Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениет кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тақырып: Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
Мамандығы: 5В071800 - Электроэнергетика
Орындаған: Абленов Д. Тобы: ЭЭк-17-5
Тексерген: доц. Байдильдина С. Х.
___________ ___________ ____ ____________ 2018 ж.
Алматы, 2018
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Ұлттық рухты көтерудің саяси-әлеуметтік амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Ә. Бөкейхановтың Ақпан революциясына дейінгі қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Кіріспе
Еліміздің саяси, рухани өмірі бостандық лебін бойына сіңіре бастаған кезеңде халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық мәдениеті мен оның құрамдас бөлігі - тәуелсіз еліміздің шынайы тарихын, сол тәуелсіздік жолында күрескен ұлт зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеу қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі. Болашағымыздың өскелең ұрпақтарын ұлттық сана-сезім, патриотизм рухында тәрбиелеу туралы сөз еткенде, нақ осы мәселенің арқауы - халқымыздың талай сын сағаттарында суырылып шыққан көсемдерінің есімін айтпай кету мүмкін емес болды.
Тоталитарлық жүйе өзінің "қанды шеңгеліне" түсіріп, есімдерін халықтың жадынан шығарып, тарих көшінен біржолата аластату ниетіне тырысқанына қарамастан ұлт зиялыларының қазақ елінің түпкілікті қоғамдық мәселелері туралы айтқан ой-пікірлері бүгінгі таңда қайта жаңғыруы заңды үрдіс.
Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында атты кітабында ХХ ғасыр зиялыларының тағдыры жайында: Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болмады.
Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіреті мен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі
тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес - деп жазды.
Соған орай еліміз тәуелсіздік алып, жеке іргелі мемлекет болып жариялануының арқасында Алаш қозғалысының тарихын, оның белсенді қайраткерлерінің өмірін, қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеу үшін Қазақстан ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер туды. Жалпы Алаш тарихын зерттеу Қазақстандық тарихнамада ел танудың, замантанудың оңтайлы шарасы ретінде қолдауға лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Содан болар, тарих ғылымында жеке тұлғалардың ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.
Алаш зиялыларының ұлы шоғырында Әлихан Бөкейханов та бар еді. Ол қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясын ұйымдастырушы және ұлттық Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы, ғұлама-ғалым, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде сан қырлылығымен көзге түскен қазақтың біртуар азаматы болды. Алайда Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы жемісті еңбектермен қатар қасіретке де толы болды. Сол себепті де Әлихан Бөкейхановсынды қайраткердің қоғамдық-саяси қызметіне баға беріп, нақтылай түсу тақырыбымыздың өзектілігін аша түседі.
Қазақ халқының бұрын-сонды тарихында Алаш ұлт-азаттық қозғалысындай қоғамдық құбылыс болған жоқ. Оның ең басты құндылығы - XIX ғасырдың аяғынан бастау алып, мәңгілік идеясы XX ғасырдың 90-шы жылдары еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі мұраттарымен ұласқанында болып отыр. Патшалық Ресейдің озбыр отарлық саясатының езгісінен арылу үшін ең бірінші ұлттың санасын, ояту, оны білім-ғылымға, мәдениетке үгіттеген, соның негңзңнде тұтас халықты бір тудың астына біріктіруге ұмтылған бұл қозғалыс Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның ұлы есімімен тығыз байланысты.
Әлихан Бөкейхан саяси реформатор.
Ә. Н. Бөкейхан 1870 жылы Кешегі Семей облысы, Қарқаралы уезі, Токырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі жетінші ауылда дуниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы Ақтоғай ауданына қараған Қаратал совхозының жері (совхозға 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңесінің шешімімен Ә. Н. Бөкейхан есімі берілді), Әлекеннің есімі жергілікті орта мектепке де беріліп отыр.
Әлихан ататегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан Төре тұқымынан, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақ ханның баласы Бөкейхан казақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Он бір ұлдың бірі Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады. Мырзатайдан Нұрмұхамед (Әлиханның әкесі, елдегі аты Мұқан) Қосқе, Шолақ, Әптіхан. Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Тәтіхан деген бес ұлмен Нұрбек атты бір қыз туады, Әлихан тұңғышы.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді.
Әзіханұлы Райымжан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш класстық бастауыш мектепте өз еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенде естіп білген Нұрмұхамед қарсылық білдірмей, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін Қарқаралы қаласы үш жылдық училищесіне түседі. Училищенң ойдағыдай бітіргеннен кейін, Қарқаралы уезі бастығы Бұл куәліктің иесі Қарқаралы уезі Тоқырауын болысы сұлтанының баласы, мұсылман, он алты жастағы Нұрмұхамедұлы Әлихан, Қарқаралы қаласының балаларға арналған мектепке 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп оқу барысында лүпілі тәртіп танытты... деп айтқан болатын.
1886-1890 жылдар аралығында Әлихан Омбы қаласындағы төрт жылдық техникалық училещеде оқиды. Оны бітірген соң жас техниктің ерекше оқуы мен үлгілі тәртәбәне риза болған училище директоры оның қабілетіне сипаттама беріп және жоғарғы оқу орнына барғысы келетінін, сол үшін қазақ қауымдастығының стипендиясын жалғастыра беруді сұрап Қарқаралы уезінің бастығына өтініш хат жолдайды. Сөйтіп, Әлихан 1890 жылы Дала генерал-губернаторы кеңсесінің ұсыныс хатымен 200 сом стипендиясымен Санкт-Петербург Императорлық орман институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда шыңданып, терең білім алумен қатар сабақтан тыс кездері студенттердің әртүрлі бағыттағы үйірмелеріне қызу араласады. Жаңа ғасыр табалдырығын аттағалы тұрған Ресейдің ендігі дамуы қандай бағыт алуы керек деген түрлі пікір-таластардың куәсі болады. Ол бірте-бірте Ресей империясының отарлық езгісі мен қараңғылық шырмауындағы қазақ халқының ауыр тағдырын қатты ойлана бастайды.
Санкт-Петербургтегі оқуын ойдағыдай бітірген Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбыға келгенде экономист мамандығын алған ормантанушы ғылым ғана емес, Ресейдің отаршылдық саясаты туралы өзіндік саясаты бар, сол кездегі Батыс өміріне атыл ене бастаған марксизмнің экономикалық ілімін жақсы игерген білімді саясаткер ретінде қалыптасқан еді. Мұның саяси-әлеуметтік негіздері жеткілікті болатын. Біріншіден, азаттық пен еркіндік мазмұндық негізі болған қазақ эпостары, батырлық жырлар, халықтың бай ауыз әдебиеті болашақ ұлы күрескердің әлеуметтік көзқарасының, рухани байлығының бастауы болды. Ол орманшы-экономист болса да кейін Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Ер Тарғын сияқты жыр-дастандардың үлгілерін жинап, Қарақыпшақ Қобыланды, Батыр Бекет, Мырза Едіге сияқты қиссалар туралы зеттеулер жазуы, 1907 жылы орыс оқырмандарын тұңғыш Абай шығармаларымен танысуы, ал 1909 жылы ұлы ақынның шығармаларының Санкт-Петербургте жарық көруіне ықпал етуі кездейсоқтық емес болатын. Екіншіден, саяси сезімі сирек Әлихан Ресей өміріне енген капиталистік қарым-қатынастар жағдайында жұмысшы табы бірігіп, марксизм ілімі олардың идеологиялық ретінде насихаттап, орталық жерлерде ереуілдер бой көтеріле бастағанын байқады. Мұндай саяси жағдайлардан тыс қала алмаған ол студенттік қозғалыстарға белсенді қатысып, марксизмнің ілімі туралы қызу пікір-таластарда эеономикалық материализм қағидаларын қорғаған көрінеді. Бұлардың барлығы болашақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік құрылымын, оның қазақ даласындағы отаршылдық саясатының қыр-сырын тереңірек түсінуге, саяси танымның қалыптасуына игі ықпал етті. Үшіншіден, Ресейдің отарлық саясатына қарсы шыққан Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы әңгіме-аңыздардың әсері де аз болған жоқ. Осындай саяси дайындығы мол басқа да бостандық туралы мәселелер көтеріп, жергілікті тілдің құқығын шектеудің барлық түрін тез тоқтатуды ұсынудың осындай қағитты себептері болатын.
Отарлық саясаттың ең озбыр көрінісі қазақ даласына Ресей түкпір-түкпірінен келімсектердің ағылып келіп, орналасқан жерлерін өз меншігіне айналдыру, қазақтарды құнарлы жерлерінен зорлықпен ығыстыру, дәстүрлі шаруашылықты, тұрмысын терең күйзелістерге ұшыратуы, ұлттық мәдени өркендеуіне кедергілердің қойылуы орыстандыру саясатына тән нәрселер болатын.
Қазақ халқының тағдыры үшін аса маңызды жер мәселесін Әлихан Бөкейханның тереңірек біле түсуіне Ақмола, Семей және Торғай облыстарын қамтыған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция жұмысына қатысуы ерекше ықпал етті. Оның кейін өз шәкірттеріне Ұлтқа пайдалы адаи болғыныз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұқият зерттеп, үйренуге тырысыңыз.Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді, - деп кеңес беруі жайдан жай емес.
Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамындағы жер мәселесінің үздік маманы, осы тақырыпқа қадам тартқандардың көш бастаушысы ретінде көптеген мақалалар жазды. Санкт-Петербургте шығатын Речь газетінің 1914 жылғы 23 қаңтарындағы санында басылған Мемлекеттік Дума депутаттарына ашық хаты қоныстану басқармасының қазақ даласының қазынағы қарайтын жерін әртүрлі топтарға - орыстың князьдары мен графтарына үлестіріп берумен ғана шектелмей, православие дінін қазақ жұртына сіңіру қамы да ойластырғандықтары айтылады. Сонымен қатар мақалада Орталық өкіметтің қоныстандыру жұмысын жүзеге асырушыға арналған арнайы орындалуға міндетті бұйрықтың дәлме-дәл мәтіні берілген. Басқарма осыларды мәлімдей отырып, қазақ пен орыстардың бірге қоныстануы басқа дінділерге де православиеге тартуға көмектеседі, осының негізінде Дала облыстары орыс мемлекеттілігі мен мәдениетіне жақындап, орыспен сіңісіпкетуіне көмектеседі деген пікір білдірген. Бұл тікелей орыстандыру саясатынан басқа ештене де емес еді.
Жоғарыда жарияланған хаттан кейін редакция оған түсініктеме артық дей отырып, бүгінгі қазақ халқының да, осы күнде қазақ халқының салт-дәстүрінің өзгертіп, тіпіті бір көңілді көтерген әдеті - қонақ күту де жылдан жылға бұрынғыдай болмай барады деп отаршылдықтың әлеуметтік зардаптарына ой тастай салды. Бұрын жолаушы кез келген үйге түсішу едіе және үй иесі қанша кедей болса да тамақ тауып беріп, сыйлайтын, мұндай іс-әркетті қазақ еш нәрсе ойламай, адалдығымен атқарған, сондықтан қонақтар да мейілінше риза болып, қимай қоштасатынын айта отыратын.
Отарлау саясаты жағдайында қазақ халқының жеке дербес құқығы, ұждан бостандығы, діни сенімі тапталып, мешіт-медреселер, ондағы кітапханалардың тәпкіленгені, басқа да әртүрлі әрекеттердің болғандығы белгілі. Әлихан Бөкейханның Иртыш газетінің 1906 жылғы 2 қыркүйек №36 санында жарияланған Қырғыз (қазақ) петицияларына атты мақаласында Александр ІІ мен Николай ІІ кезіндегі орталық үкіметтің шеткері аймақтарда жүргізіп отырған осындай саясатынан бірнеше мысалдар келтірген. Уездік бастықтар Түркияда кең тараған тақияны киген қазақтарды қудалаған. Миссионерлер өз уағыздарымен әкімшілік іс-әрекеттерді қолдап, Мұхаммед пайғамбарды сөккен.Атбасар базарында дін қызметшісін өтірікші деп атаған. Ал қазақтардың өзінің діни сезімін аяқ-асты еткені үшін шағымданғанына Омбы мен Семей епископынанмынандай қаулы түскен: оңбаған өсекшіл қазаққа Түркия емес, Ресейдің ақ патшасының қарауында тұрғанын ескерту керек. Бұл 1896 жылы болған еді. Осы мақалада автор қазақтарды өз тілінде оқытуды тежеудің барлық қитұрқылығын атап көрсетеді. Дала Ережесінің 99-бабына сәйкес қазақтар медресе-мектептерді дала генерал-губернаторының рұқсатымен ғана аша алатын. Сондықтан қазақтар ондай оқу орындарын жасырын ұйымдастырды, құпия ұстады. Міне, отарылық саясаттың сиқы елубасылық екенін ашып айтты.
Ұлттық рухты көтерудің саяси-әлеуметтік амалдары.
Әлихан Бөкейхан I Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, оның жұмысна қатыса алмағанымен, заң шығарушы органның кейінгі шешімдеріне жіті назар аударып отырады. Оны әсіресе, Думаның қазақ тағдыры үшін ең өткір жер мәселелеріне қатысты шешімдері қызықтырды. Қазақ газетінің 1913 жылғы №9 және №10 сандарында жарияланған Үшінші Дума һәм қазақ атты мақалада 1907 жылғы 3 маусымында екінші Мемлекеттік Дума қуылып, келер сайлаудың тәртібі 3 маусым Заңы шыққаннан кейін қазақ халқа надан, Думада депутаттық қол емес деген сылтаумен бүкіл қазақ халқының депутаттық құқығынан айырылғандығы туралы айтылады, қазақ елінің мәселесі басқа ұлт өкілдерінің қолвнда қалған жағдайда оның жері 3-ші Думада қандай әңгіме болғанына қысқаша шолу жасады.
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкін емес.. ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман тала-бына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тари-хындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Ә.Назарбаев: ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде Алаш партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр - деп, әділ бағасын берді. Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрде-лілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ даласында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез Алаш ардагерлерінің айтуынша, қазақтың бар болу немесе жоқ болу мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақ еді. Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz