Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениет кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.
Мамандығы: 5В071800 - Электроэнергетика
Орындаған: Абленов Д.
Тобы: ЭЭк-17-5
Тексерген: Байдильдина С.
___________ ___________ ____ ____________ 2018 ж.
Алматы, 2018
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Ә.Бөкейхановтың көзқарасының қалыптасуы және алғашқы қызметі ... ... .5
1.1. Ә.Бөкейхановтың туып өскен ортасы, қоғамдық көзқарасының қалыптасуы.
1.2. Ең алғашқы қызметтері.
1.3. Ә.Бөкейхановтың Мемлекеттiк Дума депутаты болып сайлануы.
II. Ә.Бөкейхановтың 1916 жыл тұсындағы қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1. Ә.Бөкейханның Уақытша Үкіметтiң Торғай облыстық комиссары болыптағайындалуы.
2.2. Ә.Бөкейханов "Алашорда" автономиялық Үкіметiнің қайраткерi.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тәуелсіздігі бірнеше ұрпақтың арманы болды.Отарлық билік кезіндегі Қазақстан тарихы зорлықшылық саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдерімен ерекшелінеді.Ал, енді бүгінгі күні сол тәуелсіздігімізге қолымыз жеткенде, туған елінің, Отанның шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған өрлеуінің куәсі болып отырмыз. Тарихымызға деген қоғамдағы сұраныстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылды "Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" және 1998 жылды "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" деп жариялауы көрсетіп отыр.Мұның өзі тарих тағылымының болашағының маңызы өте зор екенін және бұл мәселеге мемлекеттік дәрежеде қолдау жасалып отырғанын аңғартады. Тәуелсіз мемлекет жастарыны азаттықтың маңызын, оның түпкі мағынасының тереңдігін түсінуі үшін, кезінде тәуелсіздігіміз, азаттығымыз үшін күрескен, тоталитарлық жүйе құрбандарына айналған ірі тұлғаларымыздың істеген істерін, жасаған еңбектерін оқып білуі қажет.Сондай ірі қайраткерлерлеріміздің бірі - Әлихан Бөкейханов. Әлихан Бөкейханов сияқты тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне объективті баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1997 жылды "Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" жылы деп жарияланғанын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Осыған орай Әлихан Бөкейханов секілді тұлғалардың есімдеріне қазақ тарихында жаңа дем беру мүмкіндігі туды. Алғаш рет Аққұлұлы С., Қойгелдиев М., Жәмкенұлы С., Бектұров Ж., Жұртбай Т., Жарылғап М. Сынды зерттеуші-ғалымдар тобы Әлихан Бөкейханов туралы зерттеулерін ұсынды.
Алғашқылардың бірі болып Әлихан Бөкейхановты еске салушылардың қатарында Ж.Бектұров тұрды. Ол Бөкейханов туралы мақаласында қазақтың ірі тұлғасы және оның ел тарихындағы орны туралы атап өтті.Ал тарихшылар тарапынан М.Қойгелдиев " Әлихан Бөкейханов" атты ғылыми-көпшілік мақаласын "Ақиқат" журналында жария етіп, онда Әлихан Бөкейхановтың Алаш партиясының төрағасы қызметін атқарғаны және қоғамдық-саяси қызметінің қырларын сипаттайды.Көп уақыт өтпей-ақ тікелей М.Қойгелдиевтің атсалысуымен Ә.Бөкейхановтың шығармалар жинағы да жарық көріп үлгерді.
Әлихан Бөкейханов мұрасына қызығушылық танытқан С.А.Жүсіпов "Ә.Н.Бөкейханның өмірі мен әдеби-публицистикалық мұрасы" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, көп уақыт өтпей-ақ зерттеуші Мамырбаева А. "Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века и Алихан Букейханов" атты тақырыпта тарихи тұрғыда кандидаттығын қорғаған болатын.Аталған диссертацияларда қайраткердің өмірі мен шығармашылық, қоғамдық-саяси қызметіне қатысты кең көлемде зерттелген.
Ал 2006 жылы Орталық Қазақстанда Ә.Бөкейхановтың туғанына 140 жыл толуына байланысты өткен ғылыми-теориялық халықаралық конференцияда Алаш тұлғасының бейнесі әр қырынан зерттелді.
Алаш қозғалысы тақырыбы бойынша жаңа әдістемелік және териялық деңгейде ой-тұжырымдар жасаған көрнекті ғалым К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алашорда" монографиялық еңбегі де алаштықтардың тарихын зерттеуде аса құнды екені еш даусыз. Аталған еңбекте К.Нұрпейісов Алаш қозғалысы тарихындағы ерекше орны бар Әлихан Бөкейханов тұлғасын алғашқы кезекке қояды. Сондай-ақ Алаш зиялылары туралы жазатын әдебиеттанушы ғалымдарлың бірі Д.Қамзабекұлы Бөкейханов туралы: "Әділін айту керек, Әлихан Бөкейханов сынды қазақ азаматы қазақ тарихында кемде-кем" - деп, өз таңданысын жасырмайды.
Қазақ зиялыларының қоғамдық саяси өмірдегі қызметтері мен Алаш қозғалысы туралы ой саралап жүрген тарих ғылымдарының докторы М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" атты еңбегінің маңызы зор.Зерттеу жұмысында Әлихан Бөкейханов нағыз Алаш тұлғасы ретінде қарастырылса, кейіннен автордың тікелей құрастыруымен Ә.Бөкейхановтың таңдамалы жинағы жарыққа шықты.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты аталған зерттеу еңбектері және деректерді пайдалана отырып, Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен оның қоғамдық-саяси қызметіне қытысты тұжырым жасау болып табылады.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:
oo Әлихан Бөкейхановтың жастық шағынан бері кезеңдегі қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасының әсерін анықтау;
oo Қайраткердің Революцияға дейінгі қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуымен оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу;
oo Ә.Бөкейхановтың ХХ ғасырдың ірі тұлғасы ретінде бағалай отырып, оның Алаш партиясының құрылуы мен қызметіне қатысты сіңірген мол еңбегіне талдау жасау;
oo 1920-1930жж қоғамдық-саяси өмір мен оған Ә.Бөкейханов араласуы, ақыр соңында 1937-38 жылдардағы тарихи зұламатқа ілініп, жазықсыз қуғын-сүргін құрбанына айналуының себептерін айқындау.
1.1. Ә.Бөкейханның туып өскен ортасы, қоғамдық көзқарасының қалыптасуы.
Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келді. Бұл кез отаршылдық саясат салдарынан қазақ халқы ғасырлар бойғы қалыптасқан көшпенділердің дәстүрлі рулық-қауымдық қатынастарынан, жерінен де, оны пайдалану құқынан да ажырай бастаған, көшпенділердің байырғы құндылықтары шеттетіліп, жаңасы қалыптаса қоймаған алмағайып кез еді.
Патшалық Ресейдің отыршылдық саясаты жыл өткен сайын күшейіп, қазақ ішіне дендеп ене түсті, соның кесірінен хандық биліктің байырғы құрылымдары жойылып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне және оның өз жерінде дербес этнос ретінде өмір сүруіне қатер төнді.
Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының
Әлихан Бөкейхан ауторы әрі редакторы болған Голос степи газетінің 1907 жылы қаңтардың 13-і күні шыққан саны.
салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты.1889 жылы Особое прибавленіе Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ газетінің қазақ тіліндегі қосымшасы - Дала уалаятының газетінде жарияланған өзінің алғашқы мақалаларында-ақ қазақ қоғамының жағымсыз жақтары мен қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып жүрген екіжүзді ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алды.
1.2. Ең алғашқы қызметтері.
1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге пансионер болып қабылданды.
Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да - 1937 жылдың қырқүйегінде халық жауы болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.
Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы Степной край газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.
Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі.
Әлихан Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға және қызметіне тығыз араласып, Запискилерде ғылыми мақалаларын жиі жариялап отырды. Ол Абай Құнанбаевпе
н қатар Семейдің статистика комитетіне де мүше болды.
Ә. Бөкейханов жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттеген. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары - Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи, Киргизы атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы Россия. Полное географическое описание нашего отечества атты көп томдық альманахтың Киргизский край деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көрді. Шығармада Қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси-әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Сондай-ақ, Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттайды, патша өкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. Киргизы атты еңбегі алғаш рет Формы национального движения в современных государствах атты жинақпен 1910 жылы Санкт-Петербордан басылып шығады. Сонымен қатар, әр жылдары жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семейлік бөлімшесінің басылымдарында Из переписки киргизских ханов, султанов и прочее, прочее, Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков және Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова атты ғылыми мақалалары жарияланған. Әлихан Бөкейхановтың көп мақалалары лақап аттпен берілген. Көптеген жұмыстарына Қыр баласы, Сын степей, V, Киргиз-Степняк, К.Степняк, Туземец, Арысұлы, А.Б., Қ.Б., Ғ.Б. деп қол қойып отырған. Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен экономист Мұханбетқали Жақсалиевтің айтуына қарағанда, Әлихан Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде Қалмақбай және Н.Ш деген атпен де еңбектерін жариялаған. Әлиханның қай жылдан бастап Бөкейханов фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училіщесін техник мамандығымен бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: Сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы атына толтырылған.
Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сонымен қатар ол орыстың Г.Н.Потанин сынды ғалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген.
Әлихан Бөкейханов - қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. 20 ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық Жаңа энциклопедиялық сөздігін шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Бөкейханов осы сөздікті әзірлеуге ат салысқан. Сөздікке енген қазақтын тарихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында (8 том, 447-452 беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері туралы және басқа материалдарды Ә.Бөкейханов әзірлегендігі күмән тудырмайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.
Алаш көсемi Әлихан Бөкейхановтың өмiрiнде Семей қаласының алатын орны айрықша екенiнде ешқандай шүбә келтіре алмаймыз. Ә.Бөкейхановтың 1896-1903 жылдары Семей және Ақмола облыстары уездерiнде қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербина экспедициясына қатысып, қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне, мәдениетi мен тарихына қатысты бiрқатар ғылыми құнды еңбектердi жазуы, ұлы ақынымыз Абайдың әдеби бай мұрасымен етене жақын таныс болуы, өзiнiң Омбы кезеңiнен жақсы бiлетiн досы, орыс ғалымы Иван Филиппович Гусевтiң айтуымен Шәкәрiм еңбектерiне баса көңiл бөлiп, кейiнде Қазақ газетiнде Қалқаман-Мамыр поэмасы туралы пiкiр бiлдiруi, тағы басқа оқиғалар оны үнемi шетте Омбы, Петербор қалаларында оқып, қызметте жүрсе де, Семей зиялыларымен барынша жақындастыра түседi
1.3. Ә.Бөкейханов Мемлекеттiк Дума депутаты.
1905-1907 жылдардағы бiрiншi орыс революциясының қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстың бел алып өрiстеуiне айтарлықтай ықпалын тигiзген аласапыран жылдар болды. Нәтижесiнде, 1905 жылы Семей губерниясына қарасты Қарқаралы қаласына таяу Қоянды жәрмеңкесiнде Алаш көсемi Ә.Бөкейхановтың басшылығымен тұңғыш қазақ съезi болып өттi. Онда патшалық Ресейдiң отарлық езгiсiне қарсы күштi наразылық бiлдiрген қазақ қоғамының бiрнеше баптардан тұратын басты саяси талап-тiлектерi айтылды. Ал, Қарқаралы петициясы деп аталатын бұл саяси құжаттың авторлары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақпаев сынды ұлт зиялылары болды. Осы орайда, Қарқаралы петициясына қатысы бар деген күдiкпен Ә.Бөкейханов алғашқыда Кереку, одан кейiн Омбы түрмелерiне қамалған едi. Алайда, ол 1906 жылы патшалық Ресейдегi I Мемлекеттiк Думаға сайлау науқаны кезiнде Семей облысы қазақтары атынан депутат болып ұсынылады. Сөйтiп, депутаттық мандатқа ие болған Ә.Бөкейханов түрмеден босатылып, Семейде өз сайлаушыларымен кездесу жиынын өткiзедi.
1905-1907 жылдардағы Әлихан Бөкейхановтың Семей өңiрiндегi қоғамдық-саяси қызметi оның халық депутаты, қазақ кадет партиясы басшыларының бiрi ретiнде Петерборға I Мемлекеттiк Думаның жиынына аттануымен аяқталып, одан ары қарай жаңағы Мемлекеттiк Думаның тарауы және Финляндияның Выборг қаласындағы Выборгское воззвание деген үлкен саяси оқиғаларға қатысуымен жалғасады. Алайда, ел өмiрiндегi осындай күштi саяси толқуларды басып-жаныштауға байланысты жергiлiктi патша өкiметi органдары тарапынан Алаш ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерiн қайта қуғындау басталады. 1908 жылы Әлихан Бөкейханов екiншi рет тұтқындалып, Семей түрмесiне қамалады.1905 жылдың тамызында II Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ, ол манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Бұл жайт қазақтардың арасында наразылық туғызып, қазақ зиялылары өз өкілдерін депутаттыққа сайлау керектігі жөнінде батыл талап қоя білді. Мұрағат құжаттары бойынша, Ресейдің I-ші және II-ші Мемлекеттік Думаларына қазақтардан бар-жоғы 12 адам сайланған деп көрсетілген. Сол алғашқы депутат болып сайланған қазақ зиялылары кімдер еді..?
Тарихқа көз жүгіртсек, XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында қазақ даласында Ресейдегі саяси партиялардың филиалдары ашыла бастады. 1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында Кадет, Народная свобода, Социал демократтар және т.б партиялар ресми түрде тіркеліп, өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған. Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларын да шарпып, патшаға қарсы ереуілдер мен шерулер Орал, Перовск, Ақтөбе, Петропавл және т.б. қалалардағы өнеркәсіп орындарында, темір жол жұмысшылары арасында жиі болып отырды. Міне, осындай алашапқын кезде Мемлекеттік Думаға сайлау болатыны туралы заң шыққаны қазақ арасына да жетеді. Өздерін теңгермей, жартыкеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігінен орын бермегі қазаққа жақсы жаңалық әкелген хабар болды. Ресейдің І жəне ІІ Думасына қазақ депутаттарының сайлануы елдің рухы мен еңсесін ғана көтеріп қойған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz