Өсімдіктердің жапырақтану сипаты


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

11 билет

1. Өсімдіктердің жапырақтану сипаты. Жапырақтану сипаты бойынша көпжылдық шөптер жоғарғы, төменгі, жартылай жоғары және жатаған жапырақты топтарға бөлінеді.

Жоғары жапырақтанатын өсімдіктер жыныстық өркендер мен өскіш өркендердің басым болуымен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай өсімдіктердің жапырақтары сабақтардың бойында біркелкі орналасады. Бұл топтағы өсімдік биіктігі 40см-ден 170 см-ге дейін және одан да жоғары көрсеткіште құбылады. Жыныстық сабақтардың жапырақтануы 20% дан аспайды, олардың мал азықтық бағалылығы көп емес. Ұзарған өскіш өркендердің жыныстық өркендерден айырмашылығы жақсы жапырақтануында (40-50%-ден доғары) және жоғары мал азықтық бағалылығында, өйткені өсімдіктің жапырағында сабағына қарағанда қоректік зат көп жиналады. Астық тұқымдас шөптердің жапырақтары сабақ бойында біркелкі орналасады, ал бұршақ тұқымдастардың жапырақтары көбінесе жоғары жағында шоғырланады. Сол себепті бұршақ тұқымдастары негізінен пішендікке пайдаланылады (өнімнің 5-10% ғана ысырап болады) . Оларды жайылымға пайдаланған жағдайда шалғындықтан үлесі азайып кетеді.

Жоғары жапырақтанатын өсімдіктерге қылтықсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жатаған бидайық, биік үйбидайық, қамыс қосбас, құрғақ айрауық, сары түйежоңышқа, ақ түйежоңышқа, қызыл беде, егістік эспарцет, кавказдық эспарцет, құмдық эспарцет, ноғатық, сиыр жоңышқа, сібірлік қызылбояу, талшық сүттіген т. б. жатады.

Төменгі жапырақты өсімдіктерде қысқа өскіш өркендер көп, жыныстық өркендер аз болады. Өсімдік биіктігі 45-55 см аспайды. Жапырақтарының негізгі массасы өсімдік түбінде шоғырланған, сол себепті оларды пішенге орғанда өнімнің 30-35% жоғалады. Осыған байланысты шабылған өнімнің қоректілік бағалылығы да төмендейді. Бұл өсімдіктер көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Төменгі жапырақтағы өсімдіктерге шалғындық қоңырбас, жайылымдық үйбидайық, бетеге боз, қау шөп, қоңырбас шисабақ, кәдімгі ақмамық, ақ және жидек беде, үрмежеміс қияқөлең, доңызөлең, қазтабан, қымыздық, қарабас шөп, т. б. жатады.

Жартылай жоғары жапырақты өсімдіктер көптеген және ұзынша өскіш өркендерімен сипатталады. Жыныстық өркендері аз болады. Өсімдік биіктігі 50-70 см шамасында. Бұл өсімдіктер шабындық - жайылымдық бағытта пайдаланылады. Жартылай жоғары жапырақты өсімдіктерге шалғындық түлкіқұйрық, тарақты еркекшөп, шалғындық бетеге, буданды беде, сары жоңышқа т. б. жатады.

Жатаған жапырақты өсімдіктер жертаған жапырақтардан тұрады, олар кейде дегелек түрінде жиналған, ал сабақ жапырақтары болмайды. Мұндай өсімдіктер көбінесе қарқынды пайдаланатын жайылымдарда тараған, өйткені төмен орналасқан жапырақтарын мал толықтай жей алмайды.

Бұл өсімдіктерге бақбақтар, иманжапырақтар, теңгежапырақ және т. б. жатады. Өсімдіктердің оттылықта көп тарауы жайылымды жақсарту үшін шаралар қажеттілігін көрсетеді.

Көпжылдық шөптердің өркен құру және жапырақтану сипаты көбінесе топырақтағы қоректік заттар мөлшеріне, өсімдік тығыздығына және өсу ортасының жағдайына байланысты.

Өсімдіктер жеткілікті мөлшерде топырақтағы қоректік затпен, жарықпен, жылумен және ылғалмен қамтамасыз етілген жағдайда өскіш және жыныстық өркендердің арақатынасы соңғысының пайдасына өзгеріп, төменгі өсімдіктер жартылай жоғары өсімдіктер тобына жақындайды. Бұл дегеніміз шалғындықтың өнімін жоғарлатуға және оны жан-жақты пайдалануға мүмкіншіліктер туатынын көрсетеді.

2. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері .

Шалғынтану ілімі шалғындық шаруашылығының ғылыми негізі ретінде шалғындық өсімдіктердің өсіп-даму заңдылықтарын зерттеп анықтайтын биология ғылымының бір бөлімі. Өсімдіктің тіршілік ерекшеліктерін және даму заңдылықтарын, оның өсу ортасымен арақатынасын, яғни экологиялық талаптарын білу арқылы шалғындықты жақсарту және тиімді пайдалану жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыруға болатыны белгілі болды.

Өсімдіктердің өсу және даму ерекшеліктері

Өсімдіктің өсуі және дамуы әртұрлі түсініктерді береді. Өсу кезінде өсімдіктің массасы мен көлемі көбейеді, ал даму өсімдіктің топыраққа түскен тұқымының көктеуінен жемістері мен жаңа тұқымдардың толық пісуіне дейінгі кезең.

Өсімдік даму кезеңінде мынадай әр түрлі сапалық кезеңдерден өтеді.

1. Бастапқы тыныштық кезеңі (толықтай піскен тұқымның көктей бастағанға дейінгі) ;

2. Қыздық кезең (көктей бастауынан өсіп, гүлденерге дейінгі) ;

3. Жыныстық кезеңі (гүлденуден жеміс беруге дейінгі) ;

4. Қартаю кезеңі жеміс беруінің азаюынан мүлдем тоқтауына дейінгі.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда әртүрлі кезеңдерде өсіп дамыған шөптерді кездестіруге болады. Оларды біліп үйрену шалғындықта жүргізілетін жақсарту жұмыстарын таңдауға керекті дәйектер.

Табиғи өсімдік қауымында әр түрлі жастағы өсімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

1. Жасырын өркендер (биылғы, өткен жылдардағы топырақта тыныш жатқан тұқымдар, дәнектер) ;

2. Өсімдік мүшелері толық жетілмегендер (көпжылдық өсімдіктердің біржылдық өскіндері, көктеуі, өсіп шығуы) - 2-3 жапырақтанған өркендері және 1-2 қосымша тамырлар құруы;

3. Жасөспірімдік (ювенильдік) - қарқынды дамып келе жатқан өркендер қауымдасқанға дейінгі бір немесе бірнеше сабақтардың нәтижесінде шым топырақ құрады. Астық тұқымдастардың негізгі тамыры әлі онша жетілмеген;

4. Есейген жыныстық (виргинильдік) - жақсы дамыған, бірақ әлі жеміс салмаған сабақтар. Бұл топтың жасөспірімдерден айырмашылығы - өркендері үлкендеу және көп, жапырақтары ұзындау, ірілеу;

5. Жыныстық (жеміс беретін сабақтар) ;

6. Кәрілік (сенильдік) - соңғы даму кезеңі, бұл жастағы өсімдіктердің (дарақтардың) фотосинтез жүру қарқыны төмендейді және жеміс салмайды.

12 билет

1. Өсімдіктер экологиясы

Өсімдік және өсу ортасы . Өсімдік экологиясы ғылымның бір саласы ретінде өсімдік пен өсу ортасының арақатынасын зерттейді. Өсу ортасы өсімдіктер өсуіне әсер ететін әртүрлі экологиялық факторлардан тұрады. Әрбір факторлардың тигізетін әсеріне қарай өсімдіктердің оған деген қатынастары да әртүрлі болуы мүмкін. Өсімдіктердің қоршаған өсу ортасына бейімделуі тарихи өсу жағдайына байланысты ұзақ жылдар бойы қалыптасқан. Сол себепті бірыңғай өсу орта жағдайында өскен өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері бір-біріне ұқсас болады.

Қоршаған орта жағдайының бір факторына біркелкі қатынаста болатын өсімдіктер тобын экологиялық пішін деп атайды. Мысалы, құмды топырақтарда өсуге бейімделген өсімдіктер- құм өсімдігінің экологиялық пішінін (псаммофилдер) ; ылғалды жерлерде өсуге бейімделген өсімдіктер ылғал сүйгіш өсімдіктердің пішінін (гигрофильдер) т. б. Өсімдіктің өсу ортасын өзгерткен жағдайда олардың өсіп дамуы күрт өзгеруі, қала берді өлуі, содан кейін басқа өсімдікпен ауысуы мүмкін. Сонымен қатар өсімдіктер өсу ортасына икемділік жаңа өсу пішіндеріне көшеді. Шөл және шөлейт жерлерде өсетін өсімдік топтарының жаздың ыстығы басталып құрғақшылық туған жағдайда жапырақтары түсіп, нәтижесінде транспирациясы азайып күрт ылғалды үнемдеуге көшеді. Астық тұқымдастарының транспирациясының азаюы жапырақтарының шиыршықтанып бүктеліп, жалпы жапырақ алақанының көлемінің азаюының салдарынан болады. Құрғақшылық аймақтарда басқа аймақтарға қарағанда эфемерлі өсімдіктер көп таралған. Керісінше, жылылығы тәулік бойы қатты өзгеріп отыратын таулы аймақтарда жылуды өз бойына жинап сыртқы ортаға тәуелді болмай бірқалыпты пайдаланатын өсімдік топтары өседі.

Өсу ортасының өсімдіктер өсуіне әсер етуімен бірге өсімдіктер де сыртқы ортаға айтарлықтай әсер ететіні анықталған. Шөптесін өсімдіктер қауымы топырақтың жылуын тәулік бойы және жыл бойына қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді, топырақтың ауа жүйесінің өзгеруіне де әсерін тигізеді. Сонымен қатар өсімдіктер желдің жылдамдығына, ауадағы көмірқышқыл газын азайтуға әсер етеді. Және де жер бедеріне байланысты топырақ бетінде ылғалдың булануын, жарықтың түсуін реттейді.

Өсімдіктер топырақтан қоректік заттарды пайдаланып оның құрамын өзгертеді, шіріп топырақты органикалық заттармен байытады. Өсімдік тамырлары топырақ қабаттарына жайылып оның құрылымын, су және ауа сіңімділігін жақсартады.

Экологиялық факторлар өсімдікке және топыраққа кешенді түрде әсер етеді. Бір экологиялық фактордың әсері басқа фактордың әсерлерінің жүруіне өзгерістер енгізеді. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктеріне ауа райының, топырақтың, биотикалық, антропогендік факторлары айтарлықтай әсерін тигізеді.

2. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту

Түбегейлі жақсарту жүйесі

Табиғи шабындықтың өнімі төмен болып және шөп құрамындағы бағалы астық тұқымдастарының үлесі 32%-ға жетпесе ондай жерлерді түбегейлі жақсартады. Түбегейлі жақсартқанда табиғи шым толықтай бұзылып, өңделіп, орнына бағалы көпжылдық шөптер себіліп өнімділігі жоғары жаңа мәдени екпе шабындықтар мен жайылымдар жасалады. Табиғатта кездесетін батпақты және сортаңды жерлер де түбегейлі жақсартылады. Шым топырақты жерлерді түбегейлі жақсартқанда топырақтың биологиялық белсенділігі айтарлықтай күшейеді, органикалық заттардың шіруі тездетіледі де, өсімдіктермен жеңіл қабылданатын қоректік заттар қоры түзіледі.

Қазақстандағы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімін талдау олардағы түсімінің төмендігін байқатты. Мысалы, шөл және шөлейт аймақтарда әр гектардан алынған құрғақ масса 0, 5-1, 0-ден 3-5 центнерге дейін, далалық және қуаң далалық аймақтарда 1, 5-6 центнерге дейін құбылатындығын көрсетті. Бұдан басқа осы аймақтарда анықталған 21 млн. гектардай тозып, эрозияға ұшыраған жайылымдарды атауға болады.

Республиканың сай-салалық жерлеріндегі табиғи шалғындықтарды түбегейлі жақсартудың тиімділігі жоғары. Екпе шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігі және азық сапасы, табиғи шалғындықпен салыстырғанда екі-бес есеге дейін, тіпті одан да көпке асып түседі. Оған мынадай ғылыми зерттеулердің нәтижелерін келтіруге болады. Орал тәжірибе стансасының далалық аймағында жоңышқалы-еркекшөпті екпе шабындықтың пішендік түсімі үш жыл ішінде орта есеппен 16, 2 ц/га болды, ал табиғи жердің өнімділігі гектарынан 3, 4 ц ғана болған. Павлодардың топырақты эрозиядан қорғау тәжірибе стансасында екпе шабындықтан 11 жылда әр гектардан пішеннің өнімі 10 ц-ден 38 центнерге дейін құбылған, ал табиғи шабындықтың өнімі әр гектардан 1, 6-дан 4, 0 центнерге дейін ғана болған. Ертіс алқабында екпе шабындықтың (жоңышқа+қылтықсыз арпабас) әр гектарынан 5 жылда орташа 45-52 ц пішен жиналған.

  1. билет

1. Көпжылдық шөптердің өсіп-өну биологиясы . Шабындық пен жайылымда өсетін көпжылдық шөптер тұқымымен жəне вегетативті жолмен көбейеді. Негізгі көбею органдарына жер бетіндегі өркендері, тамырсабақтары, тамыр қосымшалары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйежоңышқаның тұқым өнімділігі
Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктің түрлері
Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы
Оңтүстік шөл аймағында өсетін өсімдіктердің жайылымды жақсартуға, жерсіндіру мәселелері
Тамыр жемісті сәбіз өсімдігі
Асханалық қызылша
Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері
Ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестері
Жидек және бақша дақылдары
Клеткалық селекция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz