Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениет кафедрасы

№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары.
Мамандығы: 5В071800 - Электроэнергетика
Орындаған: Абленов Д.
Тобы: ЭЭк-17-5
Тексерген: Байдильдина С.

___________ ___________ ____ ____________ 2018 ж.

Алматы, 2018
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Қазақстандағы индустрияландыру
1.1. Қазақстандағы индустрияландыру саясатының басталуы ... ... ... ... ... .5
1.2. Индустрияландыру кезінде дамыған салалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Индустрияландыру қорытындылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікірталастар
2.1. Индустрияландыру мәселесі бойынша қалыптасқан көзқарастар ... ... ..12
2.2. С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты. Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына жатқызады. Ресейде индустрия 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында дамыды. Қазақстан сол кезде Ресей қол астында болғандықтан қазақтарға да сол кездегі күн көрісін, айналысатын шаруашылығын осы бағытқа қарай өзгертуге тура келді.
Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері шикізаты және егіншілік азық-түлігін дайындайтын кәсіпорындар еді. Ал көмір, мұнай, түсті металлдар және басқа да пайдалы қазба көздері енді зерттеле бастаған еді. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының, техника, механизмдердің және қаражаттың жетіспеушілігі қосылды. Бұл қиыншылықтар 1920 жылдар мен 1930 жылдың басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси күштердің арасалмағының күрделі орналасуы, ұлттық жұмысшы кадрларды қалыптастыру мен республикадағы индустрияландыру мәселесі төңірегінде таласты пікірлер туғызды. Соған байланысты мынадай көзқарастар мен ұстанымдар пайда болды:
Бірінші ұстаным: түйеден социализмге өтудің мүмкін еместігі және көшпелі өмір сүру салты - қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан индусрияландыру оны ұлттық тұрмыс-салтынан айыратындығына саяды. Осылайша бұл категориядағы адамдар тобы шын мәнісінде индусрияландыру саясатын қабылдамады;
Екінші ұстаным: индустрияландыруды орнату, жұмысшы табын жасау табиғаттан тыс, ғажайып құбылыс, Қазақстан үшін іске аспайтын дүние, артта қалған көшпелі халық ғажайып индусрияландырудың қарқынын көтере алмайды, қазахизация өндірісті тым қымбаттатып жібереді, ал қазақ бәрібір жұмыс ісетемейді, оны даласы өзіне тартып тұрады т.б.
Үшінші ұстаным: одақ құрамындағы республиканың перспективалық даму идеясын қолдады, бірақ оның ерекше мүдделері ескерусіз қалды. Олар ауыл шаруашылығымен байланысты партия қолға алған шикізат базасы ретінде ұсақ өнеркәсіп жұмысын жақсарту және ұлғайту бағытының дұрыстығын жақтады. Бұл топтағылар Қазақстанның халық шаруашылығы дамуындағы шикізаттық бағытты қолдады.


Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Бұл тақырып негізінен Қозыбаев М.Қ., Қаратаев. Т., Қойгелдиев. М., Омарбеков Т., К.Р.Аманжолов, Х.Маданов, Ч.Мусин секілді ғалымдардың еңбектерінде тереңінен зерттеліп жазылған. Егер нақтырақ айтатын болсақ :
Қаратаев. Т. "Жүз жылдың ақ қарасы", Омарбеков Т. "20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті" , Қойгелдиев. М., Омарбеков Т. "Тарих тағылымы не дейді?" және т.б.
Жоғарыда айтылған еңбектер сол XX ғасыр басындағы Қазақстан туралы ақпараттар алу үшін қолданған болатынбыз. Осы тақырыпты ашу аясында сол кездегі жағдайларға байланысты өз көзқарасы болған халқының жанашыры С.Сәдуақасов сынды қазақ қоғам қайраткері туралы айтпауға болмайды. С.Сәдуақасов туралы Д. Қамзабекұлының жазған еңбегінен ол туралы мәліметтер алдық. Және саяси ғылымдарының докторы, доцент Әуелғазина Толқынның С.Сәдуақасов туралы мақаласын оқу арқылы көп мәліметтер білуге болады.
Біз әдебиетті, мәдениетті мысалға алғанда
аз ғана ғұмыр кешіп, көп мұра берген ақын-
жазушыларды жарқ ете ағып түскен жұлдызға
балаймыз.
Әрине, олардың дана талантына дау жоқ.
Ал, С.Сәдуақас - ұлына келсек, осынау ұлы тұлғаны
саясат - та ағып өткен жарық жұлдыз дегім ке - леді
М.Қойгелдиев

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

1) Индустрияландыру саясатын ашып көрсету;
2) Индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдарын талқылау;
3) Осы саясаттың кемшіліктерін анықтау;
4) Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс және оң әсерлерін қарастыру;
5) Осы тұста қалыптасқан пікірлермен әртүрлі көзқарастағы топтарды ажырату.

1.1. Индустрияландыру саясатының басталуы.
Қазақстан өнеркәсібін дамытуда индустрияландыру жылдары батыл қадамдар жасалды. Индустрияландыруды жүзеге асырудың негізгі принциптері мен әдістері бүкіл елімізде бірдей болғанымен, Қазақстанда өте қиын жағдайда жүрді. Ұлттық кадрлар мәселесі баяу шешілді. Сауатсыздар қатарынан кәсіби деңгейі жоғары жұмысшыларды тәрбиелеп шығару өте қиын болды. Мамандыққа оқып-үйрету ресейлік кәсіпорындарда және орыс тілінде жүргізілді. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.
1925 жылы желтоқсанда өткен БК(б)П-ның XIV съезінде Кеңес Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын, соның негізінде техникалық қайта жарақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шетелдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, әрі күрделі мақсат еді. Кеңес Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын атап айтқан жөн.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп орындарын салуға 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы, негізінен алғанда, Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын салуға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индустрияландыру ісі патриархалдық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.
1926 жылы 27-30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен, түсті металлургияның дамуының келешек жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай-ақ Қазак АКСР-і жағдайында әсіресе жер және мал ишруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сиякты салаларының даму жолдары айқындалды. Пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Бірнеше жылға созылған революция мен азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал-Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Әйтсе де, Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болып қала берді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне-метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді.

1.2. Индустрияландыру кезінде дамыған салалар
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. Осы жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығы болды. Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Жалпы, өнімнің 84,4 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды.
КСРО-ның индустрияландыру жоспарына Қазақстан да енгізілді. Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы -- 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Академик Н.С.Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Ол Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы деген тұжырым жасады. Ал, академик И.М.Губкин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Бұл кен орны -- мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Сондай-ақ, инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтап. Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
Қазақстанда мұнайдың жаңа кен орындары ашылды. Пайдалы қазбалардың мол қоры Қазақстанда ауыр индустрияны дамытуға негіз болды. Әсіресе көмір, мұнай, қара және түсті металдар өндірілді. Бұл салалар ұзақ уақыт бойына республиканың өндірістік қуатын айқындады. Қазақстанның индустриалдық дамуының ерекшелігі өнеркәсіптің жаңадан құрылуында. Ақша қаражатын бөлуде күрделі қаржының басым бөлігі 83,2% ауыр өнеркәсіпке салынды, оның ішінде түсті металға барлық күрделі қаржының 44,5%, мұнайға -- 20%, көмірге -- 15,3%, химия өндірісіне -- 4,8%, электр энергетикасына -8,5 % жұмсалды.
Ең алдымен байланыс пен транспорт мәселесін шешу керек болды, себебі алғашқы салынған өнеркәсіп кәсіпорындары шикізат көзі табылған жерлерден жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан еді. Сондықтан жаңа теміржол тарту өте қажетті іс болатын. Ұзындығы 1500 шақырымға созылған Түркістан-Сібір теміржолы құрылысының тарихи маңызы зор. Оның құрылысына 200 млн. сом қаржы жұмсалды. Бұл ірі магистраль белгіленген мерзімнен 17 ай бұрын іске қосылды. Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы 1927 жылы салынды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. 1930 жылдан бастап Түркісіб бір жағынан Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аудандары мен Сібірді, екінші жағынан елдің еуропалық бөлігі мен Орта Азияны жалғастырды. Түркісібке байланысты алғашқы салынған ірі өнеркәсіп кәсіпорны -- Қосқұдық орман өнеркәсіп шаруашылығының кәсіпорны.
Қазақстанда индустрияландыру жылдарында көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, дайын өнім шығармады. Шикізатты негізінен Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды. Индустрияландырудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан, Әзірбайжаннан әкелінді. Қалаландыру үрдісі күшейіп, қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер, қала халқы көбейді. Дегенмен жергілікті қала тұрғындарының өсуі, баяу дамыды.
Индустрияландыру жылдарында жеңіл өнеркәсіпті дамытуда елеулі қадамдар жасалды. Ескі кәсіпорындарды қайта құрумен қатар жаңалары да салынды. Олар Оралда, Ақтөбеде, Семейде, Петропавлда тұрғызылды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Алматыда, Шымкентте, Жамбылда, Қызылордада жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы басталды. Алматыда аяқ киім және тігін фабрикасы, Шымкент пен Түркістанда мақта зауыты іске қосылды. Петропавлда, Оралда, Алматыда, Қостанайда, Шымкентте, Ақтөбеде, Павлодарда жаңа техникамен жабдықталған азық-түлік өнеркәсібінің кәсіпорындары қайта салынды. Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары өз шикізаттарын пайдаланатын болды.
Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев - Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды.
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты.
Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды.
Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды.
Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті.
Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда - 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда - 486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда - 3,1 есеге артқан.
Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.
Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс -- Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және Қазақстан мен Орта Азия байлығына қызығып отырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ф. И. Голощекиннің Шағын қазан идеясы: мәні мен салдары. Тоталитарлық жүйені қалыптастыру
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Индустрияландырудың қарқыны
Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі
Өлкені индустрияландыру саясаты
Пәндер