Дүниежүзілік мұхит біртұтас табиғат құрылымы ретінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЕЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Биология және география кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Пәні:Жалпы жертану
Тақырыбы:Дүниежүзілік мұхит біртұтас табиғат құрылымы ретінде
Орындаған:Айжарыққызы Л
Тексерген:Серикбаева А.Қ
Ақтау 2018

Тақырыбы:Биосфера.Ондағы зат пен энергия айналымы
Орындаған:Айжарыққызы Л
Тексерген:Серикбаева А.Қ
Ақтау 2018
Жер шарының көп бөлігін Дүниежүзілік мұхит деп аталатын су айдыны алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит біртұтас, бөлінбей, бір-бірімен жалғасуда. Оның кез-келген нүктесінен құрлықты кесіп өтпей-ақ, келесі нүктесіне жеткізуге болады. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің (34) бөлігін нмесе 361 млн км² жерді алып жатыр.
Тынық мұхит - Жер шарындағы ең үлкен және өте терең мұхит. Көлемі - 180 млн км². Көлемінің үлкендігі жағынан қалған үш мұхитты қосқанда тең. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағлауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. 1520 - 1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оны Тынық мұхит деп атаған. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері (11 022 м) - Мариан шұңғымасы бар.
Көлемі жөнінде екінші орында. Ауданы - 93 млн км². Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Оның солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы Тынық мұхиттың ұзындығымен бірдей, бірақ ені едәуір тар. Атлант мұхитын ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.Ол шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Орташа тереңдігі - 3597 м. Мұхиттың түбі Орта Атлант суасты жотасымен бөлінген. Терең шұңғымалар арал доғаларын айнала орналасқан (ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы - 8742 м) олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген.
Көлемі жағынан Тынық және Атлант мұхитынан кіші. Ауданы (75 млн км²) Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Орташа тереңдігі - 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы). Үнді мұхиты төрт материкті жалғастырады.География ғалымы Үнді мұхиты жөнінде мәліметтерді Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 - 1499 ж.ж) бері жинай бастаған. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
Мұхиттардың ішіндегі көлемі ең кішісі. Ауданы - 14 млн км². Көп бөлігін жыл бойына мұз басып жатады. Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеседі. Басқа мұхиттарға қарағанда таяз.Мұхиттың ең терең жері Гренланд теңізінің солтүстігінде (5527 м). Жалпы орташа тереңдігі 1220 м. Солтүстік Мұзды мұхит солтүстік полюсті қоршай орналасқан.
Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз - мұхиттың бір бөлігі, алайда суының қасиеті, ағыстары және ондағы тіршілік дүниесі жөнінен мұхиттан айырмашылығы болады. Теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады. Мысалы, Баренц теңізі Солтүстік Мұзды мұхиттың бөлігі, Балтық теңізі - Атлант мұхитының бөлігі, Беринг теңізі - Тынық мұхиттың бөлігі, ал Қызыл теңіз - Үнді мұхитының бөлігі.Материкке қатысты орналасуына қарай теңіздер ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді. Материктердің шетінде мұхиттармен жалғасып орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Шеткі теңіздерге Баренц, Кар, Лаптевтер, Чукот, Охот, Шығыс Сібір және басқа теңіздер жатады.
Материкке ішкері еніп жатқан, дүниежүзілік мұхиттармен шектеспейтін теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды. Мысалы, Жерорта теңізінің барлық жағы құрлықпен қоршалған. Ішкі теңіздер қатарына Қара теңіз. Балтық теңізі, Мәрмәр, Азов, Қызыл және басқа да теңіздер жатады.Шығанақ - құрлыққа еніп жатқан мұхиттың, теңіздің немесе көлдің бір кіші бөлігі, оның ені мен тереңдігі біртіндеп кішірейеді.Атлант мұхиты Еуропа жағалауындағы Бискай шығанағын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігінде құрлыққа ішкері еніп, Бенгал шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері өзара бұғаздар арқылы жалғасады.
Бұғаз - екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалаулары шектеп тұрған енсіз су айдыны.Бұғаздардың ені алуан түрлі болады. Тынық және Атлант мұхитын жалғастыратын Дрейк бұғазының ені кең (950 км) және терең (5248 м).Жерорта теңізін Атлант мұхитымен жалғастыратын Гибралтар бұғазы енінің ең тар жері - 14 км.Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі құрлықтар - материктер деп аталады.
Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 - 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды.
Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 - 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 - 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 - 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 - 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 - 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 - 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 - 8 км) ұштасқан.
Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты.
Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 - 1,7 млрд. жыл бұрын).Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда. Мұхиттардың негізгі гидрологиялық сипаттамасына температура, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп - 1,5 - 1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 - 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 - 1,8°С, полюстік аймақтарда 0°С-тан төмен болады, ең суық температура - 2°С (полюсте мұз астында).Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 - 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 45-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.
Теңіз - мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер - Каспий, Арал, Өлі теңіз - теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz