Өндірістік дене шынықтырудың мақсаты мен міндеттері: бастауыш мектеп бағдарламасы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Өндірістік дене шынықтырудың мақсаты мен міндеттері.

Орындаған: Болатбек Еркежан

Тобы: АГ-413

Тексерген: Королева

Семей, 2018ж

«Дене шынықтыру» бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру (физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бастауыш мектеп оқушыларды оқытуға арналған оқу бағдарламасы келесі міндеттерді іске асыруы тиіс:

  • дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;
  • оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады;
  • дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;
  • оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді;
  • оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;
  • оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;
  • оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға:

  • пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;
  • қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;
  • адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;
  • жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;
  • дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге;
  • өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға;
  • сыни тұрғыдан, шығармашылық ойлау қабілеттерін және коммуникативтік береді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы оқушыларды шынықтырудың физиологиясы мен гигиенасы
Дене шынықтырудың қоғам өміріндегі әлеуметтік маңызы
Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесінің мақсаты мен дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Дене шынықтырудың физиологиялық-биологиялық негіздері мен әдістері
Дене шынықтырудың ғылыми негіздері мен сауықтыру әдістері
Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мақсаты, міндеттері және әдістемесі
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру негіздері және қоғамға дене шынықтырудың әлеуметтік-экономикалық әсері
Қазақстан қоғамындағы дене шынықтырудың әлеуметтік-экономикалық әсері
Дене шынықтырудың маңызы, құралдары және денсаулыққа әсері
Дене шынықтырудың қағидалары мен жүйесі: негіздері, мақсаттары және дайындық кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz