiнде әскери диктатура режимiне қарсы сенаттық республикалық құрылысты жақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие
Ежелгі мектеп пен тәрбие
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Ежелгі тіл білімі
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Алғашқы қауымдағы тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz