Ұстаз - ұлы есім


«Ұстаздық ету - уақыт ұту емес,
өзгенің бақытын аялау
өзінің уақытын аямау»
Жан - Жак Руссо.
- Кіріспе бөлім.
I. I Ұстаз - ұлы есім.
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім - тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси - экономикалық және педагогикалық-психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата-анада кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана - сезімдік дене тәрбисі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.
Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, оның кемшіл тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбилеп жатқан мына, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Білім беру - тәрбиелеу ең оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі занды нәрсе. Бұл үрдістегі басты түлға - мұғалім.
Ұлы ғұламамыз А. Байтұрсынов XX ғасырдың басында «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен. Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Әсіресе, ол қазіргідей білім реформасы жүріп жатқан, өркениеттілік көшіне ұмтылып жатқан уақытта тіпті маңыздырақ болып отыр. Олай дейтініміз, өз білімін көтеріп, өз бетінше жетілдіріп отырмаса, тынбай ізденбесе мұғалімнің балаға берер білім дәрежесі жеткіліксіз болары күмәнсіз.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тек күнделікті күн көріс үшін жүретін ұстаздар да арамызда жоқ емес. Сондықтан да мен қоғамға титтей бір пайда келтірмесек, пәлен жыл мұғалім болдым дегенімнен не пайда деп ойлайын. Дегенмен, қуанарлық жәйттар да жоқ емес, педагогикалық ұжымның ішінде өз қызметін абыроймен атқарып, ұрпақ үшін жемісті еңбек етіп жүрген жас ұстаздар көптен кездеседі. Осы орайда атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Оқытушы жұмысының жемісті болуы-балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту мәселесін бірінші орынға қойғаны» деген сөзінің ұстаз еңбегінде орындалғаны деп түсінеміз.
Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт - дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімің беру ісінде рухани, этно - мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.
Демократияға қадам басқан қоғамда мұғалімге артылатын жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны түлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
Мұғалім беделі, жеке басының ерекшелігі мектеп ісінде, жас ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады. Мұғалім беделінің артуына алдымен мұғалімнің өзі, сонан соң мектеп жауапты. Егер мұғалім беделді, өз пәнін жетік меңгерген болса, әрине, оның беделі өз ортасында - әріптестері, шәкірттері арасында арта түсері даусыз.
Ұстаз - жеке тұлға. Ол - үлкен ақыл, парасат иесі, тәлімді тәрбиеші, өмір тәжірибесі мол, мейірім - қайырымы көп ұлағатты жан. Алайда, жас ұрпақ алдындағы мұғалім беделін қайтсек көтереміз, абыройын қайтсек асырамыз дейтін мәселені әркім тікелей шеше алмайды. Мұғалімнің беделі тек өзіне ғана байланысты. «Мұғаліміңді неге сыйламайсың?» деп ешқандай шәкіртті зорлап мойындата алмайсың. Қоғам, уақыт өзгертеді. Талап, талғам да жоғары. Осы ретте Ж. Аймауытов ұстаз беделіне, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасына көп көңіл бөлген. Әрбір адам өзіне-өзі сеніп, биік талап-талғаммен қарап, туған еліне, жеріне, таңдаған мамандығына адалдық, табандылық танытса еңбек - ізденіс нәтижесіне жетіп, ұлы мұрат міндеті айқын көрінетін болады.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай түседі. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
XX ғасыр артта қалды. Сапалы білім мен тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып, дүниежүзілік өркениеттілікке жету XXI ғасырдың үлесіне тиіп отыр. Ондай азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге келтіру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Оны атқаратын, сөз жоқ, мұғалім.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабылеті ғылыми түрде қалыптасуы керек. Педагогикалық басты зандылық «адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабылеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, көп тоқу керек. Яғни XXI ғасыр мұғалімі үшін «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды. Ал міндетті орта білім беру стандартындағы оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін төмендетті. Ендеше оқушысын білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәрсеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады. Сондай-ақ мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды бейім болуы шарт. Қажетті жағдайда шешім таба алатын дәрежеге жетуі керек. Мұғалімнің адамгершілік, саяси - идеялық ұстанымы да жұмысында көрініс тауып, ол бала тәрбиесінде негізгі шарт болуы тиіс.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасандық пен жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс - тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейілсу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені, қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар - ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар. Мұғалімге қойылатын талаптарды шешуде мектеп әкімшілігіне, әдістемелік кеңестерге олардың бүгінгі күн талабына сай жетіліп дамуына жан-жақты іс-шаралар жүргізуді талап етеді.
- Мұғалімдердің өз жұмысына өзі талдау жасауға үйренудің маңызды ерекшелігін ескеріп, мектеп басқару ұжымы мұғалімнің жұмысына талдау жасау жүйесімен танысу, оның педагогикалық ойлау логикасына ден қойып, таңдау себептерін ғылыми негізедуге ұмтылуға бағыттау, сол мақсатта сабаққа кіріп, осы негізде талдау жасау.
- Әдістемелік жаттандылықтан қашып, нақтылы жағдайға сәйкес әдістемелік қатынас таңдай білу, оқытудың жаңа технологияларын қолдану, әр түрлі әдістемелік ұсыныстарға сүйене отырып, өзі оқытатын сынып оқушылары еркшеліктеріне, ұстаздың өзінің ізденіс ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдерді таңдай алуға мүмкіндік жасау. Қазіргі таңда педагогикалық шығармашылықты дамытудағы жаттандылықты жойып, оқытуда таңдап алынған жаңа технологиялардың тиімділігін кәсіптік біліктілікпен дәлелдей алатын мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап, соған сүйену. Онда дамыта оқыту, ұлттық педагогика және оқушыларға қазіргі таңда берілетін білім мазмұны сияқты мәселелерге байланысты мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін көтеру.
- Келесі бір өзекті мәселе: оқыту мен тәрбие жұмысындағы ұлттық педагогиканың орны. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім өзінің әрбір ісінде әйтеуір ұлттық педагогиканы пайдалану осы кең деп орынды - орынсыз пайдаланбай, оқыту мен тәрбиеде оның орнын білуі керек. Яғни, ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыра, сабақтастыра отырып баланың баулу, халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіру, имандылық, мінез-құлқын қалыптастыру, жүзеге асыру көзделуі тиіс.
- Қазір мектеп мұғалімдер ұжымының құрылыы 25-30 жас аралығында. Ендеше жас мамандармен жұмыс істеуді жолға қою керек. Бұл салада әрбір жас маман тәжірибелі ұстаздарға бөлініп, қамқорлыққа алынады. Арнаулы кесте бойынша білім жетілдіру курстарына жіберіледі. Арнаулы әдістемелік көмек көрсетіліп, семинарлар өткізіліп тұрады. Олардың оқу және тәрбие жұмыстарына қатысып, кеңес, бағдарламалар береді. Жастарды ынталандыру, шығармашылық ізденіс жасауға баулу мақсатында «Жас мұғалімдер мен тәрбиешілер» сайысы өткізілді. Оның нәтижесі аттестация кезінде есепке алынады. Ұжымның құрамы жас болуы бір жағынан жақсы, екінші жағынан мұғалімдікті шын сүйетіндер ізденеді, дамуға ізденіс жасайды. Кімдер «кездейсоқ» осы мамандықты таңдаса, бұл оның өзіне де, мектеп ұжымының пән бірлестіктері, тәрбие және сынып жетекшілері бірлестіктерінің негізгі жұмыстарының бірі - жас мұғалімдермен жұмыс болмақ.
Ең басты мақсат - оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге ғана емес өтілетін тақырыпқа қалай қызықтыруға болады? Әрине, сабақты қызықты етіп өткізу айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігін, қажет десеңіз, дарындылығын қажет етеді. Әр мұғалім әр сабақты ерекше құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретіні сөзсіз.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша мұғалімдерге өз қызметінде 200 -дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдайларды кездестіреді, оларды шамасына қарай шешеді.
XXI ғасыр мұғалімі қандай болғаны ләзім оған қойылатын талаптар қандай ?
Меніңше, олар мына төмендегілер:
- мұғалім жеке көзқарасы бар және оны қорғай білетін жігерлі, тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім өз ісіне сенімді болады. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әр ісіне есеп беріп, уақытты дұрыс пайдаланады, азаматтық ар-ожданын ылғи да қорғай алады.
- мұғалім педагогтық, психологиялық білімін үнемі жетілдіріп отыруымен қатар күнделікті ісінде оны шебер пайдалана білу керек.
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға - білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы. Ұстаз еңбегі осы дәрежеге ие болса ғана мұғалім мұраты орындалған болар еді.
II. Негізгі бөлім.
II. I Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі.
Мұғалім қызметі өте күрделі әрі көп салалы, әрине мұғалім материалдық өндірісте жұмыс істемейтінді, еңбек құралдарын жасамайтындығы және технологиялық процесті жетелеу ісіне де тікелей қатысты өзінен-өзі белгілі. Бірақ, мұғалім өндіргіш күштердің дамуына немесе халықтың игілігінің дамусыз өсуіне әсер етеді. Ең басты жеке адамды тәрбиелеп, дамытатын және қалыптастыратын басты маман. Осыдан 350 ж бұрын өмір сүрген ғалым педагогиканың негізін қалаған ұлы педагог Ян Амос Каменский мұғалімге «Ең тамаша міндет жүктелген «күн астында одан жоғары тұратын ештеңе жоқ» деп жазды. Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деген.
Мұғалім - адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Педагогтық қызмет қиындығы мол қызмет. Себебі: ол бір-екі ғана баланы тәрбиелемейді, оңдаған әр түрлі қабілетті мен бейімділігі, қызығушылығы, түсінігі мен көзқарасы, әр деңгейдегі жас өспірімдерді тәрбиелейді. Халыққа білім беру ісі ең алдымен мұғалімдер арқылы іске асырылатыны сөзсіз. Ол бұқаралық саяси мәдени ағарту және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілеті мол.
Өз мамандығынан теориялық және практикалық терең білімі бар адам. Мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді кәсіптік деңгейі.
Педагогикалық, психологиялық арнайы зерттеулердің негізінде айқындалған, педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогтық іс-әрекет өте күрделі динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар:
- Дидактикалық қабілет.
Оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу, олардың білім дәрежелерін, іскерлігін мен дағдысын дұрыс анықтай білу. Пән қызығушылықтарын артырып, таным белсенділігін және ойын дамыту.
- Академиялық қабілет.
Мұғалімнің өз пәнінің өскелең өмір талабына сай болуы.
- Перцептивті қабілет.
Оқушылардың ішкі жан дүниесін тани білу.
- Сөйлеу қабілеті.
Мұғалім өз ойын нақты және түсінікті етіп жеткізе білуі, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
Оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, ұйымдастыра білу. Оқу мен тәрбиеге байланысты міндеттерді орындауда оқушыларға бағыт беру.
- Коммуникативті қабілет.
Педагогикалық әдептілікті дамыту, балалармен дұрыс қарым - қатынас жасай білу шеберлігі.
7. Конструктивті қабілет .
Оқу және тәрбие міндеттердің шешілудің үйлесімділігі. Алдағы жұмысты жоспарлау, салыстыру, болжам жасау, логикалық ойлау қабілеттерімен танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.
- Қолданбалы қабілет.
Нақты педагогикалық міндеттерге сәйкес оқушыларды таңдандыра, қызықтыра білу.
Сонымен, мұғалімнің қызметі - педагогикалық және психологиялық мазмұны жағынан алғанда адамның барлық мүмкіншілектерін көрсетуді талап ететін қүрделі еңбек. Мұғалім жас ұрпақты жаңаша ойлауға, адамзат тарихында ғасырлар бойы жинақталған байлықты білу және бүгінгі қүнде өмірімізде орын алған рухани жұтандықтан арылуға ықпал жасаушы мамандық. Мұғалімге койылатын талаптар. Педагогтық мамандықтың ерекшеліктері.
Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалытасуын, білім берумен, тербие және оқуты процесін басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты, терең, ғылыми білім, жоғары педагогтық шеберлік, идеалық шыныққандык, саяси моральдық қасиет, табанды ерік - жігер, парасатты міңез - құлық талап етеді. Казіргі заман мұғалімі қызметтіндегі басты ерекшеліктерінің бірі жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту. Сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі обьектісі, әрі субъектісі де бала. Ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу бірінші қызметтегі міндет. Мұғалім еттілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстара алмайды. Қайта басқа қаситтерін, айқын көріне түсінетініне негіз болады. Л. Н Толстой : «Мұғалім өз ісіне деген сүйішпеншілікті, оқушыға деген сүйішпеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол шын мәніндегі қазірғі заманның мұғалімі бола алмайтын өсиет етіп айтқан ».
Мұғалім еңбеғінің ерекшелегі, оның баламен ұнемі қарым-катынаста болуып және рухани араласуының сипаталатында. Сондықтан мұғалімнің мәдедиетінің жоғары дәрәжеде болуы. Оның интеллектуалдық мүмкіндігі, оның ой - өрісінің кеңдігі. Рухани байлық педагогтық процссті тиімді ұйыдастыруға зор ықпал жасайды. Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі, ғылыми пәндерді терең, әрі жан-жақты игеру қазіргі мұғалімдерге қоилатын басты және айқын талап. Алған білімді педагогикалық қызмкттің мақсатымен, әдіс - тәсілдерімен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.
Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу, қазіргі заман мұғаліміне тән кәсіби бейне. Мұғалім балаларға білім беруді ғана емс, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана - сезімдерін дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы. Балаларды қоғадық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасауға уйретуші, әлеумттік белсендігі бар жеке адамды тәрбиелеуші. Сондықтан мұғалім оқушылардан осы қаситтерді көру үшін ең алдымен осындай жақсы жоспарды өз бойында сүйетін, өзінің шығармашылықтың деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық иесі. Мұғалім өз пәнің оқытудың әдістерін жете игрген шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін, үнемі жтілдіретін маман. Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласында өте қажет. Ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы. Себебі: мұғалім еңбегінің объектісі жансыз дүние емес өте күрделі қарама-қайшылықты әрі нәзік, жас ұрпақтың рухани дүниесі.
II. II Педагогтық әдеп және педагогтық іскерлік.
Педагогтық әдеп - мұғалінің ең етене кәсіптік белгісі, яғни мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден - бір тиімді қүралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу. Мамандықтың да белгілі бір айырықша белгісі болатының өздерініз де білесіздер. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті тиім киісінен де байқалуы мүмкін.
Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебінде жатады. Әнші үшін ән немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Қазір бізде ұстаздық шеберлік жайы көп айтылып жүр. Мұның өзі заңды да. Шеберлікті ұдайы шындамайынша, мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Сонымен, ұстаздық шеберлік дегенііз не болды?
Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Мұғалім оқушыларды мораль рухында тәрбиелеуі керек. Ал, ол үшін оның өзі алдымен осы моральды бойына сіңірген адам болуы тиіс.
Ұстаздық шеберлік, екіншіден, пәнді жетік білуді, ойымызды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдына жан-жақты дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушыларымыздың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды білуді қамтыды.
Үшіншідең, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін міндетті түрде меңгеру ләзім. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушылпрға бере білуі, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері ен шама - шарықтарын ескеріп, сабақтың қызықта, түсінікті әрі жеңіл ету жағын ойластыруы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz